E) Мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою

F) Борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің

Дәрменсіздігі туралы жалған хабарлау

G) Экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау

Н) Бюджеттік несиені нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау

 

14. «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)» (ҚР ҚК 218-бабы) құрамының белгілері:

A) қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға делдалдық ету

B) мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен сыбайластық жемқорлық

байланыстарының болуы

C) кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатының болмауы

D) ірі мөлшерде табыс алу

E) аса ірі мөлшерде табыс алу

 

15. Бланкеттік диспозициялы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар:

A) Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚР ҚК 245 бап)

B) Әуе немесе су кемесі не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу (ҚР ҚК 270 бап)

C) Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (ҚР ҚК 269 бап)

D) Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (ҚР ҚК 292 бап)

E) Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (ҚР ҚК 277 бап)

 

16. «Тағылық» (ҚР ҚК 294-бабы) құрамының объективтік жағын сипаттайтын белгілер:

A) ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру

B) имандылықты қорлайтын жазбаларды жазған немесе суреттерді салған адамның лауазымдық жағдайы

C) кінәлінің қылмыстық жауапқа тарту жасына толуы

D) көліктегі мүлікті бүлдіру

E) мемлекет қорғайтын табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен бүлдіру

 

17. «Терроризм актісін» (ҚР ҚК 255-бабы) құрамын сипаттайтын белгілер:

A) терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру

B) терроризм актісін насихаттайтын материалдар тарату

C) қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мақсатының болуы

D) террористік мақсаттар көздейтін ұйым құру және оған жетекшілік ету

E) соғысқа арандату немесе халықаралық қатынастарды шиеленістіру мақсатының болуы

F) террористік мақсаттарды көздейтін ұйымдардың қызметіне қатысу

 

18. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушыльщтардың ішінде қосымша объект ретінде адамның денсаулығы танылатын құрамдар:

A) Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

B) Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық, немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

C) Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу

D) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу

E) Заңсыз аңшылық

F) Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу

 

19. Субъективтік жағы қасақаналық нысанындағы кінәмен сипатталатын көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар:

A) Пайызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату (ҚР ҚК 352 - бап)

B) Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (ҚР ҚК 345 - бап)

C) Темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің қағидаларын бұзу (ҚР ҚК 344 - бап)

D) Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу (ҚР ҚК 351-бап)

E) Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату (ҚР ҚК 356 - бап)

 

20. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тартудың (ҚР ҚК 132-бабы) сараланған және ерекше сараланған түрлері:

A) кәмелетке толмаған адамды субъектісі бола алмайтын қылмыс жасауға тарту

B) қылмысты кәмелетке толмаған адамды алдау немесе сеніміне қиянат жасау арқылы жасау

C) екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған адамды қылмыс жасауға тарту

D) қылмысты кәмелетке толмаған адамның ата-анасының немесе педагогтың жасауы

E) кәмелетке толмаған адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға тарту

F) екі немесе одан да көп кәмелетке толмаған адамды қылмыстық теріс қылық жасауға тарту

G) кәмелетке толмаған адамды екі немесе одан да көп кылмыс жасауға тарту

 

21. Ауырлатушы мән-жайда адам өлтірудің қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілері бойынша ажыратылатын түрлері: