Негізгі клиникалық белгілері

Дене салмағының өзгеруі ішкі сөлденіс безі жүйесінің ауруларына тән арнайы белгі болып табылмайды, бірақ ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында жиі кездеседі. Науқастың қалыпты жағдайдағы және тіпті көп тамақтанғанда дене салмағының тез арада азаюы тиреотоксикозда (уытты жемсауда), қант сусамырында байқалады. Дене салмағының мөлшерден тыс көп болуы – семіздік – бірнеше ауруларды сипаттайды. Денеде, бетте, аяқ – қолда майдың бір қалыпты, тепе – теңдік түрде жиналуы семіздіктің алиментарлы, немесе экзогенді – конституциялдық түріне тән. Тері асты майлы (мысалы, аяқ – қолды аса сондай толық емес болғанда үлкен салбырап тұрған ішнемесе “жіңішке аяқ” болғанда иық белдеуінде майдың көп жиналуы нейроэндокринді аурудың негізгі бір белгісі, ал кейде пайда болуының басты белгісі болып табылады (гиперкортицизм, семіздіктің гипоталомдық түрі). Жиі науқастарды бұлшық еттің әлсіздігі әсерінен науқастар жүреде, тұра да алмайды, кейде олар жұта алмайды, шаршай алмайды, сөйлей алмайды. Диффузды уытты жемсауда қолдың бұлшық етінің тонусы төмендейді (науқасқа сатымен көтерілу қиын). Бұлшық ет әлсіздігі гипотиреоз, қант сусамырымен ауыратын науқастарға тән. Жүйке жүйесінің қызметінің өзгерістері – сөлденіс бездері жүйесінің ауруларының жиі белгісі. Диффузды уытты жемсау психикасының бұзылысы мен жүрек – тамыр жүйелерінің қызметтерінің бұзылысы негізгі клиникалық белгілер болып табылады, осы арқылы қосымша зерттеулерсіз кейде диагноз қоюға болады. осындай белгілерге жүйке қозғыштығының жоғарылауы, тітіркенгіштік, жылауықтық, бір жерде отыра алмауы, көңіл – күйінің тез өзгеруі жатады. қалқанша бездің қызметі төмендегенде (гипотиреозда), керісінше, қозғалыстың ақырындығы, естің әлсіздігі, ұйқышылдық тән. Семіз науқастарда ұйқышылдық байқалады. Сөлденіс бездері мүшелерінің патолгиясына перифериялық жүйке жүйесінің зақымдануы жатады. Аяқтың ауруы, құмырсқа тәрізді жыбырлау сезімі (парестезия), балтыр бұлшық еттерінің құрысып тырысуы – сусамырлық невропатиямен байланысты, қант сусамырының маңызды белгісі болып табылады. Шөлдеу мен көп зәр шығару (полурия) – қант және қантты емес сусамырының негізгі белгілері, бірақта гипофиздің артқы бөлігінің өзгерісі ауыр түрде кездесуі мүмкін. Қант сусамырына көбінесе күндіз жиі зәрдің көп шығуы тән, тамақ ішкеннен кейін қандағы қант мөлшерінің көтерілуі (гипергликемия) тән. Жиі ішкі сөлденіс безі патолгиясы бар науқастар асқорыту қызметінің бұзылыстарына байланысты шағымдар айтады. Семіздігі бар, қант сусамыры (кетацедоз жоқ болғанда), диффузды зобы бар науқастардың тәбеттері үнемі жоғары болады. іштің ауырсынуы, лоқсу, құсу – қант сусамырындағы сусамырлық кетацидоздық белгісі болып табылады; бұл белгілер тиреотоксикозда байқалады, әсіресе тиреотоксикалық кризде олар іш өтуімен, жиі қою нәжіспен байланысқанда байқалады. Гипотиреозда, керісінше нәжіс тұрып қалады. Көрсетілген белгілерден басқа, ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында көптеген басқа белгілер де кездеседі, бірақ олардың көбісі қандай да бір ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына жатады, өйткені әрбір ішкі сөлденіс бездері өзіне тән арнайы гормон бөледі.

Тексеру әдістері

Сұрастыру. Ішкі сөлденіс бездерінің организмнің түрлі жүйелерімен жеке ағзаларына әсері өте күрделі де маңызды болғандықтан олардың ауруларымен байланысты шағымдар да алуан түрлі. Көбнесе мынадай

шағымдар байқалады: жүйкенің қозғыштығы, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің төмендеуі, тез қажып, абыржып, кею, тершендік, жүректің қағуы, қан қысымы көтеріліп, басқа қан шабуы, құлақтың шулауы, жүдеу. Кейбір ауруларға тән абыржығыштық пен шапшандық (уытты жемсау), енжарлық пенкөңілсіздік (микседема) немесе ой-сананың төмендігі сияқты белгілер де бар. Науқастың өмір тарихынан ауруды дамытқан себепті анықтауға

тырысу керек. Қатты күйзелудің, қорқудың, қажудың тиреотоксикоз ауруының дамуына тікелей әсері жалпыға белгілі. Ішкі сөлденіс бездері ауруларының кейбіреуі жыныстық жетілу немесе климакс кезеңдерінде, босанғаннан кейін көрініс береді. Бірсапыра аурулар тұқымқұаласа (мысалы, қант сусамыры), енді біреулері басқа сырқаттарға (түберкулез, сифилис) қосарланады немесе солардың бір көрінісі болуы мүмкін.

Қарау. Ішкі сөлденіс бездері сырқаттарын анықтау үшін бұл тәсілдің маңызы ерекше. Өйткені уытты жемсау, микседема, акромегалия, Иценко – Кушинг, Аддисон ауруларын науқасқа бір қарап – ақ айқындауға

болады. Қалқанша безі немесе гипофизі зақымдалған науқастардың бет келбеті өзгереді. Қалқанша бездің қызметі тым артқан науқастың көзі шарасынан шығып, бадырайып, кірпіктері сирек қағылып, бет келбеті үнемі қорыққан адамға ұқсас болады. Көлемі ұлғайған без жай қарағанның өзінде де көрінуі мүмкін. Қалқанша бездің жұмысы тым кемісе, онда науқастың бет әлпеті дөңгелектеніп, көз жанары сөніп, ол топас, селқос кейіпті келеді.

Акромегалиямен ауыратын науқастардың қас үсті доғалары, иегі шығыңқыланып, мұрны мен аяқ – қолдары ұлғаяды. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде ісік пайда болғанда акромегалиялық алыптық (гигантизм), ал жыныс бездерінің қызметі төмендегенде әтектік (евнухоидтық) гигантизм байқалады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі зақымдалып, оның қызметі төмендеген жағдайда ергежейлі әрі жыныс ағзалары дұрыс қалыптаспай, жыныс белгілері дамымай

қалады. Микседема сырқатында да тап осындай клиникалық белгілері болуы мүмкін. Тері жамылғышының өзгерістері де әр ауруға тән болып келеді. Микседема сырқатында науқастың беті бозарып, сарғыш тартса, Иценко – Кушинг синдромында теріні қан кернеп, қызарады. Аддисон ауруында бүйрек үсті безінің жұмысы төмендеп, тері мен кілегейлі қабықшалар қоңыр түсті қола тәрізденеді. Қалқанша бездің жұмысы тым артқандардың терісі жылтырап, олар тершең болса, осы бездің жұмысы жеткіліксіздігінде терісі дымқыл әрі салқын болады. Акромегалияға терінің қалыңдауы тән. Гипотиреоз ауруында теріге муцин сіңеді, сондықтан ол ісінеді. Иценко – Кушинг синдромында сан мен іштің терісі семіп, онда қызғылт күлгін жолақтар байқалады. Қант сусамыр ауруында науқастардың терісінде тырналған сызықтар қалып, іріңдіктер пайда болады. Әтектерде шаш пен түк әйелдерге ұқсас өссе, акромегалияда көп және жылдам өссе, микседемада