Компаниялардың ағымдағы шығындарын басқару

Әрбір коммерциялық кәсіпорын табыстың көлемін ұлғайту мақсатында өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың көлемін, олардың көлемін анықтау процесінде тиімді шешім қабылдауға тырысады. Шығындар ― дегеніміз белгілі бір мақсатты орындау кезінде қолданылатын ресурстардың ақшалай нысандағы өлшем бірлігі.

Шығындардың жіктелуі:

Бірінші белгісі запастағы бағалау мақсатындағы шығындар екі түрге бөлінеді.

Өнімге жұмсалатын шығындар

Кезең шығындары.

Өнімге жұмсалатын шығындар дайын өнімді өндірумен байланысты шығындар. Бұл шығындар запастардың құнына қосылған шығындар ретінде қарастырылады. Өнімге жұмсалатын шығындардың құрамы негізгі материалдар және қосымша шығындардан тұрады. Өнімге жұмсалатын шығындар өндірістік шығындар деп те аталады.

 

Өнімге жұмсалатын шығындар

(өндірістік шығындар)

 

Негізгі материал Негізгі еңбек Өндірістік қосымша

шығындар

 

шикізат 1. өндірістік қорлардың

амортизациясы

материалдар 1. өндірістік жұмысшылардың 2. өндірістік негізгі

еңбегін өтеу объектілер бойынша

коммуналдық төлем

 

Кезең шығындарына өнімді өндіру кезеңдегі запастардың құнына қосылмайтын шығындар жатады. Оларға әкімшілік шығындар және өнімді өткізумен байланысты шығындар жатады.

 

Кезең шығындары

(өндірістік емес шығындары)

Өнімді өткізумен байланысты Әкімшілік шығындар шығындар

комиссиялық 1. компанияны басқарумен байланысты

жарнама шығындар

өткізумен байланысты 2. әкімшілік аппараттың іс-сапарлық

негізгі қорлардың амортизациясы шығындары

транспорттық құралдардың 3. әкімшілік аппараттың амортизациясы

амортизациясы

дайын өнімді сақтау және жеткізумен

байланысты шығындар

 

Классификацияның екінші белгісі өнімнің өзіндік құнына шығындардың жұмсалуына байланысты тікелей және жанама шығындар қарастырылады. Тікелей шығындар дайын өнімнің түріне байланысты материалдарды анықтау бойынша ресурстық шығындар. Тікелей шығындарға негізгі материалдарды алу шығындары және өндірістік шығындардың еңбекақы шығындары жатады. Жанама шығындарды нақты өнімнің белгілі бір түріне тікелей жатқызуға мүмкіншілігі болмағандықтан арнайы ставкаларды қолдана отырып, өнімнің түрлеріне бөлу қарастырылады. Өнім өндіру процесінде оптималды шешім қабылдау мақсатында шығындардың мінезі қарастырылады. Соған байланысты шығындар өзгермелі, тұрақты және аралас шығындары бар.

Шығындардың мінездемесі ― дегеніміз деңгейінің өзгеруіне байланысты шығындардың өзгеруі. Өзгермелі шығындар ― дегеніміз өндіріс көлемімен тікелей байланысты және өндіріс көлемі өзгерісіне тікелей пропорционалды түрде өзгеретін шығындар. Өзгермелі шығындарға шикізат, негізгі жұмысшылардың еңбекақысы және комиссиондық шығындар жатады. Өзгермелі шығындар өзінің құнын өнімнің құнынан бірден өткізеді. Тұрақты шығындар өнімнің құнына әр түрлі факторларға байланысты тозуына байланысты біртіндеп қосады. Тұрақты шығындар белгілі бір кезеңде өнім көлемінің өзгерісіне бірыңғай әсер етеді немесе өнімнің көлемі өскен сайын өнімнің бірлігіне тұрақты шығындар төмендейді. Тұрақты шығындарға амортизация, жалпы төлем, активтерді сақтандыру төлемі және әкімшілік шығындар жатады.

Шығындардың мінезіне байланысты өзгеруі

Шығындар Жалпы мінезі Өнімнің өзгеруіне байланысты мінезі
Өзгермелі шығындар Өзгермелі шығында-дың жалпы сомасы өнімнің көлемі өзгер-ген сайын тікелей пропорционалды түрде көбейеді немесе азаяды. Өнімнің көлеміне өзгермелі шығындарсомасы өзгеріссіз болады.
Тұрақты шығындар Өнімнің көлемінің өзгерісімен байланыс-сыз тұрақты шығын-дар бір қалыпты болады Өнімнің бірлігіне тұрақты шығындар өнімнің көлемі өскен сайын тұрақты шығындар азаяды, өнімнің көлемі азайған сайын тұрақты шығындар өседі.

 

Аралас шығындар өнімнің көлемімен байланысты бірақ өнімнің көлемінің өзгерісіне байланысты тікелей өзгермейді. Аралас шығындар өнімнің көлемінің белгілі бір деңгейіне тұрақты болып, өнімнің көлемі өзгерген сайын өнімнің көлемі өзгермелі болуы мүмкін. Аралас шығындарды ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер әдісі бойынша өзгермелі шығындарға жатқызу кезіндегі формула арқылы өнімнің бірлігіне аралас шығындардың мөлшері анықталады.

Жоспарлау және бақылау белгісі бойынша нормативтік және бақыланатын, бақыланбайтын болып бөлінеді.

Нормативтік ― өнімнің көлеміне жоспарланатын шығындар. Оларды смета жасаған кезде және орындалатын жобалар бойынша бағалау кезінде қолданылады. Нормативтік шығындар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде нормативтік шығындар мен нақты шығындарды салыстыру қажет және ауытқуларды анықтау, оларға әсер ететін факторларды анықтау негізгі операциялық талдау және бағалау ретінде қарастырылады.

Талдау= шығындар ― өндіріс―пайда

Маржиналдық табыс ― жиынтық табыстан өзгермелі шығындарды алып тастағанда анықталады. Маржиналдық табыс өнімнің бірлігіне және жалпы бірлігіне анықталуы мүмкін.

Маржиналдық табыс коэффициент― маржиналдылық табыстың жиынтық табысна қатынасы арқылы анықталады.

Кмт= МТ /жиынтық табыс

Залалсыздық нүктесі компанияның қызметінің табыстар мен шығындар деңгейінің тең болатын деңгейін көрсетеді. Заласыздық нүктесін жиынтық табыстан тұрақты және өзгермелі шығындарды алып тастағанда нөл болатын деңгейі арқылы анықталады. Залалсыздық нүктесі ақшалай сипаты ретінде тұрақты шығындарды маржиналдық табыс коэффициентіне бөлу арқылы анықталады. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші жиынтық табыстың залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табыстан асып кеткен деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші процентпен анықталады. Қауіпсіздік маржа көрсеткіші ақшалай көрінісінде жиынтық табыстан залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табысты алыы тастағанда анықталады. Қауіпсіздік маржа процентпен анықтау кезінде алымында ақшалай көріністе, бөлімінде жиынтық табыс.

Қауіпсіздік маржа көрсеткіші= Жиынтық табыс ― залалсыздық нүктесін қамтамасыз ететін табыс

Операциялық тұтқа компанияның тұрақты шығындарын қолдануды көрсетеді. Тұрақты шығындардың үлесі жоғары болған сайын операциялық тұтқа тиімділігі де жоғарыла түседі. Операциялық тұтқа деңгейінің жоғары болуы табыстың өзгерістеріне әкеліп соғады. Табыстың немесе өткізуден түскен түсімнің 1%-ке өзгеруі жалпы компанияның қаржылық нәтижесін немесе пайдасын бірнеше процентке өзгеріске әкеледі. Пайданың немесе нәтижелік көрсеткіштің өткізуден түскен түсіммен айырмашылығы операциялық тұтқа деңгейімен анықталады. Операциялық тұтқаның деңгейі маржиналдық табыстың пайдаға қатынасы арқылы анықталады.

Мың. теңге

Көрсеткіштер 1 жыл 2 жыл
1. Өнімді өткізуден түсетін табыс 1000,00 12000,0
2. Өзгермелі шығындар 9300,0 10146,3
3. Тұрнақты шығындар 1500,0 1500,0
4. Пайда 200,0 353,7

 

Өзгермелі шығындардың 1%-ке өсуі пайданың 8,5 %-ке өсуіне әкеліп соғады.

Операциялық тұтқаның тиімділігі ― дегеніміз шығындар құрамының ерекшеліктерін қарастыра отырып, нәтижелік көрсеткіштерінің өзгерістерін немесе деңгейін талдау.

Шығындар―өндіріс көлемі ― пайда “талдауының негізгі принциптері”

1.Өнімді өткізуден түскен түсімнің деңгейі шығындардың деңгейімен тығыз байланысты.

2. Шығындар өзгермелі және тұрақты болып нақты бөлінуі тиіс.

3.Өндірістік қорлар (запастар) залалсыздық деңгейіне немесе нұктесіне әсер етпейді немесе залалсыздық нүктесінде өндірілген өнімнің көлемі өткізілген өнімнің көлеміне тең болады.

4.Операциялық тұтқа деңгейін есептеу барысында инфляция деңгейі қарастырылмайды.

Рентабельділіктің табалдырығы ― компанияның өнімді өткізуден түсетін түсімі барлық шығындарын жабу кезінде пайда заласыздығы да 0-ге,