Сара Алпысқызы: “ Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу - әр адамның міндеттерінің міндеті”.

 

Заманауи ғылымдағы философияның рухани бастауларды жаңғырту мәселесі. Ол ерте ғасырлардан бастау алған грек ойшылдарының Сократ заманында Дельфы қаласындағы Аполлон храмының мұнараларына грек тілінде жазылған “Gnothi seauton” аудармасы “Өзінді тану” тарихи ескерткіштерде мазмұндалған. Сократ өз заманында рухани құндылықтарды адам бойында дарытудың негізін қалаушыларының бірі.

Оның мына даналық сөзінің түйіндемесі Әр тұлғаның бойындағы нұрды яғни руханилықты ашуға мүмкіндік беруді айтады.

“Әр адамның бойында күн бар, тек оны нұрлануына мүмкіндік беріңдер”

“Мен білетінім – менің ештеңе білмейтіндігім, ал басқалар мұны да білмейді” дейді Сократ.

Шығыс ойшылдары өз заманында рухани бастаулардың өзектілігі Мен кіммін? Адам болмысы қандай ?-деген сұрақтарға өз даналығымен шешімін берген.

Дүниеде ең оңай нәрсе- біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрсе өзіңді - өзін түсіну

- Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.

...... Жан жағдайын түсініп, пайымдау - өте қиын тосын іс.

-Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде- бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

-Ақыл- парасат күші- адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Әл- Фараби.

Өмір бұл өлшеммен берілеген құндылық,қайырымды іс жасасаң,қайырымдылық көресің .Баласағұн.

ХV- ХVІІІ ғасырлардағы ақын – жыраулардың рухани құндылықтар адам бойындағы жақсы әрекеттері жайлы қалдырған өсиет, жылнамалары.

Көне түркі дәуірінен саға тартып, Шығыстың классикалық дәстүрлерінен нәр алған қазақ халқының төл мұралары қалыптсақан кезеңде заман сахнасына шыққан жыраулар Асан Қайғы Доспамбет, Бұхар, Ақтамберді, ақындар Шал, Жанақ Көтеш; т.б. Рухани-адамгершілік мазмұнында айтқан даналық сөздері:

 

Айтар болсаң,Алланы айт,

Таңертең азаң шақырған,

Рух пен фани дүниеден,

Ақ пен қара таласқан,

Адам деген кісіні айт.

Бұқар жырау

Жақсының айтқан ақылы,

Қазулы сара жолмен тең.

Шал ақын

Адамдықты ойласаң,

Мал мен бақтан ар жақсы.

Майлықожа

-Кісіні көрсең есікке,

Жүгіре шық,кешікпе,

Қарсы алмасаң мейманды,

Кесір болар несіпке!

Үмбетбай жырау

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағытағы рухани құндылықтардың тарихи-әлеуметтік дамудың қажеттілігінен өмір талабынан туындаған ой-пікірлердің бастаулары - Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев т.б.

Адамның адамилығы-ақыл,ғылым,жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев.

Сабыр деген-әр іске шыдымдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қылық,

Қолы жетпей талай жан ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

 

Өз заманында ұшқыр ой мен халық болашағының мұң-мұқтажын жоқтаған, адам баласының бойында сауаттылықты, рухани еркіндікті аңсаған зиялы қауымдардың ой-пікірлері.

Адамның шын мағынасымен “Адам” болуы үшін өзін сүю,жақындарын сүюумен қанағаттанбай жалпы адамзатты сүюі шарт.

Мағжан Жұмабаев

 

Адам сүю, күю үшін, азап шегу үшін жаралады екен.

Жүсіпбек Аймауытов

 

Рухани бастаулардың негізі мен рухани- адамгершілік білім негізінің тұтастай бір бөлігі ретінде адам бойындағы жақсы қасиеттерді тән жан мен рухтың адам бойындағы ерекшеліктерді зерттеу бастамаларымен “Бөбек” ұлттық ғылыми – практикалық,білім беру және сауықтыру орталығының төрайымы Сара Алпысқызының идеясымен білім беру жүйесінде өзіндік орны бар “ Өзін- өзі тану” пәні 2003 жылдан бастап Қазақстанда барлық оқу орындарында пән ретінде енгізілді.

 

 

Лекция №9-10

Тақырыбы: “Өзін-өзі тану” рухани - адамгершілік білім бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

Жоспар:

Классиктер адамгершілік білім туралы

Заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдемелері

Бағдарламаны жүзеге асыру қағидаттары

Сана арқылы оқыту

Сананың құрылымы

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

4. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.

5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

5. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2009.

6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру-А.,1992

 

Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білуі керек.

Сара Алпысқызы