Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды қандай экожүйелерге бөледі?

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер.

 

3. Топырақ туралы түсінік

Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді ана, егістікті асыраушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.

 

Адам баласы ең алғашқы жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүзжылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтардың құнарлылығының азаюы, т.б. Осы мәселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла басталды.

 

XIX ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агрохимиктердің еңбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жазыла бастады. Олар топырақтың жоғары қабатының құрамындағы органикалық және минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В.Докучаевтың ғылымға жаңа бағыт әкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

 

1879 жылы Санк – Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология және минерология бөлімінің мәжілісінде В.В.Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше жаңа анықтама берді. Кейін бұл пікірлер әрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.

 

Қазіргі түсінік бойынша топырақ – жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік заттарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарында түскен күн сәулесі мен ауадағы көмір қышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нәтижесінде денесіне өте мол органикалық, биофильді минералдық заттар жинап, едәуір энергияны шоғырландырады

 

 

Билет

1. .Дж.Андерсон гетеротрофтарды 3 категорияға бөледі: некротрофтар,биотрофтар,сапротрофтар.

Некротрофтар-(грек тіл. өлі )-қоректену объектісін өлтіреді (адам,жыртқыш)

Биотрофтар(грек тіл. тірі) –басқа тірі ағзалар есебінен қоректенетін ағзалар (паразиттер)

Сапротрофтар (грек тіл.шірік)- өлген органикалық заттармен қоректенеді.

Жерде алғаш пайда болған ағзалар гетеротрофтар болған.егер автотрофтар пайда болмағанда олар өз өзін жойып жіберер еді.Автотрофтар органикалық заттарды синтездейді,ал гетеротрофтар оларды пайдаланады.Бұл процесс барысында органикалық затың ыдырауы болады.Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотрофтар пайдаланса,онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі.Гететрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге:көмірқышқыл газы,су,нитраттар,фосфаттар т.б.ыдырата отырып,химиялық энергияны босатып шағарады.

2) Табиғатта әр түрге жататын популяцияларбірігіп - қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (гр. bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологи Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешеңі деп Қарауға болады.

3)Мезоклимат - бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты.ол климатқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді.орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым салқындау және ылғалдырақ.

Билет.

1)Н.А. Воронков:“Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет. Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым”.

2)Экологиялық қойма дегеніміз – ағзаның табиғаттағы орнын және бүкіл тіршілік ету жағдайларын немесе тіршіліктегі орнын, яғни қоршаған ортаға, қоректің түріне, қоректену уақыты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жиынтығы. Бұл түсінік «мекен ету орнынан» көлемді және мазмұнды ұғым. Одумның түсіндіру бойынша мекен ету орны ағзаның «мекен жайы» (адрес), ал экологиялық қойма оның «мамандығы» болып табылады. Бір жерде әдетте әр түрге жататын көптеген ағзалар тіршілік етеді. Мысалы: орманда жүздеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендейді, бірақ олардың әрқайсысының өзінің мамандануы – экологиялық қоймасы болады.

Әрбір экожүйеде бір экологиялық қойманы не оның элементтерін қажет ететін (қорек, баспана және т.б.) түрлер болады. Мұндай жағдайда экологиялық қойма үшін бәсеке міндетті түрде орын алады.

Гаузе принципі (1930-1934) бойынша экологиялық жағдайлары ұқсас екі түр ұзақ уақыт бір экологиялық қоймада тіршілік ете алмайды.

3)Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

25 билет