Сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Ішкі сөл бөлу бездері. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы.

№1 ЖҰМЫС. Тест: «Сіз стресс әсеріне ұшырадыңыз ба?»

Төменде келтірілген 6 топ жауаптардағылардан, өзіңіздің мінезіңізге сай келетінін таңдаңыз.

1 топ:

а) Жұмыста, қарама-қарсы жыныс өкілдерімен қарым-қатынаста, спорттық немесе азарттық ойындарда, Сіз қорықпайсыз және агрессия көрсетесіз.

б) Егер ойында, Сіз, бірнеше ұпай жоғалтсаңыз және егер де Сіз қарама-қарсы жыныс өкілі, сіздің ең алғашқы назарыңызға міндетті түрде көңіл аудармаса, онда сіз ұтыласыз және ойыннан шығасыз.

в) Сіз, қандай да болмасын конфронтациялардан қашасыз.

2 топ:

а) Сіз ақкөңілсіз және өмірде барлығына қол жеткізгіңіз келеді

б) Сіз отырған күйде теңіздегі ауа-райын күтесіз

в) Сіз жұмыстан бас тартуға әрдайым бірнәрсе табасыз

3 топ:

а) Сіз жұмысты жылдам орындағанды ұнатасыз және жұмыс аяқталғанға дейін шыдай алмайсыз

б) Сізді біреу қолдайды деп үміттенесіз

в) Кешқұрым үйге келгенде, бүгін жұмыста болған істер туралы ойланасыз

4 топ:

а) Сіз өте жылдам, әрі дауыстап сөйлейсіз. Сұхбаттасқанда, Сіз тиымсыз сөздерді өте көп қолданып, басқалардың әңгімесін бөлесіз

б) Егер Сізге «Жоқ» деп жауап берсе, онда Сіз оған көңіл аудармайсыз.

в) Сіз өзіңіздің сезіміңіз бен қорқақтығыңызды жасыра алмайсыз

5 топ:

а) Сіз өте жиі көңілсіз

б) Сізге ешнәрсе істемеген ұнайды

в) СІз өз дегеніңізді, өзіңіздің ойыңызбен емес, басқа адамдардың әрекетімен жасайсыз

6 топ:

а) Сіз жылдам жүресіз, жылдам жүргізесіз, жылдам ішесіз

б) Егер сіз жұмысты орындауды ұмытып кетсеңіз, оған алаңдамайсыз

в) Сіз өз сезіміңізді жасыра аласыз

Ұпайларды санаңыз: а – 6 ұпай; б – 4 ұпай; в – 2 ұпай;

24 – 36 ұпай. Сіз жоғарғы дәрежеде стресс әсеріне ұшырайсыз, Сізде стреспен байланысты аурудың белгілері: жүрек қызметінің жетіспеушілігі, жара ауруы, ішек аурулары туу мүмкін. Сізбен өмір сүру қиынға соғады. Сізге ең бастысы ашуланбауға үйрену керек. Ол өзіңізге, өзіңіздің отбасыңызға және достарыңызға қажет.

18 – 24 ұпай. Сіз ашуланбайсыз және стресс әсеріне ұшырамайсыз. Егер сіздің жинаған ұпайыңыз 18-ден сәл ғана асса, онда сізге қоршаған ортаңызға шыдамды болыңыз деп ұсынамыз. Бұл сізге өмірде барлығына қол жеткізуге көмектеседі.

12 – 18 ұпай. Сіздің әрекетсіздігіңіз стресс себебі болуы мүмкін. Сіз мұнымен жақындарыңызды тітіркендіресіз. Өзіңізге сенімді болыңыз. Сізге өзіңіздің жағымды қасиеттеріңіздің тізімін құрастыру қажет және оны сұрыптау керек.

II. Деніміз сау болсын!

Өзіңіздің жүрегіңізбен барлығы дұрыс па? 1,5 мин ішінде 20 рет еңкейіңіз. Еңкейгенге дейін ( ), еңкейгеннен кейін ( ) және 1 мин соң ( ) пульсті тексеріңіз. Осы шамаларды келесі формулаға салыңыз:

 

 

0 – 3 –жүрек өте жақсы жағдайда;

3 – 6 – жүрек жақсы жағдайда;

6 – 9 – жүрек орташа жағдайда;

9 – 12 – жүрек нашар жағдайда;

12-ден жоғары – кардиологқа жүгіріңіз.

№ 3-жұмыс. 1-кесте. Эндокриндік бездердің гормондары

Кестені сурет дәптерге көшіріп жазу және толтыру

Ішкі сөлініс бездері Гормон атауы Физиологиялық тиімділіктері Гормонның гипофункциясы   Гормонның гиперфункциясы  
         

 

№ 4. Жобаларды салу

Ішкі сөлініс бездері және олардың гормондар

 

Гипофиз гормондары мен олардың қызметтері

 

Қалқанша және қалқансерік бездерінің гормондары және оның функциясы.

Қарынасты бездің гормондары және оның функциясы.

Бүйрекүсті бездердің гормондары және оның функциясы.

Жыныс бездердің гормондары және оның функциясы.

Менструациялық оралым және жүктіліктің жүйке гуморальдық регуляциясы.

 

 

Бақылау: ситуациялық есептерді шығару және билеттер бойынша жазбаша бақылау.

 

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Ішкі сөл бөлу бездері.

Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы.

№ 3- ситуациялық есеп.

10 жасар бала бойының ұзындығы 178см., салмағы 64кг. Бұл қай эндокриндік без әрекетінің бұзылысымен байланысты?

Есепті шешу алгоритмі:

1. Адам организміндегі қай эндокриндік бездер ұлпаның өсуі мен дифференцировкасының реттелісінде қатысады?

2. Есепте көрсетілген және қалыпты, шапшаң және баяу физикалық дамуды қалай бағалауға болады?

3. Бұл гипофиздің қай гормонымен байланысты?

Ситуациялық есеп

18 жасар зерттелуші бойының ұзындығы 100см., дене бітімі пропорциональды. Анықталған бой бұзылысы қай эндокриндік без қызметінің жетіспеушілігін көрсетеді?

Есепті шешу алгоритмі:

· Адам организміндегі қай эндокриндік бездер ұлпаның өсуі мен дифференцировкасының реттелісінде қатысады?

· Есепте көрсетілген және қалыпты, шапшаң және баяу физикалық дамуды қалай бағалауға болады?

· Бұл гипофиздің қай гормонымен байланысты?

№ 32- ситуациялық есеп.

Мүшелерді (жүрек, бүйректер) алып салудан кейінгі гормондық терапияның жүргізілуі қандай мақсатпен қолданылады?

Есепті шешу алгоритмі:

Иммунитет туралы түсінік. Иммунитетті реттейтін гормондар. Иммуно-депрессорлар.

№ 35- ситуациялық есеп.

Сулы-тұзды алмасудың реттелісіне қандай гормондар қатысады?

Есепті шешу алгоритмі: организмнің сулы-тұзды алмасуы. Сулы-тұзды алмасудың реттелісі. Сулы-тұзды алмасудың реттелісіне қатысатын гипофиз және бүйрек үсті безі қыртысының гормондары.

 

№ 11- ситуациялық есеп.

Балада қалқанша безінің жетіспеушілігі анықталды. Емсіз баланың дамуында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Есепті шешу алгоритмі:

1. Қалқанша безінің гормондары. Тироксин тобы гормондарының әсерімен байланысты организм қызметтері.

2. Микседема және кретинизм тиуралы түсінік.

№ 18- ситуациялық есеп.

Қай эндокриндік без әрекетінің өзгерісімен бірмезетте гипергликемия, глюкозурия, кетонурия, бауыр семіздігі, ақуыз ыдырауының жоғарылауы, ацидоз туу мүмкін?

Есепті шешу алгоритмі:

1. Зат алмасудың қай түрі бұзылған?

2. Көмірсу алмасуының реттелісі.

3. Реттелістің гипо- және гипергликемиялық факторлары.

 

 

№ 24- ситуациялық есеп.

Босанған әйелде сүттің түзілуі төмендеді. Қай немесе қандай гормондардың жетіспеушілігі, сонымен қатар, сыртқы тітіркендіргіштер әсерінен лактацияның төмендеу себебі болуы мүмкін?

 

Есепті шешу алгоритмі:

1. Детородты қызметті реттейтін гормондар және олардың қарым-қатынас.

2. Гипоталамус-гипофиз жүйесі.

3. Сүт бездері дамуының гормондық реттелісі және лактацияның қызметі.

4. Ему актісінің физиологиялық ролі және сүттің бөлінуі.

 

№ 37- ситуациялық есеп.

Босану кезінде жатыр жиырылуының бірден төмендеуі белгіленді. Ұрық өміріне қауіп төндіретін босану ұзаққа созылуда. Жүкті әйелге қай эндокриндік без гормонын егуге болдаы?

Есепті шешу алгоритмі:

1. Гипофизбен қандай гормондар өндіріледі?

2. Окситоцин, вазопрессин қандай тиімділіктермен қабілетті?

 

№ 38- ситуациялық есеп.

Бастапқы емізуге қарағанда, босанудан кейін, жатырдың жиырылуы белсенді түрде өтілетіндігі белгілі. Осы екі құбылыстың өзара әрекеттілігінің физиологиялық тегершігі қандай?

 

Есепті шешу алгоритмі:

1. Рефлекс деген не?

2. Гормондық негізде баланы емізу кезінде организмде қандай өзгерістер жүреді?

3. Гипофиз, окситоцин, жатырдың жиырылуы.

 

№ 41- ситуациялық есеп.

Зерттелушіде бет пен дененің семіздігіне шағымдар бар; лабораториялық зерттеуде қанда глюкоза, несепте қант мөлшері жоғарылаған, АҚ көтерілген. Қай эндокриндік без қызметінің жоғарылағандығы туралы ойлауға болады?

 

Есепті шешу алгоритмі:

Гомеостатикалық жағдай, қызметтің реттелу тегершігіндегі гипоталамус-гипофиздік жүйенің ролі. Осы қатынастар жағынан есепті қарастыру қажет.

 

(студенттерге арналған)