Тақырып. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері

№1 тапсырма: Қазақстан Республикасының бір кәсіпорынын мысалға алып, оның іс-әрекетіне басқарушы үлгісінің қандай факторлар әсер ететіндігі туралы сараптама жүргізіңіз және де оларды классификацияға жатқызыңыз.

Әдістемелік нұсқау: классификацияға жатқызу барысында назар аударыңыз.

№2 тапсырма: Мақсаттардың классификациялық түрлеріне ҚР кәсіпорындарындағы басқару жүиесінің дамуына сараптама жүргізіңіз.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында теорияны қарастырыңыз.

№3 тапсырма:

1.Басқарушы – жетекші (лидер) шешім қабылдауда қандай шешімдерге сүйенетінін атаңыз

2.Басқарушы кәсіпкер ұйым болашағын қалайша белгілетінін сараптаңыздар.

Әдістемелік нұсқау: сұрақтарды қарастыру барысында теориялық материалдарға назар аударыңыз.

 

  1. тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

№1 тапсырма: Қазіргі кездегі ұлттық басқару концепциясының әлсіз және мықты жақтары қандай? ХХ арасындағы бірінші жартысындағы басқару концепциясына қатысты ойлардың қайсын бүгінгі тәжірибеде өзгертусіз қолдануға болады?

№2 тапсырма:Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының сипаттамалары

Әдістемелік нұсқау: Берілген тапсырма Магистранттардың тапсырманы орындау барысында «экономикалық теория» курсынан алған білімдерін, теориялық және практикалық ұғымдары туралы білімдерін жетілдіруге бағытталған. Берілген тапсырма топпен орындалады.Тапсырманы орындауға топтағы барлық студенттер қатысады. Тапсырманы орындау барысында студенттер өз пікірлерін ортаға салады.

 

  1. тақырып. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

№1 тапсырма:

1.Топты басқару элементтері қандай?

2.Басшылар мен бағыныштылар тобы қандай?

3.Басшылар тобын бағыныштылар тобынан ажыратыңыз.

4.Топтық норма қалай жіктеледі?

5.Топтың ұйымшылдығын жетілдіру жолдарын атаңыз.

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарды қарастыру барысында негізгі түсүніктер мен анықтамаларға көңіл аударыңыз.

 

  1. тақырып. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету

№1 тапсырма: Қазақстан Республикасының бір кәсіпорынын мысалға алып, оның іс-әрекетіне қандай ақпарат әсер ететіндігі туралы сараптама жүргізіңіз және де ол факторларды классификацияға жатқызыңыз.

Әдістемелік нұсқау: классификацияға жатқызу барысында ақпарат түрлеріне, факторларына назар аударыныз

№2 тапсырма: Қазақстандағы ақпараттың келіп түсу, даму жүйесінің дамуына сараптама жүргізіңіз.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында теорияны қарастырыңыз.

№3 тапсырма:

1. Ұйымдағы ақпарат кәсіпорынға қай түрде әсер етеді? Оларды қалай жетілдіруге болады?

2. Ұйымдағы ақпараттың әсерін айтыңыз? Оның позитивті және негативті жақтарын көрсетіңіз. Негативті жақтарын қалай жоюға болады?

Әдістемелік нұсқау: сұрақтарды қарастыру барысында теориялық материалдарға назар аударыңыз.

№4 тапсырма:

Оқу құралдарын шығарушы кәсіпорын қызмет барысында тапсырыстарды орындау бойынша және мерзімдік сұраныстын өзгеруіне байланысты әртүрлі кедергілер мен қақтығыстар орыналуы мүмкүн, сол себептен бұл кәсіпорынның қызметінің барысында жоғарыдан төмен қарай жүргізілетін ақпараттар ағымы бақыланып отырылуы керек. Нарықтағы бәсекелестер мен тұтынушылардың қаржы-экономикалық көрсеткіштерін қарастыратын және сол бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар жүргізетін маркетингтік бөлім кәсіпорында жұмыс жасайды. Кез-келген ұйымдағы ақпараттын сапалылығы мен оның орындалу және жеткізілу жылдамдығы кәсіпорын қызметіне әсер ете ме?

 

  1. Тақырып Менеджменді коммуникация және оның түрлері

№1 тапсырма: Мысал ретінде бір кәсіпорынды алып сонда өтетін коммуникациялық процесті сипаттаныз. Сипаттау барысында коммуникацияның түрлеріне назар аударып олардың пайда болу себептерін анықтаныз.

№2 тапсырма:

Басқаруға үйрету халықаралық орталықтың бас директоры, қызметкерлерді басқару қызметіне негізделген кеңес беру компаниясына жүгінді. Орталықтың үш жылғы қызметі барысында, бұрынғы үш ұжымдастықтын бірлесуі нәтижесінде кәсіби оқытудың ондаған бағдарламаларын өткізуші, мықты оқу мекемесіне айналды. Орталықта 15 штаттық инструктор және 5 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Сондай-ақ орталықтын бас директоры сырттан келген мамандар мен келісім шарттар жүргізеді. Орталық басшылармен мамандарды қаржы, бухгалтерлік есеп және стратегиялық басқару бойынша оқыту, барлық талапкерлерге курстар жүргізіледі, сондай-ақ ұйымдардың тапсырмалары бойынша арнайы бағдарламалар дайындалады. Ұйымдардың тапсырмалары бойынша жүргізілетін жұмыстар көлемі 70 пайызды құрайды. Орталықтын бас директорының ойы бойынша дамудың басты кезеңін де «компания=жанұя» (бұнда қызметкерлер барлық күштерін салып жұмыс жасаған) идеологиясы негізінде қызмет жасауы аяақталды. Әрбір қызметкердің еңбегін формалды бағалау жүйесін қарастырыңыз.

Қызметкерлерді басқару аймағындағы орталықтын мақсаттары қандай?

Бас директорға сіз қызметкерлерді бағалаудың қандай жүйесін ұсынасыз?

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы орындау барысында алдыңғы тақырыптардан алған біліміңізді қолданыңыз.

 

  1. тақырып. Менеджменттегі басқару шешімдері

№1 тапсырма: Басқарудың ғылыми-техникалық деңгейінің өсуі; басқару процесінің интеграциалы деңгейі; менеджерлер квалификациясының өсуі; мәдени ұйымдастырушылықты құру; басқарылу жүйесі; еңбекке деген қанағат; қоғамдық сенімді жаулап алу; ұйымның әлеуметтік жауапкершілігін күшейту.

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында теориясын қарастырыңыз.

№2 тапсырма:Басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау технологиясы? Жобалардың тиімділігін бағалаудың негізін не құрайды?

№3 тапсырма: Сізге шешім қабылдау керек: жаңа қонақ үйін қалада ашу тиімді ма? Ақпараттарды жинау мен мақсатты таңдаудағы іс-қыймылыңызды көрсетіңіз. Жиналған ақпараттар негізінде шешім қабылдау негізін қарастырыңыз.

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы шешу барысында алдыңғы тақырыптар бойынша алған біліміңізді қолданыңыз.

 

  1. тақырып.Менеджменттің негізгі әдістері

№1 тапсырма: Кәсіпорынды стратегиялық басқарудың шет елдік тәжірибесі және оның Қазақстанда қолданылуы

Әдістемелік нұсқау: өткен тақырыптар бойынша біліміңізді қолданыңыз.

№2 тапсырма: Компанияның инвестициялық бюджеті бір жылына 10млн. дол. құрайды, сондай-ақ кадрларды таңдау мен дайындау 0,25 млн дол., ал маркетингтік бюджет-0,5 млн. Бұндай жағдайда компанияның кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды қаржыландыру тиімді ма?

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы шешу барысында алдынғы тақырыптар бойынша игерген білімінізді қолданыныз.

№3 тапсырма: Henrey Mintzberg фирма басшысының аптасына жұмыс уақыты 60-80 сағат болғандағы бөлінісі туралы мысал келтіреді:

- жоспарланбаған кездесулер 10 пайыз;

- жоспарланған кездесулер мен жиналыстар 59 пайыз;

- тексерулер мен жол жүру 3 пайыз;

- қағаз жұмыстары 22 пайыз;

- телефонмен сөйлесу 6 пайыз.

Берілген басшының жұмыс уақытын тиімді қолдану бойынша сіз қандай ұсыныс бересіз.

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы шешу барысында басшының жұмыс уақытының үлесін ескеріңіз.

№4 тапсырма:Менеджердің этикасы және ұйымдық мәдениет.

Әдістемелік нұсқау: қарастыру барысында кәсіпорынның басқару сипаттамаларына назар аударыныз.

№5 тапсырма: «Крайслер көліктік құрылыс компаниясы басшылыққа Ли Якокки келгелі бері құлдырау жағдайында тұр»

Қалыптасқан жағдайды сараптай отырып, Ли Якокки АҚШ конгрессінен үлкен ақша қарыз түрінде мемлекеттік көмекті керек екендігі туралы шешім қабылдады.

Бұл оқыс шешім болғандықтан, баспасөзде үлкен кумән тудырды. Бұған дейін бірде бір үлкен көліктік құрылыс компаниясы конгресстен мұндай көмек сұрамаған.

Толқылауға ақпарат.

Көліктік құрылыс «Крайслер» компаниясының басшылыққа Ли Якокки келгелі бері қалыптасқан жағдайды біле отыра, олардың конгресстен мемлекеттік көмек сұрағанына қалай қарайсыз? Компания үлкен нәтижеге жету үшін басшы қандай басқару стилін қолданғаны дұрыс деп ойлайсыз?

Әдістемелік нұсқау: осы ойынды орындау үшін фирманың қызметі және менеджерлердің әрекетеріне ерекше көңіл бөліңіз.

№6 тапсырма

1. Басқару стильдерінің өзара байланысы қандай?

2. Қандай жағдайда басқарудың автократиялық стилі қолданылады?

3. Қандай жағдайда басқарудың демократиялық стилі қолданылады?

Әдістемелік нұсқау: бұл сұрақтарды қарастыру барысында түсініктер мен категориялар анықтамасына назар аударыңыз.

 

  1. тақырып. Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде

№1 тапсырма: Нан өндіруші кәсіпорындар өз қызмет барысында, сауда желілерінің таң ертеңгі тапсырыстарын өз уақытында орындау сияқты проблемаларды кездестіреді. Көптеген дүкендер нан өнімдерінің барлық ассортиментін дүкеннің таң ертеңгі ашылыс уақытында алғылары келеді.Бұл талаптар нәтижесінде, тәулік бойы нан пісіру пештері шамадан тыс жүктеме бойынша жұмыс жасайды, сондай-ақ таң ертенгі уақытта тауарды тасмалдау мәселелері мен жеткізу кестелерінің бұзылуы орын алады және жоғары сапалылығына күмән туғызатын өнімдердің жеткізілу ықтималдығын туындайды.

Сіз қалыптасқан проблемаларды шешудің қандай жолдарын ұсынасыз?

Бұл проблемаларды шешу үшін нан өндіруші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қалай өзара байланыс жасауына болады.

Әдістемелік нұсқау: бұл тапсырманы шешу үшін экономикалық теория пәні бойынша ғылыми негіздемені қолданыңыз

 

  1. тақырып. Менеджменттегі жоспарлау

№1 тапсырма

1.Фирма ішілік жоспарлау түсүнігін және оның мазмұнын ашыныз.

2.Жоспарлауды құру әдістері айтыныз.

3.Жоспарлауды құрудың үш жолын атаңыз?

4.Жоспарлау принциптерінің мазмұны қандай?

5.Стратегиялық жоспарлау маңыздылығы неде?

6. Жоспарлау- басқарудың басты функциясы

№2 тапсырма:«Бизнес-жоспар» ойыны

Бизнес-жоспар жобасы бойынша нәтижелерді бағалау үшін тыңдаушылар арасынан (3-4 адамды) комиссия мүшесі ретінде тағайындау керек. Әрбір адамға берілген бизнес-жоспар негізінде кәсіпорын құрылымын, стратегиялық даму бағытын, өндіріспен қызметкерлерді басқару шеберлігін айқындау үшін және берілген сауалдарға жауап беру үшін 7 ден 10 минутқа дейін уақыт беріледі.

Оқытушы мен комиссия бизнес-жоспарды бағалау барысында, оны орындаудың типтік әдістемесіне сүйенуі керек. Ол келесі негізде болады:

1. Алғашқы бет (1-бет);

2. Кіріспе және жоба бойынша резюме;

3. Сала үшін жағдайды талдау;

4. Жобаның маңыздылығы:

- тауарды (қызметті) сипаттау. Патенттер туралы ақпараттар, өндіріс тәжербиесі;

- тауардың шетелдік өнімнен айырмашылығы;

- экспорттын даму мүмкүншілігі;

- кәсіпорын қай жерде орналасқан? Транспорттық сызбасы;

- құрлыс-монтаж жұмыстарының көлемі және құрылыс кестесі;

- мердігерлер;

- жалпы қызметкерлерге деген сұраныс;

- серіктес кәсіпорындар туралы ақпарат;

- жұмыстын табыстылығын көрсетуші аргументтер.

5.Өндірістік жоспар;

6.Маркетингтік жоспар:

- тұтынушылар,сұраныс,ұсыныс,баға, нарық сегменттері;

- жарнама.

7.Ұйымдастырушылық жоспар (2-3бет);

- ұйымдастырушылық жоспар (серіктестік, АҚ, жеке меншік).

8.Жоба тәуекелі (2-3бет);

9.Қаржылық жоспар;

 

  1. тақырып. Менеджменттегі мотивация

№1 тапсырма: Жаңа өнімді дайындау мен стратегиялық инновация

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы орындау барысында алдыңғы тақырыптар бойынша алынған білімінізге сүйеніңіз.

№2 тапсырма: Тоңазытқыштарды өндіруші компания директорының жүргізген жиналысында бірінші жарты жылдық бойынша көрсеткіштер қарастырылды. Нарықтағы жағдай өзгерді, сол себептен компания қоймасында сатылмаған тоңазытқыштар саны көбейген. Директордың айтуы бойынша бұндай жағдайдың орын алуына коммерция бөлімінің директорының қызмет барысындағы ақаулары себеп болды дейді, ал жиналысқа қатысушыларға коммерция бөлімінің директоры бұл жұмыс бойынша маркетинг бөлімінің басшысына қаңтар айының басында ауызша ескерту жасағандығы туралы айтты. Маркетинг бөлімінің басшысы бұндай ескертпені алғаш рет естіп тұрғандығын жеткізді.

№3 тапсырма: Талқылауға арналған сұрақтар:

1 .Бұндай проблеманың орын алуына нақты не себеп болды?

2.Алдын-ала қандай шаралар жүргізілуі керек еді?

3.Компания қызметкерлерін ынталандыру үшін қандай шаралар қолданылу керек.

Әдістемелік нұсқау: берілген жағдайды шешу барысында оның шарттары мен болашағына қараңыз.

 

  1. тақырып. Менеджмент жүйесіндегі бақылау

№1 тапсырма: Командалық менеджмент

Әдістемелік нұсқау: берілген сұрақтарды қарастыру барысында анықтамалар мен түсүніктерге,категорияларға көңіл аударыңыз.

№2 тапсырма:Басқаруға үйрету халықаралық орталықтың бас директоры, қызметкерлерді басқару қызметіне негізделген кеңес беру компаниясына жүгінеді.

Орталықтың үш жылғы қызметі барысында, бұрынғы үш ұжымдастықтын бірлесуі нәтижесінде кәсіби оқытудың ондаған бағдарламаларын өткізуші, мықты оқу мекемесіне айналды. Орталықта 15 штаттық инструктор және 5техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.Сондай-ақ орталықтын бас директоры сырттан келген мамандармен келісім шарттар жүргізеді.Орталық басшылармен мамандарды қаржы, бухгалтерлік есеп және стратегиялық басқару бойынша оқыту жүргізеді, барлық талапкерлерге курстар жүргізеді, сондай-ақ ұйымдардың тапсырмалары бойынша арнайы бағдарламалар дайындалады. Ұйымдардың тапсырмалары бойынша жүргізілетін жұмыстар көлемі 70 пайызды құрайды. Орталықтын бас директорының ойы бойынша дамудың басты кезеңінде «компания = жанұя» (бұнда қызметкерлер барлық күштерін салып жұмыс жасаған) идеологиясы негізінде қызмет жасауы аяақталды. Әрбір қызметкердің еңбегін формалды бағалау жүйесі негізінде қарастырыңыз.

Қызметкерлерді басқару аймағындағы орталықтын мақсаттары қандай?

Бас директорға сіз қызметкерлерді бағалаудың қандай жүйесін ұсынасыз?

Әдістемелік нұсқау: тапсырманы шешу барысында «Экономикалық теория» пәні бойынша ғылыми негіздемелерді қолданыңыз.

 

  1. тақырып. Адам қызметін басқару және топты басқару

№1 тапсырма:

 

  1. тақырып. Лидерлік: басқару стилі мен менеджер имиджі

№1 тапсырма: Ұйымда әр түрлі билік түрлерін пайдалану ерекшеліктері

№2 тапсырма: Басқаруға үйрету халықаралық орталықтың бас директоры, қызметкерлерді басқару қызметіне негізделген кеңес беру компаниясына жүгінді.

Орталықтың үш жылғы қызметі барысында, бұрынғы үш ұжымдастықтын бірлесуі нәтижесінде кәсіби оқытудың ондаған бағдарламаларын өткізуші, мықты оқу мекемесіне айналды. Орталықта 15 штаттық инструктор және 5 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Сондай-ақ орталықтын бас директоры сырттан келген мамандар мен келісім шарттар жүргізеді. Орталық басшылармен мамандарды қаржы, бухгалтерлік есеп және стратегиялық басқару бойынша оқыту, барлық талапкерлерге курстар жүргізіледі, сондай-ақ ұйымдардың тапсырмалары бойынша арнайы бағдарламалар дайындалады. Ұйымдардың тапсырмалары бойынша жүргізілетін жұмыстар көлемі 70 пайызды құрайды. Орталықтын бас директорының ойы бойынша дамудың басты кезеңін де «компания=жанұя» (бұнда қызметкерлер барлық күштерін салып жұмыс жасаған) идеологиясы негізінде қызмет жасауы аяақталды. Әрбір қызметкердің еңбегін формалды бағалау жүйесін қарастырыңыз.

Қызметкерлерді басқару аймағындағы орталықтын мақсаттары қандай?

Бас директорға сіз қызметкерлерді бағалаудың қандай жүйесін ұсынасыз?

Әдістемелік нұсқау: берілген тапсырманы орындау барысында өткен тақырыптар бойынша алынған біліміңізді қолданыңыз.