Тақырып. Аудиттің түрлері мен олардың сипаттамасы.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

· аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;

· құқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;

· қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;

· толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды,жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;

· әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;

· жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перланентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);

· қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;

· қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;

· аудит жүргізілетін субъектілерімен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;

· тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингттік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.(№2 кесте)

№ 3 кесте Аудиттің түрлері

Критерийлер Түрлері
Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты 1. сыртқы 2. ішкі
Заң талаптарына қатысты 1. міндетті 2. бастамашылық (ерікті)
Аудит объектілері бойынша 1. банктік аудит 2. сақтандыру 3. биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті 4. мемлекеттік аудит 5. жалпы аудит
Тағайындалуы бойынша 1. қаржылық есеп беру аудиті 2. салықтық аудит 3. сәйкестік аудиті 4. операциялық аудит 5. арнайы (экологиялық, операциялық және т.б)
Жүзеге асырылу мерзімі бойынша 1. бастапқы 2. келісілген
Тексеру сипаты бойынша 1. дәлелдеуші 2. жүйелі бағытталған 3. тәуекелдікке негізделген аудит

Ішкі аудитті ұйымдастыру мәселелерін қысқаша қарастырайық. Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асыру үшін қажет.

Ішкі аудиторлардың белгілі бір қызметін басшыға немесе директорлар кеңесіне немес акционерлер жиналысына бағынатын ірі кәсіпорындардың тексеруші топтары орындайды. Ішкі аудиторлар қызметі кеңірек және оған енетіндер:

· активтердің жағдайын бақылау: шешім қабылдау кезінде басшылық пайдаланатын ақпараттың дұрыстығын дәлелдеу;

· жүйеішілік бақылау процедураларының орындалуын дәлелдеу;

· ішкі бақылау жүйесінің қызмет етуі мен ақпараттарды өңдеудің тиімділігін талдау;

· басқарушы ақпараттық жүйе беретін ақпараттардың сапасын бағалау.

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады.

Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.

Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді. Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңының «Аудит және оның түрлері» деген 4-бабында «Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады» деп көрсетілген.

Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.

Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.

Аудит объектілері бойынша:банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар қажет болады.

Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді.

Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субъектінің қаржылық қорытынды

есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.

Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру. Сәйкестік аудиті әкімшіліктің (басшылықтың), басқарудың белгіленген нормаларын (процедурасын) орындауының ұйым жарғысына сәйкестігін тексеру мақсатында ұйым акционерлері мен меншік иелері тапсырысы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Ұйым ішінде оған қызмет көрсету ретінде жүргізілген қызметті тәуелсіз бағалау – бақылаудың басқа түрлерінің бірдейлілігі мен тиімділігін тексеру және бағалау арқылы жүзеге асырылатын бақылау.

Ішкі аудиторлар түрлі жұмыстарды орындау үшін тартылады және төмендегі сәйкестікті көрсетеді.

Негізгі құраушы процедуралар мен нормативті актілерге сәйкестікті қадағалау;

Ішкі резервтердің пайдаланылуының тиімділігін: тиімділігі, өнімділігі және икемділігіне қатысты ұйым шараларын, әдістерін және процедурасын талдау.

Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.

Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) – субъект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.

Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру.

Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық құрылымын бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын, маркетинг пен кез-келген басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти алады.

Жүзеге асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп көрсетеді.

Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.

Келісілген (қайталама) аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады.

Сипаты бойынша тексерудің төмендегі түрлерін бөліп көрсетеді:

Дәлелдеуші аудит.Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады.

Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәуекелге негізделген аудит бұл кәсіпорын жұмысы жағдайынан шығады, негізінен оның жұмысындағы осы тұстарды (қауіпті нүктелерді) таңдай отырып тексеру жүргізетін аудит.

Аудиттің бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда шоғырландыруға және тәуекелітөмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға мүмкіндік береді.