Лемнің ғылыми-ағарту ресурстарын қысқаша сипаттап, олардың экономикалық маңызын көрсетіңіз.

Ғылыми ресурстар бір елдің немесе басқа елдің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен анықталады.

ž Әлемдегі технологияның ірі экспортері – АҚШ.

ž Лицензияға ие оң сальдо саудасы – Ұлыбритания, Швейцария.

ž Әлемдегі ірі ғылыми-техникалық жетістіктерді тұтынушы - Жапония.

Әлемнің ғылыми ресурстарына әсер ететін факторлар:

1) Сандық факторлар: дайын ғылыми зерттеушілері болуы, ҒЗТКЖ-ны материалды-техникалық қамтамасыз ету, ғылымға, ғылыми қызметтерге бөлінген қаржылай ресурстар көлемі.

2) Сапалық факторлар: Ұйымның жүйесінен тұрады. ҒЗТКЖ, ғылыми ізденіс жұмыстарының приоритеттері, осы саланың даму деңгейі.

ҒЗТКЖ негізгі көрсеткіштері:

1) ЖІӨ-гі ҒЗТКЖ-ға кеткен шығындар үлесі

2) Ғылыммен айналысатын мамандардың саны

3) Мемлекеттің жалпы шығындарындағы ҒЗТКЖ-ға бюджеттік ассигнованиялардың үлесі.

4) Ғылыми жетістіктер үшін ұсынылатын халықаралық сыйлықтардың мөлшері

5) Ғылыми өндірістің ЖІӨ-гі және өндірістік өнімдердегі үлесі

6) әлемдік нарықтағы жаңа технологиялардың елдегі үлесі

Әлемнің ғылыми-техникалық орталықтары:

· ҒЗТКЖ-ға бөлінетін барлық қаржы ресурстарының жартысы АҚШ-тың үлесінде

· Батыс Еуропа елдері, Жапония, Ресей

· Швеция, Швейцария, Нидерланды,

· Оңтүстік Корея, Үндістан

Ресейдің ғылыми-техникалық потенциалы:

o Ғылыми жұмысшылар саны – 1985 адам

o Доктор және ғылым кандидаттары – 542

o ЖІӨ-нің 3,5 %-дан артығын ғылыми-техникалық зерттеуге жұмсайды.

Ресей ғылымы әлемде мынадай бағыттар бойынша жетекші орынды алады:

ž Авиациялық және космостық техника

ž Атом энергетикасы

ž Биоинженерия негізіндегі биотехнология

ž Керамикалық материалдар

ž Қатты болат материалдар

ž Ақуызды препараттар мен компоненттер

АҚШ ғылымы әлемде мынадай бағыттар бойынша жетекші орынды алады:

ž Әскери және өндірістік негіздегі суперкомпьютерлер;

ž Авиациялық және космостық техника;

ž Лазерлер;

ž Биотехнология;

ž Қоршаған ортаны қорғаудағы жаңа технологиялар.

Батыс Еуропа ғылымы әлемде мынадай бағыттар бойынша жетекші орынды алады:

ž АЭС құрылысы

ž Фармацевтикалық препараттар

ž Байланыс техникасы

ž Транспорттық машинақұрылысы салалары

Жапония ғылыми-техникалық потенциалы:

Жапон экономикасының приоритетті салалары:

ž Өндірістік роботтар

ž Медициналық электроника

ž Ақпараттық жүйе

ž Интегралды схемалар

ž Жаңа металдар мен керамика

ž Оптикалық мақталар

ž Биотехнология

Қазақстан ғылыми-техникалық потенциалы:

ž Қазақстанда 2011 жылы инновациялық қызмет ЖІӨ-ң 0,23 %-ын алды.

ž Инновациялық өнімдер көлемі 82597,4 млрд. тенге, ЖІӨ-ң 0,48%-ын құрайды.

ž Технологиялық иннвациялар шығындары 2011 жылы 61050,9 млн.тенге, ЖІӨ-ң 0,36% құрайды.

Қазақстан экономикасының приоритетті салаларына:

ž тау-кен ісі

ž мұнай-газ

ž металлургия

ž химия саласы

ž ауыр түсті металдар маталлургиясы

ž генетика, ауыл шаруашылық биотехнологиясы

Ғылыми-техникалық байланыстар ғылымды қамтушы саудамен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың масштабы мен географиясын елдің жоғары технологиялар нарығында алатын орнына байланысты анықтауға болады. Қазақстанда инновациялық үдерістер мен жобаларды басқаруға қабілетті кадрлар жеткіліксіз. Ғылыми зертеулер саны бойынша әлем елдері Қазақстаннан: АҚШ 114, Жапония 58, Ресей 44, Германия 24 артық.

Ғылыми-техникалық байланыстар ғылымды қамтушы саудамен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың масштабы мен географиясын елдің жоғары технологиялар нарығында алатын орнына байланысты анықтауға болады. Қазақстанда инновациялық үдерістер мен жобаларды басқаруға қабілетті кадрлар жеткіліксіз. Ғылыми зертеулер саны бойынша әлем елдері Қазақстаннан: АҚШ 114, Жапония 58, Ресей 44, Германия 24 артық.

29. Ұлттық экономикаға анықтама беріп, қазіргі әлемдегі ұлттық экономикалық үлгілерге қысқаша шолу жасаңыз.

Ұлттық экономика — қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.). Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Ашық және жыбық экономика болады. Бірақ қазіргі нарықтық жағдайда толығымен жабық экономика жоқ.

Ашық экономика - сыртқы дүниемен кең ауқымды сауда-экономикалық және қаржы байланыстары бар экономика. Мұндай экономикалык жүйе сыртқы сауда, капитал экспорты менимпорты арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын көздейді.

Жабық экономика — халықаралық сауда-саттық процесінен оқшауланған экономика. Ол тек қана өз елінің технологиясы мен тауарларын пайдаланады, шет ел инвесторларын өз еліне жібермейді, олардың тауарларын алмайды, шет елден әкелінетін тауарларға шектен тыс көп салық салады, халыққа сапасы төмен болса да, өз елінің тауарларын өткізеді. Ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануда шет елдермен байланыс болмағандықтан, жабық экономика елдері экономикалық даму тұрғысынан мешеу қалады, халқының әлеуметік жағдайы төмендей береді. Шет елдің көмегінсіз өз экономикасын, ғылымын, техникасын дамытуға тырысады, халықарарық байланысты дамытуда экономикалық интеграцияны өркендетуге үлкен кедергі туғызады. Жабық экономика — теориялық жағынан халықаралық саудадан толықтай қол үзген, ал тәжірибе жағынан — басқа елдермен сауданың және капиталдың қозғалысына қатаң шек қоятын экономика.

Еуропадағы бірқатар ұлттық экономикалық үлгілерді келтіруге болады. Қазіргі уақытта солтүстік елдердің ұлттық экономикасының үлгісі (Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания), оңтүстік еуропалық үлгісі (Португалия, Италия, Греция) жеке атап өтіледі. Мұның өзінде латынамерикандық даму үлгісінің еуропалық үлгіден біршама дәрежеде әлеуметтік теңсіздігімен ерекшеленеді. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қарқынды дамуына орай зерттеулерде бірқатар жылдам дамып келе жатқан Азия елдері атап өтіледі. Әрине, Африканың көп елдерін африкандық ұлттық экономикалық үлгісінің ерекше түріне жатқызуға болады.

Сөйтіп, ұлттық экономика үлгілерін жеке бөлудің арқасында бірқатар елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге ұлттық елдік ерекшеліктерге қарамастан олардың экономикалары мен экономикалық құрылымындағы ортақ нәрселерді жүйелеп, анықтауға мүмкіндік береді.