F) жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi тарату қатері

G) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдана отырып бөтеннің мүлкін ашық талан-тараждау

H) меншік иесіне немесе мүліктің басқа да иеленушісіне ірі материалдық залалдың келтірілуі

 

Жымқыруға жатпайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар:

A) ұрлық

B) қарақшылық

C) бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру

D) алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру

E) ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру

F) көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу

G) алаяқтық

H) мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу

 

«Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» (ҚР ҚК 200-бабы) негізгі құрамының белгілері:

A) даулы автомобильді немесе өзге көлік құралын иемдену

B) иемденудің құқыққа қайшылығы

C) адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану

D) пайдакүнемдік мақсаттың болмауы

E) адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану

F) қылмыс заты – автомобиль немесе өзге де көлік құралы

G) автомобиль немесе өзге де көлік құралын артынша сатып жіберу мақсатында құқыққа сыйымсыз иемдену

H) кінәлі адамда жүргізуші құқығының болмауы

 

Қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар:

A) ұрлықтың негізгі құрамы

B) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын ұрлық

C) ауырлатушы мән-жайларда жасалған тонау

D) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын қорқытып алу

E) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын алаяқтық

F) автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алудың негізгі құрамы

G) ауырлатушы мән-жайларда жасалатын сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе ысырап ету

H) алаяқтың негізгі құрамы

 

Ұсақ-түйек жымқыру нысандары (ҚР ҚК 187-бабы):

A) ұрлық

B) тонау

C) алаяқтық

D) сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе иемденіп алу

E) қорқытып алу

F) қарақшылық

G) ерекше тарихи құндылыққа ие заттарды жымқыру

H) бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру

 

«Ұсақ-түйек жымқыруды» (ҚР ҚК 187-бабы) сипаттайтын белгілер:

A) құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ұйымға тиесілі мүлікті ысырап ету

B) құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке тұлғаға тиесілі мүлікті ашық түрде талан-тараждау

C) құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке тұлғаға тиесілі мүлікті жасырын түрде талан-тараждау

D) құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ұйымға тиесілі мүлікті ашық түрде талан-тараждау

E) құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ұйымға тиесілі мүлікті жасырын түрде талан-тараждау

F) құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ұйымға тиесілі мүлікті иемденіп алу

G) құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын ұйымға тиесілі мүлікті ашық түрде талан-тараждау

H) құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жеке тұлғаға тиесілі мүлікті жәбірленушінің денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен ашық талан-тараждау

 

Жымқыруға жатпайтын меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар:

A) Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру

B) Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру

C) Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу

D) Ұрлық

E) Тонау

F) Алаяқтық

G) Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу

H) Қарақшылық

 

«Жерге заттай құқықтарды бұзу» (ҚР ҚК 201-бабы) құрамының объективтік жағының белгілері:

A) бөтен жер учаскесiне заңсыз кіріп кету

B) бөтеннің жер учаскесін жалған құжаттар бойынша өз атына ауыстыру

C) күш қолдану немесе оны қолдану қатері

D) жер салығын және басқа да міндеттерді төлеуден жалтару

E) бөтеннің жер учаскесін заңсыз басып алу

F) құрамында есірткі заттары болатын өсімдіктерді заңсыз өсіру

G) өз атындағы жер учаскесін басқа меншік иелерінің рұқсатын алмастан сатып жіберу

H) жер учаскесімен заңсыз мәмілелер жасау

 

«Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру» (ҚР ҚК 203-бабы) құрамының заты:

A) тарихи құндылығы болатын кез келген зат

B) отбасылық құндылыққа ие кез келген зат