Комплексонометрлік титрлеу қисықтары

Титрлеу қисықтардың есептеуін жеңілдету үшін келесі шарттарды қолданайық:

1. рН ≈ 11, сонда ЭДТА тек У4- түрінде болады.

2. αМ = 1, метал бөгде реакцияларға қатыспайды

3. Мn+ - ті М-ден жазайық (зарядтарын еске алмай)

Комплексонометриялық титрлеу қисығы рМ мен қосылған титранттың (ЭДТА) көлемінің арасындағы байланысты көрсетеді.

Эквивалентті нүктеге дейін металл иондарының концентрациясы реакцияласпай қалған метал иондарына сәйкес болады және рМ = -lg [Mn+].

Эквивалентті нүктеде метал иондары толығымен комплексті қосылысқа айналады да [Mn+]=[ Y4-]. Шартты тұрақтылық константасынан метал-иондарының тепе-теңдік концентрациясын есептейміз

. Осыдан рМ табылады.

Эквивалентті нүктеден кейін рМ тағы да шартты тұрақтылық константасынан анықталады, бірақ [Mn+] бұл жағдайда СУ4- тең емес. Сондықтан

[MYn+] шамасы [Mn+] концентрациясына тең (сұйытылғанын ескерсек), ал СУ4- шамасына артылған комплексонның концентрациясы алынады.

Металохромды индикаторлар

Металохромды индикаторлар – метал иондарымен әр-түрлі боялған комплекстер түзетін әлсіз протолиттік қасиеті бар органикалық бояғыштар. Жиі қолданылатын металхромды индикаторлар эриохром қара, мурексид, ксиленол қызғылт-сары, пирокатехинол күлгін және т.б. Олардың түстері рН-қа тәуелді. Мысалы: эриохром қараның рН 6,3 бос күйіндегі түсі қызыл, ал метал ионымен комплекс түзген кезде күлгін қызылға айналады. Ал рН 11,6 тең болғанда көктен күлгін қызылға өзгереді.

Бос индикаторлар мен олардың комплекстерінің түсі әртүрлі және бұл комплекстердің тұрақтылығы сәйкес комплексонаттардың тұрақтылығынан кем болуы керек. Сондықтан металл иондарын индикатордың қатысында комплексонмен титрлегенде алдымен бос металл иондары титрленеді М+У МУ, олар түгел комплекстік қосылысқа айналғаннан кейін комплексонның келесі құйған мөлшері болғандықтан «металл – индикатор» комплексімен әрекеттеседі: MInd+Y MY+Ind. Екінші реакция аяғына шейін жүргенде ерітінді бос индикатордың түсіне боя­лады. Алғашқыда ерітіндінің түсі «металл-индикатор» комплексінің түсіне сәйкес.

Металлхромды индикаторлардың комплексі тұрақтылық константалармен сипатталады. Зарядтарды еске алмаса:

 

Ind+М MInd; bMInd = [MInd]/[Ind]·[M]

 

Сонымен қатар, бұл комплекс индикатордың түсін өзгерту аралығы және нүктесімен сипатталады. Ерітіндінің түсі айқын өзгеруіне сәйкес индикатордың комплекстен бос күйіне ауысу нүктесі индикатордың комплексі мен иондарының кон­центрациясы теңескенде байқалады: [MInd] =[Ind], бұл жағдайда теңдіктен:

[M]T=[MInd]/ bMInd·[Ind]=

-lg[M]T=pMT=lgbMInd

Олай болса индикатордың түсі ауысу нүктесінде (титрлеудің соңғы нүктесі) pMT=lgbMind.

Индикатордың түсін ауыстыру аралығы оның екі түрінің концентрацияларының қатынасымен анықталады, ол қатынас [MInd]/[Ind] 1/10 –нан 10/1 –ге дейін өзгереді:

 

Комплексонометриялық титрлеуге индикаторларды таңдағанда олардың түсін өзгерту аралығы титрлеу қисығының эквивалентті бөліміне сәйкес болуы керек.

Металлхромды индикаторлар – көппротонды қышқылдар, мысалы:

1) эриохром қара Т-үш негізді әлсіз қышқыл H3Jnd

Судағы ерітіндіде рН<6 сульфотопшанның протоны иониза­цияланған, сондықтан индикатор қызыл түсті H2Jnd- түрінде жүреді.

рН>7болғанда индикатордың басым түрі көк түсті HJnd2-

H2Jnd- « HJnd2-, ал рН>12 – сары түсті ион Jnd3-. ℓgК( HJnd2-) = 11,5, ℓgК(H2Jnd-) = 6,3.

Индикатордың металл иондармен беретін комплексінің түсі қызыл, сондықтан эквивалентті нүктеде ерітіндінің түсі айқын өзгеруі үшін (қызыл®көк), титрлеуді әлсіз сілтілік ортада жүргізу керек (рН 7 мен 11 аралығы). Бұл индикаторды пайдаланып Mg2+, Ba2+, Cd2+, Pb2+, Zn2+, Mn2+, Sr2+ иондарын комплексонометриалық әдіспен анықтауға болады. Титрлеуді аммиакты буферлі қоспа (рН 9-10) қатысында жүргізеді:

М2+ + HJnd2- « MJnd- + Н+

көк қызыл

комплексонмен титрлегенде:

MJnd- + Н2У2- « МУ2- + HJnd2- + Н+

қызыл көк

2) ксиленолды қызғылт-сары-алты протонды әлсіз қышқыл H6Jnd,

CH3
C
SO3H
CH3 O
CH2
  N
CH2COOH
CH2COOH
OH
CH2
  N
CH2COOH
CH2COOH
ℓgk(H5Jnd) = 2,6; ℓgk(H4Jnd) = 3,2; ℓgk(H3Jnd) = 6,4; ℓgk(H2Jnd) =10,4; ℓgk(HJnd) = 12,3.

 

Қышқыл және әлсіз қышқыл ортада Fe3+, Bi3+, Al3+, Zn2+, Cd2+, Cu2+, Zn2+, Hg2+, т.б. иондарымен қызыл түсті комплекстік қосылыс түзеді. Бос күйіндегі түсі рН <6,4 сары, не рН>6,4 қызыл. Ксиленолды қызғылт-сары қатысында рН= 1,5-3,0 аралығында Bi3+, Fe3+иондарын, ал рН 5-7 аралығында Cd2+, Cо2+, Cu2+, Hg2+, Ni2+, Pb2+, Zn2+ иондарын комплексонмен титрлеуге болады.

Индикаторлардың металл иондарымен түзетін комплекстерінің тұрақтылығы ортаның рН-на байланысты, сондықтан анализдегі есептеулерде тендіктеріне a коэффициенттері кіретін шартты тұрактылық константалардың мәнін пайдаланады. Титрлеудің соңғы нүктесі (рМт – т.с.н.) мен эквивалентті нүктесі (рМэкв.н – т.э.н.) сәйкес келмеуі нәтижесінде комплексонометриялық титрлеуде индикаторлық қателер пайда болады. Комплексонометриялық титрлеуде соңғы нүкте эквивалентті нүктеге жетпей анықталады. Мұның себебі - титранттың титрлейтін ионның соңғы мөлшері байланысқан MJnd комплексімен әрекеттесуінде:

 

∆ рМ = рМт – рМэкв = ℓgbI (MJnd) – 1/2(рМУ + ℓgbI(МУ) )

 

МУ комплкстері белгілі рН-та тұрақты болғандықтан эквивалентті нүктеде М иондары түгел МУ қосылыстарына ауысты деп есептеледі. Осыдан металл иондарының аналитикалық концентрациясы См пайда болған комплекстің концентрациясына тең деп алуға болады См = [МУ].

∆ рМ = ℓgbI (MJnd) – 1/2(р См + ℓgbI(МУ) )

 

Осыдан қатенің мәні аз болу үшін:

1) металл-индикатор комплексінің шартты тұрақтылық константасының мәні bI МJnd >1×104 болуы керек;

2) bМУ және bМJnd тұрақтылық константаларының айырмашылығы бірнеше есе болу керек:

bI МУ / bI МJnd ≥ 102×[ См ]×[ СУ ]

 

Дәріс