Сыртқы ортаның сипаттамасы

1. Сыртқы орта факторларының өзара байланыстылығы. Бұл бір фактор өзгерісінің басқа факторларға ықпал ету күшінің деңгейі, яғни сыртқы ортаның бір факторыныңөзгерісі басқаларының өзгерісін туғызады.

2. сыртқы орта күрделілігі. Бұл ұйымның есепке алатын факторлар саны. Сонымен бірге әрбір фактордың көп варианттылық немесе көптүрлілік деңгейі.

3. Сыртқы ортаның өзгермелілігі. Бұл ұйым ортасындағы өзгерістердің жылдамдылығы. Ортаның өзгерістерге бейімделгіш болуы жағдайында ұйымдар тиімді шешімдер қабылдау үшін түрлі ақпараттарға жауап бере алуы қажт. Бұл қабылдау процесін қиындатады.

Тікелей әсер ету ортасына келесілер жатады:

Жеткізіп берушілер- жүйелік көзқарас тұрғысынан ұйым бұл кірістің шығысқа айналдыру механизмі болып келеді. Кірістің негізгі түрлері материалдар, құрал-жабдықтар, энергия, капитал және жұмыс күші. Ұйым мен жоғарыда аталған ресурстардың қолданылуын қамтамасыз ететін жеткізіп берушілер арасындағы тәуелділік. Бұл ұйым қызметінің табыстылығы мен операцияларына сыртқы ортаның тікелей әсер етудің айқын мысалының бірі болып келеді. Кейбір жағдайда белгілі бір аймақ ұйымдары іс жүзінде бір жеткізіп берушімен ғана қарым-қатынас жүргізеді.. Сондықтан олардыңбарлығы жеткізіп берушінің тәуелділігіне тепе-тең дәрежеде түседі. Мыалы: энергиямен қамтамасыз ету барлық ұйымда энергияны мемлекет бекітіп қойған циклдар бойынша сатып алады және олардың баламалы жеткізіп берушіні табу мүмкіншілігі болмайды.

Материалдар – кейбір ұйымдар материалдардың үзіліссіз ағымына тәуелді болады. Әсіресе өндірістік және саудалық жеткізулрді мұндаймөлшерде қамтамасыз ету мүмкіншілігінің болмауы үлкен қиыншылықтарды туғызады. Жапонияда запастарды шектеу әдісі өте танымал. Фирмаларөндірістік процестің әрбір кезеңіне қажетті материалдар «дәл мерзімде» принципі бойынша жеткізілуі қажет деп санайды. Жеткізу қызметінің мұндай жүйесі өндіруші мен тұтнушының өзара тығыз қарым-қатынасын қажет етеді.Басқа елдерде запастарды үлкен көлемін қамтамасыз ету үшін баламаны жеткізіп берушілерді іздену қажеттілігі туындауы мүмкін. Алайда, запастарға және оларға сақтауға жұмсалатын қаржылар басқа қажеттіліктерге шығындалмай, байланып қалады.

Капитал - өсу мен гүлдену үшін фирмаға тек материалдарды жеткізулер ғана емес, капитал жеткізіп берушілер де қажет. Потенциалды инвесторлар қатарына банктер, зайомды беретін мемлекеттік мекемелер (инвестициялық қорлар), акционгерлермен жеке тұлғалар жатады. әдетте, компанияның жағдайы неғұрылым жақсы болса, соғұрылым оның инвесторлармен келісіп, қажетті қаржылар көлемін алу мүмкіндіктері де жоғары болады.

Еңбек ресурстары – арнайы мамандықтағы және квалификациялы жұмыс күшімен қамтамасыз ету ұйымның тиімді қызмет атқаруының қажетті шарты болып келеді.

Заң және мемлекеттік органдар – жекеменшік экономикада негізінен сатып алушы мен сатушылар арасындағы өзара байланыстар көп түрлі құқықтық шектеулер ықпалына түседі. Әрбір ұйым белгілі бір құқықтық статусқа ие болады (жеке меншік, компания, корпорация).Статус – кәсіпорын өз қызметін қалай жүргізуі қажет, қандай салық төлеу керек екенін анықтайды. Соңғы кезде бизнеске тікелей әсер етуін заңдардың саны мен күрделілігі күрт өсіп отыр. Бұл заңдарға деген кәсіпорынның көзқарасы қандай болса да, оларды орындау немесе заңды бұзғаны үшін айып пұл түріндегі санкцияларды төлеуге тура келеді.

Ұйымдар бекітілген заңды ғана емес, мемлекеттк реттеу органдарының талаптарын да орындауы шарт. Бұл органдар өз компетенциясындағы сфераларында заңдылықты күштеп орындалуын қамтамасыз етеді.

Тұтынушылар – ұйымның өміршеңдігі – тұтынушыларды тауып, оның қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттігіне тәуелді болады. Тұтынушылар оларға қандай тауар мен қызметтер және қандай бағамен қажет екендігін шешуде, ұйым үшін барлық дерлік қызмет нәтижелерін анықтайды.

Бәсекелестер – көп жағдайда бәсекелестер ұйым өнімді қандай бағамен сатып алатынын анықтайды. Ұйымдар тұтынушылар үшін ғана емес, еңбек ресурстары, материалдар мен капиталдар белгілі бір техникалық жаңалықтарды пайдалану құқығы үшін де бәсекеге түсуі мүмкін. Бәсекеге жұмыс жағдайы, еңбек ақысы басшылардың бағыныштылығы мен қатынас сиапаты секілді ішкі факторлар тәуелді болады.