Патологиялық кеуде формалары.

Патологиялық кеуде формалары кеуде қуысындағы ағзаларда патологиялық процесстің дамуы нәтижесінде немесе қаңқа деформацияға ұшырағанда дамиды.

1. Эмфиземалы немесе бөшке тәрізді кеуде бітімі.
Эмфиземалы кеуде бітімінде кеуде қуысының алдыңғы – артқы және екі жақ бүйірінің өлшемдері ұлғайып, қабырғалар арасының алшақтауымен сипаттала ды. Құрсақ үсті бұрышы доғал. Науқастың мойындағы, иық белдеуіндегі ойық тары тегістеліп, мойыны қысқарыңқырап, көк тамырлары білеуленіп, кеуде қу ысы үнемі инспираторлы қалыпта болады. Тыныс алуға қабырғааралық бұлшық еттер қатысады. Эмфиземалы кеуде бітімі созылмалы өкпе эмфиземасы немесе бронх демікпесінің ауыр ұстамасында байқалады.

2. Параличтік кеуде бітімі. Параличтік кеуде бітімі астениялық тұлғаға ұқсас.

Кеуде бұлшық еттері солып, бұғана тұсы ойықтары тереңдеген,бұғаналар мен жауырындар әр түрлі деңгейде, салбыранқыжайғасқан және тыныс алғанда екі жақтың қозғалысы әр түрлі. Құрсақ үсті бұрышы тік. Бұндай кеуде бітімі пневмосклероз,туберкулез сияұты жүдететін, астениялы күйге ұшыраттатын созылмалы патологияларда кездеседі.

3. Рахит төс(құс). Кеуденің алдыңғы – артқы өлшемі ұзарып,екі бүйірі қысыңқы болады.Сондықтан шығыңқы жайғасқан төс сүйегі қабырғалармен сүйір бұрыш түзіп қосылады. Қабырғалардың шеміршекке ұласатын тұстары жуандап, кедір – бұдырланады(рахит бұдырлары – рахитические решетки).

Бұндай өзгерістер көбінесе рахит салдарынан кездеседі.

4 Оймыш, воронка тәрізді немесе етікші төстің жалпы бітімі нормостениялық,гиперстениялық немесе астениялық бітімдерге ұқсайды.

Кеуде бітімінің бұл түрінде төс сүйегінің төменгі жағында воронка тәрізді ойық болады.Кеуденің мұндай деформациясы төссүйегі қалыптасуының ақауынан немесе ұзақ мерзімді қысымның әсерінен болады.

5. Қайқы , қайық тәрізді кеуде бітімі. Қайық тәрізді төсте төссүйегінің ортаңғы немесе жоғарғы бөлімінде ойық қалыптасады,оны қайыққа ұқсастандырады.Аномалияның бұл түрі жұлынның сирек кездесетін патологиясы “сирингомиелияда” кездеседі.

6. Кифосколиозды кеуде бітімі. Кеуде қуысының бітімі омыртқа жотасы жарақаттанғанда,туберкулез,Бехтерехауруынан жиі өзгереді.

Омыртқа жотасының бір қырына қисаюы – сколиоз,омырта қисайып,бүкіреюі–кифоз,алға қисаюы – лордоз және бір қырына қисайып,бүкіреюі – кифосколиоз деп аталады, бұл жағдайда кеуде бітімі кифосколиозды бітім деп аталады.

Кеуденің бір жақ бөлігінің ұлғаюы кеуде қувсындағы ағзалар қабынып, жалқық немесе қан айналымы бұзылып сұйықтық жиналғанда өкпеден кеуде қуысына ауа шығып, оны кернегенде байқалады.Терең тыныс алғанда кеуденің кеуденің зақымданған бөлігі сау бөлігінен қалыңқырайды.

Кеуденіңбір бөлігінің кішіреюі туберкулез,пневмосклероз(өкпеде дәнекер ұлпаның дамып,ағза бүрісіп көлемі кішірейеді) сияқты т.б патологияларда мыс – өкпе қабынып карнификацияланса,тыныс жолдары қабынғанда,өкпе солса(ателектаз), абцесстен кейінқабысса(коллапс),ірінді плевриттен кейінгі бірікпелер қаоыптасқанда кездеседі.

Қалыпты тыныстың үш түрі бар:

1.Көкіректік немесе қабырғааралық, кеуделік тыныс

2.Көкеттік немесе диафрагмалық тыныс

3.Араластыныс

Тыныс алудың көкіректік түрі әйелдерге тән. Көкіректік тыныс қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуы арқылы жүзеге асырылады.

Тыныс алғанда кеуде көтеріліңкіреп, кеңейеді де тыныс шығарғанда түсіңкіреп, тарылады. Тыныс алудың бұл түрі қабырғааралық деп те аталады. Тыныстың патологиялық көкіректік түрі көкет пен іш перде қабынғанда ер адамдарда байқалуы мүмкін.

Көкеттік немесе диафрагмалық тыныс жиі ер адамдарда байқалады. Тыныстың көкеттік түрін негізінен кеуде - іш көкеті атқарады. Тыныс алғанда диафрагма жиырыла төмен түсіп, көкіректі кеңейтіп, ондағы кері қысымды төмендетеді, сөйтіп өкпеге ауа толуына көмектеседі. Осы сәтте іш қуысындағы қысым жоғарылап, оның алдыңғы іргесі тасыраяды. Тыныс шығарғанда көкет босап, көтеріледі де іштің іргесі қалпына келеді.

Патологиялық көкеттік тыныс плевритте, қабырға аралық жүйке талшықтары қабынғанда, қабырғасы сынған әйелдерде кездеседі.

Тыныстың аралас түрінде кеуденің төменгі бөлігі мен құрсақтың жоғарғы бөлігі қатысады. Тыныстың аралас түрі қарт адамдарда және өкпе ұлпасының серпінділігі төмендегенде кездеседі (өкпе эмфиземасы мен пневмосклерозда)

Тыныс алудың жиілігі, ырғақтығы. Сау адамның тыныс алу ырғағы біркелкі, жиілігі минутына 16-20 рет.

Тыныс алу жиілігін науқасқа байқатпай, оның кеудесі мен ішінің қозғалысын санап анықтау керек.

Қарап тексергенде терінің, кілегей қабықшалардың, тырнақтың көгеруін және қалыпты жағдайда көрінбейтін қабырғааралық бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуын байқап, ентікпені анықтауға болады.

Тыныс алудың жиілеуі-тахипноэ: сау адамдарда физикалық жұмыстан соң, жүйке жүйесі қозғанда кездеседі, ал патологиялық тахипноэ - өкпе мен плевра ауруларында (туберкулез, пневмония, өкпе инфаркты мен қатерлі ісігі, өкпе эмфиземасы экссудативтивтік плеврит, гемоторакс, пневмоторакс, құрғақ плеврит) және миозитте,қабырға сынғанда, невралгияда кездеседі. Өкпеде патологиялық процесстердің салдарынан газ алмасу процесі бұзылады, қанда көмірқышқыл газы көбейіп, тыныс алу орталығын тітіркендіргендіктен тыныс aлy жиілейді.

Тыныс алудың сиреуі брадипноэ - тыныс алу орталығының қызметі тежелгенде немесе қозғыштығы төмендегенде яғни ми ісігінде, геморрагиялық инсультте, менингитте, ауыр инфекциялық жағдайларда, уремияда байқалады.

Көмей саңлауы тарылганда немесе кілегей қабығы ісінгенде тыныс шулы (стридорозды) болады.

Патологиялық тыныс түрлері:

Куссмаульдік тыныс.

Бауыр мен бүйректің қызметі бұзылғанда немесе сусамырдың (диабет) салдарынан денеге жайылған улы заттар тыныс орталығын тітіркендіреді кома жағдайындағы науқаста ацидоз (қан мен ұлпаларда қышқылдың артуы) дамиды. Бұндай жағдайда тыныс алу сиреп қана қоймай , оның қимылының ауқымы кеңейіп терең әрі шулы болады – бұл Куссмаульдік тыныс.

Чеин-Стокс тынысы.

Атеросклероз, артериалық гипертензия, геморрагиялық инсульт, ми ісігіне шалдыққан науқастарда және ауыр инфекциялармен наркотикалық дәрі дәрмектермен уланғанда мидағы қан айналым өткір немесе созылмалы түрде бұзылып, тыныс алу орталығында гипоксия өрістегенде немесе қатты уланганда Чеин- Стокс тыныс дамиды.

Ол ұзақ (бірнеше сек-н 1 минутке дейін) үзілістен кейін үстіртін түрде дыбыссыз басталып, тез терендеп, шуы күшейе келе ең қатты деңгейіне 5-7 рет тыныс алғанда жетіп, сол қалыптасқан ретіне сәйкес біртіндеп бәсеңдейді де, келесі қысқа үзіліспен аяқталады. Науқас осы сәтте есінен танып, тамырларының соғуы сиреп, көз қарашықтары тарылады.

Биоттынысы.

Ми ұлпасы ауыр зақымданған немесе басқа себептерден жанталас кезеңіндегі (агональный период) науқастың тынысы ырғақты әрі терең, ұзақ

(бірнеше сек-н жарты минуттық) үзілістен кейін бірдей уақыт аралығында қайталанып отырады – бұл Биот тынысы .

Грокко –Фугони тынысы .

Патологиялық тыныстың бұл түрі ми абсцесі, менингит салдарынан миы ауыр зақымданған әл үстінде жатқан науқастарда байқалады. Науқас әлсіз ғана үстіртін демалып, оның кеудесінің жоғарғы және орта бөлігі тыныс алған, ал төменгі бөлігі дем шығарған қалыпта болады.