Жер қорының жер санаттары бойынша бөлінуі

 

Жер кодексының 1 бабы бойынша Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерлерi;

3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және басқа ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;

5) орман қоры жерлерi;

6) су қоры жерлерi;

7) босалқы жерлер.

Соңғы 20 жыл ішінде жер қорының жер санаттары бойыншапайдалану мақсатына байланысты бөлінуі және динамикасы 4.2 - 4.3 кестелерде берілген. Бұл өзгерістер республикада болған жер реформасына байланысты.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 3 бабында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн делінген.

Бұрынғы совхоздар мен колхоздардың пайдалануында болған ауылшаруашылық жерлер жеке меншікке және пайдалануға басқа агроқұрылымдарға берілді. Жерге меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге жарамды, сапасы аудан бойынша орташа балл бонитетінен жоғары жерлер берілді. Сұранымсыз қалған жерлер жер қорына аударылды. Селолық елді мекен Әкімшіліктері билігіне селолық округтердің жерлері беріліп, оған байланысты жер санаттарында елді мекен жерлерінің үлесі ұлғайды.

Кесте 4.2

Жер қорының жер санаттары бойынша салыстырмалы пайдалану динамикасы, мың га

 

Жер санаттары 1991 ж. 2010 ж. 2011 ж. Өзгерістер (+, - )
2011 ж. мен 1991 ж. 2011 ж. мен 2010 ж.
1.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 218 375,8 93 387,6 93 727,4 -124 648,4 +339,8
2.Елді мекен жерлері 3 747,2 23 217,0 23 684,1 +19 936,9 +467,1
оның ішінде:          
қала және поселкелер 2 053,5 1 789,7 2 311,0 +257,5 +521,3
селолық елді мекен 1 693,7 21 427,3 21 373,1 +19 679,4 -54,2
3.Өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылығына жатпайтын жерлер 18 796,8 2 663,8 2 688,0 -16 108,8 +24,2
4.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар, сауықтандыру, рекреациондық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 775,1 5 651,6 5 755,7 +4 876,5 +104,1
5. Орман қоры жерлері 10 179,2 23 048,4 23 029,0 +12 849,8 -19,4
6. Су қоры жерлері 819,9 4 096,1 4 108,5 +3 288,6 +12,4
7. Мемлекеттік жер қоры 18 952,3 109 109,3 108 181,1 +89 228,8 -928,2
Барлық жерлер 271 646,3 261 173,8 261 173,8 -10 472,5 -
о.і. басқа мемлекеттердің территориясында пайдаланылатын 149,8 0,9 0,9 -148,9 -
Басқа мемлекеттермен пайдаланылатын жерлер 993,7 11 317,3 11 317,3 +10 323,6 -
Республика территориясы 272 490,2 272 490,2 272 490,2 - -

Қазақстан республикасының 2011 жылғы жер жағдайы және оны пайдалану туралы жиынтық талдамалы есебі бойынша берілген.

 

Жер белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердің құқықтық режимі оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негізделіп айқындалады.

Жерді жер санаттарына жатқызуды, сондай-ақ, оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзыреті шегінде жүргізеді.

Жер заңдылығының өзгеруінің жер қоры құрамының жер санаттар бойынша өзгеруіне тигізген әсерін көрсету үшін 4.3 кестеде сол динамика берілген.

Кесте 4.3

Жер қорының жер санаттары бойынша динамикасы, мың га.

Жер санаттарының аттары 1991 ж. 2000 ж.   2005 ж. 2010 ж.   2011ж.  
1.Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 218 375,8 93077,1     82 214,7 93 387,6 93 727,4
2.Елді мекен жерлері 3 747,2 20201,7   20 874,6 23 217,0 23 684,1
оның ішінде: қала және поселкелер 2 053,5 -   1 931,6 1 789,7 2 311,0
селолық елді мекен 1 693,7 -   18 943,0 21 427,3 21 373,1
3.Өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауылшаруашылығына жатпайтын жерлер 18 796,8 11131,4   2 433,4 2 663,8 2 688,0
4.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар, сауықтандыру, рекреациондық және тарихи-мәдениеттік мақсаттағы жерлер 775,1 1247,1   2 893,8 5 651,6 5 755,7
5. Орман қоры жерлері 10 179,2 22222,8 23 408,8 23 048,4 23 029,0
6. Су қоры жерлері 819,9 3568,3 3 789,8 4 096,1 4 108,5
7. Мемлекеттік жер қоры 18 952,3 118696,4 125 556,3 109 109,3 108 181,1
Барлық жерлер 271 646,3 270144,8 261 171,4 261 173,8 261 173,8
Республика территориясы 272 490,2 272490,2 272490,2 272 490,2 272 490,2

Қазақстан республикасының 2011 жылғы жер жағдайы және оны пайдалану туралы жиынтық талдамалы есебі бойынша берілген.

2011 жылы ауылшаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жерлері 0,34 млн. га және 0,1 млн. га сәйкесті негізінен жер қоры және орман қоры жерлері есебінен өсті. Басқа жер санаттарында олардың аудандарын нақтылау және басқа санаттарға ауыстыруға байланысты шамалы өзгерістер болды. Жер қорының жер санаттары бойынша бөлінуі сурет 4.2 берілген. Жер қорының құрамында жер қорының үлесі бұрынғыдай үстем - 108,1 млн. га (40,9%), бірақ азаю тенденциясы байқалады. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің үлесі - 36,8%, ал елді мекен жерлері мен орман қоры жерлерінің үлестері 8,8% және 8,7% сәйкесті.

Cурет 4.2 Жер қорының жер санаттары бойынша құрылымы, %