Осымша (жанама) тыныс шуылдары.

Бұларға сықыр, сырылдар, плевра үйкеліс шуылдары жатады. Сырылдар құрғақ жене ылғалдыболып бөлінеді. Құрғақ сырылдар бронх ішінде пайда болады, ол тұтқыр секреттен немесе кілегей қабатының қабыну үдерісінің нәтижесінде бөртіп іскендіктен бронхтың ішкі мөлшері тарьлғанда шығады. Ауа бронхтың тарылған жерінен өткенде пайда болады. Құрғақ сырылдар сипат жағынан пайда болған ірі немесе ұсақ бронхтармен байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Ұсақ бронх ішінде туатын сырылдар ысқырыққа ұқсайды, жоғары болады. Ал ірі бронхтарда ызыңдаған төмен тембрлі сырылдар пайда болады. Сырылдар тыныс алу үдерісінің екі фазасында да естіледі.

Тыныс демікпесі кезінде бронхтардың тегіс бұлшық еттері жиырылады, оның іштерінде тұтқыр секрет жиналады, бұл жағдайда құрғақ сырылдар, әсіресе дем шығару фазасында жақсы естіледі, ол кей кезде науқас адамнан қашық тұрғанның өзінде де естіліп тұрады. Құрғақ сырылдарды анықтау бронхит ауруын зерттегенде өте маңызды. Бұл ауру кезінде құрғақ сырылдар бүкіл өкпе үстінен естіледі. Тембрі және биіктігі жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Ол ауру үдерісінің фазасымен және бронхтардың жағдайымен тікелей байланысты болады. Ылғалды сырылдар кеңірдек, бронхтар ішінде пайда болады, егерде олардың ішінде сұйық секрет болса. Сұйық секреті бар кеңірдек, бронхтар, өкпе қуыстары арқылы өтіп жатқан ауада көпіршіктер туғызады, олар жарылғанда ылғалды сырыл деп аталатын дыбысты жағдайлар пайда болады.

Көпіршіктердің жарылу мөлшеріне байланысты ылғалды сырылдар: ірі көпіршікті, орта көпіршікті, ұсақ көпіршіктіболып бөлінеді. Ол бронхтардың диаметріне тікелей байланысты болады.

Ірікөпіршікті сырылдар бронхит кезінде ірі бронхтар ішінде пайда болады, немесе кеңірдек ішінде, сол сияқты кеуденің сырылдауы өкпе ісінуі кезінде, агония кезіндегі (өлім аузындағы) науқастарда естіледі. Ірі көпіршікті сырылдар сұйык секреті бар, бронхпен қаты-насып тұрған өкпе қуысы үстінен де естілуі мүмкін. Ауа қуысқа өткенде ішіндегі сұйықтық көпіреді, көпіршіктер пайда болып кейде жарылады. Калибр жағынан бұл кездегі сырылдар ірі көпіршікті болады және ашық, сыңғырлап естіледі. Бұл жағдайда пайда болған дыбысты резонанс заңымен байланысты қуыс күшейтеді, сонымен қатар қуыс айнала дыбысты фонендоскопқа жақсы өткізетін, қабыну әсерінен пайда болған тығыздалу байқалады.

Орта көпіршікті сырылдарбронхит кезінде естіледі, ол орта калибрлі бронхтардың ішіңде пайда болады. Ұсақ көпіршікті сырылдарды есітудің тәжірибелік маңызы зор. Олар ұсақ бронхтарда, бронхиолаларда пайда бо-лады. Олардың шектелген аймақ үстінен естілуі қабыну үдерісінің брон-хиолалардан альвеолаларға тарап бронхопневмонияның дамуын көрсетеді. Ылғалды сырылдардың анықтығын, сыңғырлағыштығын анықтау өте қажетті (ашық па немесе дыбыссыз сырыл ма), бұл мәселенің диагности-калық маңызы өте зор. Бронхиттар кезіңде, қабыну үдерісіне бронх аймағындағы тіндер қатынаспаса, сырылдар дыбыссыз болады, бронх айналасындағы ауалы өспе тіні бронх ішінде пайда болған дыбыстарды басып тастайды. Бронх айналасындағы өкпе тіндері тығыздалса (бронхо-пневмония), дыбыс жақсы өткізіледі. Сонымен қатар, қуыс ішінде пайда болған сырылдар да ашық, сыңғырлаған дауысты болып естіледі.

Сықыр (крепитация) ол экссудаты бар альвеола ішінде пайда болады. Альвеолалар ішінде экссудат болса, олардың қабырғалары дем шығарған фазада бір-біріне жабысады да, ал дем алу фазасының ең терең кезінде ажырасады.

Бұл дыбыс құлақ үстінен шаштарды бір-біріне үйкелегенде естілетін дыбысқа сәйкес келеді. Сықырды ұзақ уақыт төсекте шалқасынан жатқан қарт адамдардан, нашар халдегі жүрегі ауырған немесе жқпалы инфекциялық аурулардың өкпесінің төменгі бөліктерінен есіту мүмкін. Бұл жағдайларда сықыр тек бірінші терең дем алғанда естіліп кейін жойылады, яғни тұрақты емес. Басқа жағдайларда крепитация өкпенің өзінің зақымдануына байланысты бола-ды. Сықыр өкпе қабынуында, әсіресе крупозды пневмонияда, өкпе туберкулезінде, өкпе инфаркты және компрессиялық ателектазы кезіңде естілуі мүмкін. Сырылды ұсақ көпіршікті сырылдардан ажырату үшін мына жағдайды есте сақтау керек. Сықыр тек дем алу фазасында, әсіресе терең дем алғанда естіледі, ал ұсақ көпіршікті сырылдар әдетте дем алудың екі фазасында да естіледі. Сонымен қатар, сықыр жәй ғана жөтелгенде айқын анықталады, ал ұсақ көпіршікті сырылдар жөтелгеннен кейін естілмейді.

Өкпе қабының үйкеліс шуылы. Қалыпты жағдайда өкпе қабының висцералды және париеталды жапырақшаларының беті тегіс болғандықтан дем алған кезде бір-бірінің үстімен дыбыссыз жылжиды. Құрғақ плеврит кезінде плевра бетінде фибрин жиналады да плевра беті кедір-бүдір болады. Дем алған кезінде өкпе қабы бетінде үйкеліс шуылы пайда болады, аязды күні қардың үстінде жүргенде естілетін сықыр сияқты, немесе бір нәрсені тырнағанда естілетін дыбысқа ұқсас болады. Плевра үйкеліс шуылы дем алу үдерісінің екі фазасында да: дем алу жөне дем шығару кезінде де естіледі. Бәрінен де жақсы өкпе қабының үйкеліс шуылы өкпенің дем алудағы қимылдарының нағыз айқын жерінде, қолтық асты, артқы, ортаңғы, ал-дыңғы сызықтары бойымен естіледі. Кей кезде бұл шуыл өте қатты болғандықтан пальпация кезінде қолмен сезілуі мүмкін. Өкпе қабы үйкеліс шуылын ылғалды сырылдардан ажырату үшін науқасты жөтелдіру керек. Бұл жағдайда плевра үйкеліс шуылы өзгермейді, ал ылғалды сырылдар жойылуы мүмкін. Оларды бір-бірінен ажырату үшін тағы бір тәсіл жасауға болады. Дем шығарғаннан кейін, ауыз бен мұрынын жапқызып, құрсақты жиырып бұлтитады, бұл кезде кеуде пердесі төмен түседі. Осы кезде париеталды және висцералды плевра жапырақтары бір-бірінің үстімен жылжиды, егерде құрғақ плеврит болса оның зақымданған беттері кедір-бүдір болса, өкпе қабының үйкеліс шуылы пайда болады. Бұл кезде бронх арқылы ауа жүрмегендіктен, яғни альвеолаларға ауа кірмегендіктен, ьлғалды сырылдар мен сықырлар естілмейді. Өкпе қабының үйкеліс шуылын сықырдан ажыратуға мына белгілер көмектеседі: 1) өкпе қабының үйкеліс шуылы дем алу фазасының екеуінде де естіледі, сықыр тек дем алу фазасында және оның ең терең кезіңде; 2) кеуде клеткасын фонендоскоппен қаттылау басқанда өкпе қабының үйкеліс шуылы күшейеді, ал сықыр өзгермейді; 3) өкпе қабының үйкеліс шуылы фонендоскопқа сықырдан жақындау естіледі.

Бронхофония стетоскоп немесе фонекдоскоппен сыбырлағандағы сөздерді есту арқылы жасалынады. Науқастан ызыңдаған, ысылдаған дыбыстары(ч, р) бар сөздерді сыбырлап айтуды сұраймыз ("қырық төрт", "бір шыны шай"). Фонендоскопты науқастың са-лыстырмалы аускультация жасаған орындарына қойып тындау керек. Сау адамдардан бұл сөздерді сыбырлап айтқанда өкпе үстінен түсінбейтін, анық емес сөздердің дыбыстары естіледі. Бронхофония мен дауыс дірілін зерттеуәдістерінің физикалық негіздері бірдей. Өкпеде немесе өкпе қабы куыстарында патологиялық үдерістер кезінде бронхофония күшейеді, кейде оның әлсіреуі де мүмкін.

Бронхофонияның күшеюі өкпе тінінің тығыздалуы кезінде (өкпе қа-бынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) немесе өкпеде қуыс пайда болған (каверна, абсцесс, ірі бронхоэктаз) шақта анықталуы мүмкін. Тығыз өкпе тіні дыбысты жақсы өткізеді, соған байланысты бронхофония да күшейеді.

Бронхофонияның күшеюі каверна үстінен де анықталады, бұл жағдайда каверна куысы дыбыстың өзі резонанс заңы бойынша күшейтеді және өкпе куысы айналасындағы тыгыз. реактивті қабьнған өкпе тіні тығыз болғандықтан күшейген дыбыс құлаққа бронхофония, сонымен қатар компрессиялық ателектаз және ашық пневмоторакс кезінде анықталады. Бронхофонияның әлсіреуі дауыс дірілінің әлсіреуіне сәйкес келеді (экссудатты плеврит, гемо, пневмоторакс, обтурациялық ателектаз). Бронхофонияның пайда болу жолы дауыс дірілінің пайда болуымен бірдей. Сондықтан да бұл феномендердің диагностикалық маңызы да бірдей. Айырмашылығы - дауыс дірілі пальпация тәсілімен, бронхофония аускультация тәсілімен анықталады

Тыныс алу жүйесі патологиясы кезінденгі лабораторлы және инструментальды диагностикасы. Өкпе тканінің тығыздалу синдромы.. Себептері. Синдромдары,олардың механизмдері. Диагностикалық

Дістері.

Тыныс алу мүшелерін тексеруде қолданылатын тәсіл 3 топқа бөлінеді;

1. аспапты тәсілдер; 2. лабораториялық тәсілдер;

3. дәрігерлік малипуляциялар (плевра және лимфа пункциялары).

Аспаптық зерттеу тәсілдеріне жататындар: