ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕ БАР

Депозит нарығында шетел валютасындағы салымдар басым

Депозит нарығында шетел валютасындағы салымдар басым

Депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттерінің жалпы көлемі 2013 жылғы қазанда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өсті, ал, жыл басынан бері 13,9%-ға артты, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 6496,8 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өссе, жеке тұлғалардың депозиттері 3745,7 млрд. теңгеге дейін 0,8% - ға ұлғайды. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 15,5%-ға және 11,1%-ға артқан.

2013 жылғы қазанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 6277,1 млрд. теңгеге дейін 0,8%-ға төмендеді. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға төмендеген.
Ал, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3965,4 млрд. теңгеге дейін 5,0%-ға ұлғайды. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 6,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 3,0%-ға артты. Теңгемен берілген депозиттердің үлес салмағы бір айда 62,6%-дан 61,3%-ға дейін кеміді.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2013 жылғы қазанда 3778,5 млрд. теңгеге дейін 0,8 %-ға ұлғайса, жыл басынан бері 10,8%-ға өсіпті. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2082,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, шетел валютасымен депозиттер 1695,8 млрд. теңгеге дейін 2,9% - ға көтерілді.

Халық салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 56,0%-дан 55,1%-ға дейін төмендеді.

2013 жылғы қазанда мерзімді депозиттер 7060,6 млрд. теңгеге дейін 1,8% - ға ұлғайды. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4225,3 млрд. теңгеге дейін 2,0% - ға артты, шетел валютасымен депозиттер 2835,3 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға өсті.

2013 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,8% (2013 жылғы қыркүйекте – 4,4%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (6,3%) болды.

Шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейді

Астана. 22 қазан. Baq.kz – Биылғы жылдың тамыз айында шетел валютасындағы депозиттер 32 млрд. теңгеге көбейіп, ұлттық валютадағы депозиттер 27 млрд. теңгеге азайды. Қаржы нарығындағы күрт өзгерістер «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның шетел валютасындағы депозиттердің сыйақы мөлшерін төмендетуімен байланысты деп хабарлайды Ranking.kz сайты.

Порталдың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда салымшыларда девальвация болуы мүмкін деген қорқыныш бар. Оның үстіне, 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен ұсынылатын жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі 5,5% - дан 4,5% - ға дейін төмендетілді.

Бүгінде екінші деңгейлі банктерге салымшылар 3,6 трлн. теңгені сеніп тапсырған. Оның ішінде 43,8% немесе 1,6 трлн. теңгесі шетел валютасындағы депозиттер болып табылады.

Айта кетерлік жайт, еліміздегі қаржы институттары депозиттің осы түрін ел арасында кеңінен насихаттауда. Олардың ішінде долларлы депозиттер сұранысқа ие. Салымның бұл түрін 38 қаржы орталықтарынының ішінен 28 ұсынуда.

Бөлшек депозиттер нарығында шетелдік валютаның үлесі көбеюде. Қазан айында шетелдік валютадағы мерзімді және шартты салымдар көлемі 3%-ға өсіп, 1,6 триллион теңгеге жетті

Ұлттық валютадағы бөлшек депозиттер көлемі 1,7 триллион теңгеден төмен түсті (0,9%-ға).

Шетелдік валюталардағы салымдарға деген ең үлкен сұраныс Алматы және Астана қалаларында. Мегаполистерімізде, аталмыш нарықтың 75%-ы шоғырланған (1,2 триллион теңге).

 

 

Р ЕДБ халықтың депозиттері. Аймақтар. Қазан 2013

Кесте)

Мегаполистеріміздегі ұлттық валютадағы мерзімді және шартты салымдардың шоғырлануы - 48,4% (822,2 миллиард теңге). (1- кесте).

2-кесте

2014 жылғы депозит нарығының көрсеткіштері. Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2014 жылғы мамырда 11522,2 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға (жылдың басынан бері өсу 14,2%-ға) көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 7279,6 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға (жылдың басынан беру өсу 17,8%-ға) көтерілді, жеке тұлғалардың депозиттері 4242,5 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға (жылдың басынан беру өсу 8,6 %-ға) ұлғайды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі 2014 жылғы мамырда 0,8%-ға 6263,3 млрд. теңгеге дейін (заңды тұлғалардікі – 0,4%-ға төмендеу, жеке тұлғалардікі – 3,5%-ға өсу) ұлғайды, шетел валютасымен – 1,0%-ға 5258,9 млрд. теңгеге дейін (заңды тұлғалар – 2,4% өсу, жеке тұлғалардікі – 0,8% төмендеу) ұлғайды. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы алдыңғы айдағы деңгейде сақталып, 54,4%-ды құрады.

Халықтың (резидент еместерді қоса есептегенде) банктердегі салымдары 2014 жылғы мамырда 4277,4 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайды. Халық салымдарының құрылымында теңгемен депозиттер 2019,9 млрд. теңгеге дейін 3,4%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 2257,5 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді. Халық 4 салымдарының құрамында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы бір айда 46,2%-дан 47,2%-ға дейін ұлғайды.

2014 жылғы мамырда мерзімді депозиттер 7791,6 млрд. теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеді. Мерзімді депозиттердің құрамында теңгемен депозиттер 4077,9 млрд. теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттер 3713,7 млрд. теңгеге дейін 2,9%-ға төмендеді.

2014 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгемен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,6% (2014 жылғы сәуірде – 5,8%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,9% (8,9%) болды.

ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕ БАР

Жақында ranking.kz қызметі Қазақстандағы депозит нарығына талдау жасады. Сөйтіп, 2015 жылдың ақпанындағы қорытынды бойынша еліміздің банктеріндегі жалпы салым көлемі 10,9 триллионға жеткенін мәлімдеді.

Салыстырмалы түрде қарасақ, былтырғы жылдың осы айындағы салымшылардың депозитке салған ақшасы 10,7 триллионды құраған болатын. Осылайша, жиынтық портфель депозиті 115 миллиард теңгеге өсіп отыр.

Еліміздегі екінші деңгейлі 35 банк­­тің тек 18-інде ғана салым­шы­лардың саны артқан. Депозит көлемі бойынша, қазір Цеснабанктің са­лым­­­шылары көш бастап тұр. Банк­тің портфелі 198 миллиардтан бірден 967 мил­лиардқа өсіпті. Рас, Цес­на­банкте жеке тұлғалардың депозиттік база­сының тұрақты өсімі байқалады. Өйткені депозиттерді толық­тырушы салымшылар тарапынан банкке де­ген сенім жоғары. Соның арқа­сын­да, жаңа клиенттер де кө­беюде. Былтыр да Цеснабанктің же­ке тұлғалар де­позиттік базасы 5 млрд теңгеге өс­кен болатын. Сөйтіп, депозиттік база кө­лемі бойынша 8-орынға тұрақ­та­ған. Ал биыл айды ас­паннан шыға­рып, алғашқы орын­ға бір-ақ көте­ріл­ді.

Kaspi bank-тің еншісінде – екін­ші орын. Бұл банктің салымы бір жыл­да 187 миллиардтан 700 мил­лиард­қа дейін көбейді. Kaspi bank-те де жеке тұлғаларға бар мүмкіндік қа­растырылған. Қаржы кеңесшілері салымшылармен жеке-дара жұмыс істейді. Депозит жайлы толық мә­лі­мет беріп, аз уақытта депозит ре­сім­деу уақытын белгілейді. Kaspi bank-те, тіпті шұғыл түрде депозиттен ақ­ша алу керек болған жағдайда қа­жетті соманы сыйақыны жоғалт­пастан алуға мүмкіндік берілген. Міне, осындай жеңілдіктердің бәрі де олардағы депозиттік көлемінің ұлғаюына жағдай жасап отыр.

Үшінші орынға жайғасқан RBK бан­кінің де салымшылары депозит деңгейін көтеріп тұр. Бұл банкте 185 мил­лиардтан 374 миллиардқа дейін­гі өсу байқалады. Сол сияқты Fortebank (+111 млрд теңге) пен ЦентрКредитБанкi (+84 млрд теңге) де ал­дыңғы ондыққа кірді.

RBK банкінің салымшыларға ар­налған түрлі тиімді депозиттері бар. Жылдық сыйақы төлемі салған со­маның 10 пайызына тең. Ал шетелдік валюта түріндегі салым­дарға биылдан бастап 3 пайыздық ставка қойған. Бұл не деген сөз? Тең­ге мен өзге валюта арасында үш есе­лік айырмашылық бар. Осы­лайша, салымшыларды доллардан гөрі теңгеге мән бергізіп отыр. Бәл­кім, басқа банктерден артықшылығы да осында шығар.

Қазір қарап отырсақ, әр банк бір-бірімен жарысып, өзіндік ар­тық­­шылығын, ерекшелігін ұсы­на­тын болып жүр. Әр банк депозиттер жүргізудің өзіндік саясатын ұста­нады. Бұл нені көрсетеді? Біздің елде депозит нарығындағы бәсе­ке­лестік қыза түсті деген сөз. Бәсе­ке­лестік болып еді, банктердің беделі де байқала бастады.

Банктер ішкі нарыққа ақша тарту үшін, әртүрлі амалдарға барып жа­тыр. Әрине, олардың бәрі де Қа­зақстанның депозиттерге кепіл­дік беру қоры орнатқан бірдей сыйақы став­касын ұстанады. Бірақ клиент­терді өздеріне тартудың тәсілдері әр­түрлі.

 

 

 

Депозиттік ұйымдардағы депозиттер
млн. теңге / кезеңнің соңына
  12.14 01.15 02.15 03.15
Барлық депозиттер 11 693 998 11 367 374 11 266 376 11 284 994
оның iшiнде:        
ұлттық валютада: 5 197 728 5 006 749 5 119 651 5 269 799
банктік емес заңды тұлғалардың 3 760 374 3 627 752 3 731 983 3 876 244
жеке тұлғалардың 1 437 354 1 378 997 1 387 668 1 393 555
шетел валютасында: 6 496 270 6 360 626 6 146 725 6 015 195
банктік емес заңды тұлғалардың 3 536 148 3 441 674 3 246 780 3 147 396
жеке тұлғалардың 2 960 122 2 918 952 2 899 946 2 867 798
         
Депозиттердiң жалпы сомасы iшiнде:        
банктік емес заңды тұлғалардың 7 296 522 7 069 426 6 978 763 7 023 640
жеке тұлғалардың 4 397 476 4 297 949 4 287 614 4 261 354
         
Аудармалы депозиттер,        
ұлттық валютада: 1 858 417 1 764 764 1 887 815 2 023 216
банктік емес заңды тұлғалардың 1 498 850 1 446 115 1 569 523 1 711 718
жеке тұлғалардың 359 567 318 649 318 292 311 498
Басқа депозиттер,        
ұлттық валютада 3 339 311 3 241 985 3 231 836 3 246 583
банктік емес заңды тұлғалардың 2 261 524 2 181 637 2 162 461 2 164 526
жеке тұлғалардың 1 077 787 1 060 348 1 069 375 1 082 057
         
Аудармалы депозиттер,        
шетел валютасында: 1 646 078 1 588 096 1 512 365 1 485 820
банктік емес заңды тұлғалардың 1 561 604 1 507 054 1 433 922 1 373 105
жеке тұлғалардың 84 474 81 041 78 443 112 715
Басқа депозиттер,        
шетел валютасында: 4 850 192 4 772 530 4 634 360 4 529 374
банктік емес заңды тұлғалардың 1 974 544 1 934 619 1 812 858 1 774 291
жеке тұлғалардың 2 875 649 2 837 910 2 821 502 2 755 083