Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі

 

Ресми түсініктемеге сәйкес жұмыс беруші дегеніміз — жұмыскер өзімен құқықтық қатынаста болатын заңды немесе жеке тұлға (Еңбек туралы Заңның 1 бабы). Сол себепті кәсіпорын, мекеме, ұйым, кооперативтер, фермерлер және еңбек шарты бойынша жалдау негізінде жұмыс беретін басқа кез-келген заңдық және жеке тұлға жұмыс беруші болып табылады. Жұмыс берушілердің еңбектік құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен бойда туындайды. Жұмыс берушінің еңбек құқығының субъектісі ретіндегі сипаттамасы осы рәсіммен (тіркеумен) байланысты.

Кәсіпорын (мекеме, ұйым) дегеніміз белгілі бір кейіпте ұйымдасқан, заңды түрде оқшауланған жұмыскерлер ұжымы, ол белгілі бір өндірістік-шаруашылық (коммерциялық) қызметпен айналысады, сол қызметін жүргізгенде тиісті материалдық-техникалық базаны (ғимарат, құрал-жабдық, көлік, т.б.) пайдаланады. Жалпы азаматтық құқықтар мен міндеттерден басқа бұл ұжымдардың қызметкерлерінде олардың өндірістік-шаруашылық қызметке қатысуымен тікелей байланысты, біліктілік сипаттамаларда, лауазымдық ережелерде, нұсқауларда, т.б. бекітілген арнайы құқықтар мен міндеттер болады. Кәсіпорында (ұйымда, мекемеде) тиісті ішкі құрылым болады, әрбір бөлімше өздерінің, өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындайды. Жұмыс берушінің ұйымдық тұтастығы тиісті жарғыңа немесе ережеде заңмен ресімделеді.

Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының және бас (аға) бухгалтердің лауазымдық жалақыларының мөлшерін, оларға сыйақы төлеу және басқадай мадақтау жүйесін өкілетті орган белгілейді.

Кәсіпорын басқа да еңбек жағдайын өз бетінше белгілеуге құқылы (жұмыскерлердің кейбір санаттары үшін қысқартылған жұмыс күнін, қосымша демалыс, жеңілдіктер, т.б.) Сонымен қатар кәсіпорынға еңбектің қауіпсіз жағдайын, заңмен кепілдік берілген ең аз жалақы мөлшерін қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау шараларын қолдану, т.б. міндеттер жүктеледі. Өздерінің еңбек міндеттерін атқарумен бай­ланысты жұмыскерлердің денсаулығына келген нұқсан үшін кәсіпорын жауаптылық кетереді.

Мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету максатында кәсіпорындарды мемлекеттік басқаруды күшейту үрдісі байкалуда (өкілетті органдар тарапынан). Кәсіпорынның заңды тұлға ретіндегі органы — оның басшысы саналады, оны өкілетті орган тағайындайды, оған басшы есеп береді. Кәсіпорын басшысының құқықтық мәртебесі өзіндік ерекшелікке ие. Бір жағынан ол жалданбалы жұмыскер. Сондықтан өкілетті орган онымен арадағы қатынасты тікелей жеке еңбек шарты арқылы реттейді, онда басшының құқығы, міндеті және жауапкершілігі, оның еңбек ету, дем алу және материалдық қамтамасыз етілу жағдайы, шарттың мерзімі және заңнамада көзделген кепілдіктер ескеріле отырып оны қызметінен босатудың негіздері көрсетіледі. Кәсіпорындағы ахуал үшін басшы меншік иесі алдында тікелей өзі жауап береді.

Басқа жағынан алғанда, кәсіпорын басшысы басқарушылық қызметін жүзеге асырушы ретінде тиісті бір өкілеттіктер алған. Ол жеке басқару принципі бойынша әрекет етеді, кәсіпорын жарғысында және күшіндегі заңнамада белгіленген өз құзырына сәйкес кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін өзі шешеді. Басшы ешқандай сенімхатсыз кәсіпорын атынан, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, кәсіпорын мүлкіне қожалық етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банкте есеп ашады және басқа да мәміле жасайды, барлық жұмыскерлер үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді.

Кәсіпорын ұжымына қатысты ұйымдық басқару міндетін әкімшілік жүзеге асырады, оның құрамына басшыдан басқа оның орынбасарлары, өзге де басшы қызметкерлер кіреді. Басшы өз өкілеттігі шеңберінде және еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорынға жұмысқа адамдар қабылдайды және оларды жұмыстан босатады, мадақтау шараларын қолданады, оларға жаза тағайындайды. Штат кестесін кәсіпорынның өзі анықтайды. Ал, басшының ұсынысы бойынша өкілетті орган жұмысқа алатын немесе жұмыстан босататын қызметкерлер номенклатурасы жарғыда көрсетіледі.

Басшының орынбасарларын кәсіпорын басшысының ұсынысымен өкілетті орган жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады.

Басшының орынбасарларының және басқа басшы қызметкерлердің өкілдігін мекеме басшысы анықтайды. Басшының орынбасарлары өз құзыры шегінде кәсіпорын атынан әрекет жасайды, мемлекеттік органдарда және басқа кәсіпорындарда оның мүддесін білдіреді, олар шаруашылық операцияларын жүргізе алады, сенімхатсыз шартжасаса алады, соңдай-ақ кәсіпорын қызметкерлеріне сенімхат бере алады.

Кәсіпорын таратылған немесе қайта құрылған жағдайда жұмыстан босаған жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кепілдігі бар.

Кәсіпорынның еңбек ұжымы еңбек құқығының субъектісі болып табылады. Әкімшілік пен еңбек ұжымының араларындағы қатынасты кәсіпорынның жарғысы анықтайды. Еңбек ұжымы дегеніміз — жеке еңбек шарты негізінде өздерінің бірлескен еңбегімен кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін барлық жұмыскерлер жиынтығы. Ұйымдық жағынан еңбек ұжымы толықтай кесіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімшесін құрауы мүмкін (цех, бригада, т.б.)

Еңбек ұжымының ең жоғарғы органы — жалпы жиналыс (конференция). Сондай-ақ, еңбек ұжымы корпоративтік ұйымдарда да құрынуы мүмкін. Мысалы, еңбек шарты бойынша өндірістік кооперативте жұмыс істеуші адамдар жалданбалы жұмыскерлердің еңбек ұжымын құрайды. (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазаңдағы "Өндірістік коопертив туралы" заң күші бар Жарлығының 23 бабы.1

Еңбек ұжымының заң шығарушылық қызметі оның сол ұжымдағы еңбектің жағдайын реттеуге тікелей қатысуымен шектеледі. Мысалы, ұжымдық шарттың жобасын, барлық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып талқыланғаннан кейін, екі жақтық комиссия толықтырып дайындайды, ол комиссияға жұмыс беруші және жұмысқа жалданушылар жағынан кіретін адамдар саны тең болады. Содан соң ғана ұжымдық шартқа екі жақтың да өкілетті өкілдері қол қояды, ол содан кейін жергілікті нормативтік құқықтық актіге айналады.

Өндірістік кооператив еңбек құқығының субъектісі болып табылады. Оның құқықтық жағдайын Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қарашадағы "Өндірістік кооператив туралы" заң күші бар Жарлығы анықтайды. Өндірістік кооператив дегеніміз — азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік құрып, оған тікелей қатысатын және мүліктік жарна (пай) төлейтін ерікті қауымдастығы. Өндірістік кооперативтің құқықтық субъектілігі оның жарғысы тіркелген күннен бастап туындайды.

Өндірістік кооперативке оның мүшелері мен жалданбалы жұмыскерлердің еңбек ұжымы, яғни ұжымда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар кіреді. Жасы 16-ға толған, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның қызметіне тікелей өз еңбегімен қатыса алатын кез-келген адам өндірістік кооперативке мүше бола алады. Зейнеткер жасына жеткен кооператив мүшелері кооператив жарғысында көзделген тәртіпте өз мүшелігін сақтай алады.

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық формасына қарамастан еңбек етуші азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері қамтамасыз етілуге тиіс. Атап айтқанда, кәсіпкер жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайын тудыруға, ең аз мөлшерден кем емес еңбек ақы төлеуге, сондай-ақ күшіндегі заңдарға сәйкес әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздаңдыру мәселелеріне қатысты кепілдіктер беруге міндетті. Кәсіпкер мен еңбек ұжымы арасындағы немесе олар өкілдік берген органдар арасындағы ұжымдық шарт (келісім), сондай-ақ кәсіпкер мен жұмыскер арасындағы жеке еңбек шарты еңбек туралы заңнамаға қайшы келмеуге тиіс.

Мемлекеттік органдардың басшыларына, сол органдарда қызмет етіп жүрген кезде, кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған. Сонымен қатар, сот үкімі бойынша тиісті құқығынан айырылған адамдарға да кәсіпкерлікпен айналысуға болмайды.

Заңдық тұлға құқығына ие болған қоғамдық, діни және басқа ұйымдар да жұмыс беруші бола алады. Бұл ұйымдардың еңбектік құқықсубъектілігінде олардың жарғыларынан туындайтын бірқатар ерекшелікгер бар. Мысалы, діни бірлестіктер, олар құрған кәсіпорындар мен мекемелер жұмыскер ретінде азаматтарды жұмысқа қабылдағанда, олармен міндетті түрде жазбаша шарт жасасуға тиіс. Еңбек ақы төлеудің шарты, тәртібі және оның мөлшері діни бірлестік пен азамат арасында жасалған келісімде анықталады, олар еңбек шартында көрсетіледі. Діни бірлестіктерде, олардың кәсіпорындары мен мекемелерінде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтарға еңбек туралы заңнама, салық салу тәртібі мемлекеттік және қоғамдық кәсіпорындардың (мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлерімен бірдей таралады. Діни бірлестіктерде, олардың кәсіпорыңдары мен мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың, оның ішіңде діни қызметкерлердің табысына салық салу мемлекеттік кәсіпорыңдардың, мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген төлем мөлшері (ставка) бойынша жүзеге асырылады. (1992 жылғы 15 қаңтардағы "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабы1).

Қоғамдық бірлестіктердің заңдық мәртебесі 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы"1 Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (106 бап), басқа да заңнамада анықталған. Қоғамдық бірлестіктер оның мүшелерінің еріктілігі, тең құқылығы, өзін өзі басқару, заңдылық, қызметіне есеп беру және жариялылық негізінде құрылады. Қоғамдық бірлестіктердің еңбектік құқықсубъектілігі оның жарғысында анықталады, онда ұйымдық мәселелермен қатар басқарушы органдар құру, олардың өкілеттігі мен басқару мерзімі, қызметкерлердің штаттық құрамы, еңбек ақы төлеу қоры, т.б. көзделеді. Қоғамдық бірлестіктердің аппаратында жалданып жұмыс істейтін адамдарға еңбек туралы, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру туралы заңдар таралады. Қоғамдық бірлестіктер өздерінің жарғыларында кезделген мақсатқа жеткендерінше жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктердің еңбектік құқықсубъектілігі олар мемлекеттік тіркеуден еткен кезден бастап туындайды және олар қайта ұйымдастырылса немесе таратылса тоқтайды.