Платон бойынша идея,эйдос,зат 4 страница

И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап, негіздеп беру еді.

44. Г.Гегельдің объективтік идеалисттік диалектикасының мәні

Гегель - объективтік идеалист. Оның еңбектері: ”Логика ғылымы”, ”Право философиясы”, ”Рух феноменологиясы”, ”Философиялық ғылымдар энциклопедиясы”. Гегель Кант философиясының қайшылықтарын жеңбек болды. Гегель: “Қандай білім болса да –дамудың нәтижесі”, - деп жариялады. Білім ішкі қайшылықтар нәтижесінде пайда болады, дамиды. Гегельдің ең басты жетістігі: ол таным процесін адамның іс-әрекетімен байлаыстырды. Бірақ адамның іс-әрекеті тек рухани сферамен шектелді. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы. Гегель философиясының басты мәселесі әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны. Гегель абсолюттік идеяны табиғат, қоғам пайда болғанға дейін таза идея күйінде қарап, оның дамуын табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырды. Гегельдің “Логика ғылымы” еңбегі үш бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім - “болмыс”; 2-бөлімі - ”мән”; 3-ші бөлімі –“ұғым” деп аталады. Гегельдің айтуынша, логиканың басты мәселесі - абсолюттік идеяның өздігінен қозғалуы. Бұл еңбегінде Гегель диалектиканың үш жалпылық заңының негізгі категорияларын ашты. (Категория – бұл жалпы, универсальды, философиялық ұғым). Гегель берген көптеген философиялық анықтамаларды біз пайдаланып жүрміз. Бірақ Гегель таза идеяның абсолюттік идея, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады. (Демиург-шебер жаратушы). Идеяның даму заңдары объективті щындықтың даму заңдарының санадағы көшірмесі екенін Гегель түсінбеді. Оның пікірінше табиғат - абсолюттік идеяның екінші өмірі. Бірақ табиғат дамымайды, дамитын тек идея деген қате пікірде болды. Олай болса білім физикалық дүниеге сәйкес келмей қалады. Оны сәйкестіндіретін адам іс-әрекеті, танымдағы практикалық тарихи қызмет. Ойдың өмір сүру шындығы - бұл тіл. “Материя—бұл ұғымның бір көрініісі”, - деп қарастырды Гегель.

45. Ибн Рушд философиясының мәні

Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.

46. Әл-Ғазали философиясының мәні

Әл-Ғазали Ибн Мухаммед (1059-1111) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл-парасаты жететін объектілер де ("тамаша мінез", "тамаша ғұмыр") тамаша бола алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл-Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан ғажап еңбек.

47. Милет мектебінің ерекшелігі неде

Милет мектебіФалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.Фалесзаттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады.Анаксименбарлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады.

48. Эллеаттар мектебінің ерекшелігі неде

Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.

Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады.

Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті ол туралы айтуға да болмайды. Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз.

Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің субстанциясы.

Зенон шекті және шексіздік, жалғыздық пен көптік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді.

Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады, ал оларды ұғымдар деңгейінде қалай түсіндіру қажет. Мәселенің түп төркіні осыда болса керек.

Элейден шыққан ойшылардың жаңалығы мынада: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «биболмыс», «ойлау»), диалектикалық тәсiлдi енгiзу мен пайдалану арқылы философияда дәлелдеудiң қажеттiлiгi мен оның тәсiлдерiн қолдануды (абсурдқа әкелу принципi) мойындау.

 

49. Батыс Рим философиясының мәні неде

б.э.д. 16 – ғасырдан бастап Рим философиясы өзіндік ізі бар, дәстүрі бар философиялық мектептер болды. Сондықтан грек Рим философиясы тұтас шектеулі жабық философия деп адады. Бірақ та қалыптасу, шарықтау кездері сонымен қатар тоқырау замандарын басынан өткізді. Рим философиясынан кейін Европада жаңа философия рухани құбылыс ол негізінен християндық философиялық дүниетанымнан пайда болды осы көз қарасты орта философиялық батыста I – XV ғасыр аралығын қамтиды.

Орта ғасыр философиясы басты ерекшелігі дін проблемасы мен байланыстылығында философияның дамуы батыс христиандық домалы шіркеу конондарын ескере отырып дамыды себебі сол дәуірде мәдениет пен білімнің дамуына дін ықпал етіп отырды.

2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині — “Мектеп”.

Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада университетте философия пән ретінде оқытылды.

1 – кезең “Потер” — әке, шіркеу әкесі деген. Философия тарихында бұл кезең 1 – 15ғасыр қамтиды. Оның негізін салушылар өз дәуірінің ойшылдары ұлы Василий, Авг 2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині — “Мектеп”.

2 – кезең схоластика кезеңі 11- 15ғасыр философиялық ойдың өрлеуін көреміз. Схоластика термині — “Мектеп”.

Мектеп философиясы деген ұғымды білдіреді. Сол кезеңдерде Европада университетте философия пән ретінде оқытылды.

50. Леонардо да Винчи философиясының мәні

Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы-адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалымы, көрнекті философы Леонардо да Винчидің(1452—1519 жж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің фи- лософиясы беделділіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат мәдениетінің өміршендігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан орта ғасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда, да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды, Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.

Да Винчи әл-Фараби мен ибн Руштың «екі ұдайы ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі жоқ, шын ақиқат — тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы — математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы ғылыми жетістіктердің құңдылығы олардың практикада қолданылу мүмкіндігі болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі, т.б.)

Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.

51. Н.Кузанскийдің неоплатондық философиясының мәні несімен ерекшеленеді

Николай Кузанский (1401-1464 ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық – идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.

Әлем – сезімтал абсолютті аяқтаушы, өзгермелі Құдай. Әлем – құдаймен аяқталады дей отырып, Н.Кузанский астрономиялық зерттеулер жүргізе келе күн – орталық (гелиоцентрлік), космостағы болып жатқан процестердің бәрі-діни ұғымнан бөлек табиғат тұрғысында ғана түсіндірілетін мәселе деп тұжырымдады. Н. Кузанский ойлауынша әлем ғаламдардан (галактикалардан) құралған, барлық аспан денелері – қозғалыс күшіне ие. Н.Кузанский бұл ойлары гелиоцентрлік жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етті.

52. Т.Мор және Т.Компанелла утопиясының мәні несімен ерекшеленеді

XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты.

Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.

Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды.Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ.Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.

53. Н.Макиавелидің саяси бағыттары несімен ерекшеленеді

Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік философы мемлекеттің теократиялық концепциясының негіздеушісі Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Ол адам табиғатының зұлымдығын жоюға көмектесетін, қоғамға қажетті тәртіпті орнататын зайырлы мемлекетті құрудың қажеттілігін тұжырымдаған. «Билеуші» атты трактатында күшті мемлекетті құрудың жолдарын іздестірді. Макиавелли мынандай сұрақтарды қарастырды: «Не жақсы: сүйіспеншілік тудырған жақсы ма, әлде үрей ме?», «Билеуші өз сөзінде тұрғаны дұрыс па?», «Билеуші өзіне халықты бағындыруы үшін өзін қалай ұстауы қажет?», «Билеушінің кеңесшілері кімдер болуы керек?», «Жағымпаздардан қалай құтылу керек?» және т.б.Макиавелли идеялары күшті мемлекет құру үшін мемлекеттік билікті күшейту және өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін тіпті антигуманды құралдарды қолдануы арқасында макиавеллизм деген атауға ие болды. Билеуші күшті мемлекеті құру жолында өзінде арыстан мен түлкі қасиеттеріне ие болуы қажет. Сатқандық, өлтіру, улау, сенімін бұзу – мемлекеттік билікті нығайтуға бағыталған саясатта қолдануға болатын жағдайлар деп тұжырымдады.

54. Гуманисттік бағыттардың ерекшелігі неде

Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

55. Антропоцентризм мәні неде

Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.

56. Маркстік философияның мәні

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализммен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:

1. алғашқы қауымдық,

2. құл иеленушілік,

3. феодалдық,

4. капиталистік және

5. коммунистік формациялардан тұрады.

57. Иога философиясының мәні

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитаңия – йога деп көрсетеді. Түлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті — йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшімен,. сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.

58. Т.Гоббс және Д.Локктың философиялық мәні неде

Т.Гоббс (1588-1679ж.ж.) — Оксфорд университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642), «Левиафан» (1651ж).Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя — мәңгі, алғашқы, ал ой — материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды.