Тақырып. Бюджеттендіру

1. Бюджеттерді жасаудың мақстаттары

2. Бюджеттендірудің кезеңдері

3. Өнімдерді шығаруға шек қоюшы факторлады анықтау.

4. Сату бюджеті, өндіріс бюджеті

5. Еңбек жөніндегі бюджет қорытындыралған бюджет

Қаржыны басқарудың қазіргі жүйесі кәсіпорынның бюджеттер жүйесін әзірлеу туралы қабылданған шешімдер және оның орындалуын бақылаудың үйлестірілуін талап етеді. Бюджеттер жүйесі қаражаттардың түсуі және шығындарын ағымды қатаң бақылау жасауға мүмкүндік тудырады.

Ағымдағы және оперативтік қаржылық жоспарлау бюджеттендіру арқылы іске асырылады. Бюджетті жасау жоспарлау процесінің бөлнбейтін элементінің бірі.

Бюджеттендіру процесі белгілі бір кезеңге дайындалған және қабылданған ақшамен байланысты.

Бюджеттер кәсіпорынға көптеген мақсаттарға жетуге қажет. Ол тек жопсарлауға тән экономикалық жұмыстарды үйлестіруге көмектесіп қоймай, кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалауға негіз болады, сондайақ басқару құралы ретінде қолданылады.

Бюджеттендіру жүйесін құру негізінде белгілі принциптерге қарастырылған:

Мақсатты келістіру принципі алға қойылған міндеттерді орындау үшін өндірістің барлық факторларын теңгеруді (баланстау) қарастырады. Ол бюджеттерді төменнен жоғары қарай дасау арқылыорындалады, өйткені басқарудың төменгі бөлігі жағдайды нақты бағалай алады және жоспарланған бюджет көрсеткіштерінін орындалуын қамтамасыз етеді.

Жауапкершілік принципі ол кәсіпорынды басқаруда адам факторының рөлін сипаттайды.

Икемділік принципі. Жүйеге икемді бюджетті қосу, оңтайлы сату көлемін талдауға көмектеседі.

Қаржы менеджерлерінің шешетін ешбір күрделі жұмысы, және мақсаты сапалы капитал бюджетін жасауға әсер ететін бірнеше факторларды қарастыру.

Біріншіден, капитал бюджетін жасау туралы шешім өз күшін бірнеше жылға сақтайды, оны қабылдай отырып фирма өз шешімінің белгілі бөлігінің икемділігінен айрылады. Мысалы, алған активтердің қызмет ету мерзімі 10 жыл. Алынған активтер болашақ сату көлеміне негізделіп алынады. Сол 10 жыл мерзіміне сату көлемі болжамдалады. Соңында, фирманың күрделі бюджетін жасау шешімі,бағасын анықтайды.

Өйткені, жаңа тауарларды жасау, қызмет көрсету немесе жаңа нарыққа шығу үшін белгілі капиталды инвестициялаудв қажет етеді.

Осыған байланысты қажетті активтерді алуды бағалауда жіберілген қажеттіліктер фирма жұмысына қиындық тудыруы мүмкін. Егер фирма есепсіз көп құрал-жабдықтарға инвестицияласа, ол негізгі қорларда ұстап тұруға, амортизацияға өте жоғары шығындар жұмсайды. Екінші жағынан, егер фирма жеткіліксіз қаражаттарды инвестицияласа, онда басқа проблеалар тууы мүмкін. Біріншіден, оның жабдықтары, айналым активтері фирмаға бәсекелестікке сай келетін өнімдерді, тауарларды шығаруға жеткіліксіз болады. Екіншіден, егер фирманың қуаттылығы жеткіліксіз болса, онда ол нарықтағы бәсекелес фирмаларға өз үлесін жібереді, ұтылады. Ол айырылған жағдайды қалпына келтіру үшін, болашақта көздеген шығындарды қажет етеді. Тиімді жасалған бюджет капалы, уақытында таратуды және сатып алатын активтердің сапасын жақсартады. Егер фирма алдын ала жаңа активтерді сатып алуды болжамдаса, онда фирма дер кезінде оларды алады.

Соңында айтатын жай, әлбетте фирма капиталды инвестициялайтын болса, ол аз ақша болмайды, ондаған млн. тенге болуы мүмкін, ал ол сома фирмаға қолма-қол беріле қоймайды. Сондықтан фирма капитал шығындары бағдарламасын қарастырғанда, өзінің қаржыландыру жоспарын белгілі бір мерзімге алдын ала ойластыруы керек, бұл қаралған сұрақтар капиталды бюджеттендірудегі қаралатын міндеттерге қатысты.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Не себепті капитал бюджетін жасау шешімі маңызды?

Не себепті сату көлемін болжау капитал бюджетін жасау туралы шешім қабылдаудың маңызды элементі?

Жобаларды жіктеу.

Капитал шығындарын жіктеу – бұл тегін шара емес; талдау процедурасының әр уақытта құны болады. Жекелеген жобалар түрлеріне толық талдау қажет болуы мүмкүн; басқалары үшін қарапайым процедура (тәртіп) қолданылуы мүмкүн. Соған сәйкес фирмалар әлбетте жобаларды жіктейді және соған сәйкес талдау.

Жабдықтарды ауыстыру бизнесті қолдау.

Бұл категория өзіне тозған немесе бұзылған жабдықтарды ауыстыру шығынын қосады. Егер фирма өз бизнесін жалғастырғысы келсе, онда айырбастау туралы жоба міндетті түрде. Жалғыз сұрақ, сол өнімдерді өндіру жалғаса бере ме? Егер жалғаса берсе, онда жабдықтарды ауыстыру шешімі қымбат тұратын талдаусыз қабылданады.

Шығындарды азайту үшін жабдықтарды жаңарту.

Бұл жобалардың категориясы өзіне жұмыс тиейтін, бірақ моральдық тұрғыдан тозған жабдықтарды ауыстыру шығындарын қосады. Мақсат – бұл жағдайда еңбек шығынын,материалдар,энергия және шығындарды азайту. Бұндай шешімдер жай қабылданбайды, әлбетте ол толық талдауды қажет етеді.

3. Өндіріс өнімдерін көбейту.

Бұған егерілген өнімдерді өндірудің шығындарын қосады. Бұл шешім күрделі өйткені, ол нарықтағы өнімдерге нақтылы сұраныстың өсу болжамын қажет етеді. Бұл жерде қателіктер жіберілуі мүмкін, сондықтан да тиянақты талдауды қажет етеді. Одан басқа, бұл операцияның тәуекелдігі өте жоғары болғандықтан, бұл жобаның іске асырылуын фирма атқарады.

4. Өнімдердің ассортименттерін өзгертілуі немесе жаңа нарыққа шығу.

Бұл жаңа өнімдерді өндіруге немесе қамтылмаған жаңа рынокке бағытталған инвестициялар. Бұндай жобалар, бизнестің фундаментальды табиғатын өзгертетін стратегиялық шешімдерді қарастырады, олар әлбетте көздеген ақша қаражаттарының шығындарын қажет етеді, ал қайтымдылығы алдағы болашақта қайтарылмақ. Бұл жерде толық талдау жасалынады, соңғы шешімді фирманың директорлар кеңесі қабылдайды.

Еңбекті сақтау жобасы және қоршаған ортаны қорғау жобасы.

Бұл категорияға кәсіпорын нормативтік құжаттары, еңбек келісім шарттарын сәйкестендіру шығындарын жатқызуға болады.

Зерттеу және жасау жұмыстарын жүргізу.

Көптеген фирмалар үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу ең ауқымды және маңызды капитал салу түрлері. Әлбетте: алдымен менеджерлер зерттеуге шықан шығындарды қалайды, олардың болашақта түсімін субъективті бағалайды соңынан зерттеуді орындауға жоба бойынша қажетті ақша қаражаттарын анықтайды.

Капитал бюджетін жасау және бағалы қағаздарды бағалаудың ұқсастығы.

Потенциалды капиталды бюджеттендіру жобасы бөлінгеннен кейін, оны бағалау кезеңі – бағалы қағаздарды талдауды қолданғанды қосады.

Біріншіден, жобаны орындауға шығындар анықталуы керек. Бұл акцияға немесе облигацияға төленетін бағаны анықтайды.

Соңынан менеджерлер жобадан ақша қаражаттарының ағынын болжамдайды. Бұл болашақ дивиденд ағымын сияқты аналогия.

Ақша қаражаттары ағымын тәуекелділігі болжамдалуы керек. Бұл мүмкінді ақша қаражаттары ағымын тарату туралы ақпараттардың болуын талап етеді.

Жобаның тәуекелдігін ескере отырып, менеджерлер дисконтталатын ақша қаражаттары ағымын капиталдың құнын анықтайды, бұл жерде дисконтау бағалы қағаздар ақша ағымдар табу мен эквивалентті.

Соңында, күткен ақша ағымдарының келтірілген мағынасы қажетті шығындармен салыстырылады. Егер ағымдардың келтірілген мағынасы шығындардан артса, онда жоба қабылданылуы керек, керісінше болған жағдайда ол қабылданбайды.

Сұрақ: Капитал бюджетін жасау процесінің бес кезеңін айтыңыз оларды акцияны бағалау.

Бюджеттендіру қаржыны жоспарлаудың инструменті ретінде.

Экономикалық әдебиеттерде «жоспар» және «бюджет» арасында айырмашылықты шек қойылған.

«жоспар» және «бюджет» арасындағы айырмашылық

Белгісі Жоспар Бюджет
Көрсеткіштері және бағыты Кез келген, оның ішінде сандық емес Негізінен құндық
Жоспарлау горизонты Жоспарлау мақсатына байланысты Негізінен бір жылға дейін
Арналымы Жететін мақсатты қалыптастыру, оған жету әдістері а) таңдалған мақсатқа жетуге ресурс қамтамасыз ету әдістерін детализациялау б)жоспардың орындалуын ағымдағы бақылау құралдары

Бірыңғай терминнің мағынасы кең ұғым, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Бюджет – «жіңішке» түсінік, жоспардың сандық жағын қарастырады. Кейбір жағдайда «бюджет» термині «смета» термині ұғымына сәйкес.

 

 

 

                           
   
 
Шикізат қоры және дайын өнімдер бюджеті  
 
өндіріс бюджеті
 
 
 
Шикізат және материалдың тура бюджеті
 
Енбек шығыны тура бюджеті
 
өзгермелі наклад – расход. бюджет
 
 
   
Сатылған өнімдердің өзіндік құнының бюджеті
 
   
Пайда және шығын болжамдау есебі
 
   
Ақша қаражаттарының бюджеті
 
Болжамдау балансы
 
 
   
Күрделі салымдар бюджеті

 


Шаруашылық етуші субъектінің генералды бюджеті.

Бұндай бюджеттерді ұзақ және қысқа мерзімді болашаққа құрастыру процессі бюджеттендіру деп аталады. Әрине, схемада көрсетілгендей бюджеттердің қаржы менеджерлерінің бәрінің (түгелдей) қаржысы болмайды, бірақта ол олардың әрқайсысының мағынасын түсінуі керек және олардың өзара байланысын одан басқа, операциялық бюджеттерді дайындағанда қаржылық сипаттағы болжамдау есептері орындалады, оның нәтижесі болжамды қаржы меңгеріп жасауға негіз болады.

Сондықтан әрбір блоктың мағынасын жалпы жағдайда олардың жүйелік жағын қарастырайық.

1- блок. Сату бюджеті.

Бұл блоктың мақсаты – сату көлеміне болжам жасауды есептеу (Сөк). Компанияның стратегиялық дамуына байланысты, оның өндірістік қуаттылығы және ең бастысы өткізетін рыноктық сиымдылығына қарай потенциалды сататын өнімдердің көлемі Сөк саны анықталады (натуралдық бірлікпен) (единица). Болжамды баға (Бб) сатылатын көлемнің құнын бағалауға керек.

Соныменен, сату бюджетін қалыптастыруда базалық есеп келесі теңестіру арқылы анықталады:

Сөк = Сөк * Бб

Мұндағы, Сөк – сатылатын өнімдердің көлемі

Бб – болжамды баға.

2- блок. Өндіріс бюджеті

Бұл блоктың мақсаты - өндіріс (Өк) көлемінің болжамды есебін шығару. Ол үшін 1 – блоктағы шығарылған есептің негізінде және мақсатты өндіріс қалдықтары бірақ сатылмаған өнімдердің қорының нәтижесін ескеріледі.

Егер әрбір өнімдер бойынша натуралдық бірлікпен есептеледі.

 

Бөк = БСөк + ӨМқ = Дөжқ - Өқ

Мұндағы, Бөк – болжамды өндіріс көлемі

БСөк – болжамды сату көлемі

ӨМқ - өнімдердің мақсатты қалдығы

ДӨжқ – дайын өнімдерге жалпы қажеттілік

Өқ - өнімдердің қалдығы

3 – блок. Шикізаттар және материалдарға тура шығындар бюджеті

Алдағы берілген өндіріс көлемі туралы берілгендер негізінде, өндірілген өнімдердің бірлігіне шикізаттардың нормативтік шығыны және шикізаттар, материалдардың бағасына жалпы. Берілгендер натуралдық бірлікпен және ақша түрінде есептелінеді.

4 – блок. Тура еңбек шығындарының бюджеті

Блоктың мақсаты – тікелей өндірісте істейтін еңбек ресурстарына жалпы шығындарды есептеу. Берілгендер алдағы блоктерде берілген өндіріс көлемі туралы есеп. Есептеу алгоритмі көптеген факторларға байланысты, оның ішінде қызметкерлер, жұмысшылардың еңбектерін нормалау және еңбек еңбекақы жүйесіне байланысты. Өндірісте кейбір нормативтер сағатпен есептелінеді, онда бір сағатқа тарифтік ставка бойынша еңбек ақы төленеді, сондай-ақ еңбек шығындарын өнімдерге есептеп шығаруға болады.

5 – блок. Өзгермелі қосымша шығындар бюджеті

Компанияның қабылдаған базалық көрсеткіштері (өндіріс көлемі, тура еңбек шығындары және т.б.) байланысты статиялар бойынша қосымша шығындардың (амортизация, электр энергиясы, сақтандыру, басқадай жалпы цех бойынша шығындар және т..б.) есеп жүргізіледі.