Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарын ашыңыз

Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

1.Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;

2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;

3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;

4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.

Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қаплыптасуына мүмкіндік береді.

17. Педагогикадағы зерттеудің теориялық әдістеріне: тарихи салыстырмалы талдау, жәйдан нақтыға өту, үлгілендіру, абстрактілеу талдау жасаңыз

Жалпы алғанда педагогикалық зерттеудің үш кезеңі бар: теориялық,эмпирикалық, әдіснамалық.

Теориялық зерттеу әдістері.Ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі де теориялық зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдіс зерттеушіге алғашқы мәліметтерді жинақтау мен талдауға көмектеседі.

Зерттеу мәселесі туралы ғылыми әдебиеттерді білу зерттеушінің ғылыми-мәдениетінің негізін қалайды. Зерттеу көзі болып отырған ғылым саласының жағдайы және оның дамуын айқындау барысында зерттеуші әр түрлі педагогикалық көзқарастар, тұжырымдар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың ішінен өзіне керекті әдебиеттерді таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білімдендіру процесіндегі қазіргі заманға сай тенденцияларды анықтауы тиіс.

Алынған әдебиеттерді қарастыру барысында оларға талдау жасалып, салыстыру, саралау, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты іс-әрекеттер іске асырылады.

Талдау кезінде зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, жоспарлар, кестелер, жүйелер түрінде жинақталады мұндай уақытта алшақтату тәртібі қолданылады, яғни күрделі пікір айтылған соң, тиянақты жинақталған сөйлесім әрекеті іске асырылады. Үшінші: абстракциялау (дерексіздендіру). Оның екі түрі бар: талдау барысында қорытындыға келу және жекеге бөлу. Талдау барысында қорытындыға келу – көптеген бірдей заттар мен құбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін анықтауды білдіреді. Жекеге бөлу – белгілі бір құбылысты зерттеу және талдау үшін зерттеуші өзіне қажетті қасиеттерді бөліп алып қарастыру процесі.

Дәріптеушілік- абстракциялаудың (дерексіздендірудің)– бір түрі және ол ғылыми танымның жеке әдіс-тәсілі ретінде ќарастырылады. Дәріптеушілік үрдісі кезінде зерттеуші ойлау арқылы заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін болмайтын жаңа түсінік, белгі ендіреді.

тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдіс арқылы эмпирикалық деректерге қортынды жасалады, жекеден жалпыға қарай жєне керісінше жалпыдан жекеге ќарай логикалы салдар айқындалып, жүйеленеді.

ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс заттар мен құбылыстардың жалпыға бірдей, ортақ екендігін айқындау барысында іске асырылады.

Үлгілеу – зерттеу нысанасына ұқсастық қатынастағы басқа бір нысанамен алмастырылатын зерттеу әдісінің түрі. Яғни, бірінші нысана түпнұсќа ал, екіншісі оның үлгісі болады. Зерттеуші үлгіні зерттеу барысында, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлесімділік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Үлгі жєне үлгілендіру әдісі түпнұсқаны зерттеу барысында қиын немесе мүмкін емес болғанда, немесе түпнұсқаны зерттеуге мол қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Үлгі мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болады.

Үлгілендіру ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық бола алады. Үлгілеудің түрі зерттеу объектісінің күрделілігіне қарай таңдалып алынады.

18. Жоғары мектептегі тәрбие процесінің мәні, қозғаушы күші, негізгі заңдылықтарын сипаттап беріңіз.

Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпалы мен тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.

Тәрбие «тамақтану» деген сөзден шыққан. Тұлға дамуына әсер ететін 3 фактор ол- 1. Биологиялық фактор 2. Қоршаған орта 3. Тәрбие

Тәрбие әдістері:

·Ынталандыру әдісі – мадақтау және жазалау

·Сенім білдіру

·Үлгі көрсету

·Жаттығу

·Түсіндіру, кеңсе беру

·Педагогикалық талап қою

Тәрбие оқыту және кәсіби даярлықпен өзара байланысы. ЖОО тәрбие кәсіби түрде бағытталған.