Адамзаттың азық-түлік мәселесінің мәнін ашып, азық-түлік мәселесін шешу шараларына қысқаша болжау жасаңыз.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды.Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларымен қарым-қатынаста болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі (азық-түлік тәуелсіздігі) болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру. Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады.Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр.

1945 жылы 16 қазанда Квебекте өткен БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының негізі қаланып, оған қатысушылар «аштықсыз әлем құруға көмектесеміз» деген ұранды басшылыққа алды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бастамасымен Рим декларациясына қатысушы елдер 2015 жылға дейін аштық деңгейін екі есеге дейін төмендетуге ниет білдірген болатын.

БҰҰ-ның жанындағы «Халықтар қоры» Жер тұрғындарының 2050 жылға қарай 7,8 млрд адамға өсуіне орай, күрделенуі мүмкін азық-түлік мәселесіне қатысты 61,2 млрд долларға бағаланған арнайы бағдарлама ұсынды. Оның ішіне ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға – 5 млрд доллар, егістік жерді сақтауға – 24 млрд доллар, ормандарды қалпына келтіруге 6,8 млрд доллар бөлуді көздеп отыр.

Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін, алдымен, арнайы резерві жасақталуы қажет. Мәселен, БҰҰ-ның азық-түлік жөніндегі халықаралық ұйымы сарапшыларының пікірінше, егер мемлекетте астық қоры 60 күнге жетерлік болса немесе жылдық тұтынымның 17-20 пайызын құраса, жинақталған қор жеткілікті болып есептеледі. Дүниежүзінде халық саны қанша өссе де, азық-түлікпен қамтамасыз етуге қиналмайтын екі ел (Ресей мен Бразилия ғана) аталады.

Әлемдік азық-түлік проблемасының әртүрлі аспектілері өзара тығыз байланысты. Бірінің тереңдеуі екіншісіне әсер етеді. Мысалы, астық қоры таусыла бастағанда, ашаршылықтың алдын азық-түлік көмегімен алудың да мүмкіндігі шектеледі. Астық бағасының көтерілуімен аштар саны да арта бастайды. Өз табысының 70 пайызына жуығын тамаққа жұмсайтын адамдар нан бағасы екі есеге көтерілгенде ашаршылыққа ұрынады. Ашығу проблемасы әлемдік азық-түлік нарығында қалыптасқан сұраныс пен ұсынысты реттеу дағдарысымен тығыз байланысты. Бірақ, мемлекеттік саясатты дұрыс жүргізу арқылы жағдайды тұрақтандырғанмен, ашығу проблемасын түпкілікті шешу мүмкін емес. Тіпті, қамбаны толтыра астық жинап алғанда да, ашығу проблемасы қала береді. Ашығу немесе аш болу қоғамның саяси-экономикалық құрылымынан туындайтын кедейшіліктің салдары.

Сондықтан ДСҰ-ға өтудегі халықаралық стандарттарды ұстана отырып, мемлекеттік саясаттың өзіне тән ерекшелігін қалыптастыру азық-түлік қауіпсіздігін ұстанудағы басты шарт болып қала береді.

 

59. Қазіргі кездегі энергетикалық мәселелердің басты бағыттарын сипаттап, халықаралық энергетикалық ынтымақтастықтың негізі түрлерін көрсетіңіз.Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады.Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда.Жаһандық энергетикалық тоқырау нышандары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында орын ала бастады. Әлемде мұнай бағасының тұңғыш рет күрт көтерілуі энергетикалық дағдарыс туғызып, бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсерін тигізді. Көп ұзамай мұнай бағасы тұрақтап, энергетикалық даму қайтадан қарқын алды.Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның шексіз энергетикалық сұранысын дәл бүгінгі күні де көмір, мұнай және газ арқылы өндірілетін электр қуаты қамтамасыз етуде.Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, алдағы жылдары индустриялық дамыған елдердің электр энергиясын тұтынуы жылына 1,3 пайызға, ал дамушы мемлекеттердің электр энергиясын тұтынуы жылына 4,2 пайызға артады.Сарапшылардың айтуынша, таяу болашақтағы отыз жыл ішінде мұнай, газ және көмір энергетикалық баланстағы өзінің көшбасшылық рөлін сақтайтын болады. Бүгінгі таңда жаһандық электр қуатына деген сұраныстың 86,8 пайызы көмір, мұнай, газ және уран шикізаты арқылы қамтамасыз етілсе, 13,2 пайызы ғана балама және жаңғыртылған қуат көздерінің үлесіне тиесілі. Нақты болжамдар бойынша, алдағы ширек ғасырда бұл көрсеткіш 80 пайыздан төмен түспейді. Осы ретте «Мұнай мен көмірдің заманы өтті.

Өткен ғасырда мұнай мен газды алмастыратын ең тиімді шикізат көзі атом энергиясы деген бастамаға ұзақ жылдар бойы басымдық беріліп келді. Тіпті, ХХ ғасырдың 80-жылдарында Чернобыль АЭС-та болған жойқын апат та дамыған елдердің атом энергиясына деген жоғары сеніміне бірден тосқауыл қоя алмады. Тек қазірге дейін адам баласы ойлап тапқан ең озық технологиялар кеңінен пайдаланылатын Жапонияда 2011 жылы Фукусима-1 атом электр стансасында болған апат қана өркениет әлемін ойландырып тастады. Өнеркәсібі мейлінше дамыған Германия сияқты қуатты елдер атом энергетикасынан шұғыл бас тарта бастады. Осыған қарап, таяу болашақта адамзат атом энергиясынан бірден қол үзіп кетеді екен деген пікір тумаса керек. Қазір әлемде 400-ден астам АЭС жұмыс істеп тұр. Қуаты 1 миллион киловатт электр энергиясын өндіретін бір АЭС салуға 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалатынын ескерсек, 400 АЭС-қа жұмсалған қаржы көлемін елестете беруге болады.

Жаһандық экономикалық дағдарыс­тарға себеп болып отырған энергетикалық қатерден құтылудың бірден-бір жолы – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізат­тарына тиімді балама табу.

Адамзаттың ертеңгі игілігі жолындағы болашақ энергия көзін іздеу қозғалысы басталды. Осы ұлы қозғалыстың алдың­ғы легінде «Болашақтың энергиясы» ұранымен «Астана ЭКСПО-2017» Бүкіл­әлемдік жетістіктер көрмесін өткізетін Қазақстан келеді. «Астана ЭКСПО-2017» жаһандық энергетикалық төңкерістің озық технологиялары сыналатын тарихи алаңға айналады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда көптеген энергетикалық ынтымақтастықтар өз жұмысын атқаруда. Олардың қатарына:

Халықаралық энергетикалық агенттік (29 қатысушы ел, негізгі мақсаты – энергоресурстар мен энергетикалық қызмет көрсету саласындағы сұраныс пен ұсыныстың әлемдік құрылымын жетілдіру мақсатындағы халықаралық ықпалдастықты дамыту)

Әлемдік Энергетикалық Кеңес – адамзат игілігі үшін энергияны қолдану мен рационалды жеткізуді қолдау үшін құрылған энергетикалық сектордың лидерлерінің ынтымақтастығы.

Еуропалық Энергетикалық ынтымақтастық – Еуропалық Одақ қармағындағы энергетикалық саланы дамыту мақсатындағы құрылған ынтымақтастық

Энергетикалық Хартия – энергетикалық мәселелер бойынша Батыс және Шығыс Еуропа елдері үшін 1991 жылы құрылды. Бірақ та, қазіргі таңда ол Еуроазиаттық сипат алды. Бүгіңгі таңда хартияға 51 мемлекет, бұрынғы совет елдері мен австралияны қоса алғанда қол қойды.

60. Жаһандық экономикалық мәселелердің тұрақты экономикалық дамуға тигізетін әсерлері мен оны шешу жолдарын бейнелеңіз.Ғаламдық мәселелер - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы. Қазіргі өркениетке тән құбылыс-ғаламдық қауіпқатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Бұл мәселелер 2 топқа жіктеледі:

1. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:

• Демографиялық мәселе;

• Аштық пен тоя тамақтанбаумен күрес мәселесі;

• Ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз салдарын жою мәселелері; аса қауіпті індеттерді жою мәселесі;

• Рухани ортаны және адамзаттың мәдени әркелкілігін қорғау мәселесі;

2 . Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:

• Экологиялық;

• Шикізаттық;

• Энергетикалық;

• Ауа райы және т.б. мәселелер.

Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды. Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді.

Дүниедегі бірінші мәселе – кедейшілік мәселесі. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. 1 жылда 5 млн бала аштан өледі. 2,5 млрд адам аш. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 880 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2,5 миллиард адам күніне кедейліктің шегі болып табылатын 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. БҰҰ бойынша мешеу елдер 49 ел (34 Африкада орналасқан). Ең кедей елдер – Бурундий мен Конго.Шешу жолдары: кедейшілік мәселесін шешудің негізгі фактор экономикалық өсу болып табылады. Өйткені, экономикалық өсу жалпы ішкі өнімнің өсуіне әкеледі. Сол есебінен тұтыну қоры қалыптасады. Яғни, халықтың өсуі мен экономикалық өсу бірдей деңгейде болуы керек. Егер халықтың өсуі экономикалық өсуге қарағанда артық болса,ол кедейшілікке әкеліп соқтыру мүмкін. Сонымен қатар, кедейшілікпен күресудің тағы бір жолы ол – мемлекеттік көмек. Ол кедейшілікті түгелдей жеңбесе де, кедейшіліктің өткірлігін бәсеңдетеді. Оған мысал, халықты еңбекпен қамтамасыз ету.

Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларға тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Бүгінгі таңда әлемде 7 млрд 154 млн адам өмір сүреді. 1804 ж – 1 млрд, 1927 – 2 млрд, 1959 ж – 3 млрд, 1974- 4 млрд, 1987- 5млрд, 1998- 6 млрд, 2011- 7 млрд, 2025- 8млрд. Қазіргі кезде Демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отырған елдерде бүкіл планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Әлемде дағдарыс пен экономикалық құлдырау болмау үшін демографиялық өсу мен экономикалық өсу сәйкес болу керек.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе. Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады. Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр. Шешу жолдары: ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру.

Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Африканың және Азияның көптеген елдері энергияның көзі болып табылатын аса бай кен орындарына ие бола тұра, тиімді энергетикалық саясат жүргізбеуінің салдарынан үйдегі электр шамы жарығына қол жеткізе алмай отыр немесе күніне миллиондаған баррель мұнай өндіре отырып жанар-жағар майды өз елінде бірнеше долларға сатып алуда. Нәтижесінде халқының жағдайы өте төмен, тіпті ашаршылық жайлауда.Жаһандық экономикалық дағдарыс­тарға себеп болып отырған энергетикалық қатерден құтылудың бірден-бір жолы – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізат­тарына тиімді балама табу.