Сабаққа таратылатын материал

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

 

 

Тақырыбы:Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері.

Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

 

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы:051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған :Ибраева С.С

 

Астана, 2013ж.

 

1.Тақырыбы:Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

2.Мақсаты: Негізгі физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері, қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістерін оқу.

3.Оқыту мақсаты: Физиологияны ғылым ретінде және негізгі даму кезеңдеріне анықтыма беру. Физиологияның дамунда отандық және шетелдік ғылымдардың рөлін анықтау. Ағза қызметінің жалпы принциптерін оқыту. Жүйке – бұлшықет препаратымен және физиологиялық құралдарымен жұмыс дағдыларына икемдендіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы.

2. Физиологияның даму тарихы.Физиология дамуындағы отандық және шет елдік ғалымдардың ролі. (И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, К.В.Судаков, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова и т.б.)

3. Тірі ағзалардың жалпы қасиеттері. Тұтас ағзаның қызмет етуінің жалпы принциптері - корреляция, реттелу, рефлекс, өзіндік реттелу.

4. Жүйелік даму. Тіршілік ету процестерінің жүйелік квантталуы.

5. Физиологиялық зерттеу әдістерінің дамуы.Физиологиялық зерттеулердің қазіргі кездегі әдістері

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Физиологиялық тәжірибелерді жүргізу үшін қажетті аспабтармен танысу.

2. Ритмокардиоэнцефалоскоп аспабында жүрек пен мидағы электрлік потенциалды тіркеу.

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

7. Бақылау: сөзжұмбақты құрастыру және шешу

 

сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

 

№ 1-жұмыс.Физиологиялық тәжірибелерді жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен танысу. (Руководство к практическим занятиям по физиологии: под ред. Косицкого Г.И. 1988, 8-19 б.).

Физиология - тәжірибелік ғылым, және оның жоғарғы оқу орындарында оқытылуы міндетті түрде студенттермен лабораториялық жұмыстарды орындауымен жүргізіледі. Тәжірибелік жұмыстардың орындалу барысында студенттер дәрісте баяндалған қағидалық негіздерді тікелей дәлелдейтін мәліметтер алады. Ұсынылған есептің негізі - жұмыстарға енгізілген арнайы қызметтік салмақтар бойынша қызметтің статистикасы емес, динамикасында болып табылады.

Тәжірибе және клиникада түрлі құрал-жабдықтарды қолданумен физиологиялық қызметтерді зерттеу кезінде өзіндік жүйелер түзіледі. Оларды екі топқа бөлуге болады:

1. Өмір әрекетіндегі түрлі көріністерді және табылған нәтижелерді тіркеу жүйесі.

2. Ағза немесе оның құрылымды-қызметтік бірлігіне әсер еткен әрекеттерге арналған жүйе.

 

№ 2-жұмыс.Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу.

Жүректің биоэлектрлік құбылысы, оның ырғақтық әрекетімен пайда болады. Бұлшық ет немесе жүйке қозғанда, оның тыныштық күйінен айырмашылығы, қозған бөлімі теріс зарядты болып табылады. Бұл заңдылықтар жүрекке тән. Ең алдымен жүрекшелер, артынан қарыншалар жиырылады. Осыған дейін қозу синустық түйінде туады.

Жүректің әрекеттілігінде, ең алдымен синус аймағы теріс зарядты болса, осы кезде тыныштықтағы жүрекшелер мен қарыншалар оң зарядты болып табылады. Қозудың таралуына байланысты, теріс зарядтылық синустан жүрекшелерге, соңынан қарыншаларға тарайды. Қозу жойылғаннан кейін, синус аймағы оң зарядталады. Сонымен, жүректегі қозу үрдісі оның барлық бөлімдерінде бірмезетте пайда болмау салдарынан, потенциалдар айырмашылығы туады.