ЖІӨ дефляторының өзгеруі жалпы бағалар деңгейінің өзгеруін, яғни инфляция немесе дефляция процесін бейнелейді.

Номинал ЖІӨ-ді ТБИ немесе ЖІӨ дефляторы көмегімен түзету салыстырмалы есептерді жылдарға бөліп жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы таза өнім (ЖТӨ) – бұл амортизациялық аударымдардан «тазартылған» ЖІӨ.

ЖТӨ = ЖІӨ - А

ЖТӨ ішіне жанама салықтар енеді (ҚҚС, акциздер және кедендік баждар).

 

Егер ЖТӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды шығарып тастаса, онда алынған сома ұлттық табыс (ҰТ) шамасын көрсетеді.

ҰТ = ЖТӨ – жанама салықтар.

 

Ұлттық табыс – бұл өндіріс факторлары иелерінің табысы (рента, пайда, еңбекақы, кәсіпкерлік табыс).

Жеке табысты (ЖТ) есептеу үшін ҰТ мыналарды шығарып тастау керек:

- азаматтарды әлеуметтік сақтандыру жарналары;

- пайдаға салынатын салықтар,

- кәсіпорындар мен фирмалардың бөлінбеген пайдасы,

- дивидендтер,

- трансферттік төлемдер,

- алынған пайыздар.

 

ЖТ – табыс салығы = тұтыну мен сақтауға жіберілетін жеке басқарылатын табыс.

 

Елді басқару үшінмемлекет өмір сүріп жатқан шаруашылық ортаның жағдайы туралы оперативті, берік, сенімді ақпарат қажет. Бұл ақпаратты ұлттық есептер жүйесінен (ҰЕЖ) алуға болады.

ҰЕЖ – бұл өзара әрекеттескен макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіне негізделген, елдің ЖІӨ және ҰТ өндіру, бөлу, қайта бөлу және соңғы пайдалану процесін есептейтін, барлығын қамтитын жүйе.

ҰЕЖбухгалтерлік есепте қолданылатын қағидаларға, яғни әр операцияны екі жақты жазу қағидасына сәйкесқұрастырылады.

 

 
 

 

 


Ел экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес келеді;

Халықаралық салыстыру мәселелеріне сәйкес келеді;

Өндіру, бөлу, қайта бөлу және соңғы пайдалану сатысында ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, ЖТ өндірісін

көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

 

ІҰЕЖ. Нарықтық шаруашылық субъектілері

 

 

Бөлінуі:

- өндірістік фирмалар,

- үй шаруашылығы,

- мемлекеттік әкімшілік мекемелер,

- қаржылық мекемелер мен органдар, шет ел.

 

Нарықтық экономикада операциялар номенклатурасының бөлінуі:

- тауарлар және қызметтермен жүргізілетін операциялар (өндіріс, инвестиция, тұтыну, импорт және т.б. бойынша)

- бөлу операциялары (еңбекақы, дивидендтер, әлеуметтік сақтандыру төлемдері және т.б.)

- қаржылық операциялар (ақша, құнды қағаздар, валюта, несиелік және т.б. операциялар).

 

Есепке алуда қолданылатын шоттар:

- тұтас экономика (біріктірілген шоттар).

- экономика секторы,

- экономика саласы,

- жеке экономикалық операциялар.

 

Негізгі шоттар:

 

а) өндіріс шоты (өндіріс қызметінің нәтижелерін көрсетеді)

- шығындар,

- аралық тұтыну,

- қосылған құн өндірісі,

бұл шоттың нәтижесі – қосылған құн;

б) табыстардың пайда болу шоты (пайда болу процесін сипаттайды)

- пайда,

- еңбекақы,

- меншік табыстары,

- әлеуметтік төлемдер,

- басқа табыстар;

в) табыстарды бөлу шоты (табыс негізгі алушылары арасында қалайша бөлінетіндігін көрсетеді)

- үй шаруашылығымен,

- фирмамен,

- мекемелермен,

- әкімшілік құрылымдармен;

г) табысты пайдалану шоты (ЖІӨ-нен пайда болу процесін көрсетеді)

- соңғы тұтынудың,

- жалпы жинақтаудың;

 

 

д) капитал шотыбейнелейді:

- капиталды шығындарды,

- капиталмен жасалатын операцияларды,

- сақтауларды,

- қорлар өзгеруін,

- негізгі капитал амортизациясын,

- капитал аударылуын;

 

 

е) қаржылық шот көрсетеді:

- қаржылық активтер мен пассивтердің қорытынды өзгерістерін;

- сальдо, борыш талаптары мен міндеттемелерінің пайда болуын.

 

 

Активтер - бұл

- жеке және заңды тұлғалардың меншігі;

- құрамы бойынша өндіріс құралдары көрсетілетін бухгалтерлік баланс бөлігі:

а) негізгі қаражаттар,

б) дайын өнім,

в) өндірістік қорлар;

- ақша табыстарының басқа түрлі шығындардан басым болуы.