Жүректен-жүрекке» шеңбері

– Балалар! Сендерді «Жүректен – жүрекке» деп аталатын тамаша шеңберге шақырамын. Қолдарымыздан ұстасамыз. Бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Өзімізге мейірімді, қамқор, бақытты болуға тырысамыз деп уәде берейік. Келістік пе?! Ал енді бір-бірімізге шын жүректен былай деп жар салайық:

Бар әлемге жақсылық жаса,

Басқалар қуансын деп жақсылық жаса!

- Балалар, рақмет! Сау болыңдар

Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай керемет таң! Бір-бірімізді көңілді әрі үлкен қуанышпен қарсы алу үшін мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Өйткені біздің шеңберімізге әрқашан да нағыз шынайы достар жиналады. Қол ұстасып, айтайық:

Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. (балалар шеңбер бойымен жүреді) (жүріп келіп, тоқтайды) (қолдарын екі жаққа сермейді) (бір-бірімен қол алысады)

Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Терезеге қараңдаршы! Қандай тамаша! Аңдар мен құстар, таулар мен өзендер – бәрі қуанышты. Өйткені бәрі-бәрі бір-бірімен дос. Айналадағы ортамен достықта болған қандай керемет!

Қол ұстасып, өзімізбен де, айналамен де сәлемдесейік.

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру – бір бақыт.

Дос бола білу – шын бақыт!

Шаттық шеңбері

– Балалар, неткен керемет таң! Бір-бірімізбен амандасайық. Арқамызды ортаға қаратып тұрайық. Сол жағымызда, оң жағымызда кім тұрғанын қарайық.

Қайырлы таң! Ормандар мен далалар. Қайырлы таң! Достасқан бар балалар. Қайырлы таң ! Біздің балабақшамыз. Қайырлы таң! Жора-жолдас, ұл мен қыз! (қолымызды жоғары созамыз) (қолымызды жанымызға созамыз) (алға еңкейеміз) (бетін шеңберге беріп, қол шапалақтайды)

− Жарайсыңдар! Енді жайғасып отырыңдар. Адамның өзге адамды түсініп, кешіре алатыны жайлы әңгімелесейік.

Жүректен-жүрекке» шеңбері

– Балалар, бір-бірімізге «Сау бол!» деп айтайық:

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!

Жүректен-жүрекке» шеңбері

– Бәріміз бірге шеңберге тұрып, мына сөздерді айтайық:

Балалардың достығын

Көрсетейік біз бүгін!

Әлемдегі барлық жанға айтамын,

Татуласып жүрген жақсы, байқадым!

– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!

Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар! Мен сендерді тағатсыздана күттім және де кездескенім үшін сендермен қуанышымды бөліскім келеді:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!

Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, қолдарыңды бiр-бiрiңнiң иықтарыңа қойып, екі жаққа шайқалып көрiңдершi.

Балалар қимылды орындайды.

– Қасыңда тұрған адамның иығының қолдауын сездіңдер ме?

– Әрқайсысымыз достарымыздың сенiмдi иығын сезiндiк. Отбасында да әрбiр адамға туыстары осылай сүйеу, қуат болады, бiрiн-бiрi жақсы көредi.

Бәріміз бірге мына сөздерді айтайық:

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Жүректен жүрекке» шеңбері

Тәрбиешi балалармен қосыла айтады:

Атамнан басталар,

Әжеммен қосталар.

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар.

Бiр туған ағам бар.

Бiр туған апам бар…

Бәрiн жақсы көремiн,

Еркелеймiн еремiн.

Е.Өтетiлеуұлы

Шаттық шеңбері

– Бүгінгі сабақта біз бақыт туралы айтамыз. Бірауыздан көңілді айтайық:

Бақыт – біздің сиқырлы шеңберіміз,

Бақыт –біздің достарға сенгеніміз.

Бақыт – таңнан біреумен достасуың,

Бақыт – кеште достармен қоштасуың.

Шаттық шеңбері

Бұл сабақты өткізу үшін тәрбиеші өз киіміне әдеттен тыс элемент қосады (мысалы: гүлдесте (венок) немесе әдемi гүлдi жамылғы).

– Мен бүгін тәрбиеші ғана емеспін, ертегілер әлеміндегi Бақыт патшалығынан келген Гүлдер Періштесімін.

Тәрбиеші «Гүлдер вальсы» әуенімен айналады да, балалардың үстіне қағаз гүлдерден шашу шашады.

Одан соң шеңбер құруды ұсынады.

Бақытты дәйім армандап,

Досқа да бақыт тіледің.

Күтеді сені алдан бақ,

Жақсылық етсең үнемі.

– Балалар! Менің себетiмнiң ішінде не бар екенін қараңдаршы. (Балалар себеттiң ішін қарайды.)

Мұның ішінде әр түрлі гүлдер бар, оның бәрі менің патшалығымнан. Ал осының iшiнен өздерiңе Бақыт гүлін таңдап алыңдар. Таңдап алған гүлдерiң әрқайсың үшін бақыт белгісі болады.

– Ал белгі дегеннiң не екенiн білесіңдер ме,? Бұл сөзді бұрын естіп пе едіңдер?

(Балалардың жауаптары.)

– Махаббат, қуаныш, бақыт сияқты кейбір сезімдерді біз сезгенімізбен көре алмаймыз. Біз оларды бір зат арқылы елестете аламыз. Сол зат белгі болып табылады. Мысалы, жүрек – махаббат белгісі, көгершін – бейбітшілік белгісі болады.

Шаттық шеңбері

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!

Тәрбиеші балаларға қоңыраудың көмегімен амандасуды ұсынады:

– Мен Алмасқа күлімдеп қараймын да, қоңыраумен: «Сәлеметсің бе, Алмас», – деп шылдырлатамын, содан кейін қоңырауды оған беремін. Осылайша біздің қоңырауымыз бәрін айналып шығуы керек.

Шаттық шеңбері

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!