Тəрбие əдiстерiн таңдау

Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi жөнiнде түсiнiк

Тәрбие әдістерін таңдау

Тәрбие әдістерін жіктеу

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері

Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері

Ынталандыру әдістері

Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi жөнiнде түсiнiк

Тəрбие əдiсi(гректiң ''методос'' – жол деген сөз) – бұл мектеп тəжiрибесiнде тəрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн пайдаланылатын жол, тəсiлдер– тəрбиелеу саласына,еркiне, сезiмiне, iс-əрекетiне əсер ету шаралары.Тəрбиелеу мақсаттарына əртүрлi жолдармен жетуге болады. Тəрбиешi тəрбиеленушiмен,олардың күш-қуатына, мүмкiндiктерiне, ынталарына сүйене отырып, iстеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тəрбие мақсатына жету тəсiлi ашылады. Əрине, кейбiр жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезiрек жеткiзедi. Тəрбиешiнiң алдында тəрбиеге сай келетiн, көзделген жетiстiкке тез апаратын жəне аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу мiндетi тұрады.

Құрастыру, таңдау жəне тəрбие əдiстерiн дұрыс пайдалану – кəсiптiк педагогиканың асқар шыңы болып есептеледi. Алайда, тəрбиенiң жаңа əдiсiн жасауға көрiнген тəрбиешiнiң күшi келе бермейтiнi белгiлi. Əдiстердi жоғары деңгейге көтеру үнемi алға тартылатын мiндет. Тəрбие процесiнiң жағдайына

тура келетiндей, тəрбиешi өз күшi мен мүмкiндiгiне қарай жалпы əдiстер мен толықтырулар енгiзе отырып, өз мiндеттерiн шеше алады.

Тəрбие тəсiлi -жалпы əдiстiң бөлiгi, жеке дара əрекет (əсер ету), нақты iс. Тəсiлдер – бұл тəрбиешiнiң қойылған мақсатқа тез жету үшiн тəрбиеленушiмен бiрге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тəрбиешiлер де пайдалана бастаса, бiртiндеп ол соқпақ үлкен жолға -əдiске айналады. Тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерiн тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлiк деңгейiнiң маңызды сипаттамасын бiлдiредi. Демек, тəрбие əдiстерi мен тəсiлдерi тығыз байланысты.

Тəрбие құрал-жабдығыкең түсiнiктi қамтиды.Тəсiл- деп жеке əсер етудi түсiнсек, құрал түсiнiгi сол тəсiлдердiң бiрлiгiн бiлдiредi. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тəсiл емес, бiрақ əлi əдiстiкке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек - тəрбие құралы, бiрақ еңбектi бағалау, көрсету,

қателiгiн анықтау - бұл ондағы тəсiлдер. Сөз (кең түсiнiктегi) - тəрбие құралы, бiрақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тəсiлдерге жатады. Осыған байланысты кейде тəрбие əдiсi қойылған мақсатқа жету тəсiлдерi мен құралдары жүйесi ретiнде анықталады, өйткенi əдiс құрылымында

тəсiлдер мен құралдар мiндеттi түрде бiрге қарастырылады.

 

Тəрбие əдiстерiн таңдау

Əдiстердiң жақсы, жаманы болмайды, тəрбиелеу жолын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемiстi-жемiссiз деп жариялауға болмайды. Əдiстердi таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бiрақ факторлардың саналуандығына қарамастан əдiстердi таңдау детерминатты, яғни себептi байланыста болып келедi. Тəрбиешi қолданған əдiстерiнiң себептерiн қанша-лықты терең түсiнсе, əдiстiң өзiндiк сипатын бiлiп, қолдануды бiлсе, соншалықты əдiстiң өнiмдiсiн, тəрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.Тəжiрибеде үнемi тұратын мiндет - əдiстiң бiреуiн ғана қолданбай, тиiмдiсiн, нəтижелi болатынын таңдау. Тиiмдi деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететiн неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.

Кейбiр жағдайларды жете ескерген, өзiне тиiмдi педагогикалық iс-əрекеттi пайдаланған тəрбиешi тəрбие жұмысында əрқашан жоғары жетiстiкке жетедi. Тəрбие əдiсiн таңдау – жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенедi. Тəрбие əдiстерiн таңдауды анықтайтын жалпы принциптердi қарастырайық. Бiрiншi кезекте төмендегiлер ескерiлуi қажет:

1. Тəрбие мақсаттары мен мiндеттерi. Мақсат əдiстi тек жақтап қана қоймай, оны белгiлейдi. Қандай мақсат болса, оған жетудiң нақты тəсiлi болуы керек.

2. Тəрбие мағынасы. Бiр мiндет бiрнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау қажет. Сол үшiн əдiстi мазмұнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиiмдi.

3. Тəрбиеленушiлердiң жас ерекшелiктерi. Тəрбиелену-шiлердiң жас ерекшелiктерiне қарамай, мiндет əртүрлi əдiстермен шешiледi. Тəрбие процесiнiң барлық кезеңiнде белгiлi бiр сапалар қалыптасады, бiрақ əр жеке сыныпта тəрбие əдiсi өзгерiп отыруы тиiс. Бiрiншi сыныпқа дəл келетiнi, үшiншi сыныптағыларға сəйкес келмейдi, ал бесiншi сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкiн.

4. Ұжымның қалыптасу деңгейi. Ұжымның өзiн-өзi басқару формасының дамуына қарай педагогикалық əсер əдiстерi өзгерiссiз қалмайды: басқарудың ыңғайлы (гибкость) болып келуi тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң бiрiгiп қызмет етуiнiң табысты шарты ретiнде қажет.

5. Тəрбиеленушiлердiң жекелiк жəне тұлғалық ерекшелiктерi. Жалпы əдiстер, жалпы бағдарламалар тəрбиелiк өзара əрекеттегi тек бастама ғана. Жекелiк жəне тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тəрбиешi өз əдiстерiнде əр тұлғаның өзiне тəн қабiлеттерiн дамытуға, оның өзiндiк қасиеттерiнiң сақталуына, ''мендiк'' белгiлерiн қалыптастыруға мүмкiндiк

беретiн əрекеттердi жасайды.

6. Тəрбиелiк жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық-физиологиялық, санитарлы- гигиеналық, сонымен бiрге сыныпта болатын қарым-қатынастар, яғни ұжымның көңiл-жайы, педагогикалық жетекшiлiктiң стилi жəне тағы басқалар жатады. Абстрактты (дерексiз) жағдайлар

болмайды, жағдайлар əрдайым нақты келедi. Олардың үйлесуiмен жасалатын тəрбиелiк шара-iстер – педагогикалық ситуациядеп аталады.

7. Тəрбие құралдары. Тəрбие əдiстерi тəрбие процесiнiң бөлiктерi ретiнде көрiнедi, олар педагогикалық құралдар бiрлiгiн құрайды. Əдiстерден басқа да тəрбие құралдары баршылық, олар əдiстермен тығыз байланыста, бiрге қолданылады (көрнекi құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары). Тəрбие құралдарына олармен бiрге, əртүрлi iс-əрекет түрлерi

(ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тiл, ым, қимыл т.б.), мұғалiм мен оқушының қалыпты өмiрлiк iс-əрекетiн жасауға көмектесетiн құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгiлi бiр деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейдi. Алайда осы жаңа жабдықтар əсерi тəрбие əдiстерiн таңдауға негiзгi ықпал жасайды.

8. Педагогикалық дəреже деңгейi. Тəрбиешi өзi бiлетiн, жеке меңгерген əдiстердi таңдайды. Көптеген əдiстер қиын, əрi көп күш жұмсауды талап етедi: кейбiр педагогтар бұл мəселенi айналып өткiсi келедi. Осыдан болатын кемшiлiк - тəрбиенiң жетiмсiздiгi.

9. Тəрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда ''ықпалды əсер ету''əдiсi қолданылады. Бұл əдiс əсiресе қысқа мерзiмде қайта тəрбиелеу үшiн қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты қасиеттерiн қалыптастыруға жеткiлiктi болатынын мойын-дайтын бiртұтас көзқарас жоқ. Кейбiр педагогтар уақыттың жеткiлiксiздiгiн алға тартып, ықпалды əсер ету əдiстерiне бағытталғанды жөн көредi. Қалай болғанда да, уақыт факторы тəрбие əдiстерiн таңдауда жəне жобалауда маңызды рөл атқарады.

10. Күтiлетiн қорытындылар. Тəрбиешi əдiстердi таңдай отырып, оның табысқа жеткiзетiнiне сенiмдi болуы қажет. Бұл үшiн ол қолданылған əдiстердiң қандай қорытындыға əкелетiнiн алдын- ала болжай бiлуi шарт.