ЖҰМЫС Қарашық рефлекстері

Жұмыс барысы: Зерттелуші шам жарығына қарама-қарсы отрырады. Зерттеуші, зерттелушінің екі көздің қарашығының өзгерісін бақылайды, содан соң, зерттелуші бір көзін алақанмен жабады, ал зерттеуші осы көздің қарашығының өзгерісін бақылайды. Содан кейін осы көздің ашылғандағы қарашықтың өзгерісін анықтайды. Зерттелуші екі көзін де 30 сек. жабады, ал зерттеуші екі көз ашылғандағы қарашықтың өзгеру реакциясын бақылайды.

Келесі кезекте зерттелушінің алысқа көздерін тігуін сұрайды. Осы кезде 15 см. алшақтатылған саусақ ұшына немесе қаламсапқа көздерін жылдам тігуін қадағалайды. Осы уақытта зерттеуші көз конвергенциясы және біруақытта қарашық реакциясын бақылайды және көз өсі мен қарашық шамасы қалай өзгеретіндігін белгілейді.

 

Жұмыс. Бинокулярлық көру қабілетін зерттеу.

№ 1 жұмыс «екі қарындаш»

Керекті құрал-жабдықтар: 2 карындаш. Зерттеу объектісі: адам.

Жұмыс барысы: бір қарындаш үстел үстінде жатыр. Зерттелушіге көзін жұмбай тұрып екінші қарындашты үстел үстінде жатқан қарындаштың ортасына тигізе отырып перпендикуляр қоюын сұрайды. Бинокулярлық көру қабілеті қалыпты адам бұл жұмысты бір істегеннен-ақ тигізе алады,ал қалыпты емес жағдайда ол бірнеше рет қайталаса да істей алмайды . Содан соң зерттелушіге көзін кезекпен,яғни оң және сол көзін жұма отырып екінші қарындаштың ұшымен бірінші қарындашқа тигізу керек . Монокулярлық көру қабілеті бойынша бірінші қарындаштың ұшын екіншісіне тигізу қиын.

Қорытынды: Зерттелуші көзі ашық кезінде екінші қарындашты біріншіге неше рет қайталағанда және қаншалықты дәл тигізгенін анықтаңыз. Бір көзі ашық кезінде бұл жұмысты жүзеге асыру не себепті қиын екенін түсіндіріңіз.

№ 2 Жұмыс«Алақандағы тесік»

Керекті құрал-жабдықтар: Тесігі бар темір түтік.

Зерттеу объектісі: адам.

Барысы: Зерттелуші екі көзімен жақсы жарықтанған кеңістікке түтіктің тесігі арқылы сол қолымен ұстап тұрып қарайды .Зерттелуші сол қарап тұрған қалпында түтікке оң жағынан оң алақанын қояды . Егер зерттелушінің бинокулярлық көру қабілеті бұзылмаса, онда кеңістіктегі түтікпен көрген бейне алақанның ортасына өту арқылы «алақандағы тесік» сияқты көрінеді.Бинокулярлық көру қабілеті бұзылған жағдайда «алақандағы тесікті»көре алмаймыз.

Қорытынды: Зертелушінің жауаптарына анализ жаса және бинокулярлық көру қабілетінің қалыпты немесе бұзылған жағдайына қорытынды жасаңыз.

Жұмыс №7 Жобаларды салу

 

 


Көру өрісінің сызбанұсқасы

 

Науқастың аты-жөні ....................................................... Күні ............................

Сол көз Оң көз

Көру өткірлігі Нысан Көру өткірлігі Нысан


 

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   89 бет 139

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУЛЕР

(тәжірибелік, семинарлық, лабораторлық)

 

 

Тақырыбы:Есту, тепе-теңдік талдағыштары.

Сағат саны:4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

 

Дайындаған :Ибраева С.С

 

Астана, 2013ж.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   90 бет 139

 

1. Тақырыбы:Есту, тепе-теңдік талдағыштары.

2. Мақсаты:Есту, тепе-теңдік талдағыштарын оқу

3. Оқу мақсаты:Есту және тепе-теңдік талдағыштарының құрылысы мен қызметтенуі туралы түсінік беру. Есту мүшесі және тепе-теңдік аппараты жұмысының жалпы принциптерін ұйымдастыру. Студентке есту өткірлігін, есту сезімталдылығының табалдырығын анықтауды үйрету.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Есту талдағышы. Дыбыс ұстайтын, дыбыс өткізгіш және дыбыс қабылдағыш аппараттар.

2. Дыбыс талдаудың орталық механизмдері.

3. Дыбыс қабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, Г. Бекеши және т.б.). Бинауральды есту. Организмнің жүйелік іс-әрекетінде есту афферентациясының ролі.

4. Есту талдағышын зерттеу әдістері.

5. Тепе-теңдік талдағышы. Кеңістікте дене жағдайын бағалауда және оның кеңістікте қозғалуындағы оның ролі.

6. Жылдамдықта және дене салмақсызданған жағдайдағы рецепторлық, өткізгіш және қыртыстық бөлімдері. Тепе-теңдік талдағышты шынықтыру.

7. Тепе-теңдік талдағышты зерттеу әдістері.

 

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

А) Сүйектік және ауалық өткізгішті зерттеу

Б) тепе-теңдік аппаратының қызметтік тұрақтылығын зерттеу.

В) Бинауральді есту.

 

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева,А.А.Өтепбергенов,Ж.Б. Нілдібаева,Алматы,2005,663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006, 52 б.

 

7. Бақылау:Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу.

 

«Астана медицина университеті» АҚ     ӘӨ-07.1.15
Қалыпты физиология кафедрасы   91 бет 139