Сұрақ Студенттердің типологиясына сай, салыстырмалы талдау жасаңыз

«Студент» термині латын сөзінен шыққан. Аударғанда «іждағатты жұмыс жасайтын», әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Лисовский жіктеген студенттердің типологиясы:

«Үйлесімді»
Өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Өте жақсы оқиды. Ғылыми жұмыстармен айналысады. Қоғамдық өмірде белсенді. Әдебиет пен мәдениетке қызығушылығы өте жоғары. Дамыған, мәдениетті, тез тіл табысқыш, спортпен шұғылданады. Адал, кемшіліктерді ұнатпайды, байсалды. Мейірімді әрі сенімді дос бола алады. Ұжымдағы беделі өте жоғары.

«Көңілі қалған» Қабілетті, алайда өзі таңдаған мамандыққа деген қызығушылығы төмен. Бірақ оқуды бітіру керектігін біледі. Жақсы оқуға тырысады, алайда оқуға қанағаттанбайды. Өзінің хоббиімен айналысуға, өнерге, спортқа ден қоюға тырысады.

«Жалқау»
Оқуға көп күш жұмсамайды. Оқуы нашар. Алайда өзіне толықтай көңілі толады. Өзінің кәсібилігіне ат үсті қарайды. Ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыстарға қатыспайды. Өз тобында оған барлығы «балласт» ретінде қарайды. Кейде шпаргалка қолдану секілді қулыққа да барады. Былайша айтқанда, уақытты қызықты демалып өткізуді қалайды.
«Шығармашылық» Ол кез келген іске, оқуға, қоғамдық жұмысқа, демалысқа шығармашылық тұрғысынан қарайды. Тиянақтылықты қажет ететін қатаң тәртіп ол үшін қызықты емес. Сол себептен, «мынау маған қызық», «мынау маған қызық емес» деп таңдап оқиды. Ғылыми-жұмыспен айналысуда беделді адамдармен санаспай, өзіндік айрықша шешім шығаруға ұмтылады.

«Айрықша»
Беделді факультеттерде оқиды. Баршаға ортақ мамандықтарда оқитын студенттерге жоғарыдан қарайды. Өзі секілді адамдардан жиналған топта көшбасшылыққа ұмтылады. Бірақ өзге студенттерді менсінбейді. Барлық нәрседен «аздап хабары бар». Бірді білсе, бірді білмейді. Ал өнер саласында, «сән» әлемінен хабардар. Әрдайым ешкімге ұқсамайтын, «өзіндік пікірі» бар. Кафелер мен дискоклубтардың тұрақты қонағы.

«Кәсіпқой»
Өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Жақсы оқиды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сирек қатысады. Көбіне практикалық жұмыстарға қызығады. Қоғамдық жұмыстарда белсенді. Мүмкіндігінше спортпен шұғылданады, әдебиет пен мәдениетке қызығады. Ол үшін ең басты нәрсе – жақсы оқу. Ортада беделді.

«Академик»
Мамандығын өзі қалап таңдаған. Оқуы өте жақсы. Білімін одан әрі жалғастыруды мақсат еткен. Сол себепті көп уақытын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөледі. Тіпті, кейде өзге сабақтарға зиянын тигізеді.

«Қоғамдық»
Қоғамдық жұмыстарда аса белсенді. Ол өзге қызығушылығы мен сабағынан да асып түседі. Алайда, өз мамандығымды дұрыс таңдадым деп сенеді. Әдебиет пен мәдениетке қызығады. Демалу, көңіл-көтеруде жақсы ұйымдастырушы.
«Өнердің жанкүйері» Сабағын жақсы оқиды. Бірақ ғылыми жұмыстармен сирек айналысады. Оның қызығушылығы әдебиет пен өнер саласына бағытталған. Эстетикалық талғамы жоғары. Танымы кең, шығармашылық эрудициясы терең.

«Талпынғыш»
Мамандығын өз еркімен, қалап таңдамаған. Бірақ оқуға бар күш-жігерін жұмылдырады. Білімі, қабілеті өте жақсы болмағанымен, үлгерімі орташа. Ұжымда араласуы нашар. Әдебиет пен мәдениетке қызығушылығы төмен. Уақытының көбі сабақ оқуға кетеді. Киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады. Спортпен тек дене шынықтыру сабағында ғана айналысады.

«Орташа»
Сабақты бар күшін салып оқымайды. Тіпті, мұнымен ол мақтанады. «Диплом аламын, ешкімнен кем жұмыс істемеймін» қағидасын ұстанады. Мамандық таңдауда аса мән бере қоймаған. Алайда, оқуға түскеннен соң, бітіру керек деп ойлайды. Жақсы оқуға тырысады. Бірақ оқудан ешқандай ләззат алмайды.

 

52 сұрақ Оқытудың белсенді әдістері тақырыбына семинар сабағының жоспарын құрастырыңыз (49 сұрақпен бірдей)

Семина́р (лат.seminarium — жылыжай деген мағынаны береді.) — практикалық оқу сабақтарының бір түрі. Тақырыпты не курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында оқушылар ғылым саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғауға, пікір таластыруға машықтанады. Ертедегі Грек, Рим мектептерінен бастау алған бұл оқыту түрі қазіргі оқу орындарында да қолданылады

Семинардың түрлері:

-Бизнес семинар

-Ғылыми семинар

-Онлайн семинар

Оқытудың бұл түрін ежелгі грек пен рим мектептерінде қолданған.

Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша): Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді. Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады:

1Ағымдағы семинар

2Жекеленген семинар

3Арнайы семинар

Ағымдағы семинар- бірінші курста жүргізіледі. Мақсаты -студенттерді өз бетінше жұмыстың ерекшелігімен, таныстыру, әдебиет-тер мен қайнар көздерімен таныстыра отырып, олармен жұмыс жасаудың әдістерін үйрету. Себебі, тәжірибеден белгілі болғандай, бірінші курс студенттері бірден бірнеше әдеби қайнар көздермен жұмыс жасай алмайды, қажетті материалды іріктеу, оған талдау жасау, тақырыпқа сәйкес материалдарды табу сияқты жұмыстар қиындьщ туғызады. Сондықтан әдеби қайнар көздермен жұмыс жасауды үйретуге, ғылыми мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау, семинар сабағына дұрыс дайындалу дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек.

Семинар сабағына дайындалудың келесі кезеңі - реферат дайындау, тақырыпты анықтау, оқи білу, талдау, талқыға салу. Күрделі оқу, тәрбие міндеттері 2-4 курстарда жүретін саминар сабақтарыңда, әсіресе, 4-5 курстардағы арнайы семинар сабақтарында студенттерде меңгершетін материалға деген зерттеушшік көзқарас қалыптасады.

ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі: Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін. Әдіснамалық жағънан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру. Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі. Арнайы семинар белгілі бір ғылым саласы бойынша жоғары курстарда өтіледі. Егер жүргізуші оқытушы тәжірибелі болса, онда ол студенттерді ұжымдық формада ойлай білу мен шығармашылықпен жұмыс жасауды, ситуацияларды құрастыру, оларды шеше білу, моделдеу, бағалау, өзара сын секілді іс-әрекеттерді қалыптастырады. Семинар сабактарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыс-тарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді. Семинар сабағының бірден-бір мақсаты: - лекцияда алған білімді терең ұғыну, мәселелерді шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластыру, құрастыру, талдау, өз позицияларын айқыңдап, анықтау. Семинар сабағына дайындықтың бастауы - әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы озінің әдістемесімен, яғни әдістемесінің әр түрлі, көпқырлығымен ерекшеленеді. Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрактар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі - белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушының ғана рөлін орындамау үшін, топтың белсеңділігін (сабақ үстіңдегі) арттыру үшін, оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек. Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді. Семинар сабағын өткізгенде оқытудьщ дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда: Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу; Оқытудың гылымилыгы - ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа технологиялары, педагогикалық инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру; Оқытудагы саналылық - қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалана білу; Теорияның практикамен байланысы - теориялық материалдарды бекіту, байқаумен байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критерийлер: мақсатқа бағыттылығы - теориялық материалды болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде қолданумен байланыстыру; жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу; ұйымдастыру - пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттердің жауаптарына талдау жасау; семинарды жүргізу стилі - белсенді; оқытушының студенттермен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы - сыйластық, өзара сын; топты басқару - оқытушыньщ топта өзін-өзі еркін ұстауы, сенімділік, әділдік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б. Оқытушының қорытындысы - кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше; Студенттердің жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керісінше. Кептеген жағдайларда семинар сабактарында іскерлік ойыңдар, тренингтер ұйымдастырылады (мамандьщқа байланысты).