Топтық іс-әрекет және шығармашылық жұмыс

Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда, мейілінше«симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы-оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

Мұғалім оқу жылы басында әр сыныпта, топта жұмыс жасау ережесін құрастырады. Топта жұмыс жасаудың ережелерін оқушылардың өздеріне плакатқа ойластырып жазуларын сұрайды. Барлық сабақтың кезінде бұл ереже көрінетін жерге ілулі тұрады. Ережені өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Мысалы, мынадай ереже тізімі:

1. Бір-бірін мұқият тыңдау;

2. Сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

3. Бір-бірінің пікірін құрметтеу;

4. Мен – пікір;

5. «Тоқта» ережесі;

6. Ортақ пікірге келу;

7. Құпиялылық т.б.

Жалпы сыныпқа арналған тәртіп ережесін жасатуға да болады.

Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салада оқушының қабілеттерін дамыту арқылы алғыр оқушы болу ықтималдығына барынша мол үлес қоса алады.

Топтық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Талап бойынша топтық жұмыста жеке тапсырма, жұптықтапсырма, топтық тапсырмалар беріліп отырады.

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық жұмыста оқушылар:

- Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен өз пікірін бөліседі, алмасады;

- Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

- Өз мүмкіндігін біледі;

- Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

- Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

- Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

- Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

- Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

- Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

- Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

- Проблеманы шешуден ләззат алады;

- Өзінің оқуын түйсіне бастайды;

- Ойластырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды;

- Қалай оқу керек екенін ұғынады;

- Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды;

- Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады;

- Тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздейді;

- Ересектердің көмегінсіз өз ісінің көзін табады;

- Тапсырманы қашан әрі қалай орындау қажеттігін талқылайды;

- Сұрақ қояды және жауап ұсынады;

- Алға басуды қадағалайды және қажет кезде көмек сұрайды;

- Жеке және құрдастарымен бірлескен тапсырмаға қатысады;

- Бұрын естіген сөзді өз мақсатында пайдаланады;

- Құрдастарымен әлеуметтік мәселелерді шеше алады;

- Тапсырмалар ұсынады;

- Сабақта зерікпейді, басқа ой мен іске уақыты болмайды;

- Жинақылық, білімге деген бәсекелестік қабілеті дамиды;

- Бір-бірін сыйлайды, бір-бірімен тез тіл табысады;

- Бар ынтасымен жұмыс жасайды, бір-біріне талапшыл;

- Өз көзқарасын ұжым көзқарасына бағындырады;

- Жұмыстағы кемшіліктерді өз бетімен анықтап, жояды, т.б.

Оқушылар үнемі топтық жұмысқа дағдыланған болса, өзін-өзі реттеуге қол жеткізеді. Марта Бронсон (2002) баланың өзін-өзі реттеуінің төрт саласын айқындаған:

1. Когнитивті өзін-өзі реттеу, ментаным. Балалардың өз оқуы туралы білімі мен өзін-өзі тану деңгейін арттырумен байланысты. Барлық балалар дербес болуды қалайды деп есептеледі.

2. Эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият». Эмоция саласында балалар өз әсері мен өзгелердің әсері туралы көбірек хабардар болады; бұның эмоциялық өзін-өзі бақылауын және басқа адамдар үшін қам жеуді дамыту үшін негізгі мәні бар.

3. Әлеуметтік өзін-өзі реттеу: «ақыл-ой теориясы». Балалар достық орнатуға, өзге адамдармен ынтымақтасып жұмыс істеуге және ересектердің көмегінсіз әлеуметтік мәселені шешуге біртіндеп үйренетін әлеуметтік саламен байланысты. Заманауи зерттеулер осы әлеуметтік қабілеттің шешуі деңгейде балалардың дамушы «ақыл-ой теориясына», яғни басқа адамдарда оның өзінікіне ұқсас ақылы бар екенін түсінуіне байланысты болатынын көрсетті.

4. Ынталандырушылық өзін-өзі реттеу: игеру бағдары. Ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік сезімінің түйінді дамуын немесе ғылыми әдебиетте «игеру бағдарын» дамыту деп аталатынды көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті; қателіктен сабақ алуын және күрделі міндеттерді шешуден ләззат алуын дамытуға алып келеді.

«Шығармашылық тапсырма» да өзін-өзі тану сабағындағы оқушылардың топтық жұмысының маңызды бөлігі. Оған рөлдік ойындар және жаттығулар, сурет салу және театрландырылған көрініс, макет, плакаттар дайындау кіреді. Оқушылар мұнда өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашады, өздері жасаған және қайта жаңғыртқан образдары арқылы өзіндік «Менін» көрсетеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, елгезектік өз пікірін айта білу және өзінің пікірін сыйлау сияқты қасиеттерді сезінеді, өзіне сенімділік қалыптасып, өз қабілетіне және шығармашылық мүмкіндігіне сенімі нығаяды.

Бірлескен шығармашылық әрекет балаға да, үлкен адамға да тақырыпты тереңірек түсінуге, бір-біріне сенуге, бір-біріне құрметпен, қамқорлықпен қатынас жасауға көмектеседі.

Лекция №28