Лемдік экологиялық мәселелерді болдырмау жолдары

Ғаламдық экологиялық проблемалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

Ресурстар проблемасы;

Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

Энергетикалық проблема;

Демографиялық проблема;

Климаттың өзгеруі;

Экологиялық проблемалар;

«Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

Қауіпті ауруларды жою;

Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

Қылмыспен және терроризммен күрес;

Наркобизнеспен күрес.

Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.

Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.

Оларға:

1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау;

2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;

3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi;

4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;

5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады

Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз.

Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.

47.Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі– биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму қамтамасыз» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық»

48.Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған Орта Жөніндегі Бағдарламасы ЮНЕП (ағылш.United Nations Environment Programme — UNEP) — Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.

Бағдарлама1972 жылы 15 желтоқсанда құрылды, штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған орта өркендеу жолында"

БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан Республикасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

49. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.

 

 

50.

Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі формалары бар:

► халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары;

► халықаралық (екі жақта немесе көп жақты) келісім-шарттар, келісімдер және конвенциялар;

► халықаралық ынтымақтастықтың мемлекеттік бастамалары.

Халықаралық табиғатты қорғау ұйымдары. Қазіргі кезде әлемде экология мәселесімен айналысатын 100 артық әртүрлі халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Ең беделдісі – Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ). Оның қызметінің негізгі бағыты – табиғатты қорғау саласындағы бірлестік. БҰҰ маңызды мәселелерді Генералды Ассамблеяда қарайды, резолюциялар мен декларацияларды қабылдайды, халықаралық келісімдер мен конференцияларды өткізеді. БҰҰ адамды қоршаған ортаны қорғаудың арнаулы принциптерін дайындады және қабылдады, мысалы Стокгольм конференциясының Декларациясында (1972 ж.) және табиғаттың Әлемдік Хартиясында (1982 ж).

БҰҰ қоршаған ортаны қорғаудың мамандандырылған халықаралық ұйымдары жұмыс істейді.

БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі арнаулы мүшісі (ЮНЕП) қоршаған ортаны қорғаудың ұзақ жылғы бағдарламасын орындайды, оны қаржылау үшін БҰҰ Генералды Ассамблеясы қоршаған орта Қорын жасады.

Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттілігі (МАГАТЭ) «Ядерлік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын жүзеге асырады.

Дүниежүзілік білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйым (ЮНЕСКО) қоршаған ортаны мен оның ресурстарын зерттеуді ұйымдастырумен айналысады, онымен «Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта» атты бағдарламалары мақұлданған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) қоршаған ортаның санитарлық тазалық, атмосфералық ауаның ластануымен күресу проблемаларымен айналысады.

Халықаралық азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйым (ФАО) жеке мемлекеттер мен дүние жүзінің азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен айналысады.

Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы (МСОП) табиғат және табиғи ресурстарды қорғау мәселелері бойынша үкіметтер, ұлттық және халықаралық ұйымдар, сонымен қатар жеке тұлғалар бірлесіп істеуіне жәрдем жасайды. МСОП Халықаралық «Қызыл кітапты» (10 том) дайындады.

Халықаралық келісім-шарттар, келісімдер, конвенциялар – ынтымақтастықтың маңызды құралы. Келісім-шарттар жалпы немсе ортақ және арнаулы, көп жақты және екі жақты, ғаламды және регионалды болып бөлінеді.

Ортақ халықаралық-құқықтық келісім-шарттар табиғи ортаны қорғау мәселелерін де қозғауы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік шекара тәртібі келісім-шартында шекаралық су қоймалары, өсімдіктер мен жануарларды қорғау жөніндегі баптар болуы мүмкін.

Арнаулы табиғатты қорғау халықаралық келісім-шарттарында тек қана қоршаған ортаны қорғау жөніндегі баптар болады.

Ғаламдық келісім-шарттарға табиғи ортаға әсер ететін соғыс немесе басқада құралдарды дұшпандылықпен пайдалануға тиым салу Конвенциясы (1977 ж.), шекаралық ауаны үлкен қашықтыққа ластау Конвенциясы (1979 ж.), дала жануарларының жылыстауын қорғау Конвенциясы (1979 ж.).

Регионалдық келісім-шарттарға мыналарды айтуға болады: Дунайды, Қара теңізді пайдалану және қорғау келісім-шарты; европа елдерін келісім-шарты (ЕЭС); табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау Африканың конвенциясы (1968 ж.); Антарктиданың теңіз тірі ресурстарын қорғау Конвенциясы (1980 ж.);

Ерекше маңыздысы ядерлік, бактериялық және химиялық қаруларын әртүрлі ортада және региондарда сынауды шектеу, қысқарту және тыйым салу халықаралық келісім-шарттары. 1996 ж. БҰҰ ядерлік сынауға жаппай тыйым салу Келісім-шарты салтанатты түрде қабылданды.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық құқықпен реттеледі, оның негізі болып әлем қауымдастығымен құпталатын принциптер мен нормалар.

БҰҰ-ның адамды қоршаған ортаның проблемасы жөніндегі Конференциясы (Стокгольм, 1972 ж.). Конференция жұмысы негізінде Декларация қабылданды, онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық мақсаттары мен әлем қауымдастықтары қимылдарының бағыттары анықталды. Декларация адамды қоршаған орта жөнінде 26 негізгі принциптерді құрады.

Сонымен қатар, 5 маусым Дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні деп жарияланды. БҰҰ-ның қоршаған орта жөнінде тұрақты күші бар мүшесі (ЮНЕП) құрылды, штаб-квартирасы Найроби қ. (Кения). БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясының (1982 ж.). құптауымен Дүниежүзілік табиғат хартиясы (ВХП) құрылды, онда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі принциптері дәлелденді және дамыды (27 принцип болды). .

БҰҰ-ның қоршаған орта және даму Конференциясы (Рио-де-Жанейро, 1992 ж.). Онда 114 мемлекеттерінің басшылары, 1600 үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Адамзат тарихында бұл үлкен экологиялық форум. Ең алғашқы рет адамзатқа экологиялық мәселенің экономикадан басым екені құпталды.

Конференцияда бес негізгі құжаттар құпталды: РИО қоршаған орта және дамуы Дек­ларациясы; XXI ғасырдың күн тәртібі; ормандардың барлық түрін басқару принциптері, қорғау және тұрақты дамуы туралы Мәлімдеме; климаттың өзгеруі жөніндегі Рамалық конвенция; биологиялық әралуандылық жөніндегі Конвенция.

Конференцияның ең маңызды қорытындысы тұоақты даму концепциясын қабылдау. Тұрақты даму деп экономика және экология проблемаларын бірдей шешуді айтады. Стратегияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау ұлттық бағдарламасын ауыстырмай негізгі нысандарды көрсету.

«Рио + 10» тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммит (Йохан­несбург (ЮАР), 2002 ж.). Саммитте әлемдік қауымдастықтың тұрақты даму жолындағы қозғалысының алғашқы он жылдықтағы нәтижесі қортындалды. БҰҰ-ның Генералдық хатшысы Кофи Аннанның айтуы бойынша қоршаған орта бойынша Бразилияда қабылданған көптеген шешімдер орындалмады, глобализация адамзаттың көп бөлігіне пайда әкелген жоқ, жалпы экономикалық өрлеуге қарамай дами бастаған елдерге жәрдем қысқартылды. Саммитте қабылданған құжаттардың бірі болып «Кедейшілікпен күресу және қоршаған ортаны қорғау жоспары» саналады.

 

51.Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

 

52. Тұрақты даму стратегиясының принциптері:

- Саяси құқықтық-демократиялық құндылықтар,парасатты заңдар мен салықтар,әлеуметтік әділеттілік;

-экономикалық меншік түрлерінің дұрыс үйлесімділігі,тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі,материалдық және мәдени құндылықтардың жеткілікті болуы;

-экологиялық-табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын, азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,табиғи ресурстар өндіру, пайдаланудың жаңа инновациялық технологияларын ендіру,табиғат қорғаудыңәкімшілік,экономикалық,құқықтық негіздерін жетілдіру;

-әлеуметтік-аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелеріндамыту, қарттарға,мүгедектерге қамқорлық;

-халықаралық-бейбітшілік үшін күрес,дүниежүзілік қауымдастықта халықаралық құқықтық демократия принциптері негізінде қызмет етуге ат салысу;

-ақпараттық-ғылым мен техниканың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетті ақпараттандыру,жаңа инновациялық технологияларды қолдануды кеңейту,дамыту;

- глобальды ойлап-локальды әрекет ету;-техногенді әсерлердің күшеюі мен адам денсаулығының қоршаған орта жағдайына тәуелділігінің артуына байланысты экологиялық болжаулардың дәлдігін жоғарылату принципі;

-экономикалық даму мақсаттарына бағытталған іс - шараларды алдыңғы кезекте жүзеге асыру принципі.

Билет 53

Тұрақты дамудың деңгейлері –локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлар өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылады. Экологиялық факторлар -өркениет дамуының шекаралық ауқымын анықтайды. Экономикалық факторлар нарықтық жүйенің қалыптасуын қарастырады. Әлеуметтік факторлар -ауыл-шаруашылығы, адам құқығы, демография мәселелерін қарастырады. Елде қалыптасқан саяси ахуал тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. «Галамдык экология» пані коршаған ортаның әр түрлі экологиялы проблемаларын, дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи – ресурстық әлеуетін, экодамудың оқытады. Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б .Адамзат баласының ғаламдық денгейдегі мәселелерді сезінуі ХХ ғасырдың соңғы ширегінде басталды. Сол кезге дейін экономистер «өсу» мен «даму» түсініктерін жеке-дара қарастырмаған. Осы бағыттағы зерттеулердің негізі батыстағы экономикасы дамыған елдердің әлемдік даму тұжырымдамасын жасау болып табылады. Яни, 1968 жылы әлемдік даму тұжырымдамасын талқылап, талдайтын халықаралық үкіметтік емес ұйым – Рим клубы құрылды. Рим клубының баяндамасы әлемдік даму теориясын қалыптастыруда басты рөлді атқарды. экологиялық фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық фактор(нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей , қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.

 

Билет 54

Тұрақты даму» термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында пайда болған. Бұл термин оны пайдалану кезінде табиғи ресурстар сарқылмайтын және табиғи көбейуі мүмкіншілігіне ие болатын табиғи ресрурстарды пайдалану жүйесін білдіретін. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. ^ Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеибастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Рим клубының мүшелері таяу болашақты болжауды және әлемдік қауымдастықты ғаламдық экологиялық-экономикалық қауіптің алдын алу қажеттігін мойындатуды өздеріне мақсат тұтты. Сонымен қатар әлеуметтік экологияның ғылым ретінде қалыптасуы орын алды. Әлеуметтік экология экотехника, экодаму, экологиялық тәрбие, экологиялық сана, экологиялық мәдениет, т.б. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік экология ғаламдық қауіптің алдын алатын ғылым саласы.1971 ж Американдық ғалым Дж.Форрестер Әлемдік динамика, Әлемдік экономика еңбектерін ұсынды. Әлемдік экономика кітабында көпқұрамды ғаламдық процестердің болашағы дамушы ұқсатушы модельдермен берілген. Әлемдік динамика кітабында әлемдік дамудың мүмкін нұсқалары туралы есптеу нәтижелері келтірілді.1972 жылы Рим клубының алғашқы баяндамасы "Өсу шегі" жарияланды. Онда алғаш рет табиғи ресурстардың сарқылғандығы (мұнай, газ, рудалар және т.б.), индустрияның өсуі өз шегіне жеткендігі және әлемнің Тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасының қажеттілігі, тоқырау мерзімінің жақын қалғандығы, апатты жағдайлардың орын алатындығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген әлем елдерінде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды, ірі қалалардан өнеркәсіптік өндірістерді көшіру, зиянды өндірістерді жабу басталды. Бірақ осы еңбектердің ешқайсысында экологиялық – экономикалық компоненттер және биосферадағы көптеген факторлар, әлемнің ала-құлалығы жеткілікті ескерілмеді. Сондықтан Рим клубының М.Месерович пен Э.Пестельдің басшылығымен орындалған келесі еңбегі Адамзат бұрылыс шегінде экономикалық даму мен экологиялық жағдай болжамдарында әлемді экономикалық жағдайына байланысты аймақтарға бөлу арқылы ғаламдық мәселелерінің қарқындылығына қарай шара қолдануды ұсынды. Капиталдың және халықтың өсуімен байланысты табиғатқа кейбір күштерді әлсірету және оларға қарсы әрекеттермен адамдар өсу шегін таңдай алатындығын жән қалаған уақытында тоқтата алатындығы айтылды.Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру:Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді . ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде:ауа райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек . Экологиялық білім беру- адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты. .Саяси-құқықтық-демократтық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар, әлеуметтік әділеттілік жатады. экономикалық меншік түрлерінің дұрыс үйлесімдігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәденикт құндылықтарынығ жеткілікті болуы.

3. Экологиялық- табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамту, табиғи ресурстарды өндіру жаңа инновациялық технологияларды өндіру, табиғатты қорғаудың әкімшілік экономикалық құқық негіздерін жетілдіру. 4.Әлеуметтік- аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелерін дамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық жасау.

5. Халықаралық - бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастыққа халықаралық, демократиялық құқықтық прицип негізінде қызмет ету.

6. Ақпараттық - ғылым мен технологиялардың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқара аралық арқылы ақпарат тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетін ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолданып кеңейтіп дамыту.

Билет 55

Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыт мұқтаждығын қанағаттандыратын және келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын даму түрі (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987 ж). Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Тұрақты даму Стратегиясының негізі мен мақсаты. Тұрақты даму Стратегиясының негізі қоршаған орта мен оның ресурстары және экономика мен Жер халқы арасын теңдестіру идеясы болып табылады. Тұрақты даму Стратегия-сының мақсаты – тіршілікті жаһандық өзгерістерге бейімдеудің негізгі жолдары мен тәсілдерін жасау.Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді. Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жою.1983 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қоршаған орта және даму жөнінде халықаралық комиссия (МКОСР) құрылды. Оның міндеті тездетіп ғаламдық экология-экономикалық бағдарлама жасау және оны таяудағы онжылдықтарда әлемде жүзеге асыру жолдарын анықтау болды. Ол жұмыс 1987 ж. аяқталды және сол жылы Оксфорд университеті «Біздің ортақ болашағымыз» деген атаумен бағдарламаны жариялады. Онда алғаш рет тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі ережелері мазмұндалды. БҰҰ Бас Ассамблеясының қаулысымен МКОСР баяндамасы барлық елдердің басшыларына (және БҰҰ жүйесінің басшы органдарына) өздерінің ұлттық бағдарламаларын жасау үшін және оны іс жүзінде орындауға таратылды. МКОСР шешімдері БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдады және ЮНЕП-тің кезекті «2000 ж. дейінгі және кейінгі кезеңде экологиялық болашақ» атты құжаттың негізіне алынды.
Тұрақты дамуға қол жеткізудің күрделірек нұсқалары да бар. Адам мен қоршаған орта әрекеттесулерін қарастыра келе, К.М.Трубецкая, Ю.П.Галченко және Л.И.Бурцев дамудың үш стратегиясын ұсынған.

Бірінші стратегия – «шаруашылықпен айналысушы адамның Жердің табиғи биотасының табиғи-теңгерілген жүйелерімен әрекеттесуі». Бұл стратегияның ақтық мақсаты – түрлерді, олардың тіршілік ортасын және биологиялылық алуан түрлілігін сақтау болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік (табиғи экожүйелердің даму жағдайын қамтамасыз ету) табиғи биотаның қалыптан шығуының рұқсатты мөлшерін шектеу жолымен қамтамасыз етіледі. Бұл стратегияның қабылдануы сұраныстың өсуінің өздігінен шектелуіне әкеледі.

Екінші стратегия – «шаруашылықпен айналысушы адамның оның азық-түлікке деген сұраныстарын қамтамасыз ететін жасанды- теңгерілген антропогендік экожүйелермен әрекеттесуі». Бұған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін өндіретін түрлі әрекеттер жатады. Бұл стартегия бойынша Жердің табиғи биотасының сақталу дәрежесі адамды азық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын технологиялардың тиімділігіне тікелей байланысты.

Үшінші стратегия - «шаруашылықпен айналысушы адамның (өндірістің) жасанды орта экожүйелерімен әрекеттесулер». Жасанды орта экожүйелері – жер тұрмыстық, рекреациялық және инфрақұрылымдық нысандар салу үшін берілген қалалар мен басқа да елді мекендер. Мұндай жүйелерде биологиялық алуан түрлілікті сақтау міндеті қойылмайды. Адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету, ғимараттар мен коммуникацияларды, және басқа да адам тіршілігі үшін маңызы бар орталарды қорғау маңыздырақ болып табылады.

· 56 билет
14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы.
ҚР тұрақты дамуының тұжырымдамасы(принципi)
1. Адамның экономикалық қамтамасыз ету және табиғи ортаның қажеттілігін ескере отырып сақтау.
2.Тұрақты дамудың негізі-ғаламдық ресурстарды және экономикалық патенцияға ұқыпты қарау.
3.Кедейшілкке қарсы күрес, кедей топтардың материалдық экономикалық қажеттіліктерін негде шешу.
4.Табиғатты пайдалану қаржы жұмсау технологиялық даму, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек.

 

 

· 57-билет
Қазақстан-2030 Стратегиясы– елдамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. ПрезидентН.Ә.Назарбаевтың Қазақстанхалқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді 7 басымдыкты іске асыру қажет:
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанньщ тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық қазақстандықтардын, өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАИЛАНЫС. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінін, ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.

 

· 58 билет
"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.

· туракты даму маселеси деген 57 билеттин ишинде

· 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:
Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.Сонын iшiнде: Бюджет саясаты, салык саясаты, акша-кредит саясаты,мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты.
Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту.
Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Бесіншіден, бізге индустрияландырудың келесі фазасының жоспары қажет.
Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияныдамыту;
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
7. Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.