Неоконсиандық Неоконсерватизмдік

 
 


- бағытталу– сұранысқа, - ұсынысқа,

- мақсаттар – шаруашылықты жалпы макродеңгейде реттеу, - микродеңгейде фирмалар қызметін

- реттеу артықшылықтары – салық-бюджеттік саясат, ынталандыру

- мемлекет ролі – көтермелеу - несие – ақша саясаты

- шектеу

 

 

 
 
Циклдің негізгі түрлері

 

 


 

Түрі Цикл ұзақтығы Басты ерекшеліктері
Китчин     Жуглар   Кузнец     Кондратьев 2 – 4 жыл     7 – 12 жыл   16 – 25 жыл     40 – 60 жыл Қорлар циклі. Ұзақтығы 2-4 жыл болатын қысқа толқындарды тауарлық қорлар қозғалысындағы қаржы есептерін және сату бағаларын зерделеу негізінде зерттеген.   Қорлар шамасы ЖҰӨ тербелісі инфляция, еңбекпен қамтылу, тауар-лық циклдер. Инвестициялық циклЖҰӨ, инфляция және еңбекпен қамтылудың тербелісі. Табыс келімсектік тұрғын үй құрылысы жиынтық сұраныс табыс. Техникалық прогресс, құрылымдық өзгерістер. Ол бірқатар дамыған елдердің тауарлық бағалар индекстерінің, пайыздық мөлшерлемелерінің, рентаның, еңбекақының, маңызды өнім түрлерін шығарылу динамикасын зерттеген. «Үлкен» өрлеу басталуын ол өндіріске жаңа технологияларды енгізумен, халық шаруашылығына жаңа елдердің қосылуымен, алтынды өндіру көлемінің өзгеруімен байланыстырды. Өрлеуді ол былай сипаттаған: техникалық жаңалықтарды енгізу инвестициялық процесті кеңейтумен параллель келеді, ол өндіріс пен сұранысты ынталандырып, бағалар өсуіне септігін тигізеді. Бұл кезеңде жұмыссыздық азаяды, еңбекақы мен еңбек өнімділігі өседі. Бұл процестер барлық экономикаға қатысты болады, адамдар өмірінің стилін өзгертеді. Экономиканың үлкен циклдің жоғарғы нүктесіне жақындауының куәлігі мыналар болып табылады Молшылық көрінісінде басталатын: - жеке тауарлар жетіспеушілігі, - табыстарды үлестіру құрылымындағы ығысулар, - өндіріс шығындарының өсуі, - табыс өсімінің бәсеңдетілуі, - стагфляция (жұмыссыздық өсуімен жолдамаланатын инфляция). Әр «үлкен» өрлеуден кейін экономика құлдырауға дайындағандай кезең келеді, бірақ сол уақытта өркендеу көрінісі де сақталады: адамдар бұрынғыдай үмітке толы, ақшаны оңай қарызға алады, мұның барлығы шамалы ақаудың өзінде күйреуге әкелуі мүмкін. Біріншіүлкен циклді Кондратьев Англиядағы өнеркәсіптік революциямен байланыстырды. Екінші– темір жол көлігінің дамуымен. Үшінші – электр қуаты, телефон, радио енгізілуімен. Төртінші– автомобиль құрылысымен. Бесінші– электроника, гендік инженерия, микропроцессорлар дамуымен.

 

Сондай-ақ, дағдарыстар аграрлық, салалық, құрылымдық деп бөлінеді. Құрылымдық дағдарыстар салыстырмалы жеткіліксіз өндіру түрінде де, салыстырмалы шамадан тыс өндіру түрінде де көрінуі мүмкін. Жалпы өнеркәсіптік циклмен қатар келуі немесе онымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ең ірі құрылымдық дағдарыс 1973-1975 жж. орын алды, бұл кезде мұнай шығарушы елдер (ОПЕК) мұнай бағаларын күрт жоғарылатып, ал бұл 1974 ж. басталған экономикалық дағдарыстың құрылымдық энергетикалық және шикізаттық дағдарыстармен тереңдетілуіне әкелді.

Аграрлық дағдарыстармыналар қосылуынан пайда болады:

- табиғи факторлар,

- еңбекті ұйымдастырудағы жіберілген кемшіліктер,

- техникалық артта қалу,

- жер қолданудың және жер иеленудің жетілмеген жүйелері.

Аграрлық дағдарыстарұзақтылығымен (20-25 жыл) және антициклдігімен ерекшеленеді.

ҚР экономикалық дағдарыс 1989 ж. басталды (бұл кезде ЖҰӨ өндіру 0,5% қысқарды, 1990 – 3,2 %, 1991 – 10,8 %, 1992 – 20,7 %, 1993 – 11,0 %, 1994 – 22,1 %-ға қысқарды). 1995 ж. бастап дағдарыстан бірте-бірте шығу басталды. 90-шы жылдар басындағы дағдарысты Ұлы депрессиямен салыстыруға болады.

 

Циклдікті үш тұрғыдан түсіндіруге болады:

- экзогендік (цикл табиғатын сыртқы себептермен байланыстырады).

- эндогендік(цикл табиғатын ішкі заңдылықтармен байланыстырады).

- электикалық (екі бірінші циклдің ұтымды бастамаларын біріктіреді).

 

ССРО және ҚР экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері

Отандық экономистердің көпшілігі ССРО-дағы экономикалық дағдарыс қалыпты цикл теориясына кіріктірілмейді деп есептейді. ССРО-да өсу қарқынының бәсеңдеуі 70 жылдардың екінші жартысынан бастап байқалды, бұл басқа өнеркәсібі дамыған елдер 1973-1975 жж. дағдарыстан кейін қор және қуат сақтаушы салаларды және жоғарғы дәлдікті технологияларды жылдамдатуға бағытталғанына қарамастан, ел басшылығы материал сыйымдылықты, қуат сыйымдылықты өндіру өнеркәсібінің шапшаң даму саясатын ұсталғанына байланысты болды.

ССРО экономикасының 80 жылдардың басында депрессияға кіруініңсебебі экономикалық жүйенің терең реформалану қажеттілігі болды:

- нарықтық экономикаға өту,

- негізгі салаларды ынталандыру,

- жеке секторды дамыту,

- экономикалық саясатты өзгерту,

- тұрақты экономикалық өсім (жылына 6 - 7 %).