Топтық іс-әрекет және шығармашылық жұмыс

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаһандану - Қазақстан дамуының басты бағыты» // Егемен Қазақстан, 28.01.2012ж.

2. Назарбаева С.А. Өмір этикасы - Алматы, 2001.

3. Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе. Учебно-методическое пособие для учителей. - Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013.

4. Абай Құнанбаев. Қара сөздері. - Алматы: Жазушы, 1970.

5. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары/Құрастырған М.Жармұхаметов, С.Дәутов. - Алматы, 1988, - 560 б.

Қосымша әдебиеттер:

1. Платон. Диалоги Сократа - М.: Мысль, 2007. - 197с.

2. Амоношвили Ш.А. Основы гуманной педагогики. Кн.1,2. Как любить детей. - М.: Амрита-Русь, 2012.

3. Амоношвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? - М.: Изд. дом Ш.А. Амоношвили, 2003

4. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері .-А.,1985

5. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т.б. Балаларды отбасында адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 2009.

6. Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру-А.,1992

 

Даныпшан Абайдың бұл сөздерінде үлкен мән, терең мағына жатқаны ешқандай дау тудырмайды. Құлақтан кірген әсем әннің шын мәнінде бойыңды баурап алатыны, содан адамды жоғары сезімдерге жеткізетіні өнер саласында да, ғылым саласында да сан мәрте дәлелденген жайт. Және бұл мәселе қаншама уақыттардан бері айтылып, жазылып келгеніне қарамастан, әлі де айтылып, әлі де жазылып келеді. Тоқтамайды. Және оның әрі қарай да айтыла, жазыла беретіні ешқандай күмәнсіз. Өйткені, бұл ақиқат. Ақиқат уақыт өзгергерісіне бағынбайды: со күйінде тұрақтап, со күйінде адамдарға қызмет ете береді.

Поэзия мен музыканың табиғатында саны, шегі жоқ шексіз дүниенің қойнауындағы әсем сөздер мен әдемі құбылыстардың іріктеліп алынған синтезі, жоғары құдіреттің лебі жатады. Адам баласының табиғаты осынау жоғары құдіреттен нәр алатын болғандықтан оған жақындаған сайын ол аса керемет, ауызбен айтып болмайтын жоғарғы ахуалға, рухани күшке ене береді. Шарықтай береді. Осы күш адам жаратылысын Жер бетіндегі қызметінің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Жеке адамның өмірінде де, қоғамның тіршілігінде де ол табысты, ұтымды, рационалды қадамдармен тұтастандырады. «Өлшемі жоқ ұлы ұлылықтың алдында адам баласының бас июі – оның болмыстық заңының негізі болып табылады. Егер адамдардан осы ұлылықты тартып алатын болса, олардың өмірі мәнсізденіп, құсалықпен бітеді. Өлшемі және шегі жоқ (рухани) дүние оған өзі ғұмыр кешіп жатқан кіші планета сияқты қажет» дейді Ф. Достоевский 1872 жылы жазылған «Бесы (Жындар)» деп аталатын шығармасында (Стефан Верховенский есімді кейіпкерінің аузымен).

Адам өмірінің табиғаттағы, тіпті табиғаттағы емес, ғарыштағы жоғары құдіреттік күштермен тұтастығы космоэнергетикада да күмәнға алынбайды. Керісінше, осындай ұлы болмыспен байланысты өнер түрлерін, атап айтқанда, поэзия мен музыканы аса қажет деп тауып, олардың өзінің практикалық жұмыстарында кеңінен пайдаланады. Бұл ілімнің басқа бағыттардан ерекшелігі ­– оларды толқындық, ырғақтық табиғатпен етене қарастырады. Түптеп келгенде поэзиялық және музыкалық ырғақтардың адамның ішкі әлеміне, яғни ішкі толқындық тербелістеріне адамды жігерлендіріп жібереді. Сондықтан да, жақсы музыкадан жан рақат тапса, шулы ырғақтардан көңіл құлазып, ыңғайсыздық мазалайды. Бұл дыбыстық құбылыстардың адам болмысындағы айырықша рөлін бейнелейді.

Музыканың адам табиғатындағы шешуші маңызға ие екені ертеден белгілі. Мәслен, ежелгі грек философы Плантон музыканың мемлекеттің қайраты мен қуатын айқындайтын күш екеніне назар аударды. «Мемлекет үшін ізгілік қасиеттердің жоғалуына сыпайы және ар-ұяты бар музыкадан бас тартудан өткен әрекет жоқ. Пәтуәсіз, шашыраңқы ырғақтар мен ладтар арқылы адамдардың жанына сондай бейбастық, озбыр бастамалар енеді. Өйткені, музыкалық ырғақтар мен ладтар адамдарды өзінің образына сәйкестендіреді» деді ол. Мұндай ой жалғыз Платоннның емес, көптеген философтардың қаруында болы. Олардың барлығын тізбектеп жатпай-ақ Пифагорды атап өткеніміз дұрыс болар. Олай дейтініміз, Пифагор адам баласы үшін тек музыкада ғана емес, сонымен бірге ойлау мен сөйлеу, қимылдық әрекеттерде де дұрыс ырғақты таба білу – салауатты өмірдің басты тірегі деп санады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде антикалық адам дұрыс ырғақты табу арқылы қаланың ырғағына, содан соң барып ғаламдық тұтастықтың – Ғарыштық өмірдің ырағына ұласуға мүмкіндік алған. Мамандар қоғамдық өмірдің музыкалық оркестрмен салыстырылуы, яғни қоғам құрылымында әр адамның оркестрдегі секілді өзінің орны, өзіне тән орындайтын партитурасы болатыны, жеке адамның қоғамдық ырғақтың толқынына сай қимыл жасау қажеттілігі осы Пифагордан бастау алған деседі.

Музыканың құдіретті күші бүкіл адам үшін ортақ. Оны тілсіз, сөзсіз, тіпті, көзсіз де түсінуге, түйсінуге болады. Әдемі әуендердің мүмкіндіктері, оның саналы жан иесіне ұсынатын игілікттері жайлы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбдірахман Жами де айтады. Ол музыкалық шығармалардың тыңдармандаға қуаныш пен сағынышты, үміт пен зарығуды, жігерлену мен құлазуды беру қабілеті орасан зор деген пікір білдірді; дыбыс деген адам үшін «армандаған тілегіне қол жеткізудің ең үздік құралы болып табылады және ол жаңа рахаттардың да себебінің рөлін атқарады» деп жазды.

Музыкалық ырғақтардың ерекшеліктерінің рөлі адамға сау адамға дем берумен шектелмейді. Оның емдік қасиетінің өзі әлі толығымен зерттеліп бітпей келе жатқан мәселе. Тіпті, керек десеңіз, музыка әуелі емдік мақсатта пайда болған ба деген ойға келесің. Себебі, бізден бірнеше мыңдаған жыл бұрын ғұмыр кешкен Пифагордың шәкірттері ұстаздарының адамның жанына әсер ететін әр түрлі әуендері болғаны жайлы мәлімет қалдырған. Сол әуендердің көмегімен ол әр түрлі психикалық, физиологиялық дерттерге қарсы шара қолдана білген. Одиссея эпосында музыканың әсерінен Одиссеның жарақатынан аққан қанының тоқтағаны айтылады. Демокрит те, ежелгі грек философы, инфекциялық аурулар кезінде музыка тыңдауға кеңес берген. Платон өзінің пациенттеріне дәрі беріп жатқанда міндетті түрде магиялық әсері бар әнді тыңдау керектігін айтатын болған. Олай болмағанда дәрінің күші болмайды деп есептеген.

Емші Сайлаухан Сұлтанғазықызының да пайымдауында музыка ең алдымен көңіл көтеретін құрал емес, алдымен ол емдік күші бар қасиетті құбылыс. Әрине, дыбысталған әуеннің баршасын емдік музыка деуге болмайды. Әдемі әуезді музыкаларды емдік қасиетке ие деп айту қиын. Өйткені, ол музыка шығару және орындау кездерінде едмік әдіске арналып жазылмаған.

Әр музыканың пайда болуында белгілі мақсат, белгілі мүдде бар. Ол мақсат биік пе, әлде аласа ма – ол бөлек мәселе. Егер кез келген заттың өзінің мақсатына қарай икемделетінін ескеретін болсақ, біздің күнделікті тыңдап жүрген музыкалық шығармаларымыздың көпшілігі белгілі бір сезімді білдіру немесе бір қуанышқа, не ренішке оранған тұстағы адамның кешіп тұрған күйін жеткізу құбылыстарына ғана негізделген.

Емдік, яғни космоэнергетикалық ем жайдан жай пайда болмайды. Оның жарық көруіне белгілі қажеттіліктер керек етіледі. Мәселен, атап айтар болсақ, космоэнергетикалық қасиетке ие музыка алдымен оған шынайы, шын көңілден жазылған шығармашылық өлең жолдарын талап етеді. Сонан соң, ол сөздерге білікті композитор өзінің ризашылығымен, шын көңілден әуен шығарады. Сосын, ең маңыздысы, осы әуен жазылу барысында космоэнергет оған арнайы энергетикалық толқындарды жіберіп, қуаттандырады. Нәтижесінде жаңа әуен көзге көрінбейтін және құлаққа да естілмейтін жаңа жіңішке космоэнергетикалық толқындармен тоқылып отырады. Осындай жолмен дүниеге келген музыкалық шығарма емдік қасиетке ие болып шығады.

Солай, Сайлаухан Сұлтанғазықызының композитор-орындаушы Алтай Әліпқайыровпен бірге емдік мақсатта жазған шығармалары адам бойында кездесетін әр түрлі дерттердің тамырымен күресуге арналған. Бұл әуендер «Сайлаухан» емдеу-сауықтыру орталығында кешенді емнің бір тармағы болып табылатын музыкатерапия қызметінің негізін құрайды. Он жеті өлеңдер мен композициялық шығармалар құлаққа жағымды ырғақтық тербелістермен қатар жіңішке энергетикалық толқындармен қамтылған. Олар құлаққа естілмегенімен, әдемі әуеннің толқынына тербеліп тұрған ағзаның жіңішке материялық қабатында қосымша күш, үйлесімді тербеліс тудырады. Бұл жалпы ағзаның иммунитетінің позитивтік энергияға қанығуына, сонымен қатар Сайлаухан емдеу-сауықтыру орталығының басқа тармақтарының жұмысының тұтастануына мүмкіндік береді.

Музыка дегеніміз - сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні,су сылдыры,құстардың әні,аңдардың үні мен қимылы,жан-жануарлардың боздауы, кісінеуі т.б дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!

Сазды да сырлы музыка,әсіресе,жасөспірімдер мен жас балалар үшін қажет-ақ.Музыка олардың орталық нерв жүйесіне,яғни,жүйкесіне әсер етіп,ой-өрісін жетілдіреді,рухани дүниелерін байытады,сезімталдыққа, нәзіктікке,қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Расында да,музыка-адамды ерекше рахатқа бөлейтін ұлы күш. Ән-әуен адам сезімін баурап алып,жанға жайлы, мол эмоциялық сәттер туғызады. Тартымды да мәнді музыка-дертке де шипа.

Музыканы тек адам ғана емес,бүкіл табиғат ұнатады екен,ол бәріне қажет екен.Зейін қойып,зер салсаңыз, табиғаттың әрбір құбылысы,әрбір суреті таңғажайып саз,музыка емес пе? Мәселен,ағаш жапырағының сыбдыры,бұлақ суының сылдырай аққаны,құстардың үні,шегірткенің шырылы,араның ызыңы,көбелектің көлбей ұшуы… Сезіне,түсіне білген адамға бәрі әуен,бәрі музыка.

Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу,зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді,жанға жайлы эмоция тудырады.

Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше.”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ”-деп Ю.Фучек өте тауып айтқан.Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң-зарын сейілткен. Музыканың әсер - ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез-құлқы мен салт-дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық:”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық,ашу мен қуаныш болса,туа бітетін қасиеттер емес,мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана,әрі-беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар,баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны;егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл,иірім-қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса,онда халықтың шат-шадыман ғұмыр кешкені;егер қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі,қоштауы асқақ,қайырмасы кең орамды әуен бел алса,онда халықтың өзіне-өзі сенімді де табанды болғаны;егер қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты,байсалды да шыншыл әуен бел алса,онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны;егер шалқар да шалқымалы,жүрекке жылы, жанға жайлы әуен бел алса,онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені;ал егер жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп-бұрмаланған,жанығып-жан ұшырған, ырду-дырду әуен бел алса,онда халықтың бұзылғандық пен бейбастақтыққа белшесінен батқаны”

Ежелгі гректер музыка мен медицинаны қосып,оған қамқоршы етіп бір Құдайды-Аполлонды беріпті.Музыканың адам денсаулығына, көңіл-күйіне әсер ететіні жайлы мәліметтерді ұлы дәрігер Эскулаптың,ежелгі грек математигі‚ философы Пифагордың,философтар Аристотель мен Платонның еңбектерінен табуға болады.Музыка ырғағы күш-қуат беріп, көңіл-күйді көтеретінін әскери мамандар да ертеден мойындаған. ”Музыка армияның жігерін екі-үш еселендіреді”-деп орыс армиясының белгілі қолбасшысы А.В.Суворов дәл айтқан

Халқымыздың білгір сазгері,академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы:”Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар…”-деп ерекше тебірене жазыпты.

Хормен ән салу – музыка өнерінің маңызды бір саласы. Ол басқа да өнер тәрізді адамның жан толқынысын, көңіл-күйін, эмоциональді-психологиялық қалыпының (кейпінің) сан қилы нақыш-қырларын жеткізе отырып, хор әншілерінің музыкалық-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру тәлім-тәрбиелік қызмет атқарады.

Хормен ән салудың ұжымдық табиғатын атап көрсете отырып, біздер оның тәлім-тәрбиелік ықпал етуші факторларын есте ұстағанымыз жөн. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтар болсақ: «Хормен ән салу кереметтей пәрменді педагогикалық құрал. Әнде, әсіресе хормен әндетуде адамды жандандыратын, көңіл ашатын ғана емес, әншілерді жылы-шырайлы татулыққа, ынтымақты іске жұмылдыратын жұмыла еңбекке бастайтын қасиет бар.

Музыкалық педагогика саласында О.А.Апраксина, Ю.Б.Алиев, А.Б.Пономарев, Б.Рагина, Г.Струве, В.Соколов, Т.Овчинникова, Д.Огороднов және белгілі педагог-әншілер, хормейстрлер хор әншілерін әнді әдемі сала білу, олардың музыкалық және вокальді есту қабілетін, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту бойынша құнды пікірлер айтқан.

Осы жөнінде Н.Л.Грозденская: «Ән салуға үйрете отырып, біздер тек әнді орындау сапасына ғана емес, әншілердің талғампаздығына ықпал ететін әнді орындау сапасына да көңіл бөлеміз»,- деп атап көрсеткен болатын.

Бұл өз кезегінде хормен қиын ән салудың аса күрделі педагогикалық ырыс екендігіне көз жеткізеді.

Хор ұжымының мақсат-міндеттерін, құрылу принциптерін, хормен жұмыстың оқу-тәрбие процесі ретіндегі заңдылықтарын, музыкалық шығармаларды үйрету, орындау ерекшеліктерін зерделеу – студенттерді хор ұжымында тәрбиелеудің келесі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді:

- Студенттерге хормен орындалатын шығармалар, хормен ән салу техникасы жөніндегі теориялық, практикалық білім, біліктерді меңгерту;

- Хор шығармаларын тыңдау нәтижесіндегі әсерленгіштік;

- Хор шығармаларына эстетикалық баға бере білушілік;

- Хормен қосылып ән салу дағдыларын меңгерту;

- Студенттердің хормен ән салуға, хорға жетекшілік етуге, хор өнерін зерттеуге деген қызығушылығын, қажеттігін тудыру;

Хормен ән салу техникасының жетілуі — әр студенттің әншілік мәдениетіне, сондай-ақ хор ұжымының барлық мүшелерінің вокальді-хор дағдыларының қажетті деңгейде дамуымен анықталады. Хормен ән салу техникасының ерекшеліктерін түсіну, оның мазмұнында нақтылы бір ішкі байланыстағы сатылы немесе бір мезгілде жүзеге асырылатын көп аспектілі вокальді-хор дағдыларын қалыптастыру және тәлім-тәрбиелік жұмыстардың жүзеге асырылып отырғандығын байқатады.

Сондықтан, музыкалық шығарманы орындауға даярлық жұмыстары арнайы белгіленген жоспар арқылы жүзеге асырылғанда ғана жағымды нәтижеге қол жеткізіледі. Аталған жоспарлауда мына жұмыстар ескерілгені жөн:

- хор шығармасын алғашқы тыңдау;

- хор шығармасының музыкалық-поэтикалық мазмұны, орындалу ерекшелігі жайлы әңгімелесу және үйрету;

- хор шығармасын мәнерлі орындау;

Бұның бәрі өз кезегінде музыка педагогикасына сәйкес келетін жалпы және арнайы дидактикалық принциптерге жүгінуді талап етеді. Атап өтсек: оқытудың тәрбиешілігі, ғылымилығы, саналығы, өмірмен байланыстылығы деп тұжырымдаймыз.

Хор материалдарын, яғни, музыкалық шығармаларын меңгертудің ғылымилығы студенттерге музыка педагогикасында қалыптасқан ұғымдарды үйретуді талап етеді. Вокальді хор шеберлігі саласында әншілік білімдер физиология, психология тұрғысында миоэластика, нейромоторика теориялары негізінде дамығандығы белгілі. Осы бағытта студенттерді дауыс аппаратының құрылысы, әншінің тыныс алуы, әншіліктің техникалық дағдыларын меңгеруі, хормен қосылып айтудың мәнерлігі (интонация, ансамбль, т.б.) жөніндегі ғылым жетістіктері туралы мағлұматтармен қаруландырудың маңызы зор.

Музыка педагогикасы саласындағы вокальді хор ғылыми білімдерді терең меңгерту ісі нақты құбылыстар мен заттарды талдау (анализ) және насихаттау (синтез) арқылы болатын ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды меңгерту нәтиже ісінде жүзеге асырылады. Жұмыс барысында студенттерге мүмкіндігінше хормен ән салу заңдарын үйрену, осы заңдарды қамтитын музыкалық іс-әрекеттердің сипатын аша түсу керек.

Хормен ән салудың ғылыми принципіне байланысты студенттердің байқау, эксперимент, іздену жұмыстарын жүргізудің, ғылыми еңбектерді пайдалану жолдарын үйретудің және біртіндеп жеке ғылымдардың зерттеу әдістерін меңгертудің де жолдарын қарастырудың мәні зор.

Әнші дауысы мен дыбыстар қалыптастыру жөніндегі бүгінгі ғылымда қалыптасқан ғылыми мағлұматтар хормен ән салуға үйретуде педагогикалық принциптерге сүйенуге қолайлы жағдай жасай алады. Осы мақсатта студенттер әрбір вокальдік (әнші регистрі, тыныс алу техникасы т.б.) хормен ән салу (интонация, ансамбль т.б) құбылыстарының мәнін және практика жүзінде іске асырылу процесі туралы хабардар болуы қажет. Сондықтан, хормен ән салудың ғылымилығы музыка саласындағы ғылыми білімдер негізінде студенттердің ғылыми көзқарасын, олардың ғылыми ойлау қабілеттерін дамытудың басты шарты болып саналады.

Хормен ән салуға үйретуде сапалылық принципі студенттердің музыкалық шығарманың мазмұндық және көркемдік образын, көркемдігін, сонымен бірге музыкалық дыбыстардың сапасы – түрлі сападағы музыкалық дыбыстардың түзілуінің себеп-салдарын ұғынумен анықталады. Хор әншілері сапасы төмен, тембрі жағынан жағымсыз дыбыстардың себебін және оларды болдырмау амалдарын білгендері дұрыс. Осыған байланысты әнді орындау процесіндегі құбылыстар (сандар) мен дыбыстарды түзу технологиясы (себеп) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ашып, мәнін түсіну, талдау, сараптау, студенттердің хор шығармаларын саналы түрде үйрену, орындау шеберлігінің маңызды шарты екендігін айғақтайды.

Ал, музыкалық материалға байланысты саналалық принципі студенттердің ән мәтінін құрғақ түрде жаттамай, оның шын мәнінде түсінуін, жауапкершілікпен қарауын талап етеді. Жаңа шығармалармен таныстыру процесінде студенттердің танымдық деңгейлерін арттыруға бағытталған терминдермен, жаңа вокальді-хор дағдыларымен таныстырудың да орны ерекше.

Жаңа білімдерді меңгергеннен кейін оны студенттердің қабылдау дәрежесіне, жаңа материалдың бұрынғымен байланысын, алған білімдерді жаңа ситуацияларда, практикалық іс-әрекеттерде қалай пайдалану іскерліктерін назарда ұстау қажет. Белсенді түрде ойлау жұмыстары процесінде студенттерде ассоциациялар қалыптасады, яғни талдаушылық (анализ) синтетикалық әрекеттер іздерінің тізбегі құрылады. Олар К.Д.Ушинский атап көрсеткендей аралас, ұқсас, бір-біріне қарама-қарсы, уақытша, жүрек сезіміне байланысты, ақыл-парасатқа байланысты ассоциациялар болып табылады.

Вокальді-хор білімдерінің шамаға лайықтылығына ғылымилық принциптерге сүйенер себебі – дыбыстарды қалыптастырудың және қалыптастыруға қалай ықпал етуге болатындықтың, студенттердің музыкалық, вокальді-техникалық, көркемдік дамуының заңдылықтарын білмейінше, студенттердің шамасына лайықтылығы есепке алынуы мүмкін емес.

Сондықтан, студенттердің шамасына лайықтыны дәл, дұрыс анықтай білу міндетті түрде психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктеріне объективті нәтижелері анықталуы тиіс. Шамаға лайықтылық принцип вокал-хор педагогикасының бірізділік пен сабақтастық принципі хор мүшелерінің әншілік дағдыларының қалыптасуы, оқу материалдарын (жаттығулар, көркемдік шығармалар материалдары т.б.) меңгерту барысында қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға сияқты принциптердің жүзеге асуын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді. Осылайша вокальдік-техникалық көркемдік дағдыларын бірте-бірте күрделендіре түсу – дағдыларды тиімділікпен жоғарлатуға, жетілдіруге мүмкіндіктер туғызады. Хормен жұмыс әрине ұжымдық сипатта болады. Алайда, әр студенттің типологиялық-психологиялық ерекшеліктері, мінезі мен темпераменті арқылы пайда болатын музыкалық қабілетін анықтау, олармен жеке жұмыстар мен әдістерді қолдануды талап етеді.

Сонымен бірге, әр студенттің дыбыс аппаратының өзіндік ерекшеліктері де болуы мүмкін. Ондай жағдайда, өзіндік дыбыс қалыптастыру, дыбыс тембрі сияқты арнайы сабақ өткізу шарт.

Вокальді-хор педагогикасында білім берудің практикалық іс-әрекеттердің көркемдік және техникалық бірлігі және принципі жетекші рөл атқарады. Хормен ән салу процесінде түрлі әншілік міндеттерді орындауға, түрлі мәнерлі ән салуға байланысты дыбыс аппараты органдары, ерекше жағдайларға икемделіп, бейімделіп өзінің функцияларын өзгертіп отыратындығы белгілі. Яғни дыбыс қалыптастыру органдарының арасында түрлі байланыстар жүзеге асырылып, динамикалық стереотиптер жасалады.

Осы ретте әншінің дыбыс шығарушы мүшелерінің (тіл, көмекей, дыбыс желбезектері) біздің санамыздан тыс әрекеттерін ескерту керек. Дыбыс аппараты органдарының ән салуға байланысты есту органдарының қызметі арқылы қозғалыс орталықтарына адамның дыбыс жөніндегі қалыптасқан ұғым-түсініктері арқылы басқарылады. Ал бұл ұғым түсініктері дыбыс аппараты органдарының жұмысына, оның функцияларының реттелуіне айтарлықтай ықпал ететін әуеннің сипаты мен оның эмоциональдік мазмұнымен, музыкалық-мәндік мәнерімен анықталады.

Өз кезегінде әнші-орындаушының (көркемдік сапасы, дыбыс органдары) әуезінің мәнерлі болуы, дыбыстардың көркемдік сапасы – дыбыс қалыптастыру технологиясына, вокальдік-техникалық, атап айтқанда артикуляциялық аппараттың, резонаторлардың тыныс алу дағдыларының қалыптасу дәрежесіне байланысты болып келеді. Сөйтіп, түрлі қалыптағы музыкалық шығарманың эмоциональдік мазмұнын жеткізу – жоғарғы және төменгі резонаторлардың, әнші тынысының регистрлер күйінің сапасына тікелей қатысты екендігіне ән салудағы көркемдік пен техникалық дағдылардың біртұтас екендігіне көз жеткіземіз.

Хормен ән салу әншілерді шығарманы студенттерді бұл процеске жұмылдыратын музыкалық туындыларды орындаудың өте-мөте шамаға лайықты, демократиялық формасы ретінде студент жастардың жалпы музыкалық мәдениетін жоғарлатудың, көркемдік талғампаздығын дамытудың ең қуатты құралы ретінде қарастырылуында. Сондықтан, осындай кең ауқымды жұмыс белгілі кезеңдер арқылы жүзеге асырылғанда ғана көздеген нәтижелерге қол жеткізіледі. Ол кезеңдер – хормен орындалатын шығарманы алғашқы таныстыру, үйрету және мәнерлі орындау болып табылады.

Алғашқы таныстыру аса жауапты кезең болғандықтан жан-жақты даярлықты талап етеді. Бұл жердегі басты мақсат – студенттердің шығарманы эмоциональді түрде қабылдауын қамтамысыз ету. Бұл кезеңде әнді дыбыс құралдары көмегімен немесе әншілердің орындалуында тыңдату, шығарманың авторлары, шығу тарихы, музыкалық-поэтикалық мазмұны, музыкалық тілі, әуен қозғалысындағы ерекшеліктер әңгімеленіп, пікірлер алмастырылады. Келесі кезеңде хорға арналған шығарманы үйрету, мәнерлі орындауға әншілік дағдыларды қалыптастыру, дұрыс интонациялау, қосылып ансамбльде орындай білу жұмыстары бір-бірімен тығыз байланыста, үнемі сабақтастықта, үйлесімділікте жүргізідіп отырады.

Хормен ән салу жұмысының келесі бір маңызды бағыты – репертуар таңдау. Мұның маңызды болатын себебі – түрлі хор шығармаларын үйреніп орындау процесінде студент жастардың биік көркемдік талғампаздығын, идеалы мен сенімі, дүниетанымы, ізгілікті көзқарастары, азаматтық сапа қасиеттері қалыптасатындығында. Сондықтан хор репертуарына көркемдік-идеялық және интонациялық көркемдігі бай шығармалар іріктелінеді.

Студенттер хорының репертуарына халық әндері, халық композиторларының әндері, батыс және ТМД елдеріндегі классикалық шығармалар енгізіледі. Егемендікке ие болған тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің шығармашылық бірлестіктері репертуарларындағы соңғы жылдары қазақ халқының әндерімен толықтырылды. Халық әндері жөніндегі «әндер ата-баба өмір тіршілігі жайлы мағлұматтар беріп, қоғамның түрлі тарихи кезеңдеріндегі ой-қиялы, сана-сезімі, қарым-қатынасы, аса маңызды оқиғалар жайлы сыр шертеді» демекші, студент жастардың құнды адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сана-сезімдері қалыптасады .

Хор репертуарында «нағыз терең ойлы, ғасырлар тезінен өткен, адамның жан дүниесін байытатын музыкалық шығармаларға» ғылыми тұрғыдан баға бере білу мүмкіндігін қалыптастыратын мәңгілік өмірмен Бахтың, Моцарттың, Бетховеннің, Чайковскийдің ұлы туындыларында қарастырылуы тиіс.

Хор ұжымында студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін талдау, хормен ән салудың аса күрделі сан қилы шығармашылық әрекет екендігін, оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндігі мол құрал бола алатындығын көрсетеді.