Дағдарыстан шығу екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін

Бірінші жол, радикалды либералдар бағыты («шок терапиясы»):

- экономикада және қоғамда шапшаң, шешімді, жүйелік, институционалдық қайта құрулар үшін,

- командалық-әкімшіліктік құрылымдарды бұзу,

- бағалар еркіндігі үшін,

- ақша массасын, мемлекеттік несиелерді, жәрдем қаражаттарды, бюджеттік тапшылық жойылуын қатаң реттеуді талап етеді,

- қайта құруларды тез өткізу.

 

Созылмалы депрессия себептері деп мыналарды атайды:

- реформалардың жеткіліксіз радикалдығы;

- экономикалық еркіндіктің жеткіліксіздігі;

- ақша массасының өсім қарқынының нақты ЖҰӨ өсім қарқынынан басым болуы;

- инфляцияның жоғарғы қарқыны;

- мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріс көлемінің ЖІӨ-ге %-бен төмендеуі;

- мемлекеттік тұтынудың ЖҰӨ-ге %-бен төмендеуі;

- салықтар деңгейі.

 

Екінші жол – градулистер бағыты (нарыққа біртіндеп өту).

Оның талап етуі:

- мемлекеттің экономикаға тікелей және қатаң кірісуі;

- мемлекеттік сектор, жоспарлауды қолдау;

- ЖҰӨ қысқартылуын ұлттық апат ретінде қарастыру;

- таза монетаристік әдістермен инфляцияны айына 2 –3 % дейін жеткізуге болады,

- ҚР экономикасының терең науқастығы оның шикізаттық бағытталуында, көптеген отандық тауарлар үшін ішкі нарықтың жоғалуында, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуінде.

 

 

Тақырып. Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндіріс мақсаты ретінде

Экономикалық өсу – бұл барлық дүниежүзі елдерінің алдында тұрған орталық мәселе. Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық көбейтілуі және сапалық жетілдірілуі. Экономикалық өсу депәдетте нақты өндіріс көлемінің қысқа мерзімді көтерілуі мен түсуі түсіндірілмейді, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығындағы өндіріс күштерінің дамуымен байланысты нақты өндіріс көлемінің ұзақ мерзімдіөзгерулері экономикалық өсу деп танылады.

Экономикалық өсудің зерделеу пәніболып мыналар табылады:

- экономикалық динамиканы анықтайтын факторлар,

- салалық және ұдайы өндіріс үйлесімділігі,

- экономикалық өсу процесінде институционалдық құрылымның өзгеруі,

- өсу қарқынын ынталандыру немесе тоқтату жөніндегі мемлекеттік саясат,

- нақты өндіріс көлемінің потенциалды өндіріс көлемінен қалу себептері және т.б.

 

Экономикалық теорияда белгілі кезеңде ұлттық экономика дамуының қорытынды сипаттамасы ретінде экономикалық өсудің көріну нысандарын түсіндіруге екі негізгі көзқарас қалыптасты, ол ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу қарқынымен немесе осы көрсеткіштерді адам басына есептегендегі өсуінің қарқынымен өлшенеді.

Экономикалық өсуді өлшеудің бірінші тәсіліелдің экономикалық потенциалыныңкеңею қарқынын бағалаудақолданылады. Екінші тәсіл халықтың әл-ауқаты динамикасын талдауда немесе әр түрлі елдер мен аймақтарда өмір сүру деңгейін салыстыруда қолданылады.

Қазіргі кезде өсу теориясында өлшеудің екінші тәсілі көбірек қолданылады.

Экономикалық өсу депнақты ұлттық табыс көбеюінің қарқыны халықтың өсу қарқынынан басым болатын ұлттық экономиканың дамуы түсіндіріледі.

 

Экономикалық өсуді талдау кезінде ең алдымен:

- экономикалық өсу қарқыны,

- даму бағыттары мен заңдылықтар,

- кәсіпкерлік мәселелері,

- жаңа экономикалық құрылымдардың қалыптасуы,

- экономиканың қызмет етуінің тиімділігі, оның тұрақтылығы.

 

Кез-келген ел Үкіметіэкономикалық өсу қарқынын төмендегі жолдармен жоғарылатуға ынталанады:

- ішкі ақша жинау мен инвестицияларды көтермелеу,

- шет ел инвесторларын жұмылдыру,

- меншік құқықтарын қорғау.

 

Капиталды жинақтау оның табыстылығының төмендеуімен жолдамалынады. Экономика неғұрлым үлкен капиталға ие болса, соғұрлым оның кейінгі өсімі аз қайтарылумен жолдамалынады. Сондықтан жинақ ақша үлесінің көбейтілуі бастапқы кезеңде өсудің жылдамдатылуына әкеледі, ал кейін капитал және еңбек өнімділігі жоғарырақ деңгейіне жеткен сайын экономикалық өсу бәсеңдей түседі:

 

 


Халықтың материалдық әл-ауқатын көтеру:

- халықтың бір адамға келетін орташа табысын көбейту,

- бос уақытты көбейту,

- ҰТ халықтың әр түрлі қабаттары арасында үлестірілуін жақсарту,

- Шығарылатын тауарлар мен қызметтердің сапасы мен әр түрлілігінің өсуін жетілдіру,

Ұлттық қауіпсіздікті қолдау.

 

 

 


Экономикалық өсу тиімділігі деп«өндіріс тиімділігінің» барлық құраушыларының жетілдірілуітүсіндіріледі. Оған жататындар:

тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және олардың отандық және дүниежүзілік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

жаңа тауарларды өндіруді игеру;

халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде елдің аймақтық артықшылықтарын ескере отырып, өндірістің мамандандырылуы мен біріктірілуін тереңдету;

фирмалар ішінде еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыру;

өндірістік қорларды қолданылуды жақсарту;

өнімді шығару үшін шектелген өндіріс қорларының шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды игеру;

 

 

 


халықтың материалдық әл-ауқатын жақсарту;

тұлғаның үйлесімді дамуы негізі ретінде бос уақытты көбейту;

салалық әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейін көтеру;

адамдық капиталға салынатын инвестициялар өсімі;

адамдардың өмір сүру және еңбек ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

жұмыссыздар мен еңбекке қабілетсіздерді әлеуметтік қорғау.

 

Экономикалық өсу қарқыны менсапаны жоғарылату арасында белгілі қайшылық бар. Экономикалық өсу сапасының төмендеуі есебінен өсудің қарқыны жоғарылауы мүмкін. Мысалы, жұмыс күнін ұзарту немесе еңбек қарқындылығын көтеру еңбек шығындарына әкеледі және экономикалық өсу қарқынының ұлғаюына септігін тигізеді, бірақ экономикалық өсу сапасы бос уақыттың азаюы салдарынан төмендей түседі. Керісінше, өсудің төмен қарқыны сапалы өнім шығару нәтижесінде тұтынушылықты қанағаттандырудың жоғарылауымен жалғасады. Сондықтан көптеген экономистерэкономикалық өсудіңжоғары емес (жылына 2-3%),бірақ тұрақты қарқындары қолайлы болып табыладыдеп есептейді. Терең экономикалық құлдырау жағдайында ең ыңғайлысы максимум экономикалық өсу болып табылады.

Экономикалық өсуге әсер ету тәсілдері бойынша бөлінуі:

- тікелей,

- жанамафакторлар.

 

 


еңбек қорларының санын ұлғайту мен сапасын жоғарылату;

негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсартылуы;

өндірістің технологиялары мен ұйымдастырылуын жетілдіру;

шаруашылық айналымға тартылатын табиғи қорлардың саны мен сапасын жоғарылату;

қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.

 

 

 


нарықтың монополиялану дәрежесін төмендету;

өндіріс қорларының бағасын төмендету;

табысқа салынатын салықтарды төмендету;

несие алу мүмкіндіктерін кеңейту және т.б.

 

 

Экономикалық потенциал өсу үшін өндіріс факторлары иелерінің табыстары олардың өнімділігінің өсу қарқынына тең қарқындармен өсуі қажет.

Экономикалық өсудің үш негізгі түрі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас.

 

       
   
 
 

 

 


 

       
   
 
 

 

 


 

 
 

 

 


 

У. Ростоу тұрғысынан экономикалық өсудің бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысуы төмендегідейжүзеге асырылады:

- революциялық емес, эволюциялық жолмен;

- әр түрлі елдер бұл жолды әр түрлі екпінмен өтеді;

- дамудың түрлі кезеңдерінде тұр: АҚШ соңғы кезеңде; Ресей, ҚР төртінші кезеңде;

- коммунизмді ол тездетілген индустрияны қажет ететін, «өтпелі кезең науқастары» категориясына жатқызды.