Тақырып. Аудиттің постулаттары,стандарттары және нормалары.

Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі оның постулаттарын зерделеу болып табылады.Пастулат бұл басқаша дәлелденбейінше ,жоққа шығарылмайынша ақиқат,реттінде қабылдайтын аксиомалық ережелер . Дж Ребертсон мынандай анықтама береді: Постулат бұл-негізінде қызмет бағыты белгіленбейтін негізгі бар аксиомалық ережелерді бекіту.Постулаттың көмегімен аудиторлық стандарттың мазмұнын танып білуге болады.

Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізіне жатады.Ол кез – келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейін логикалық құрыдымды жасау базасына керекті бастапқы алғашарт пен болжаулар болып табылады.Әртүрлі ғылымдар мен маман практиктерін ің көз қарастарын жан жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттарына мыналар жатады.

1. Қаржылық есеп берумен қаржы мәліметтерін тексеру.

2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.

3. Қандайда бір нәрсенің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі.

4. Есептеменің дұрыс жасалмағандығы.

5. Қаржылық ақпаратты тексеру тіуелсіз пікір білдіру болса ,онда аудитордың қызметі оның өкілеттілігімен реттемеленеді.

6. Қате пікір жіберіп алудан ешкім тыс емес.

7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.

8. Есеп беру мәліметтінің объективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігініе тікелей пропоцияналды.

9. Әрбір тізбекті тексеру өткен кездегі тексерулердіңи құндылығын кемітуі мүмкін және әр дайым ақпараттылығы аз болады.

10. Аудитордың әрбір болжауы белгілі бір деңгейде шындыққа жанасымдылығы.

11. Алдыңғы ақпараттың құндылығы.

12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік қағидаларды үнемі сақтау.

Аудит саласын стандарттау және теориясының дамытудағы пастулаттардың маңызы зор.Олар аудитордың тәжірбиелік жұмыстарына үнемі қажет болып тұрады.Оларды күнделікті іс тәжәрбиеде қолдану аудитордың мақсатарымен техникасын ,аудиторлық стандарттар мен нормалардың мазмұнын терң түсінуге мүмкіндік береді.

Шаруашылық субъектілерінің жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол заңның талабына сәйкес белгіленген тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады.

Аудиттің стандарттары және нормативтері екінші топқа жататын құжаттар. Олар арқылы аудит жұмысын тікелей бір жүйеге келтіріліп отырады. Олар өз кезегінде аудит теориясының үшінші элементі деп саналады. Аудит постулаты арқылы аудит стандартының мазмұны анықталады, ал аудит стандарты мен нормативтері аудит жұмысының сапалылығын анықтайды. Оларды аудит процедурасымен бірдей деп санауға болмайды.

Стандартты, нормативтерді бұлжытпай орындау қажет, себебі бұл құжаттар аудит принциптерін толық орындауға, аудит тексеруін сапалы жүргізуге тікелей әсерін тигізеді. Аудит жұмысы осы стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес бір жүйеде жүргізіліп, оның міндеті мен мақсатын орындайды.

Аудиттің стандарты және нормативтері деп «аудит принциптерінің талабына сәйкес аудит қызметін жүргізуге белгіленген ереже-нұсқауларды» айтады. Сол ереже-нұсқаулар аудиторға өз жұмысын ұйымдастыруға, аудит әдістерін анықтауға әртүрлі шаруашылық ситуацияларына орынды баға беруге, аудитор қорытындысын жасауға негіз болады. Себебі, аудиторлар сол стандарттар мен нормативтердің талабына сәйкес жұмыс істеу үшін үздіксіз өздерінің біліктілігін, мамандықтарын жетілдіріп, ізденіп, оқып, қажет болса ғылыми зерттеу жүргізіп отыруды қалыптастырады. өзінің мазмұнына және арналған мақсатына сәйкес аудит стандарты үш топқа бөлінеді:

1) жалпы стандарттар;

2) жұмыс стандарты;

3) ақпарат стандарты.

Осы стандарттар аудит қызметінің құрылымын, схемасын анықтайды.

Аудит қызметінің даму жолында құқылық, міндеттілік жағынан аудит стандарты үлкен роль атқарады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында аудиторлар Палатасының арнайы Комиссиясы халықаралық бекітілген нормативтер мен стандарттар үлгісіне сүйене отырып, нарықты қатынас экономикасының заңдылығына үйлестіре отырып Қазақстан Республикасының ұлттық аудит стандартын дайындайды. 1995 жылы 20-21 шілде айында өткен кезектен тыс Республикамыздың аудитор Палатасының конференциясында ұсынылған 28 ұлттық стандарттың 12-сі қабылданды.

Жан-жақты талдаудан кейін келесі аудит стандарты қабылданды:

1. Қаржы ақпаратының аудиті, оның мақсаты мен принциптері;

2. Аудит жүргізу талабы (хат-міндеттеме);

3. Аудит қызметінің сапасын бақылау;

4. Құжаттау;

5. Аудиттің қаржы ақпаратын тексергені туралы анықтамасы;

6. Қаржы ақпаратының аудиттік тексеру жасағандағы заңдылығы;

7. Ақпарат-жоспар;

8. Тапсырушының бизнесін (кәсіпкерлігін) білу;

9. Ішкі бақылау және күдіктілікті (риск) бағалау;

10. Аудитор дәлелділігі;

11. Бірінші аудиторлық тексеру. Тексеру алдындағы қалдық.

12. Кәсіпорын басшысына берілетін информация.

Қабылданған «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заң және осы жоғарыда келтірілген ұлттық аудит стандарттар еліміздегі аудит қызметінің дамуына, бір жүйеде жүргізілуіне әсер тигізетіні сөзсіз.

Аудит концепциялары

Мінез- құлық Жалпыға бірдей этика нормаларын белгіліп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді.
Тәуелсіздік Ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы қаматамасыз етеді.Әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешқандай сыртқы факторлар әсер етпеуі керек.
Кәсібилік Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
Дәлділігі Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек.
Ұсынудың дәлдігі Ақпаратты ашу мен ұсыну бара барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабылданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.