БАНКТІК САЛЫМ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ. САЛЫМДЫ ҚАЙТАРУ. ЖИНАҚ ШОТЫН ЖАБУ

ДЕПОЗИТТІ ЕНГІЗУ

2.1. Салым Клиентпен Шартқа сәйкес салымның толық сомасында қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәртіпте жинақ шотын ашу кезінде енгізіледі.

2.2. Шарт талаптарымен Клиенттің жинақ шотына қосымша жарналар салу құқығы қарастырылған жағдайда әр қосымша жарна сомасы салымның жалпы сомасын ұлғайтады.

2.3. Банктік салым Шарты Банктік салым Шартымен анықталған мөлшердегі ақша онда көрсетілген жинақ шотына түскен уақыттан бастап күшіне енеді.

САЛЫМ БОЙЫНША СЫЙАҚЫ

3.1. Салым бойынша Сыйақы Банктік салым Шартында белгіленген көлемде және тәртіпте есептеледі (анықталады) және төленеді.

3.2. Салым бойынша Сыйақы мөлшерлемесі Шартта көрсетілген мерзім бойына өзгеріссіз қалады немесе Шартқа Қосымша келісім түрінде ресімделген Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

3.3. Банктік салым Шартында көрсетілген Салым мерзімі аяқталған соң Салым мерзімі ұзартылған жағдайда Салым бойынша мерзімін ұзарту кезінде Банкте депозиттің бұндай түрлеріне қолданылатын Сыйақы мөлшерлемесі белгіленеді, егер өзгесі сәйкес Шарттың қосымша келісімінде Тараптармен келісілмеген болса. Бұл ретте Сыйақы мөлшерлемесі өсу немесе кему жағына қарай өзгертілуі мүмкін.

3.4. Салым бойынша сыйақы жинақ шотына ақша түскен уақыттан бастап салым мерзімі аяқталғанға дейін немесе Банктік салым Шарты мерзімінен бұрын бұзылғанға дейін әр күнтізбелік күні үшін есептеледі.

3.5. Сыйақы сомасын есептеу кезінде ақшаны жинақ шотына енгізу күні мен ақшаны салымнан қайтару күні/салым мерзімінің аяқталу күні бір күн есебінде есептеледі. Сыйақыны есептеу кезінде жыл 365 (үш жүз алпыс бес) күнге тең деп есептеледі.

3.6. Заңды тұлғалардың салымдары бойынша сыйақыларды төлеу кезінде Банк төлеуге жататын Сыйақы сомасынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджетке аудару мақсатында табыс салығын ұстап қалады. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда бұрын ұсталып, бюджетке аударылған табыс салығының сомасы Банкпен Клиентке қайтарылмайды.

3.7. Қосымша жарналар болған жағдайда енгізілген сома алғашқы салымға қосылады және сыйақы Қосымша жарна енгізілген күннен бастап салымның жалпы (ұлғайған) сомасына есептеледі.

3.8. Банктік салым Шарты талаптарымен Клиенттің өзінің жинақ шотынан ішінара алу құқығы қарастырылған жағдайда, алынатын сома салым сомасын азайтады және сыйақы жинақ шотында қалған сомаға есептеледі.

3.9. Сыйақыны төлеу күні жұмыс емес күнге келген жағдайда сыйақы жұмыс емес күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінде төленеді.

3.10. Салым Банктік салым Шартымен белгіленген мерзім өткенге дейін талап етілсе, Банктік салым Шарты бұзылған болып есептеледі және бұл жағдайда сыйақы төлеу тәртібі Шартпен реттеледі.

3.11. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін есептеу кезінде Клиенттің енгізген жарналары және/немесе Клиентке төленген төлемдер оларды нақты төлеу уақытына есептеледі. Тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлеміне осы Жалпы Талаптарға, Банктік салым Шартына, Банктің ішкі құжаттарына және Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алғашқы және әр қосымша жарна сомасы мен мөлшері, салымның жарнаның жинақ шотында болу кезеңі, сонымен қатар төлемдердің барлық түрі, олардың мөлшері және Клиентке төлеуге жататын нақты сомалары (сыйақы, ішінара алу сомалары, тарифтермен қарастырылған комиссиялар сомасы) әсер етеді.

3.12. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі Банктік салым Шартында көрсетіледі. Жинақ шоты бойынша операция жүргізу кезінде салымшы Банктен бұндай операцияны жүргізу күнгі тиімді Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі туралы сұраныс жолдауға құқылы. Бұндай сұранысқа жауап Банкпен салымшыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде ол алынған формада – осы Талаптармен қарастырылған жазбаша немесе ауызша, хабарламамен ауысу тәртібінде, хабарландыру, ақпарат түрінде жіберіледі.

БАНКТІК САЛЫМ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ. САЛЫМДЫ ҚАЙТАРУ. ЖИНАҚ ШОТЫН ЖАБУ

4.1. Шарт Банкке Шартта көрсетілген мерзімге салым бастапқы жарна түскен күннен бастап жасалған деп есептелінеді.

4.2. Банктік салым Шарты талаптарымен мерзімін ұзарту қарастырылған болса, және Клиент Шарт мерзімі өткен соң салымды талап етпесе, Шарт Банкпен мерзімін ұзарту уақытында салымның осы түрі үшін бекітіленген сыйақы мөлшерлемесімен Шартта көрсетілген мерзімге автоматты түрде ұзартылады. Шарттың қалған талаптары өзгеріссіз қалады.

4.3. Шартты Салымдар бойынша бұндай Шарттың қолданылу мерзімі және қайтару шарттары Шарттың талаптарына байланысты жеке белгіленеді.

4.4. Банктік салым Шартының қолданылу мерзімі салым және ол бойынша есептелген (бұрын төленбеген) сыйақы сомасын Клиентке төлеу мерзімі өткен кезде немесе Шарт талаптарына сәйкес салым мерзімі өткенге дейін тоқтатылады (Шартты мерзімінен бұрын бұзу).

4.5. Салымды қайтару Клиенттің бірінші талап етуімен Банкпен орындалады, егер өзгесі Қолданыстағы заңнамамен қарастырылмаған болса. Банк Клиенттің талабын алған уақыттан бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Салымды беруге міндетті. Салым клиентке Уәкілетті тұлғаға Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолма-қол ақшамен беріледі немесе Клиенттің жазбаша нұсқауымен Банктегі басқа шотқа аударылады. Бұл ретте Клиент Банк тарифтеріне сәйкес Банктің салым сомасын және есептелген Сыйақыны Клиенттің басқа банктегі шотына аудару қызметін төлейді.

4.6. Шарттың қолданылуының тоқтатылуы туралы Өтініштен кейін Тараптар барлық орындалмай қалған міндеттемелерді толық орындауға міндетті. Клиент Банк Клиентке қоятын барлық талаптарын жинақ шотын тікелей дебеттеу арқылы қанағаттандыруға құқылы екендігімен келіседі.

4.7. Салым Клиентке жинақ шоты жүргізілген валютада қайтарылады. Банк Клиентпен келісе отырып, қалған соманы Банкпен бұндай беру күніне белгіленген валюта бағамы бойынша теңгеде беруге құқылы.

4.8. Банктік салым Шарты тоқтатылған соң және салым қайтарылған соң Банк Клиенттің жинақ шотын жабады. Клиент Банктік салым Шартына қол қоя отырып, жинақ шотын жабуға қосымша Өтінішсіз жинақ шотын жабуға өзінің сөзсіз және кері қайтарусыз келісімін береді.