Арзан ақша саясаты. Қымбат ақша саясаты.

(жұмыссыздық, экономиканың құлдырауы кезінде өткізіледі) (инфляция жоғары болғанда өткізіледі)

1) ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу, 1) мемлекеттік құнды қағаздарды сату,

2) міндетті резервтер нормасын төмендету, 2) міндетті резервтер нормасын жоғарылату,

3) пайыздық есеп мөлшерлемесін төмендету. 3) пайыздық есеп мөлшерлемесін жоғарылату.

Салдары Салдары

- Ақша ұсынысы өседі, - ақша ұсынысы қысқарады,

- Пайыздық мөлшерлеме төмендейді, - пайыздық мөлшерлеме өседі,

- Инвестициялар өседі, - инвестициялар қысқарады,

- Іскерлік белсенділік көтеріледі, - іскерлік белсенділік төмендейді,

- Жұмыссыздық қысқарады. – инфляция қысқарады.

 

ҚР банк жүйесі мына Заңдармен реттеледі:

- «ҚР ұлттық банкі туралы»,

- «Банктер және банк қызметі туралы».

Болғаны 240 банк; 2001 – 47; 2005 – 33.

Екінші деңгейлі ең ірі банктер болып табылатындар:

- «Казкомерцбанк» ААҚ, - «Тұран Әлем Банкі» ААҚ, «Халықтық жинақ банкі» ААҚ, «Нұрбанк» ААҚ және т.б.

 


Несиелік салымдар өсімін шектеу,

Есептік-дисконттық және ломбард саясаты (ұлттық банк сұраныс жасайтын банктердің

вексельдерін қайта есептеуде несиелер береді – оның дисконттық саясаты; ал құнды қағаздар кепілдігіне

берілетін қағаздар – бұл ломбард саясаты),

Ашық нарықтағы операциялар (мемлекеттің несие жүйесіне резервтерді қосу не оларды алу

мақсатымен ҰБ құнды қазынашылық қағаздарды сатуы немесе сатып алуы).

Минимум резервтер саясаты (міндетті резервтер мөлшерін жоғарылату арқылы ҰБ коммерциялық банктердің іскерлік белсенділігін тоқтатады, төмендету арқылы– оны ынталандырады).

Еркін келісімдер (өз қызметін жүзеге асыруда белгілі шектерді еркін қоятын коммерциялық банктер мен ҚР ҰБ арасында жасалады).

 
 
Қаржы – қаржы жүйесі

 

 


«Қаржы» термині латын тіліндегі «finacia» сөзінен туындаған, бұл төлем, табыс деген мағынаны білдіреді.

Қаржы – бұл қорлар мен мекемелер арқылы ақша қаражаттарын немесе қаржы ресурстарын үлестіру және пайдалану жөніндегі қатынастар жүйесі.

Қаржылық қатынастардыңақшалық қатынастардан айырмашылығы - олар жеке тұтынуға қызмет көрсетпейді.

Қаржылық қатынастарды құрастырумемлекеттің төмендегі аталғандарды ұйымдастырудағықажеттіліктеріне қызмет көрсету мақсатымен тауар-ақша қатынастарының дамуымен жүзеге асырылады:

- экономикалық және мәдени өмірді,

- басқару аппаратын, армияны, денсаулық сақтауды, білім беруді, зейнетақымен қамтуды және т.б. қаржыландыру.

Қаржы байланыстары қаржы жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оған енетіндер:

- әр түрлі деңгейлердегі бюджеттер,

- әлеуметтік, мүліктік және жеке сақтандыру қорлары,

- мемлекеттің валюталық қорлары,

- кәсіпорындар мен фирмалар, коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары,

- басқа арнайы ақша қорлары.

Қаржы жүйесінің шегінде қаржы қорларықалыптастырылады (ақша қаражаттарының қорлары).

Нарықтық қатынастар неғұрлым дамыған болса, соғұрлым мемлекеттегі экономикалық байланыстар күрделі және алуан түрлі болады, және соғұрлым қаржы жүйесі күрделі, оның қаржы қорлары үлкен болады.

 

 

 


Шоғырландырушы– мемлекеттің материалдық негізін құру және оның қызмет етуін қамтамасыз ету;

Бөлуші– ЖҰӨ және ҰТ бөлу және қайта бөлу;

Реттегіш– шаруашылық субъектілердің қызметін ынталандыру;

Бақылаушы – қаржы қорлардың пайдаланылуын бақылау.

Қаржы жүйесінің құрылымы
Қаржылар Қорлар

Мемлекеттік- мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес пайдаланылатын

ақша қаражаттарының қоры

Кәсіпорындар мен ұйымдардың - өндіріс дамуына және әлеуметтік мәселелерді

(шаруашылық субъектілердің) шешуге пайдаланылатын қорлар,

Үй шаруашылығының (жеке қаржылары) - жалпы шаруашылықты бірігіп жүргізетін жеке

тұлғалардың ақша қаражаттарының қорлары.

Мемлекет бюджеті мемлекет қаржыларының жетекші түйініболып табылады. Оның табыстық және шығындық бөліктері болады. Бюджеттің табыстық бөлігінің толықтығы, құрылымы, толықтырылуы – мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен тұрақтылығының көрсеткіші.

Мемлекеттік бюджет пайдаланылады:

- салааралық аймақтық және әлеуметтік үйлесімділікті қалыптастыруға;

- мемлекеттік бюджет арқылыЖІӨ, ҰТ бөлініп, қайта бөлінеді, мақсаттық кешендік бағдарламалардың, экономикалық өсу жоспарларының орындалуы қамтамасыз етіледі;

- әлеуметтік бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс қабілеттілігі, тұрақты өсуге қол жеткізу, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ҒТП жылдамдату мәселелерін шешу үшін.

 

Шаруашылық субъектілердің қаржыларытабыс және шығын есебіне байланысты болады және өндірісті дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуге пайдаланылады.

Халық қаржыларының табыс бөлігінмыналар құрайды:

отбасытабысы, шығындар (әр түрлі), және халықтың жинақтары (қалдырылған сұраныс). Олар банктерде сақталып, ішкі инвестициялық қорды құрайды.

 
 

 


 

 

 


Бюджеттің әлеуметтікбағытталуы;

ЖІӨ, ҰТ бөлінуіне және қайта бөлінуіне қатысу;

Қоғамның жиынтық өнімінің өндірілуін, бөлінуін және айналымын бақылау.

Мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің динамикалық дамуын қамтамасыз ету;

Кәсіпорындар мен фирмалардың коммерциялық қызметін және бюджеттің табыс бөлігін бақылау

(қаржы полициясы, салық және кеден органдары, аудит).

       
 
 
   

 

 

 


Үкіметтің ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры:

- мемлекеттік аппаратты,

- қарулы күштерді,

- денсаулық сақтауды,

- білім беруді,

- әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қаржыландыру үшін,

Экономиканы мемлекеттік реттеудіңқуаттытетігі болып табылады,

Шаруашылық коньюнктураға әсер етеді және оның тұрақтандырылуына көмегін тигізеді.

 

 

Мемлекеттің экономикаға әсер етуі келесі жолдарменжүзеге асырылады:

- қаржыландыру(қаржы бөлу) – кәсіпорындар мен мекемелерді қаржыландыруға ақша қаражатын бөлу;

- беру: а) субсидия – мемлекеттік ақшалай жәрдемақы түрі.

б) субвенция – белгілі дамыту мақсаттарына берілген мемлекеттік ақшалай жәрдемақы.

в) дотация – шығындарды өтеуге арналған ақша қаражаттары.

г) трансферттер – мемлекеттік шығындарды қайта бөлу нысаны;

халыққа зейнетақы, жәрдемақы және т.б. мемлекеттік төлемдері

 

 


 

Республикалық және жергілікті бюджет ақша қаражаттарының түсу, сол сияқты оларды жарату көздері бойынша өзара тығыз байланысты. Ең бастысы олар: негізгі топтардың мүдделерінің ымыра қағидаларымен қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік мақсаттарын бірігіп шешеді. Бұл мүдделерді тасымалдаушылар:саясипартиялар, қаржы-өнеркәсіптік топтар, монополиялар, кәсіпкерлер одақтары, кәсіподақтар және т.б. Бұл ымырағасалықтарды, бюджеттік аралықтарды қайта үйлестіру, мемлекеттік тапсырыстарды үлестіру жолымен өткір саяси және экономикалық күресте қол жеткізіледі.

 

 

 


Экономиканың дағдарыс жағдайында табыстар төмендеуі Қаржыландырудан несие беруге өту,

Экономиканың көлеңкелі секторының өсуі; Мемлекеттік қарыздар

Акциздік салықтардың төмендетілуі Салық салуды қатаңдату,

Бюджеттік шығындардың көбейтілуі. Мемлекеттік басқару шығындарын

төмендету.

 

Бюджет тапшылығы бекітілген халықаралық стандарттар бойынша ЖІӨ-нің 5%-нан аспауы қажет. Ол сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздармен төмендегідей түрде өтеледі:

- мемлекеттік құнды қағаздарды сату,

- бюджеттен тыс қорлардан қарыз алу,

- ақша шығару (инфляция).

 

 

 

 


Мемлекеттік қарыздар көбейгенімен, мемлекет келесі себептерменбанкроттыққа ұшырамайды:

- қарызды өтемей, оны тек қаржыландыруға болады;

- қарызды және пайыздарды өтеу үшін қаражаттар қосымша салық салу немесе айналымдағы ақша массасын көбейту арқылы алынуы мүмкін.

 

 

 

 

табыстағы теңсіздіктің күшеюін;

өндірістің дамуының экономикалық ынтасына зиян келтірілуін,

ел ішіндегі инвестициялар қысқартылуын;

жеке инвестициялар ығыстырылуын және т.б. тудыруы мүмкін

 

Мемлекетте алынатын салықтар, алымдар, баждар және басқа да төлемдер, сонымен қатар олардың құрылу нысандары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Онда салықтардың құрылуы мен алынуының нақты әдістері бекітіледі.

Мемлекеттік қарыз – төмендегілердің шарасыз туындысы:

- бюджет тапшылығы,

- өндіріс құлдырауы,

- шекті шығындар өсімі,

- ақша шығарудың қамтамасыз етілмеуі,

- ВПК жұмсалатын шығындар өсуі,

- көлеңкелі экономика, өндірістік емес шығындар, талан-тараж және т.б. көлемдерінің өсуі

Үлкен қарыздары бар мемлекет, қарыз бойынша пайыздарды өтеу үшін үнемі қарыз алуға мәжбүр болады. Берешектің жылдық ЖҰӨ шамасынан басым болу жағдайы экономикалық тұрақтылыққа және қалыпты ақша айналымына қауіп төндіретін қиын-қыстаукезең болып есептеледі.

Сыртқы қарыз – бұл ең ауыр қарыз.Өйткені оны өтегенде құнды тауарлармен, валютамен есеп айырысуға және үлкен пайыздар төлеуге тура келеді. Кейбір дамушы елдерде қарыздар бойынша жылдық міндетті төлемдер барлық сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдерден басым болады.

Мемлекеттік қарызды және оның пайыздарын өтеу төмендегі жолдармен жүзеге асырылады:

- не қайта қаржыландыружолымен(жаңа қарыздарды шығару),

- не конверсияжәне консолидацияжолымен.

 

Конверсия– қарызды, есебінен меншік сатып алынатын, ұзақ мерзімді шет ел инвестицияларына айналдыру.

Консолидация– қарыз шарттарын өзгерту, өтеу мерзімдерін өзгерту, қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға айналдыру.

 

 

 


Салық салу– бұл мемлекеттік қаржыларды толықтырудың көздерін және табыстарды реттеу әдісі.

 

 
 
Салық салудың негізгі қағидалары (А.Смит) қазіргі уақытқа дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ


 

 

Заңды тәртіп (заң түрінде);

Тепе-теңділік (әркім мемлекетке өз табысына сай қолдау көрсетуі керек);

Анықтылық (уақыты, тәсілі, мөлшері белгілі);

Алымдар арзандығы (мемлекет салық төлеуші төлейтін сомаға сәйкес соманы алады);

Шаруашылық дербестілік (салық төлеуші – меншігі бар және табыс алатын тәуелсіз субъект);

Есептеу қарапайымдылығы (салық мөлшерлемесі, мөлшері салық жинаушыға да, салық төлеушіге де

түсінікті);

Салық ауыртпалығын аймақтар мен субъектілерге тепе-тең бөлу, салық мөлшерлемелерінің тұрақтылығы;

Салық ауыртпалығын төмендету;

Жеңілдіктерді кең пайдалану (инвеституциялық салық несиесі, тездетілген амортизация, табиғи қорларды өндіруде жер қойнауларының тозуына шегерім, шағын бизнеске қолдау көрсету және т.б.);

Салықтарды жасырғаны үшін заңды жауапкершілік.

 

 

Инвестициялық несие – бұл шын мәнінде мемлекеттің жеке кәсіпкерліктің капиталды салымдарын, капиталдық шығындар өтелу мерзіміне оларды салық төлеуден босату арқылы, жанама қаржыландыруы. Негізінде ол: - инновациялық технологияларды енгізуге, - ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға, - бәсекеге қабілетті бұйымдарды өндіруге есептелген. – Жеңілдіктер сомасы құрал-жабдық бағасына %-тік қатынаста есептеледі және салық сомасынан шығарылады.

Тездетілген амортизациямемлекетамортизацияны негізгі капиталдың шын мәнінде тозуынан әлденеше артық мөлшерде есептен шығаруға рұқсат береді. Осылайшасалық салынатын табыс сомасын азайтып, негізгі капитал айналымын тездетеді.

Салықтық жеңілдіктер мен рационалды салықтық мөлшерлемелер ескеріліп құрылған салық жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

- өндірістің ынталандырылуын,

- салық салынатын базаның үлкейтілуін.

 

 

Салық мөлшерлемелерін негізсіз көбейту:

- өндіріс көлемінің төмендеуіне,

- салық төлеуден «кетуге» (көлеңкелі экономикаға) әкеледі.

 

 

Жалпы экономиканы ынталандырудың ірі мөлшерлі коньюнктурасының мысалыретінде АҚШ-тағы ХХ ғ. 80-жылдарының басындағы салық мөлшерлемелерін күрт төмендетуді айтуға болады. Американдық экономист А.Лаффердің есептері осы бағдарламаның теориялық негізделуі болды.

 

Лаффер қисығы

       
 
   
 

 


М

400

 

 

200 L N

 

100

 

 

Салық мөлшерлемелері (%)

10 20 30 40 50 60 70

 

 

Лаффер қисығы салықтың қандай мөлшерлемесінде салықтық түсімдер ең жоғарғы болады деген сұраққа жауап береді (М нүктесі). Графиктен көрініп тұрғандай, салықтың мөлшерлемесі 10-65 % болса (L, N нүктелері) 200 мың $ қамтамасыз етуге болады. Салық 35 % болғанда, ең жоғарғы салықтық түсімдер 400 мың $ алынған. Мөлшерлемелер жоғарылатылған сайын салық түсімдері азаяды, өйткені еңбекке және кәсіпкерлік қызметке деген ынта төмендеп, кәсіпкерлердің бір бөлігі «көлеңкеге» кетеді.

 

Қазынагерлік – (мемлекет табыстарын қалыптастыру),

Реттеу – (экономиканың белгілі салалары дамуын ынталандыру немесе тоқтату),

Қайта бөлу - (түскен салық түсімдерін қаржыландыруды талап ететін бағдарламаларға қайта бөлу).

 

 
 


 

Салық субъектісі (салық төлейтін адам), жеке немесе заңды тұлға;

Салық объектісі (не үшін төлейді), салық салу үшін негіз – табыс және мүлік, тауар, жер, т.б.),

Салық көздері (неден төлейді), еңбекақы, пайда, дивидендтер),

Салық мөлшерлемесі (салық мөлшері), шекті, жеңілдетілген, орташа, нольдік),

Салық жеңілдіктері – (салық мөлшерлемелерін азайту немесе салық төлеуден толығымен босату).

 

 


ҚР салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

I Кезең– «Қаз.ССР мемлекеттік салық қызметінің құрылуы туралы» Президент Жарлығымен (1991 ж.) Қаз. ССР басты мемлекеттік салық инспециясы құрылды;

- салық бойынша заң шығарушы актілер пакеті қабылданды,

- 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салықтар енгізілді.

 

II Кезең – 1995 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығымен «Салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы Заң» қабылданды, - салық салу жүйесі ықшамдалды, - салықтар саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды; - ҚҚС енгізілді.

 

III Кезең – (2001) – 2002 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген жаңа ҚР Салық қодексі қабылданды. Мұнда:

- салықтар саны – 9-ға дейін қысқартылды;

- ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі енгізілді, 16 % қазір 15 % (20 % 10 % орнына);

- есепке қою талаптары белгіленді;

- экономиканың басым салаларына салық салу ерекшеліктері анықталды (аграрлық сектор, шағын бизнес, әлеуметтік сала);

- халықаралық салық салу туралы ереже енгізілді;

- негізі салық ережелері жүйеленді;

- салық органдары мен салық төлеушілердің қарым-қатынастары регламенті көрсетілген дербес бөлігі, салықтық әкімшіліктендіру енгізілді;

- салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебіне қою ережелері бекітілді;

- салықтық бақылау түрлері нақты регламенттелді;

- корпоративті салық төлеу бойынша салық тәртіптемесі енгізілді;

- акциздер мөлшерлемелері енгізілді. Акциздердің негізгі мөлшерлемелері бір жылға бекітіледі және олар түзетілуі мүмкін, т.с.с.

 


корпоративті табыс салығы (30 %);

 

жеке табыс салығы (5-тен 30 % дейін);

 

қосымша құн салығы (ҚҚС 15 %);

 

акциздер;

 

жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтар мен арнайы төлемдер (роялти, рента, бонус) (1 барельға 0-ден 33 % дейін).

 

әлеуметтік салық (11-ден 22 % дейін);

 

жер салығы; (0,09-дан 0,96 т. дейін базалық мөлшерлеме м , 202,65 т 1 га).

 

жол көлік салығы;

 

мүлік салығы (мүлік құнынан 0,1 %-дан 1 % 10 млн. теңге);

 

 

Мемлекеттің қаржы саясатының екі аспектісі бар:

1) бюджет процестерін реттеу – Бюджет тепе-теңдігіне бюджет саясатыарқылы қол жеткізуге болады,ол секвестрлеуді көздейді, яғни ерекше жағдайларда: өндіріс құлдырауы, инфляция, дағдарыстың шиеленісуі және т.б., мемлекеттік шығындардың жеке баптарын қысқарту.