Биологиялық ырғақтар.

Биологиялық ырғақтар.

Тірі табиғаттың өзіндік ерекше қасиеттерінің бірі ондағы өтетін жағдайлардың қайталануында.Жер бетіндегі барлық өмір ,жасушадан бастап биосфераға дейін,белгілі бір ырғаққа бағынады. Табиғаттағы ағзада өтетін билогиялық ырғақтар мына түрлерге бөлінеді:

Сыртқы (экзогенді) – қоршаған ортадағы өзгерістердің қайталануы және ішкі (эндогенді) – ағзаның өз өмір әрекетіне байланысты.

Сыртқы ырғақтар Жердің өз осінен айналуына қарай Күн мен Айға байланысты. Осыған байланысты остен айналуда өзгереді: жарық режимі, температура, қысым және ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, электромагнитік кеңістік, теңіздің қайта толуы мен азаюы.

Ағзадағы барлық ішкі ырғақтар бір-бірімен байланысты, бір жүйеге кіріктірілген және ақырында ағзаның жағдайына байланысты ауыспалы болып келеді. Ағза өзінің физиологиялық фунциясын атқара отырып, уақыт өздырады. Сондықтан да уақыт – тірі ағзаға әсер етуші экологиялық факторлардың ең негізгі элементі болып саналады.

 

Тіршілік формалары. Биотикалық қатынастар

Тірі ағзалардың, соның ішінде, жан-жануарлар мен өсімдіктердің сыртқы қоршаған ортасына бейімделуіне морфологиялық адаптацияның атқарар ролі ерекше, яғни, ондай ерекшелікке өмір сүрген ету ортасындағы тіршілік үшін күресудегі және тіршілік іс - әрекетін ұтымды жалғастыруда өте қажет болып табылатын сыртқы құрылысы жатады.

Өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы (Раункиер бойынша).

1. Фанерофиттер - өсімдіктің жер үстіндегі топырақтан жоғарығы бүршіктерінің жаңаруы (30 см –ден жоғары).

2.Хамериттер – топырақ үстінен 20-30 см-ден жоғары бүршіктердің жаңаруы.

3.Гемакриптофиттер – топырақ үстіндегі бүршіктердің жаңаруы немесе топырақтың дәл үстіндегі бүршіктердің жаңаруы. Көбінесе олар өсімдік астына орналасады.

4. Криптофиттер – топырақтың ішіндегі (геофиттер) немесе су ішіндегі гелофиттер мен гидрофиттер) бүршіктердің жаңаруы.

5.Тероафиттер – жылдың өсуге қолайсыз кезеңінен кейінгі тұқымнан шығып жаңару.

Жануарлардың тіршілік формаларының классификациясы (сүтқоректілер) (Формозов А.Н. бойынша).

1.Жерүсті формалары.

2.Жерасты (жер қазушылар).

3.Ағашта өмір сүретіндер.

4.Ауада тіршілік етушілер.

5.Суда тіршілік етушілер.

Бұлардан басқа да классификациялары бар.

Биотикалық қатынастар.

Тірі ағзалардың бір – біріне әсер етуші іс - әрекеттерінің қосындысын ортаның биотикалық факторлары деп атайды. Ағзаны қоршап тұрған тірі денелердің барлығы оның биотикалық ортасын құрады.

Биотикалық қатынастардың екі үлкен топтарын бөлуге болады:

1.Түрішілік. 2.Түраралық.

Топтық әсер. Аменсализм.

Массалық әсер. Комменсализм.

Түрішілік бәсеке. Түраралық бәсеке.

 

Бірлестік Мутуализм (симбиоз)

Коннибаллизм Нейтрализм

Жыртқыш – жәбирленуші түріндегі бірлестік

Паразит – қожа түріндегі қатынастар

Популяция. Демографиялық құрылысы, популяция саны

Және оның табиғаттағы айналымы.

Популяция.

Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» -халық,тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.

Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді.Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.

Оларға мыналар жатады:

1.Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.

2.Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.

3.Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.

4.Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.

5.Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.

6.Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу.

Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып,популяция жүйесін құрады.

Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.