Зін-өзі танудағы әлеуметтік психологиялық тренинг

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

“Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпке көнбеген ел болмайды ”

Б.Момышұлы

Сабақ өте қызықты, тиімді өту үшін мына бес ережені сақтауымыз керек.

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы - оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу(түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған. Бұл топ əдістері екінші кезеңде іске қосылатын – сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тəрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл əдістер тобы сендіру əдістері деп аталған, себебі олардың міндеті – тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.

Наным-сенімге оқушыны əрқилы əдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды əдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау əдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған əдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың«Қара сөздерін» жəне т.б. тағылым-тəрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ əдептілік-имандылық тақырыбындағы əңгімелер, ұғындыру, түсіндіру , əдептілік сұхбаттары, насихаттау , сендіру, көрсетпе беру əдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды əдісі - өнеге-үлгі.

Əдістердің əрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ əдістерінің бəрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді əрі жүйелі түрде басқа əдістермен бірге қолданылады.

Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі. Сезімге ықпал ете отырып, əңгіме моральдық бағамдар мен əрекет-қылық нормаларының мəнін түсініп, ұғуға жəрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сəйкес болымды тұлғалық əрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. Әдептілік əңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тəрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.

Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:

- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;

- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.

- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.

Қоршаған жай-жағдайлардың əсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың адам көңіліне көтеріңкі əсері əңгіме тақырыбы мен мазмұнына сəйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал-жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды əңгімелер молшылық(шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).

- əңгіменің əсері кəсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен əңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мəжбүр болады.

- əңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған əсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.

Ұғындыру – тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі. Бұл əдістің қолданылуы сынып ұжымы мен əр баланың тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тəсілдер мен құрал-шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы«Осылай істеу керек»,«Осылай істеп жатыр» - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог айтқанына ере салады. Ұғындыру əдісі, егер тəрбиеленуші қандай да талаптың мəніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпараттарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме жəне т.б. Бұл орайдағы ұғындыру емес, шектеу əдістерін қолданған дұрыс. Аталған əдіс негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен əрекет-қылық формасын қалыптастыру əрі бекіту үшін; б) тəрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - қолданылады.

Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру əдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тəрбие əдістерінің ықпал əсерін күшейту мақсатында қолданады.

Тəрбие тəжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеуəдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу əрекеті тəрбиеші ұстанғанқатынас формасына түгелдей тəуелді. Үгіттеу арқылы педагог тəрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нəтижелерге жететініне сендіреді.

Үгіттеуден болатын тиімділік тəрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік болмысына тəуелді, өз сөздері мен əрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді. Бала тəрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу , мадақ, өз қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады.

Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз əрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз əрекеттің, оның салдарының мəнін дəлелді ашып берумен бірге тəрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тəрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру жəне сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей əсерде жүргізіледі.

Əдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы – тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. Əдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік ұғымдарын нығайту , тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне бекіту , адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.

Əдептілік сұхбаттары тəрбиеленушілерді өздерін толғантқан барша сұрақтар бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жəрдем береді. Болған жағдай, оқиғалар мен əрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мəн-мағынасын жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда əдептілік сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың«ізін суытпай» не сол оқиғаның кінəкəрі сəл өзіне келіп,«жүрегі орнына» түсіп, мəн-жайды аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн.

Əдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды шарттарға тəуелді:

1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны өте маңызды. Осыдан көзқарастар, идеялар, пікір сайыстары өрбиді. Тəрбиеші тосын, қалыпқа келмейтін сұрақтардың туындауына себепші болып, өз шəкірттерін оларға жауап іздеп, табуға баулиды.

2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа салған жауаптары бойынша өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз, басқалар пікірін сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен дəлелді тұжырымдар топшылауға жетелеңіз.

3. Сұхбатыңыз тəрбиеші көпіре сөйлеп, тəрбиеленушілер үндемей тыңдайтын дəрісбаянға айналып кетпесін. Сұхбат барысында ашық та анық айтылған пікір балаларды дұрыс қорытындыға келтіреді. Əңгіме-сұхбат нəтижелілігі екі адам ортасындағы көңіл табысудан, пейіл жылуынан шығады.

4. Сұхбат үшін таңдалған материал тəрбиеленушінің эмоционалдық кейіпіне сай болғаны жөн. Талқыланатын тақырып оқушыларға жете түсінімді болмай, олардан сөз жарыс, пікірталас белсенділігін күту не талап етуге болмайды. Шынайы тəжірибеге негізделген сұхбат қана өзінің болымды нəтижесін береді.

5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра білу қажет. Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды – бұл əділдік шынайылылық, қатынас мəдениетінің ізгілікті белгілері.

6. Əдептілік сұхбатында дұрыс басшылық – мəні - тəрбиеленушілерге өз ынта, əрекетімен дұрыс шешім қабылдауға жəрдем беру. Бұл үшін тəрбиеші болған оқиғаларға тəрбиеленуші тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезімін түсінуге тырысуы қажет.

Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу – қате пікір. Жоғары маманданған педагогтар əдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шəкірттерін де байыппен дайындайды. Мектепте əдептілік сұхбаттары жалқылау(индуктив) не жалпылау (дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі, соңынан жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып, кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі.

Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кəсіби шеберлікті қажет етеді. Мұндай əңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі, түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-қателігін бетіне баспай, əрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, əжуа- сықақсыз өткені дұрыс. Өз тəрбиешісінің шынайы көңілін, жəрдем пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, жазатайым болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уəде береді, қайтып ондай əрекетке бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның толық нəтижеге жеткені.

Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады.«Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тəрбиеші, дос-жаран.

Əдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тəрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі – еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару–міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн. Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.

Сонымен, сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру , көрсетпе нұсқау , үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді

5. Өзін-өзі тануды оқытуда әлеуметтік-психологиялық тренинг (әрі қарай ӘПТ деп аталады) өте тиімді болып саналады.

Әлеуметтік психологиялық тренингіні студенттердің топтық әрекеті моделінде көрініс табатын өмірлік тәжірбиені меңгерудің белсенді құралы ретінде анықтауға болады.

Әлеуметтік психологиялық тренингі өзін өзі тануды оқыту барысында қолданудың мынадай ерекшеліктері бар:

1. Тренингтегі топтық жұмыс қарастырушылардың белсенділігін,өзара қатынасын, студенттердің өз әрекетіне өгелердің көзімен қарауына мүмкіндік береді.

2. Топтық жұмыстың белсенді оқыту және интерактивтік әдістері, ойындар, топтық пікірталастар қолданылады.

3. Топ ішіндегі қатысушылар өзара тығыз байланыс жасауына мүмкіндік береді.

4. Қатысушылардың белсенді қарым қатынас жасуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылатын тренингінің өту орныда стандартқа сай бола бермейді.

5. Тренингінің тиімділігін арттырудың бір шарты қырым қатынастың өн бойында барынша еркін әрі ашық, қолайлы жағдай тудыру. ӘПТ жағдайындағы қарым қатынас әдеттегі тұлғааралық байланыстан әдеқайда бесендірек, эмоциялық тұрғыда жағымды, ашық және шынайырақ келеді.

Тұтас тренинг секілді жекеленген сабақтардың құрылымын анықтау кезінде де сол жұмыстың мақсатын дұрыс белгілеп, шешімді қажет ететін тапсырмалар жүйесін ойластырып, айқындау қажет.

Әлеуметтік психологиялық тренинг үстінде алға қойылатын мақсаттар:

1) Топ мүшелерінің бірін бірі бағалауы негізінде студенттердің өзін өзі тану қабілетін дамыту;

2) Өзгелермен қарым қатынас үстінде қалыптасатын қатысымдық стимулдардан туындайтын топ мүшелерінің өзара байланыс жасауға деген сезімталдығын күшейту.;

3) Айналасындағылармен қарым қатынаста авторитарлықтан аулақтап, ынтымақтастыққа мүдделілік қабілетін дамыту;

4) Тұлғааралық қатынысты болжау,топішілік және топаралық жағдайаттарға еркін араласу, қақтығыстарды дұрыс шеше алу дағдаларын дамыту және т.б

Бұл мақсаттар мен міндеттерінде нақтылана түседі. Тапсырмалар тренинг барысында қол жеткізілетін нақты нәтижелерде көрініс табуы тиіс,олардың абстрактылық және ұрыншылдық сипатта болмауын талап етеді. Тапсырмаларда қол жеткізілуі тиіс нәтежелер, мүмкіндігіне қарай, суреттерге жағымдыәсер етумен қатар нақты сол тапсырма арқылы қандай дағдығақол жеткізуге болатынында айқын көрсетіп тұруы керек. Тапсырмалар сабаққа бөлінген уақытқа сыйымды, сондай-ақ тренинг жағдайына лайқты шынайы болғаны жөн. Сонымен бірге олар тым қарабайыр болыпта кетпеуі керек. Жоспарланған нәтижелер тексеруге қолайлы болуы шарт. Мысалы, тренинг арқылы енетін өзгерістер обьективті түрде үйренетіндей дәрежеде немесе қатысушылардың қол жеткізген жаңа жетістігі туралы өзіне өзі есеп бере алатында қол жеткізген жаңа жетістігі туралы өзіне өзі есеп бере алатындай деңгейде болғаны ұтымды.

Тренингілерде көрнекі құралдырды, пластикалық экспрессияларды қолдыну арқылы өзгелерге психологиялық әсер етуші арт терапиялар кең пайдаланады.

Тренинг топтық жұмыс түрінде өткізу кезінде ӘПТ-ті ұұрудың мынадай үстанымдарына назар аудару қажет:

· жалпылама , абстрактылы талқылауларға жол бермеу;

· «әдетте айтылатындай», «осындағы кейбіреулердің ойынша» деген секілді көмескі сөздерден бас тартып, олардың орыа «мен солай деп санаймын», «меніңпікірімше» деп наұты сөйлеуге үйрену;

· Нақты баға беруден гөрі өзінің жеке эмоциялық ұалпын сипаттап сөйлеуге (мысалы, «сіз мені ренжітттіңіз» дегенінің онына «Сіз .... жағдайда, мен өзимді жазықты адамдай сезіндім» дегенді қолдана білу) дағдылану;

· Топтың барлық мүшесін тұлғааралық өзара қарым қатынасқа тарту ;

· Достық қатынас ахуалын туғызу (шынайылық, эмоция мен ішкі сезімдерді бүкпей, өзара ашық қатынаста болу).

Ереже бойынша,жұмыс кезінде тренингіге қатысушылар дөңгелене отырады. Жүргізушілердің осындай отырыс түрін таңдауының бірқатар себептері де бар.

· Дөңгелене отырғанда қатысушылар бірін-бірі еркін көріп отырады және кімге арнап сөйлеседе, оған бетпе-бет қарауына мүмкіндік бар.

· Дөңгелене отырғызу қатысушыларды жұмысқа толық әрі дер кезінде тартуға ыңғайлы, яғни ешкімге де басқа біреудің «артына тығылуға» мүмкіндік бермейді.

· Дөңгелек – барынша демократиялық фигура. Онда кімнің басшы, кімнің қосшы екені аңғарылмайды, себебі онда төр немесе босаға деген ұғым жоқ. Бұл топ мүшелерін өзара топтастыруға оң ықпал етеді.

· Дөңгелене отыру қатысушылардың еркін жүріп – тұруына да қолайлы болады.

Дегенмен, егер аудиторияда жүргізушінің сөзін тыңдау немесе бейнетаспаны көру керек бола қалса, үстелді не жартылай ғана дөңгеленңп, не «шырша» түрінде, не «П» әрпі секілді етіп қойған абзал. Егер жеке жұмыстар қарастырылатындай болса, онда қатысушыларға өзінің қалаған орнына еркін жайғасуына мүмкіндік берген жөн.

Үстелдің орналасуы қажетті заттарды ауыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы шарт, олардың арасындағы бос кеңістікткергк әлденелерді үйіп тастауға болмайды.

Тренинг өткізілетін жер кең, ауасы таза, жиhаздары аса көп емес әрі қатысушыларды дөңгеленте отырғызуға қолайлы болуы керек. Көп жағдайларда тақта, үлкен форматты қағаздар мен маркерлер қажет болып қалады.

Тренингінің бағдарламасын үшке бөлуге болады: бірінші бөлігі – кіріспе (бағыт –бағдар беру), екінші бөлігі – қалыптастырушы (дамытушы), үшінші – қорытынды (жобалық)[32]. Әдістемелік жағынан тренингілер студенттердің теориялық және эмперикалық тәжірибелерінің синтезі түінде құрылады.

Семинар жетекшісіне тренингтің қайсы бір кезеңінде стратегияны, тактиканы, психотехникалық тәсілдерді өзгерту керектігі жөнінде ой салатын өзгеше қозғаушы күш топтық дамудың психолгиялық сапалық сипатының жаңа сатыға көтерілуі болып табылады. Тренингінің әр кезеңіне тән арнайы әдістер мен психологиялық тәсілдер болады.

1. «Мақсаттық» кезеңде тренингінің мақсат, міндеттері, топтық жұмыстың ережелері таныстырылады, жұмыс тәртібі мен әдістемесі талқыланады, осы жұмысты орындауға деген мотивациятуғызылады, тренигінің студенттің жеке басы дамуындағы мәні түсіндіріледі.

ӘПТ-тің осы сатысында қолданылатын негізгі әдіс үлгілерді көрсете отырып әңгімелесу болып табылады. Әңгіме мен сұрақтарға жауап беру аяқталған соң, педагогтің сабақты өткізу тәртібіне қатысты ережелерді қатысушылардың талқысына салуы тиімді. Мұндай талқылау нәтижесінде топтың өзі «тренингіге қатысушыға арналған ережелер кодексін» қабылдауы мүмкін.

Тренингіге қатысушылардың өзара сенімділігін анықтау мақсатында алдын-ала «Танысу», «Сұхбат» секілді психотехникалық жаттығуларды жүргізген тиімді.

2. « Бағдарлау» кезеңінде қатысымдық жағдаятқа да, өздері таңдаған бірлескен әрекет арқылы сабақ мазмұнын меңгеруге де студенттердің белсенді қатысуына баса көңіл бөлінеді. Бұл кезде топтық жұмыстың барынша жағымды ахуалда өтуін қадағалау ӘПТ жетекшісінің үлесіне тиеді. Сонымен қатар дәл осы сатыда ол тренингіге қатысушылардың бір-бірімен етене жақындасып, бірін-бірі тануына қажетті әрекеттерді ұйымдастыруы тиіс.

Мұнда педагог қатысушыларға қарастырылап отырған мәселені шешуге бағдар беретін әдістер мен тәсілдерді ұсынуына болады. Осы бағытта «бағдарлау» кезеңінің өзегі болып саналатын топтық пікірталастарды ұтымды ұйымдастыруы қажет.

3. «Қарсы тұру» кезеңінде пікірталаспен қатар шиеленісті жағдайларда студенттің өздігінен жол таба білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталаған рөлдік (іскерлік) ойындарды кіріктіруге болады. ӘПТ жетекшісі қажетті психитехникалық жаттығуларды қолдана отырып, топтық жұмысты ұйымдастыруда өзара сенімділік ахуалын жақсарта түсуге бар күшін салғаны жөн.

Бұл сатыда қатысушылардың көпшілігінің «бет пердесі» сыпырылып қалатын да жайлары кездесіп жатады. Яғни бір-біріне деген сенімі артқан студенттер қарым-қатынас үстінде мәні терең мәселелер жөнінде өздерінің ішінде бүгіп жатқан шынайы сырларын жайып салады немесе пікірлерін ашық білдіріріп қалады. Бұл кезең қатысушыларды сенімділіктің жоғары шыңына көтереді, сол арқылы олардың арасындағы жағымды қатынас орныға түседі. Мұнда негізінен топтың құрылымын алдын-ала ойластыру шешуші мәнге ие болады.

4.Тренингінің «құралу және кіріктірілу» кезеңінде топ өзіне тән құрылымы, ішкі қатынасы (симпатиялық және антипатиялық, эмоциалдық және интеллектуалдық байланыстары) қалыптасқан қауымдастық ретінде танылады. Өз мүшелерінің қай-қайсысы да мойындайтын, құптайтын сол топқа тән ортақ сипаттар пайда болады. Ол сипаттарға сабақ барысында қалыптасқан жеке қатынас нормалары, топтық құндылықтар жатады. Мысалы, топ мүшелері бірлесе қол жеткізген қатысым мен өзара әрекетте басшылыққа алынатын ұстанымдар топтың өз еркімен «тудырған» еңбек нәтижесі деп саналады. Қатысушылардың басым бөлігі мақұлдаған «біз - сезім» нәтижелері арқылы қалыптасқан топқа тән сипаттардың жиынтығы өз кезегінде ӘПТ-ке қатысушылардың одан сайын жақындасып, тұтастық табуына ерекше әсер етеді.

Топтың осындай сапалық жоғары деңгейге көтерілуі педагогтің оқу-танымдық әрекеттің мазмұндық жағына басым назар аударуына мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл кезеңде топтық пікірталастар шетке ысырылады да, рөлдік ойындар жетекші мәнге ие болады. Мұндай ойындардың сценарийін құру үшін пелагогтің алдын-ала әзірленген «Өмірлік және кәсіби жағдаяттар банкісіндегі» материалдар пайдаланылады.

Топ мүшелерінің тұлғааралық тұтастығының артуында «Эмоциянды ауыстыр», «Көтеріңкі көңіл күйіңмен бөліс» секілді психотехникалық жаттығулардың орны ерекше (33).

Сабақ соңында топтың сапалық жағынан тағы бір жаңа белеске көтерілуіне қол жетеді, ол – өзара бағалаусыз-ақ қабылдау деңгейіне өтуі. Бұл топтағы «жылы» қатынастың орнығуына, өз күштерінде деген сенімділікке, оқытылып отырған процестер мен құбылыстардың мәнін түсіну дәрежесінің тереңдей түсуіне байланысты жүзеге асатын сөзсіз.

5.“Референттік қатынас” ӘПТ-тің қорытынды сатысы болғандықтан да маңызды рөл атқарады. Референттіктің жоғары көрсеткіштері-алдымен ұжым мүшелерінің арасында алауыздықтың азайғандығының, өзара шиеленістің төмендегендігінің айғағы, ортақ пікірдің қалыптаса бастағанының дәлелі. ӘПТ арқылы референттік топтардың әлеуметтік жүйелері мен құндылық бағдарларын өзгертуге қол жеткізілсе,онда бұл оның мүшелерінің де сапалық жаңа сатыға көтерілуінің бір шарты болатыны сөзсіз.

Тренингінің қорытынды кезеңінде студенттердің қатынас стилі мен мінез-құлығында да жаңа сапалар көріне бастайды: өз сөзіне, әрекетіне мұқият қарауға, өзгелерді зейін сала тыңдауға төселе түседі. Өзара түсінуге мүдделілік танытып, келісім мен ынтымақтастықта тіл табысуға ұмтыла түседі. Тағы бір жаңа сапалық өзгерістер қатарында тренингіге қатысушылардың өзара сын айту мен оны қабылдау деңгейінің өскендігін атауға болады.Соның нәтижесінде топтардың қарым-қатынас құзырлылығы жоғарылаумен қатар, жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстарды шиеленістермей, оң шеше алу қабілеттері арта түседі.

Қорытынды бөлімде педагог тұлғааралық өзара қатынастарға өзгерістер мен заңдылықтарға ғылыми түсінік береді, соның нәтижесінде ұғымдар мен пайымдамалар нақтылана түседі. Қатысушылар шынайы өмірлік жағдаяттарға барабар жағдайларда кезесетін шиеленістерді шешеуге дағдыланады.

Бұдан тренингіні өткізу технологиясының бірқатар әрекеттер шоғырын қамти отырып төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталғанын көреміз:

· топтағы қарым-қатынас пен тұлғааралық өзара әрекеттерді күшейту;

· топты жақындастыру, оны танымдық әрекеттің ұжымдық субьектісіне айналдыру;

· топтың танымдық әрекетін басқару, өзара әрекеттестік дағдыларын дамыту, білімін тереңдету;

· топ мүшелерінің арасындағы жайсыз әлеуметтік ахуалды түзету, олардың құндылық бағдарларын тұлғааралық қақтығыстарды болдырмаудың ұтымды тәсілдерін меңгертуге қарай бейімдеу;

· топтың сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуіне бағыт беру.

Осылайша, тренингтің арнайы практикалық тапсырмалар жүйесі ретінде студенттердің жеке басының, топтың мүддесіне қол сұқпай-ақ,олардың өзін-өзі тануына мүмкіндік берудің әдістері мен тәсілдері жиынтығын құрайтын бағамдауға болады.

Тренингіге ұқсас өзін-өзі тану сабақтары мынадай құраушы элементтерден тұрады: салттар(сәлемдесу–қоштасу, жаттығу-ойындары, интерактивтік ойындар, ойын-жаттығулары); жағымды ойлауға бейімдеу (тыныштықта отыру, музыка тыңдау); дәріс-әңгіме, пікірталастар,”ойға шабуыл”, проблемалық тапсырмалар, жағдаяттар және т.б.; көркем (шығармаларды, халық ауыз әдебиеті туындыларын тыңдау, талқылау (әңгіме,пікірталас ,талдау түрінде); бірлескен шығармашылық жұмыстар (шағын топтардың қызметін ұйымдастыру , коллаждар жасау , проблемалық тапсырмаларды , жағдаяттарды шешу , жобалары қорғауға дайындық және т.б.).

 

Лекция №27

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану сабақтарындағы ән айту және музыка, топтық іс-әрекет»

Жоспар: