Жұмыс. Жоба мен кестені сызу.

.

Парабиоз (Н.Введенский бойынша):

А-тәжірибе схемасы:1-электродтар орналасуы,2-парабиоз ошағының түзілуі;

Б-бұлшық еттің сіресіп жиырылуы(тетанус) (1)тоқ күшінің өсуімен (2)

 

Нейрон және оның құрылымдары.А-жүйкелік жасуша,аксон,бұлшық ет;

Б-жүйке талшықтарының құрылысы.

Синапстік үрдістер қозған және қозбаған синапста.

Жүйкенің екі жақты қозуының тәжірибиесінің схемасы.

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

 

 

Тақырыбы:Аралық бақылау.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Дайындаған :Ибраева С.С

Астана, 2013ж.

 

 

1. Тақырыбы:Аралық бақылау.

2. Мақсаты: Қарапайым физиологиялық үрдістері бойынша білімдерді бекіту. Дәрігерлік ойлау қалыптасуы үшін, бұл білім өте қажет. Физиологиялық қызметтердің негіздерін білу физиологиялық үрдістерді толық түсіну үшін қажет, жасушаның қозғыштығы және тітіркендіргіштігі.Жүйке талшықтары ОЖЖ-ның өткізгіш жолдарын және перифериялық жүйкелерді қалыптастырады, ағзаның әр түрлі құрылымы жайлы ақпаратты тез тасымалдайды. Жүйке серпіністерінің өткізу заңдылықтарын білу, қозғалыс белсенділігінің негізін түсіну үшін маңызды мәлімет алуға мүмкіндік береді.

3. Оқыту мақсаты: Қозғыш ұлпалардың қызметтік жағдайы ретінде қозудың негізге\і принциптері туралы білімді бекіту. «Ритмокардиоэнцефалоскоп» аспабында жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Алынған Ритмокардиоэнцефаллограмманың нәтижелерін талдау дағдыларын бекіту. Бұлшықеттің қозу табалдырығын анықтау, динамометрия дағдыларын бекіту.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы.

2. Физиологияның даму тарихы.Физиология дамуындағы отандық және шет елдік ғалымдардың ролі. (И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, К.В.Судаков, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова и т.б.)

3. Тірі ағзалардың жалпы қасиеттері. Тұтас ағзаның қызмет етуінің жалпы принциптері - корреляция, реттелу, рефлекс, өзіндік реттелу.

4. Жүйелік даму. Тіршілік ету процестерінің жүйелік квантталуы.

5. Физиологиялық зерттеу әдістерінің дамуы.Физиологиялық зерттеулердің қазіргі кездегі әдістері

6. Қозғыш ұлпалар. Тітіркендіргіштердің жіктелуі.

7. Қозғыш жасушалардың негізгі қасиеттері (тітіркенгіштік, қозғыштық). Қозу.

8. Қозғыштықтың параметрлері: тітіркендіру табалдырығы, (реобаза), пайдалы уақыт, хронаксия, лабильділік, рефрактерлік. Аккомодация

9. Сөл бөлу .Сөл бөлу қызметтері. Сөл бөлетін клеткалардың биоэлектрлік ерекшеліктері. Сөл бөлудің ерекшеліктері (жүйкелік, гуморальдық ).

10. Биоэлектрлік құбылыстар жайындағы ілімнің дамуы. (Гальванидің 1 және 2 тәжірибесі).

11. Мембраналық потенциал, әрекет потенциалы, оларды тіркеу әдістері, пайда болу механизмі.

12. Ұлпаның қозу кезіндегі қозғыштық қасиетінің өзгеруі..

13. Биопотенциалдар пайда болуының теориясы және олардың пайда болуы жайындағы қазіргі кездегі көзқарас. Жасуша тітіркенуі кезіндегі мембраналық және жасушаішілік процестер.

14. Мембрананың иондық каналдары. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың активті және пассивті тасымалдануы.

15. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері.

16. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру заңдары. (полярлық заң, «бәрі және ештеңе емес» заңы,күш заңы, күш және уақыт заңы, градиент заңы).

17. Қаңқа бұлшық етінің физиологиясы, олардың қызметтері. Еттердің негізгі қасиеттері.

18. Еттің күші және жұмысы. Еттің қажуы, тұтас ағза және жекелеген еттер қажуының теориялары. Орташа жүктеме заңы.

19. Қозғалтқыш бірліктер және әртүрлі еттердегі олардың ерекшеліктері.Бұлшық ет жиырылуның құрылыстық - қызметтік негізі. Қозу мен жиырылудың бірдейлігі. Еттің босаңсуы.

20. Еттер жиырылуының тәртіптері. Жеке дара жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері. Қаңқа бұлшық етінің жұмысының түрлері. (изотоникалық, изометриялық, ауксотоникалы).

21. Бірыңғай салалы еттер физиологиясы, олардың қызметтері, физиологиялық қасиеттері, іс-әрекетінің реттелуі.

22. Бірыңғай салалы еттер мен қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттерінің негізгі айырмашылықтары.

23. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.

24. Жүйке талшықтарының жіктелуі (миелинді, миелинсіз).

25. Жүйке талшықтарының қасиеттері. Жүйке талшықтары бойымен қозу өткізу. Тұтас жүйке бойымен қозу өткізу заңдары.

26. Введенскийдің парабиозы, оның кезеңдері, медицина теориясы мен практикасы үшін маңызы. Өткізгіш жолдардың жүйелік ұйымдасуы.

27. Синапс - бұл нейрондар мен нейрондар арасында, нейронмен эффекторлық клеткалар арасындағы ұйымдасқан қызметтік байланыс ретінде. Синапстардың жіктелуі.

28. Синапс арқылы қозу берілуінің кезеңдері мен механизмдері. Медиатордың синтезделуі. Медиатордың бөлінуі. Постсинапстық мембрана рецепторларымен медиатордың өзара әрекеттесуі.

29. Қозу берілуінің электрлік теориясы. Синапстардың қасиеттері.

30. Синапс арқылы қозу берілуінің реттелу жолдары. Мидағы синапстық қозу берілуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

 

 

1. Жүйке бұлшықеттік препарат және қөлбақаның оқшауланған балғыр бұлшықетінен препаратын дайындау.

2. Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау.

3. Жеке бұлшық еттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі.

4. Динамометрия.

5. Электромиография.

6. Жүйке бойымен қозудың екі жақты таралуы.

7. Жүйкенің физиологиялық бүтіндік заңы.

8. Парабиоз.

9. Жүйке-бұлшық ет препаратында қажу орны.

10. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі).

Дебиет.

Тақырып бойынша дәрістер.

 

Негізгі:

1. Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.

2. Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.

3. Ноздрачев А.Д., Орлов Р.С. Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.

4. Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.

Қосымша:

1. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.

2. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.

3. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

4. Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007.

5. Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.

6. Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.

7. В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.

7. Бақылау: билеттер.