Экономикалық басқару әдістері

Басқарудың экономикалық әдістері - бұл экономикалық ынталар мен жетістіктер жиынтығы, өндіріске тікелей емес, жанама әсер етеді, қоғамға керекті бағытта кәсіпорын жұмыскерлердің қызметін ұйымдастыру.

Экономикалық әдістер жүйесі өзіне 2 үлкен топты қамтиды: орталықтандырған тікелей есеп айырысу және шаруашылық есеп айрысу.

Басқарудың экономикалық әдістер жүйесі барлық шаруашылық жетіктерге сүйенеді: жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ынта және т.б.

Басқарудың экономикалық әдістері - өндіріске тікелей емес, ол жанама әсер ететін, кәсіпорынның қызметі мен қызметкерлерінің қоғамға керекті бағытта ұйымдастыратын экономикалық рычагтың жүйесі экономикалық қызығушылық мемлекеттің, ұжымның және тұлғаның қызығушылығына мүмкін болатын қоғамда жүйені құрады. Осы қызығушылықтар арасында далектикалық қарама – қайшылықтар бар. Бұл қарама – қайшылықтар жасанды емес, бастапқыдан, объективті болады.

Әрбір қызметкер біріншіден өзінің еңбегінің нәтижесіне, екіншіден өндірістік ұжымның еңбегінің нәтижесінде, өзі мүше болып табылатын, үшіншіден жалпы қоғамдық өндірістің нәтижесіне қызығушылық білдіреді. Бірінші орында қоғамның қызығушылығы, содан кейін өндірістік ұжым мен әрбір тұлғаның қызығушылығы болу керек. Қоғамның бар болуының материалдық жағдайын туғызбастан, оның өмір сүруінің қамтамасыз етуінсіз, тұрақтылығын қамтамасыз етуінсіз тұлға мен ұжымның қалыпты болуы мүмкін емес. Ұжымның қызметінің жақсы шарттармен қамтамасыз етуінсіз әрбір қызметкердің тиімді дамуы мүмкін емес. Жеке тұлғаның, ұжымның және мемлкеттік қызығушылықты саралау әрқашан күрделі мәселе болды. Ол бірқатар тапсырмаларды шешуді қамтуы, мысалы; бөлу мен тұтыну қорлары арасында, жалақы мен қолдау қорлар арасында әр кезеңде аса рационалды қатынас орнату болып табылады. Басқарудың экономикалық әдістерін қолдану экономикалық заңдар мен қоғамдық дамудың категориялары барлық жүйелерін пайдалану үшін қажетті. Экономикалық әдістер жүйесі екі үлкен бөліктен (топтан) тұрады; тікелей орталықтанған есеп беру және шаруашылық есеп беру.

Тікелей есеп беру материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың орталықтанған жоспарлы бағытталған бөлу мен қайта бөлудің кеңейтілген өндірістің макропропорциясын қамтамасыз ету мақсатында негізделген. Бұл әдіс төтенше жағдайлардың зардаптарын (табиғи және техногенді) жоюда және басқа жағдайлар қатарында, субсидия түрінде, субвенция және дотация түрінде.

Шаруашылық есеп беру бағалық категориялардың пайдалануының реттеуші құрал ретінде, шығындардың өндірісте және өнімдерді жүзеге асыру негізінде болады.

Басқарудың экономикалық әдісінің жүйесі шаруашылықтың барлық шартына жүгінеді, олар; жоспарлау, экономикалық талдау, экономикалық ықпал ету және т.б.

Жоспарлау.Басқарудың ғылыми түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етілуіне: басшылар мен мамандардың лауазымдық өкілеттілігін (бөлу), басқару кадрларын даярлау және олардың тәжірибесін жоғарылату, басқару технологиясын жүргізу, басқару еңбегін қамту.

Өндірістің жоспарлы басқарылуы мен басқару қызметкерлерінің бірлігін, ұжымның жоспарлы және динамикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Қоғамдық өндірістің прогрессивті құрылысының басты маңызы, оның тұрақты және пропорционалды дамуы, ғылыми – техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану болып табылады. Осы тапсырмаларды орындау жоспарлауды түрақты түрде жақсартуды талап етеді. Оның негізгі жолдары мыналар: нарықтық құрылымның кең есебі, жоспарлы көрсеткіштердің – жақсартылуы, олардың бағыттылығын соңғы нәтижеге жеткізу; болжаулар мен болашағы бар жоспарлардың қызметін нығайту; ұзақмерзімді, қазіргі және жедел жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету прогрессивті экономикалық нормативтерді енгізу; техникалық құралдарды қолдану; тиімді жұмыс үшін биржа, көрме және аукциондарды пайдалану, келісім – шарт қатынастарды дамыту.

Экономикалық талдау.Экономикалық реттеудің маңызды талабы, барлық бөлімшелерге тең экономикалық жағдайлар туғызу, тең еңбекке тең еңбек ақымен қамтамасыз ету. Алайда, еңбектің тиімділігін ескеру қажет және қолдау шарасын оның деңгейімен белгілеу керек.

Кең ұғымда экономикалық реттеу өндірістің дамуында мынадай экономикалық шарттарды қамтиды; баға, өзіндік құн, кредит, пайда және т.б. Осы шарттарды қолдану комплексті және жүйелі түрде болады.

Реттеу әдістерінің жүйелі және комплексті пайдаланудың соңғы мақсаты – объективті шарттарды қоғамдық даму заңдарының әлеуметтік – экономикалық тиімді жүзеге асыру үшін тұлға, ұжым және қоғам мүддесінде құру.

Мүдделердің бірлігі әлі өндірісте, бөлуде, айырбас пен қоғамдық өндірістік өнімді тұтынуда оптималды қолдануды білдірмейді. Экономикалық мүдделер – динамикалық, қозғалыс категориясы болғандықтан экономикалық жағдайлар оған реттеуші немесе тежеуші ықпал жасау мүмкін. Сондықтан да барлық жағдайда басқарудың механизмінің барлық жағдайын қарастырған жөн болады.