Ақпараттың талдамалық қасиеті қай кезде көрінеді?

A)Ақпарат фактісі ұсақ болғанда;

Ә)Ақпарат авторы көпшілікке танымал болса;

Б)Ақпаратта цифрлар мол көрінсе;

В)Бір тақырыпқа топтама ақпарат жарияланса;

Г)Ақпараттың тілі көркем болса.

59. Профессор М. Барманқұловтың пікірінше, репортаждың жанрлық ерекшелігі:

A)Дәлме-дәлдік, оқиғаны көзбен көру, шыншылдық;

Ә)Болған оқиғаны сенімді адамнан есту, телевизордан көру;

Б)Оқиға хронологиясын сақтамау, ойдан қосу;

В)Тек табыстарды тілге тиек ету, ресми стильден ауытқымау;

Г)Тек кемшіліктерді жұртшылыққа ұсыну, сезіммен баяндау.

60. Ф.ғ.д. К. Қамзин «Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі» монографиясында жанрларды неше топқа бөледі:

A)Үш;

Ә)Төрт;

Б)Алты;

В)Бес;

Г)Сегіз.

61. Профессор Т. Қожакеевтің пікірінше, корреспонденция-толғаныстың белгілері:

A)Оны көбінесе оқырмандардың өзі жазады, өз бастарынан өткен ерекше жайларды жұртшылық назарына ұсынып, көпшілік талқысына салады;

Ә)Оны арнаулы тілшілер жоғары орындарды" тапсырмасымен жазады;

Б)Тәуелсіз газет тілшілерінің ерекше, еркін пікірі;

В)Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің елдің болашағы туралы толғанысы;

Г)Бас редактордың көкейтесті мәселелерге арналған түсіндірмесі.

Шыңғыс Айтматовтың шығармасы қазақ тілінде алғаш рет қай басылымда жарияланды?

A)Социалистік Қазақстан;

Ә)Лениншіл жас;

Б)Жұлдыз;

В)Қазақ әдебиеті;

Г)Мәдениет және тұрмыс.

63. Деректі-көркем жанрлар:

A)Бас мақала, насихаттық мақала,экономикалық-әлеуметтік талдау;

Ә)Көркем әңгіме, шешендік сөз, әдеби-көркем сын, танымдық мақала;

Б)Памфлет, суреттеме, эссе, фельетон, очерк;

В)Репортаж, сұхбат, корреспонденция, түсіндірме;

Г)Хат, хатқа шолу, газет шолуы, портрет.

64. Ақпарат (заметка) көздері:

A)Көркем шығармалар, кинофильмдер, музыкалық туындылар;

Ә)Күнделікті тіршілік, тарихи құжаттар, статистикалық деректер, директивалық орындардың шешім-жарлықтары, заңдары;

Б)Телевизия хабарлары, радио материалдары, ақпараттық агнеттіктер информациялары;

В)Журналистер, саясатшылар, жазушылар, өнер адамдары ортасы;

Г)Интернет, пейджер, телефон, телетайп.

65. Репортажды барлаушы жанр деген ғалым:

A)С.М.Гуревич;

Ә)Д.Рендалл;

Б) М.Барманқұлов;

В)С.Қозыбаев;

Г)А.Аграновский.

 

В.Ворошилов: қатқыл лид қаншаға бөлінеді?

A)Үш;

Ә)Төрт;

Б)Бес;

В)Алты;

Г)Тоғыз.

 

67. Хабарлама жанрлар:

A)Эпиграмма, пародия, шартты фельетон;

Ә)Жарнамалық мақала, халықаралық шолу, болжамдық түсіндірме;

Б)Ақпарат, есеп, репортаж, сұхбат;

В)Портрет, пікірталас, газет шолуы;

Г)Суреттеме, жалпы саясаттық мақала, проблемалық корреспонденция.

68. «Көркем очерк – алдағы күнде туар үлкен еңбектердің барлаушысы»,- дейді:

A)С. Мұқанов;

Ә)Ғ. Мұстафин;

Б)Ғ. Мүсірепов;

В)С. Сейфуллин;

Г)В. Овечкин.

69. Қазіргі баспасөздің негізгі тенденциялары:

A)Очерктер мен адресті фельетондар көбеюде;

Ә)Лирикалық толғаныстар, жағымды очерктер саны көбеюде;

Б)Баспасөз еркіндігі артуда, қазақ тіліндегі ресми газеттер көбеюде;

В)Жанрлар араласы анық байқалады, талдамалы жанрлар белең алуда;

Г)Мемлекеттік басылымдар көбеюде, деректі-көркем жанрлар етек алуда.

Фельетон жанр ретінде қай елдің қандай басылымында дүниеге келді?

A)«Қазақ» газетінде;

Ә)Ағылшынның «Көрермен» журналында;

Б)«Московские ведомости» газетінде;

В)«Санкт-Петербургские ведомости» газетінде;

Г)«Journal des Debats» газетінде.

71. О' Генридің "Торай әдебі" ("Поросячья этика") новелласындағы газет:

A)Лексингтонский листок;

Ә) Любитель животноводства;

Б)Листок Уолл-стрита;

В)Дорога в рай;

Г)Нью-Йорк Таймс.

72. Берілу жолына қарай есептің түрлері:

A)Қорытынды есеп, жинақтаушы есеп, элементарлық есеп, жабық есеп;

Ә)Хроникалық есеп, төте есеп, тақырыптық есеп, проблемалық есеп, талдамалы есеп;

Б)Жария есеп, бүркеншік есеп, астарлы есеп, ашық есеп;

В)Ғылыми-болжалдық есеп, баланстық есеп, салалық есеп;

Г)Жыл қорытындысы, тоқсан қорытындысы, ай қорытындысы.

73. Фельетон жазуда инверсия, психологиялық ассоциация, тұспал тәсілдері қолданылады дейді:

A)Ү. Уайдин;

Ә)С. Нариньяни;

Б)Ғ. Қабышев;

В)Б. Стрельцов;

Г)Б. Кірісбаев.

74. Руна әліпбиін енгізу туралы БАҚ-та табанды түрде мәселе қойып, проблемалық мақала жазып жүрген ғалым:

A)А. Мектептегі;

Ә)Қ. Әбжанов;

Б)А. Мархабаев;

В)Ү. Уайдин;

Г)Д. Баялиева.