Жұмыс.Схема сызбасы.

Гальванидің екінші тәжірибиесі(балтыр бұлшық етінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салу).

 

 

Екінші реттік тетанусты алу әдісі (Маттеучи тәжірибиесі)

 

 

Бақылау: ситуациялық есептерді шешу

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас.

Ситуациялық есеп.

Тұссыз ортаға салынған жүйке, тітіркендіргіштің кез-келген күшімен қозбайды. Неліктен екендігін түсіндіріңіз.

 

Есепті шешу алгоритмі:

Қозғыштық деген не? Мембраналық потенциал, мембрана арқылы иондардың сылбыр және белсенді өтілуіне оның тәуелділігі. Құбылыстың қызметтік тәуелділігі: мембраналық потенциал- қоздырғыш- қозу және олардың жасушадан тыс ортаның тұздық құрамымен байланысы.

Ситуациялық есеп.

Бұлшық еттің минимальді тітіркендіру табалдырығы 0,1 мА құрайды. Бұлшық етті 0,2 мА күшпен тітіркендіргенде, неліктен және қандай жағдайларда бұлшық ет жиырылмайды?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Тітіркендіргіш күшінің негізгі көрсеткіштері, әсер ету уақыты, токтың (тұрақты ток үшін) таралу жылдамдығы. Осы көрсеткіштерді ретімен қарастырғанда, есепті шешуге жауап табуға болады.

Ситуациялық есеп.

Жасуша ішінде калий ионының концентрациясын жоғарылатса, мембраналық потенциал шамасы қалай және неліктен өзгереді?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Мембраналық потенциалдың түзілу тегершігі және калий ионының ролі қарастырылады. Потенциал түсінігі және потенциалдар айырмасы қарастырылады.

 

Ситуациялық есеп.

Жасушаны қоршаған ұлпалық сұйықтықта, натрий ионының концентрациясы артты. Осы жасушалардың табалдырық потенциал шамасына бұл қалай әсер етеді және неліктен?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Жасуша мембранасының электрохимиялық айырымының түзілу тегершігі, көбіне, баяу деполяризация кезеңіндегі МП және ӘП түзілуіндегі натрийдің ролі, қалыптағы табалдырық потенциалы және деполяризацияның сынама деңгейі, және жасушадан тыс сұйықтықта натрий ионының гиперконцентрациясы қарастырылады.

 

(студенттер үшін)

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

 

 

Тақырыбы:Еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының түрлері.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған :Ибраева С.С

 

 

Астана, 2013ж.

 

 

1.Тақырыбы:Еттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының түрлері.

2.Мақсаты: Еттердің физиологиялық қасиеттерін, бұлшық ет жиырылуының түрлері туралы оқу.

3.Оқу мақсаты:Еттердің физиологиялық қасиеттерін, бұлшық ет жиырылуының түрлері туралы ұғым беру. Студенттердің бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтауға, динамометрия жүргізуге үйрету, бұлшықеттік жиырылудың негізгі тегершіктерін ұйымдастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қаңқа бұлшық етінің физиологиясы, олардың қызметтері. Еттердің негізгі қасиеттері.

2. Еттің күші және жұмысы. Еттің қажуы, тұтас ағза және жекелеген еттер қажуының теориялары. Орташа жүктеме заңы.

3. Қозғалтқыш бірліктер және әртүрлі еттердегі олардың ерекшеліктері.Бұлшық ет жиырылуның құрылыстық - қызметтік негізі. Қозу мен жиырылудың бірдейлігі. Еттің босаңсуы.

4. Еттер жиырылуының тәртіптері. Жеке дара жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері. Қаңқа бұлшық етінің жұмысының түрлері. (изотоникалық, изометриялық, ауксотоникалы).

5. Бірыңғай салалы еттер физиологиясы, олардың қызметтері, физиологиялық қасиеттері, іс-әрекетінің реттелуі.

6. Бірыңғай салалы еттер мен қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттерінің негізгі айырмашылықтары.

7. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау.

2. Жеке бұлшық еттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі.

3. Динамометрия.

4. Электромиография.

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

7. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

7. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

8. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006,

52 б.

7. Бақылау:Тақырып бойынша – тестілеу.