Негізгі клиникалық тексеру әдістері.

Анық диагноз қою үшін дұрыс мәлімет жинай алу керек. Бұл мәліметтерді науқастан сұрау нәтижесінде, тікелей физикалық тексеру тәсілдерін қолдана отырып және қосымша зертханалық, құрал –жабдық аппарат арқылы зерттеу әдістерін қолдана отырып анықтауға болады.

Субъективтік тексеру әдісіСырқаттанушыдан ауруды сұрастыру диагнозды дұрыс қою үшін, аурудың не себептен болғанын, аурудың мінездемесін, ағымын білуге көп көмек береді. Сұрастыруды арнайы бейнелемемен жүргізеді, демек дәрігер науқасқа сұрақты белгілі тәртіп бойынша қояды. Сұрастыру бейнелемесі келесі бөлімдерден тұрады: науқас туралы жалпы мәліметт; науқас шағымдары; нағыз осы ауру тарихы (anamnesіs morbі ); науқастың өмір баяны (anamnesіs vіtae);

Ауру тарихының бірінші бөлімі құжат бөлімболып табылады. Онда науқас адамның аты-жөні, толық жасы, жұмыс орны, мамандығы, тұрмыс жағдайы (әлеуметтік, материалдық) анықталады. Науқас жолдамамен келіп түскені немесе жедел жәрдем көлігімен жеткізілгені көрсетіліп жазылады. Қандай диагнозбен түсіп отырғаны тіркеледі.

Науқастың шағымдары.Шағым деп науқас адамның өзі сезетін аурулық түсінігін айтады. Шағымның екі түрі бар: негізгі және қосымша. Негізгі шағым деп әр мүшенің не әр жүйенің ауруына тән белгіні айтады. Мысалы, тыныс алу мүшелерінің ауруларына қатысты шағымдар: жөтел, тұншығу, ентігу, қақырық тастау. Қосымша шағымдар әр түрлі ауруларда кездесе береді. Мысалы, әлсіздену, дене қызуының көтерілуі, ұйқының бұзылуы, бастың айналуы т.б. Науқас шағымын айтқанда кейде бәрін бірдей айтпауы мүмкін . Сондықтан да науқастан сырқатын сұраған кезде оның әр бір күдікті шағымдарына көңіл бөлуі тиіс. Бұл дерт анықтамасындағы басты шешім болып саналады. Егерде науқастан шағымдарын көңіл бөліп дұрыс сұрастырған жағдайда, бастапқы кезеңінде сырқаттың білінуін ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Аурудың даму тарихы.Осы аурудың дамуын сұрастыру керек. Алдымен ауру қалай басталғанын білген жөн. Кейде ауру жедел, кейде біртіндеп басталады. Мысалы, крупті өкпе қабынуы жедел басталады, ауырған адам күнін және уақытын да біледі. Кейбір сырқаттар, мысалы, қант сусамыры, туберкулез, жәй, біртіндеп басталады. Сұрағанда аурудың қандай жағдайда басталғанын, себебіне, алғашқы белгілеріне көңіл бөлу керек. Содан соң аурудың өсінкілік мәлімін білу қажет. Ауру басталған кезеңнен өзінің сезім қабілетінің қалай өзгергенін байқай алды ма. Ауырсыну күшейді ме, тыйылды ма немесе науқастың уақытша оңалуы білінді ме. Ауырғалы бері қандай тексерістер өткізілді, олардың берген қорытынды нәтижелерін қайтадан қарастырып, ескереді. Нақты түрде қолданылған емін сұрастыру керек.

Аурудың өмір тарихы.Бұл бөлімнің ерекшелігі аурудың дамуын анықтауға ықпал етеді. Науқастың қай елді мекенде туып өскеніне көңіл бөлу керек. Кейбір аудандарда йод тапшылығынан қалқанша без ауруларының, бруцеллез, безгек сырқаттарынының да дамуы жиі байқалады. Сол аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік және материалдық жағдайлары ескеріледі. Әйел адамның етеккір циклінің өтуін, қанша құрсақ көтергендігін, жүктіліктің өту кезенің барысын, босануын сұрастыру әдісін қолдана отырып жүзеге асырады. Сырқаттың жалпы денсаулық жағдайын анықтау үшін оның мамандығын, қызметтегі талаптарды орындауын, тамақтану тәртібін сұрастырып қолданады. Бұдан басқа қандай сырқаттар түрімен ауырғандығын, жан ұясында тұқым қуалаушылық ауруларын анықтайды. Науқастың дәрі-дәрмектерге, әр түрлі тағамдар және тағы басқа заттарға аллергия серпілісін анықтайды. Жағымсыз қылықтар туралы сұрап білу басты көрсеткіш болып табылады.

Объективтік тексеру әдістеріНауқасты қарап тексеру объективті деп саналады, өйткені қараған кездегі анықталынған белгілердің негізгісінде нағыз патологиялық дәрістер жатады.Тікелей тексеруді науқасты қараудан бастайды, жалпы науқастың жағдайын бағалайды, содан кейін пальпация, перкуссия, аускультация тексеру түрлеріне көшед Қарау (инспекция) Қарау ең қарапайым методтардың қатарына жатады. Оның диагностикалық мүмкіншілігін тек дұрыс пайдалана білгенде ғана анықтауға болады. Ол үшін қарау кезінде төмендегідей ережелерді мұқият сақтау керек.

1. Ауру күннің жарық мезгілінде қарау керек. Себебі жасанды жарықта аурудың кейбір белгілері байқалмайды, ол кейбір белгілердің түсі өзгеше болып көрінеді. Егер күн жарығын пайдалануға мүмкіншілік жоқ болса, онда күн жарығын (ақ жарық) беретін электр шамын қолданады. Ауруға жарық қарсы және бүйірінен түсіп тұру керек.

2. Ауру толық шешініп, алдында 2-3 м қашықтықта тұру керек. Жарық сәулесін тура және жанынан түсіріп отырып, ауруды жан-жақты толық қарап шығады

3. Қарауды бір ретпен (жүйелілікпен) жүргізу керек. Қарау тәсілі жалпы қарау және әр мүшені қарау болып екіге бөлінеді.


Жалпы қараудан науқас адамның:

1. санасын

2. төсектегі қалпын

3. жалпы пішінін (келбетін)(habitas)

4. сырт жамылғы келбетін (тері мен көрініп тұрған кілегей қабықтарды) анықтайды

 

Ауруды мүшелеп қарағанда қолданылатын жүйелік төмендегідей:

1. басты қарау 4 мойынды қарау

2. бетті қарау 5 кеудені қарау

3. ауыз ішін қарау 6 қол аяқты қарау