Аттестаттауды өткізу

16. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау педагогикалық қызметкерлер қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау арқылы педагог қызметкерлердің біліктілік лауазымдық сипаттамаларына сәйкес бір кезеңде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мыналар анықталады:
1) білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды орындау;
2) мәлімденген біліктілік санаттарына сәйкес педагогикалық қызметкердің біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау;
3) өзінің кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау.
17. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес педагог қызметкерлер біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтеді.
18. Педагог қызметкерді аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәнді оқыту кезінде педагог қызметкерді аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
19. Шағын жинақты мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда жеке куәлігі немесе тиісті біліктілік берілген қайта даярлау курсында кәсіби оқу туралы сертификаты негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
20. Педагог жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пән бойынша сабақ берген жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады, ал аттестаттау біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификат болған кезде жалпы негіз бойынша өткізіледі.
Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша аттестаттаудан өтеді. Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) білім туралы дипломда көрсетілмеген мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша білім беру ұйымдарында қайта даярлаудан өту нәтижесінде алған сертификаты негізінде аттестаттаудан өткізіледі.
Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және қосымша пәндер (арнайы педагогика, арнайы психология және басқалары) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі ескеріле отырылып, аттестаттаудан өткізіледі.
Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдарда білікті мамандар болмаған жағдайда ұйымның басшысы мемлекеттік білім беруді басқару органына педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы өтінішхатпен жүгінеді.
20-1. Педагог қызметкер біліктілік талаптарына сай өтініштің негізінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік санатын беру (растау) үшін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді.
Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20-2. Аудандық, қалалық, облыстық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері жалпы негізде аттестаттаудан өтеді.
Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысу кезінде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Ескерту. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20-3. Педагог қызметкер және оларға теңестірілген тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес өтініші негізінде «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша біліктілік санатын алу (растау) мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді:
1) екінші біліктілік санатына:
жоғары оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
«Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
кәсіптік орта (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар;
өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар;
2) бірінші біліктілік санатына:
ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде 3 жыл педагогикалық жұмыс өтілі және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар;
облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен екінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар;
3) жоғары біліктілік санатына:
қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
біліктілікті арттыру институтынан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі, бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, магистр академиялық дәрежесі бар және кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда біліктілікті арттырудан өткен бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар;
өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде бес жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар.
Ескерту. 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер екі кезеңде аттестаттаудан өтеді:
1) бірінші кезең – біліктілік тестілеу;
2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау.
Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу – 20 сұрақ;
2) педагогика және психология негіздері – 20 сұрақ;
3) пәндік білім негіздері – 20 сұрақ.
Тестілеудің жалпы уақыты жүз елу (150) минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерді, сондай-ақ, арнайы, жалпы кәсіптік пәндердің оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін қоспағанда, жалпы тестілеу уақыты жүз жиырма (120) минутты құрайды.
Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша - 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50% болса, оң деп есептеледі.
Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.
Дәлелді себептер мыналар болып табылады:
1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);
2) жүктілік және бала туу, бала күту демалысында болу;
3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу.
Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
Тестілеуден өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге кемінде 2 апта қалғанда педагог қызметкерге хабарланады.
Тестілеу жыл сайын 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
Өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар біліктілік тестілеуінен босатылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әдістемелік қызметкерлер, білім беру бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, қосымша қызмет бойынша сабақ беретін басқа тұлғалар жалпы негізде оқытатын пәні бойынша аттестаттаудан өтеді.
23. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады.
Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
24. Келесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өтуге ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, арнайы, түзету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің педагог қызметкерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.
25. Аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру органның алқалық шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.
26. Өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігіне аттестатталатын педагог қызметкерлердің қызмет қорытындысына талдауды сараптама топтары жүргізеді:
екінші біліктілік санатына – білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктердің, пәндік-циклдік комиссиялардың, кафедралардың өкілдері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді;
бірінші біліктілік санатына – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйелері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді;
облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің бірінші біліктілік санатына және жоғары біліктілік санатына облыстық деңгейде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның сараптама тобының құрамына (республикалық ведомстволық ұйымдар үшін): әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің өкілдері, тәжірибелі педагогтер кіреді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Педагог қызметкердің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтауды жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында сараптама топтары жүргізеді.
28. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) аттестаттауға өтініш;
2) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:
жеке басты куәландыратын құжат;
білімі туралы диплом;
қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаты;
бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;
біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.
3) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда):
педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;
педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;
педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат;
педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар; педагог қызметкердің наградалық материалдары;
соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда – 1-2 жыл).
29. Аттестатталатын педагог қызметкердің қызмет қорытындысына талдау сараптама тобының отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама тобы қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.
30. Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына құжаттардың көшірмелері ұсынылады:
1) аттестаттауға өтініш;
2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі;
3) білімі туралы диплом көшірмесі;
4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;
6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);
7) сараптама тобының қорытындысы.
31. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады:
1) біліктілік санаты талаптарына сәйкес;
2) біліктілік санаты талаптарына сәйкес емес.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Педагог қызметкерге біліктілік санатын беруді (растауды) болдырмау туралы шешім толық негіздемемен жеке хаттама арқылы ресімделеді.
33. Аттестаттау комиссиясы «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда санат бір деңгейге төмендейді, мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен жағдайда қазіргі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
34. Біліктілік санатын төмендету туралы шешім, тиісінше, еңбекақы аттестаттау комиссиясының шешімдері негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

Орытынды ереже

Ескерту. 4-тараумен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

35. Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшылар 1 шілдеден кешіктірмей шығарады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі жаңа оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.
36. Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 31 тамыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Аттестатталған педагог қызметкерлерге біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі.
37. Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысқа шыққаннан кейін соңғы үш жылдың талдау қорытындысы бойынша:
1) бала күтімі бойынша демалыстан шыққан;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтік іссапарда, оқуда (тағылымдамада) болған;
3) Қазақстан Республикасының ішінде жұмыс орнын ауыстырған;
4) Білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген;
5) Білім беру саласының уәкілетті органынан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан келген педагог қызметкерлерге жүргізіледі.
38. Жасы бойынша зейнетке шығуға 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлердің бұрын берілген біліктілік санаты сақталады.

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог
қызметкерлер мен оларға теңестірілген
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына қосымша

нысан

_____________________________________________________________________
(санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы)
_____________________________________________________________________
(педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 20 ____ жылы ____________________________ лауазымы бойынша біліктілік санатына _________________________________________________ аттестаттауды сұраймын.
Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын:
Білімі:

Оқу орнының атауы Оқу кезеңі Диплом бойынша мамандық

Жұмыс өтілі:

Жалпы Мамандық бойынша Педагогикалық Осы білім беру ұйымында

Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете отырып _____________________________________
Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым
20 ____ жылғы «____» ________________
______________________
(Қолы)

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарында жұмыс істейтін педагог
қызметкерлер мен оларға теңестірілген
тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарына 2-қосымша

нысан