Платон бойынша идея,эйдос,зат 3 страница

Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл — ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл — ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.

 

31.Шығыс пен батыс перипатеизмнің арасында қандай айырмашылық бар

32. Антикалық философияның римдік кезеңі несімен ерекшеленеді?

Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.

33.Фома Аквинскийдің философиялық синтезінің мағынасы қандай?

34. Кант трансцендентальді субъектіні қалай түсіндіреді?

Аристотельдің логикалық идеяларының сақталуына, олардың мән-маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегі зор. Аристотельдің дәлелденбейтін пікір, индукция туралы ілімін әл-Фараби жүйелі түрде дамытты. Ол предикат түрінде “өмір сүретін” құбылыстың бары жайында мүлде жаңа мәселе қойып, шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, логикадағы диалектикалық мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты.

Неміс философы Кант Аристотельге қарсы философияның зерттейтін формаларының деректік мәні жоқ, олар әншейінгі бос форма болып табылады, сондықтан, олардың мазмұн мен ақиқатқа қатысы жоқ деген пікір айтты. Кант пікірі бойынша, жалпы логика ғылымның формасын ғана емес, оның мазмұны мен генезисін де зерттейді. Жалпы логиканың ең жоғарғы принципі — қайшылық принципі (немесе қайшылыққа жол бермеу принципі), ал трансцендентальді логиканікі — әр түрлі пікірді біріктіріп, қисындастыру синтезі. Гегель “рухтың” тарихы, яғни мәдениет тарихы логикада синтезделуге тиіс, логика бұрынғы философияның, ең алдымен, онтологияның орнын басады, сонда болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігі пікірдің дамуын, оның өз бетімен дамуының ішкі ырғағына сәйкес имманентті, диалекттка түрде болатынын дәлелдейді.

35. 20ғасыр философиясының ерекшелігін сипаттаңыз.

Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.

Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым социологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам

арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды:

1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар;

2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс;

3) ғылымдағы адам.

Ғылым психологиясы ХХ-ғасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, ғылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тығыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шығармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психологиялық факторлардың ғылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы ғалымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицизм негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, ғылым психологиясы индивидуалды-шығармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдағы тұлғааралық қатынас- тардың ғылым процесіне, ғалымдардың интеллектуалдық қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі кезеңде ғылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр.

Ғылым этикасы ғылым дамуының заңдылықтарын, практиканы және ғылымның сапасын көтеруге бағытталған ғылымды басқаруды қажеттіліктерінен туындайды. Моральдық – этикалық факторлар ғалымның ізденістік қызметінің маңызды жағы. Ғылымның өмір сүруінің өзі

ғылыми тазалық, әділдік, принципшілдік, ақиқат үшін күрес секілді моральдік қасиеттерсіз мүмкін емес. Ғылымдағы этикалық аспектілер сан қырлы және олар әр түрлі деңгейлерде әр түрлі көрінеді.

36. Буддизмнің философ мәні неде

Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды. Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» — діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу— адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз — әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады

37.Ибн-Синаның философиялық идеясы

Шығыста да, Батыста да ең танымал оның “Медицина канондары” деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармокология, профилактика мәселелері қарастырылған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен қызықтырады. Ибн Сина философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия – игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика – бұл әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады.

Ғазалидің айтуынша ибн Сина “философиялаушы мұсылман” ретінде өзінің пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады. Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі ибн-Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теориясында жалғастырды.

38. Қожа Ахмет Ясауи сопылық философиясы

Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Ясауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. арип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Ясауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді

39. Р.Декарт әдісінің негізгі идеялары қандай

Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды. Декарттың ғылыми және философиялық ойлары еуропа құрлығымен шектелмей, басқа халықтардың ағартушылық қозғалысына да пайдалы ықпал етті. Мысалы, қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы Декарттың еңбегімен жете танысып, оның жан мен тән, индукция мен дедукция, Тәңірінің ақиқаттығы, ғылым адам игілігіне қызмет етуі тиіс" деген секілді көптеген тұжырымдарын қостады және ол туралы «Қара сөздерінде» өз көзқарасын Шығыс философиясыменбайланыстыра отырып пайымдады. Мұхтар Әуезов абайтану саласындағы барлық еңбектерінде Декарттың Абайдыңфилософиялық көзқарастарына әсерін ерекше атап өтеді. Ол «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845- 1904)» атты (1959) монографиясында Абайдың да «терең ойдың телміріп соңына ермей», адам жаратылысы туралы дуалистік жолда болғанына, жаңа идеалистік санадағы Декартқа кебірек жақындағанына талдау жасайды.

40. Экзистенциализм философиясының мәні неде

Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамныңөзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілікқұндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.

41. Неоплатонизм мәні несімен ерекшелінеді

Неопозитивизм – 20 ғ-дағы буржуазиялық философиядағы бағыттардың бірі, позитивизмнің жаңа формасы. Н. философияның нәрселігін жояды. Себебі шындық туралы білімді ол күнделікті және нақты ойлау арқылы алуға болады, ал филос. осы ойлау түрлерінің нәтижелері түрінде көрінетін тілді талдау жөніндегі қызмет ретінде мүмкін деп есептейді (Антикалық философия). Н. көзқарасы тұрғысынан алғанда филос. талдау объективті шындыққа таратылмайды, ол тек «мәліметтермен», яғни тікелей тәжірибемен және тілмен шектелуі тиіс. Н-нің ең сыртқары формасы, мыс.., Вена үйірмесінің ертедегі Н-і «мәліметтілікті» жеке адамның уайымымен шектей отырып, тікелей социализмге барды. Н-нің барынша ықпалды түрі логикалық позитивизм болды. Н-нің жалпылық бағытына ағылшындық философ-аналитиктер, Мурдың жақтаушылары да жақын жүрді (Л.С.Стебинг, Дж.Уисдом және т.б.). Логикалық львовтық-варшавалық мектептің бірқатар өкілдерінің филос. көзқарастары да Н-дік болды. 30-ж-дары неопозитивистік көзқарастары әр түрлі топтар мен жекелеген философтар идеялық және ғыл.ұйымдастыру тұрғысынан жақындай түсті. Олар: Вена үйірмесінің австрия нем. логикалық позитивстері (Карнап, Шлик, О, Нейрат және т.б.), берлиндік «Эмпирикалық филос. қоғамы» (Рейхенбах, К, Гемпел және т.б.),ағылшын аналитиктері, позитивистік-прагматикалық бағыттағы «ғылым философиясының» бірқатар амер. өкілдері (О. Нагель, Ч. Моррис, Фриджмен және т.б.), Швециядағы успаль мектебі, Г. Шольцтің жетекшілігіндегі монстер логикалық тобы (Германия)т.б. Сол кезден бері тұрақты түрде халықаралық конгрестер шақырылып, Н-нің идеясын баспасөзде кеңінен насихаттау жүргізіліп келеді. Осы кезеңде Н. өзін «ғылыми эмпиризм» тұрғысынан көрсете отырып, ғалымдардың әртүрлі топтарына айтарлықтай ықпал ете бастады, оның ықпалымен қазіргі ғылым жаңалықтарын талқыларда бірқатар, идеялистік бағыт қалыптасты. Осылармен қатар, неопозитивистермен бірге неопозитивист емес, бірақ конгрестерге, пікір-таластарға қатысып жүрген ғалымдардың формалды логика мен ғылым методологиясының кейбір мәселелері жөніндегі зерттеулерінің нақты нәтижелерінің мәнін атап өткен жөн. 30-жылдардың аяғынан бастап, Н. орталығы АҚШ болды, мұнда бұл филос. ең алдымен логикалық эмпиризм арқылы көрінді. Ағылшын Н-нің арнайы түрі лингвистикалық филос. болды. 50-жылдардан бастам Н. терең идеялық дағдарысқа ұшырады, ол дүниеге ғыл. Көзқарас пен ғылым методикасының бар проблемаларын шешуге қабілетсіздігімен байланысты болды. Бұл оның бурж. философиядағы ықпалын әлсіретуге жеткізді. Жеке алғанда бұл оны Батыстағы филос. ғылымының позитивизм және сыншыл рационализм сияқты бағыттары тарапынан сынау барысында байқалып отыр.

42.Неміс философиясының ерекшелігі неде

Неміс классикалық философия – Жаңа заман батыс философиясының жоғарғы жетістігі. XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басында Батыс Еуропа елдерінде көптеген өзгерістер мен жаңалықтар болды. Ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезе Неміс жерінде әдебиет пен өнер, ғылым мен мәдениет ерекше даму деңгейін көрсетті. Сөйтіп неміс жерінде жаңа класикалық философияның озық үлгісі жасалды.

Неміс классикалық философиясының әрбір өкілі ерекше бай идеялар мен концепцияларға толы етіп жасады, соымен қатар олар өздерінің рухани бірлігін көрсете білді. Неміс классикалық философиясына мынандай жалпы сипаттар тән болды:

1. философияның рөлін өзіндік ерекшеліктермен түсіндіру, олар философияның рөлін мәдениетке сыни көзқарастармен түсіндіріп, философияның негізгі сұрағы ойлаудың болмысқа қатынасы екендігін анықтады;

2. Неміс классикалық философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кедегі қоғамдық дамуды терең талдады;

3. Неміс классикалық философиясы жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды.

4. Неміс классикалық философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады.

5. Неміс классикалық философиясы таным теориясындағы субъект пен объектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теоретикалық ойлау формасын жаңа сатыға көтерді.

6. Философияға нақты катигориялар мен идеялардан тұратын ерекше философиялық пән ретінде қарады, сөйтіп философиялық катигориялардың атқаратын рөлін көрсетті.

7. Неміс классикалық философиясы гуманизм мәселесінің философиялық рөхлін айқындай отырып, адамзат өмірінің әрекетін талдауға тырысты. ХVІІІ ғ. Француз ағартушыларынан кейін адамның табиғат пен рухқа қожайын екенін айтты, ақылдың жасампаздығын, тарихи процесстің заңдылыққа сүйенетіндігін тұжырымдады.

43. И.Кант философиясындағы дуализм мәні

Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.