Басқарушылық ойдың эволюциясы

Басқарушылық ойдың тарихы ғасырларда жатыр. Басқару мәселелері туралы ойларды египеттік папирустарда, Тигр мен Ефрат өзенінің аралығында аймақтарда табылған қыштан жасалған тақтайшаларда, Ежелгі Қытай заманынан қалған орамдарынан да табуға болады. Бірақ осы ойларды не тікелей , не жанама менеджментпен байланыстыруға болмайды, өйткені олар негізінен мемлекеттік басқару жөнінде ұсыныстар болды.

Қазіргі басқарудың барлық түрлері ежелгі ұйымдарда болды деп айтуға болады, бірақ жалпы алғанда басқарудың сол кездердегі құрылымы мен сипаты қазіргі уақытқа қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, жетекшілер мен жетекші емес адамдар арасында сандық қатынас өзгеше болды, яғни орта топ жетекшелері аздау болды.

Ұйымдардың тіршілік ету уақыты шамамен әлемнің бар болуымен бірге сәйкес келуіне қарамастан, XX ғасырға дейін оларды жүйелі түрде қалай басқару керек екендігін бірде біреуінің ойына кірмеген сияқты. Адамдарды қалай басқару керек екендігі емес, көп ақша алып, саяси билікке жету жолдары қызықтырды.

Басқаруға деген теоретикалық бастамалардың санасыз іздеулері капитализм кешенінің құрылуынан басталды.

Басқарудың теоретикалық жолдарын іздеу капитализм құрылуы кезеңінен басталып, негізінен философтармен жүргізілді.

Ең алғашқы олар келесі сұраққа жауап беруге тырысты: адамдарды белсенді қимыл жасауға не жұмылдырады? 1651 жылы ағылшын философы Томас Гоббс және 1767 жылы оның жерлесі Джеймс Стюарт: «Адамдардың мінез-қылығының негізгі мотиві билікке талпынуда жатыр» - деп айтты. Тағы бір ағылшын философы Иеремия Бентам өзінің: «Мораль мен заңдылық принциптеріне кіріспе» атты еңбегінде адамдар мінез-қылығының мотивтері пайда мен қанағаттануда жатыр деген көзқарасты ұстайды.

Тоқу машинасының ресми құрылыстырушысы болып саналатын ағылшын Ричард Аркрайт өзінің фабрикасында текстиль өндірісінің барлық процесстерін біріктіріп, оны ұйымдастырудың иерархиялық принципін енгізді.

Басқару саласында кең ауқымды әлеуметтік тәжірибе 1800-1828 жылдарда болды. Сол кезде бірнеше тоқыма фабрикаларында басқару жұмысын атқарған ағылшын ғалымы Роберт Оуен жүргізді.

Басқарудың теория және практикасының дамуында елеулі қадам алғашқы есептеу машиналарын құрастырған Чарльз Беббиджпен жасалынды. Ол әртүрлі операцияларды жүзеге асыру барысында жұмсалатын жұмыс уақытының шығындарын есептеу, бір профильді кәсіпорындардың жұмыстарына салыстырмалы талдау жасау методикасын ойластырып, статистикалық мәліметтерді зерттеу және жалақының сый-ақы жүйесін қолдану негізінде еңбек пайдалылығын жоғарылату жолдарын табуға күш жұмсады. Өз зерттеулерінің нәтижелері мен тәжірибелік ұсыныстарын Беббидж, кейін ғылыми басқару саласындағы әлемдегі алғашқы басылым болып табылған, «Материалдар мен құрал-жабдықтардың экономиясы туралы» кітабында жазылды. Бірақта ғылыми басқару біртұтас жүйе ретінде тек XX ғ. қалыптасты.

 

- Менеджменттің қазіргі концепциялары

Менеджмент тарихында оның қазіргі теория мен тәжірибиесінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан 4 маңызды басқару концепцияларын көрсетеді:

- ғылыми;

- әкімшілік;

- психология мен адамдық қатынастар тұрғысынан;

- мінез-құлық жөнінде ғылым тұрғысынан;

Ғылыми басқару концепциясы XX ғ. басынан АҚШ-та дами бастады. Оның негізін қалаушы ретінде американдық инженер Фредрик Тейлор (1856-1915) болып саналады. Оның “Ғылыми басқару принциптері” (1911) атты кітабы менеджментті ғылым мен зерттеудің дербес саласы ретінде қабылдаудың бастамасы болып саналады.

Тейлор 5 негізгі принциптерде құрастырылған еңбекті ұйымдастырудың ғылыми жүйесін жасады.

1. Жұмысшыларды ғылыми негізде таңдау. Өндірістің тиімділігі жұмыстың әрбір түрі бойынша арнайы қабілеттерге ие жұмысшыны таңдауды талап етеді. Тексеру үшін арнайы тесттер жасалады.

2. Еңбекті ғылыми зерттеу және жұмысшыларды оқыту. Өндірістің максималды пайдалығына жету үшін жұмысшыны оқыту мен дайындау мүмкіндігі болу үшін күш жұмсау, қимылдар мен уақыт шығындарының ғылыми зерттелуі даму үстінде болу керек.

3. Жұмыстың мамандануы. Өндіріс құрылымдық бөліктерге бөлінуі тиіс және барлық жұмысшылар өз жұмыстары бойынша мамандарға айналады.

4. Ынталандырушы мотивтердің маңыздылығы.

5. Жұмысшылар мен басқарушылар арасында жауапкершіліктің әділетті үлестірілуі.

Фредрик Тейлордың көрнекті жалғастырушылары оның жерлестері Френк Гилберт (1868-1925 ж.) және Лилиан Гилберт (1878-1972). Олар жұмыстарында қазіргі кездегі басқарудың адамдық ресурсы деп белгілі болатын басқару түріне көңіл бөлген.

Әкімшілік басқару концепциясы ұйымды жалпы басқару принциптері мен жалпы мәселелерін қарастыруға бағытталған.

Басқарудың классикалық теориясының бастамасында «ғылыми менеджменттің атасы» болып саналатын француз Анри Файоль тұрды.

Мекеменің жұмыс жасау заңдылықтарын терең ойластырып қазіргі күнге дейін де өзінің мәнін жоғалтпаған әкімшілік басқарудың атақты 14 принциптерін жасады. А.Файоль айтуы бойынша олар: еңбек бөлінісі; билік пен жауапкершілік; тәртіп; біртұтас басшылық; басқарудың тұтастығы; жеке қызығушылықтардың жалпыға бағыну; марапатталу; орталықтану деңгейі, жетекшілер иерархиясы; әділдік; жұмысшылар құрамының тұрақтылығы; инициативтілік; жұмысшылардың бірігуі.

Анри Файольдің ізбасары, өнімділіктің 12 принципін қалыптастырған инженер-механик Г.Эмерсон болған еді.

Психологиялық және адамдар арасындағы қарым қатынастарға негізделген басқару концепциясы менеджментті алғаш рет «жұмыстың үшінші жақты адамдар көмейімен орындалуын қамтамасыз ету» ретінде анықталады.

Американдық психолог Абрахам Маслоу (1908-1970ж) жүргізген зерттеулер көрсеткендей, адамдардың іс-әрекеттерінің негізінде эканомикалық күштер емес, әрдайым ақшамен қанағаттырылмайтын әр түрлі қажеттіліктердің жатқаны анықталады. Бұнда жұмысшылардың еңбек өнімділігінің жоғарылауы еңбек ақының жоғарылауына ғана байланысты өзгермей, сонымен қатар, жұмысшылар мен менеджерлер арасындағы қарым қатынасқа, өз еңбегіне қанағаттанушылыққа байланысты өзгеруі мүмкін.

Мінез-құлқы ғылымына негізделген басқару концепциясы-60-шы жылдары өз дамуын тапқан теория. Оның басты мақсаты - адам ресустарының белсенділігін көтеру нәтижесінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату. Оның ішіне әлеуметтік әсер етудің ынталандырудың, ұйымдастырушылық құрылымдардың, кәсіпорын коммуникацияларынның, лидерлік жұмысының және еңбек өмірі сапасының өзгеруінің бірнеше аспектілер кіреді. Концепцияның негізгі мақсаты ­­­­­­- мінез-құлық ғылымына сүйене отырып жұмысшылырдың өз қабілеттіліктерін сезінуге көмектесу.

 

Дебиеттер: 1, 4, 7, 9, 13, 15