Азіргі әлемдік экономиканың жаһандануының басталуы, кезеңдері мен себептерін ашып көрсетіңіз.

Жаһандану-жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл зерделеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: 1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. 2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. 3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. 4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.

Экономиканың жаһандануы-бүкіл әлемдік маштабында тауарлар, қызметтер, капитал жұмыс күші және білімнің біртұтас нарығының қалыптасуы.Оның мәні-әлемдік шаруашылықтың біртұтастылығының өсуі,оның өзара тығыз байланысқан және өзара тәуекелді жеке елдердің ұлттық экономикасының кешеніне айналуы.Өндірістің интерұлттанудың өте жоғарғы сатысы, оның ары қарай дамуы. Экономиканың жаһандану әрекеті келесі негізгі бағыттармен дамиды: 1. Халықаралық сауда:тауарлармен; қызметтермен; технологиялармен; интеллектуалды жеке меншік объектілерімен.

2. Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы: капитал (тікелей инвестициялар түрінде); жұмыс күші (төмен мамандырылған және жоғары мамандандырылған жұмысшылардың миграциясы түрінде).

3. Халықаралық қаржылық операциялар: несиелер (жеке, мемлекеттік, халықаралық ұйымдардың); негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және басқалар); туынды қаржылық инструменттер (фьючерс, опцион т.б.), валюталық операциялар.

Жаһандану дәуіріндегі экономиканың дамуының қозғалтқыш күші ретінде келесі өзгерістер болып табылады:

• нарықтар арасындағы қашықтықты қысқартатын технологиялық өзгерістер, әсіресе, көлік, коммуникация және ақпараттар саласында;

• халықаралық саудада және инвестицияларда мемлекеттер бекіткен кедергілердің қысқаруы, дүниежүзі бойынша ашық экономиканы қалыптастыру;

• жаһандық операцияларды жүргізуге қажетті, шетелдерде сауда мен инвестиция тәуекелділігін азайтатын, кең мағынада институционалды және құқықтық сенімділікті қамтамасыз ететін институттарды дамыту, мысалы: ДСҰ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк.

Демографиялық үдерістердің жаһандық мәселе есебінде әлемдік экономикаға тигізетін әсерлері мен оны шешу мәселелерін бейнелеңіз.

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Планетада 7млрд-қа жуық адам өмір сүріп жатыр. Халық жедел өсуде, әр секунд сайын 3 адамға көбейіп отыр (21адам туылады, 18адам өледі, күніне 250мың.адамға өседі). Дамыған және дамушы елде әлеуметтік-демографиялық жағдай қарама-қайшы сипатқа ие.

Қазіргі кезде әлемдегі проблемалардың ең бастысы халықтың күрт өсуі болып отыр. Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

Заңсыз миграция мен урбанизация келеңсіз жағдайлар туындатуда.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 1999 жылы әлем халқы шамамен 6 млрд адам болған, ал қазіргі уақытта 6,6 млрд адам. Жер шарындағы халықтың саны 1980-1990 жылдары арасында жылына 87 миллионға өсіп отырған болса, 1990-1995 жылдары арасындағы өсім 81 млн адам болған. Бұл сандар бойынша болашақта 2020 жылы әлемдегі халық саны 7,8 млрд, ал 21 ғасырдың ортасында 10,5 млрд адам болады деген болжам бар.
Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндіргіш күштер факторлары өте үлкен ықпал етеді. Дүние жүзінде халық әркелкі орналасқан.Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%. Жалпы халықтың 80%-ы теңіз деңгейінен 500 м-ден аспайтын өңірлерін мекендейді.Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 45 адамнан келеді. Сонымен қатар халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көші-қон үлкен әсерін тигізеді.

Дамыған және өтпелі экономикалы елдердегі демографиялық проблемалар ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жұқпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен аштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады.

Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр.

Көптеген мемлекеттер қазіргі кезде халықының өсімін бақылап отыруға мәжбүр. Сонымен қатар өздерінің демографиялық саясатын жүргізеді. Демографиялық саясат - халық санын реттеуге бағытталған, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайтын саясаттың бір саласы. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі.

Мысалы, ҚХР халқы орта жас жоғарылығымен сипатталады, “бір отбасы – бір бала” саясатын қолданады. Қытай халқы өсу қарқыны небәрі 0,49% және әлемде 151-орынды алады. Осындай саясатты Үндістан да жүргізеді.

Ал кейбір дамыған елдерде( Ұлыбритания, Германия,Дания) туу көрсеткішінін көтеру үшін саясат қолданылады,яғни екі немесе одан көп балалары бар отбасына көптеген жеңілдіктер мен жәрдемақылар беріледі. Халықтардың ең жоғары өсімі 20 ғасырдың екінші жартысы мен 21 ғасырдың бірінші жартысындағы демографиялық дүмпу немесе өсіп-өну тасқыны ретінде сипатталады. Осы жүз жыл ішінде (1950 — 2050 жылы) жер шарында тұрғындар саны 9 млрд-қа дейін жедел өсе түспек. Оның салдарынан қоршаған ортаға күшті қысым жасалып қана қоймай, табиғи байлық қоры таусылып, азық-түлік тапшылығы күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан халқы тығыз орналасқан Қытай, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Египет, Нигерия, Мексика, Коста-Рика, Парагвай, Гаити сияқты елдерде халық санының өсімін теңеуге, тіпті тоқтатуға арналған белсенді демогр. саясат ұсынып отыр. Бұған, керісінше, жері кең, халқы сирек, табиғи байлығы толық меңгерілмей жатқан Канада, Австралия, Бразилия, Ангола, Қазақстан, Моңғолия сияқты елдерде тұрғындар санының кемімей, қайта өсуіне күш салынуда.

 

 

55. Адамзаттың жаһандық мәселелерінің экономикалық аспектілеріне шолу жасап, негізгі жаһандық мәселелерге сипаттама беріңіз.Ғаламдық мәселелер - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Бұл мәселелер 2 топқа жіктеледі:

Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:

Демографиялық мәселе;

Аштық пен тоя тамақтанбауменкүресмәселесі;

Ғылыми-техникалықдамудыңжағымсызсалдарынжоюмәселелері; аса қауіптііндеттердіжоюмәселесі;

Руханиортаныжәнеадамзаттыңмәдениәркелкілігінқорғаумәселесі;

2 . Адам мен табиғатарасындағықарым-қатынасқабайланыстымәселелер:

Экологиялық;

Шикізаттық;

Энергетикалық;

Ауарайы жәнет.б. мәселелер.

Әлемдіктәртіптергежаһандықэкологиялықөзгерістер, соғыстарқаупі, ядролыққауіпсіздік, азық-түліктапшылығы, әлемдікортақақпараттану, түрлііндетаурулары, индустриалдық-техникалықортақтану, техногендіккатастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралықзаңсызқарусату, халықаралыққылмыскерлік, адамдардықұлдыққасату, діниэкстримизмт.б. әлемдікқауіптер мен қайшылықтарүздіксізөзықпалдарынтигізіпотырды.Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді.

Дүниедегі бірінші мәселе – кедейшілік мәселесі. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. 1 жылда 5 млн бала аштан өледі. 2,5 млрд адам аш. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 880 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2,5 миллиард адам күніне кедейліктің шегі болып табылатын 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. БҰҰ бойынша мешеу елдер 49 ел (34 Африкада орналасқан). Ең кедей елдер – Бурундий мен Конго.

Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Бүгінгі таңда әлемде 7 млрд 154 млн адам өмір сүреді. 1804 ж – 1 млрд, 1927 – 2 млрд, 1959 ж – 3 млрд, 1974- 4 млрд, 1987- 5млрд, 1998- 6 млрд, 2011- 7 млрд, 2025- 8млрд. Қазіргі кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Әлемде дағдарыс пен экономикалық құлдырау болмау үшін демографиялық өсу мен экономикалық өсу сәйкес болу керек.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе. Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады.Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр.

Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады.Африканың және Азияның көптеген елдері энергияның көзі болып табылатын аса бай кен орындарына ие бола тұра, тиімді энергетикалық саясат жүргізбеуінің салдарынан үйдегі электр шамы жарығына қол жеткізе алмай отыр немесе күніне миллиондаған баррель мұнай өндіре отырып жанар-жағар майды өз елінде бірнеше долларға сатып алуда. Нәтижесінде халқының жағдайы өте төмен, тіпті ашаршылық жайлауда.

 

56. «Солтүстік-Оңтүстік» жаһандық мәселесінің шиеленісуі мен одан шығу жолдарын көрсетіңіз.Солтүстік-Оңтүстік жаһандық мәселесі артта қалушылық мәселесі, дамыған және дамушы елдер арасындағы экономикалық қатынас мәселесі болып табылады. Дамушы елдердің артта қалушылығы тек жергілікті, аймақтық және аймақ аралық деңгейде ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік шаруашылық жүйесіне қауіп төндіруде. Мұндағы Оңтүстік – дамушы елдер болса, Солтүстік – дамыған елдер. Екі жақ арасындағы жанжалдардың негізгі себебі елдер арасындағы экономикалық-әлеуметтік алшақтық болып табылады және оның негізгі құрамдас бөлігі «Оңтүстік». Оңтүстіктің экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелері осы шиеленісті тудырады. Осыған нақты дәлел – дамушы елдерден амалсыздан дамыған елдерге миграцияның өсуі, инфекциялық аурулардың таралуы. Сондықтан да, Солтүстік-Оңтүстік мәселесі жаһандық мәселелерінің бірі болып табылады.

Жалпы бұл мәселе бойынша екі пікір қалыптасқан. Біріншісі, көптеген ғалымдардың пікірінше осы мәселеге кінәлі Оңтүстік болып табылады. Оңтүстіктегі халық ең басынан кедей болып, әлі де кедейшіліктен шыға алмай отыр. Олардың кедейшілігінің негізгі себептері: жан басына шаққандағы төмен ЖІӨ, өндірістің төмен деңгейі, халықтың жаппай өсуі, сұраныстың төмен деңгейі, адами капиталға инвестициялық пен капитал салымдарының төмен деңгейі. Алайда, екінші көзқарас бойынша, осы мәселеге кінәлі – Солтүстік. Осы көзқарастың негізгі авторы – аргентиналық экономист БҰҰ-ның сауда мен даму Конференциясының бас хатшысы Рауль Пребиш. Оның пікірі бойынша, бастапқыда халықаралық экономикалық қатынастар индустриалды жолмен дамыған елдермен қалыптасқан, яғни олар көбінесе дамыған елдердің мүдделерін мен экономикалық қызығушылығына бағытталған.

Солтүстік-Оңтүстік мәселесі жалпы ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап шиеленісе бастады. Ол жаңа халықтаралық экономикалық тәртіп концепциясының пайда болуына әкелді. Осы концепцияның негізгі идеялары: біріншіден, халықтаралық экономикалық қатынастарда қатысатын дамушы елдер үшін жеңілдік режимін құру. Екіншіден, дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық мәселелін шешу үшін, сонымен қатар қарызды өтеуге дамыған елдер тарапынан көмек көрсету. Біріқ та, 80 жылдардың аяғында жаңа халықтаралық экономикалық тәртіпті құру позициясы бәсеңдеп құлдырады. Жаңа тәртіптің құлдырауының екі негізгі себебі: біріншісі, ең дамушы елдердің өз талаптарын қорғай алмау, екіншісі ,дамушы елдердің келіссөз позициясының нашарлауы. Бірақ та, жаңа экономикалық тәртіп орындалмаса да, Солтүстік-Оңтүстік мәселесі сол қалпы қалды.

Солтүстік-Оңтүстік мәселесін шешу жолдары: либералды, антиглобалистік, құрылымдық. Либералды тәсілді жақтаушылардың пікірінше, дамушы елдердің ұлттық экономикада заманауи нарықтық механизмді бекіте алмауы артта қалуышлықты жеңу және халықтаралық еңбек бөлінісінде айтарлықтай орынды алуға бөгет жасады. Олардың пікірінше, дамушы елдер макроэкономикалық тұрақтылық бағдарын ұстану, экономиканы либерализациялау және мемлекеттік меншікті жекешелендіру керек.

Антиглобалистік пікір бойынша, бүгінгі күнгі халықтаралық экономикалық қатынастар жүйесі тең құқықсыз, әлемдік экономика ұлттық монополиялар арасында басқарылады,яғни ол Солтүстіктің Оңтүстікті пайдалануға мүмкіндік береді.

Құрылымшыларға сәйкес, қазіргі кездегі халықтаралық экономикалық қатынас жүйесі дамушы елдер үшін көптеген қиындықтарды туғызады. Бірақ та антиглобалистерге қарағанда олар дамушы елдерге құрылымдық өзгерістер керек екендігін айтады. Яғни олардың экономикаларын әртараптандыру, бәсеке қабілеттілігін арттыру, халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлін арттыру құрылымдық өзгеріссіз мүмкін емес. Олардың пікірінше, халықтаралық экономикалық қатынастар жүйесін реформалау қажет.

57. Әлемдік кедейлік мәселесінің мәнін ашып, оны шешу жолындағы халықаралық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарына сипаттама беріңіз.Әлемде экономикалық деңгей әр елде әр түрлі. Кейбір елдерде жоғары кейбір елдерде өте төмен.Елдегі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнім, сауаттылық деңгейі, жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. Өкінішке орай, соның ішінде балалар саны көп. Кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 982 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2,5 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер немесе кедей мемлекеттер саналады.

Әлемдегі 34 елдегі жағдай СПИД ауруының өрістеуі кесірінен төмендеп кетті. Ал, 21 ел 1990-шы жылмен салыстырғанда одан әрі ашыға түскен. Сол жылдармен салыстырғанда 37 ел бұрынғыдан да кедейлене түскен. Сондай-ақ 14 елдердегі әртүрлі аурулар мен аштықтан көз жұмып жататын балалардың көпшілігі бес жасқа дейінгі сәбилер боп шықты. 12 елде бастауыш білім беру орындарының саны азая түсуде.

Мешеу елдердің экономикалық құрылымындағы ерекшеліктері:

1) экономиканың монокультуралық сипаты (көптеген мешеу елдерде экономика құрылымы өте қарапайым, онда бір немесе бірнеше ғана сала басым болады, ол саланың дамуы көбінесе шетелдік инвестиция мен әлемдік нарықтағы бағамдарға тәуелді болады);

2) экономиканың көп укладтылығы (мұндай елдерде экспортқа бағдарланған бір немесе бірнеше сала ғана ірі капиталистік шаруашылық деңгейінде болады, сонымен қатар натуралды, бытыраңқы шаруашылық укладтары сақталған).

3) Экономиканың бір орталықта ғана шоғырлануы (әдетте ел астанасында немесе басты портты қалада).

Мешеу елдерде демографиялық проблемалар да көп. Олардың қатарына туудың шамадан тыс көп болуы, сәбилер өлімінің жоғары деңгейі, адамның өмір жасының қысқалығы және балалар үлесінің жоғарылығы.

1971 жылы әлеуеті ерек­ше төмен елдердің қатарына 25 ел жатқызылған болса, қазір олардың саны — 48. Содан бері үш мемлекет қана бұл тізімнен сытылып шыққан екен. БҰҰ-ның есебінше, аталған кедей мемлекет тұрғындарының жылдық табысы шамамен 745 долларды құрайды. Олардың 33-і – африкалық, 15-і – азиялық мемлекет. Әлеуеті өте төмен мемлекеттер жер беті тұр­ғындарының 13 пайызын құрайды, алайда олардың үлесіне әлемдік экономиканың 1 пайызы ғана келеді. Тек адамдардың күн сайынғы өмір сүру шығынын бір доллардан жоғары көтеруге байланысты ғана ілгерілеушіліктер бар көрінеді.

Оның өзі Қытай мен Үндістандағы жағдайдың жақсара бастауына тікелей байланысты екен. Себебі, бұл екі ел халқын қосып есептегенде, әлем халқының үштен бір бөлігін құрайды.

Шешу жолдары: кедейшілік мәселесін шешудің негізгі фактор экономикалық өсу болып табылады. Өйткені, экономикалық өсу жалпы ішкі өнімнің өсуіне әкеледі. Сол есебінен тұтыну қоры қалыптасады. Яғни, халықтың өсуі мен экономикалық өсу бірдей деңгейде болуы керек. Егер халықтың өсуі экономикалық өсуге қарағанда артық болса,ол кедейшілікке әкеліп соқтыру мүмкін. Сонымен қатар, кедейшілікпен күресудің тағы бір жолы ол – мемлекеттік көмек. Ол кедейшілікті түгелдей жеңбесе де, кедейшіліктің өткірлігін бәсеңдетеді. Оған мысал, халықты еңбекпен қамтамасыз ету.

Әлемдегі кедейшілік мәселесімен күресі мақстаныда 2000 жылы БҰҰ-да Мыңжылдық Декларация қабылданды. Олардың негізгі мақсаты:

Күніне 1 доллардан аз ақшаға өмір сүретін халық санын екі есе азайту.

Ашаршылықтан азап шеккендердің санын екі есе азайту.

Бастапқы білім алуға мүмкіндік жасау

Балалар арасыныдағы өлім санын азайту

Ана мен баланы қорғау

ВИЧ/СПИД сияқты аурулармен күрес

Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Даму мақсатында глобалды ынтымақтастықты қалыптастыру