Коммерциялық құпия деген не және оны қорғау қандай заңнамалық актілермен реттеледі?

Қазақстан Республикасында коммерциялық құпияны қорғауды реттейтін арнайы заң жоқ (мысалы, Ресейдегі сияқты). Құқықтық нормалар әр уақытта қабылданған түрлі нормативтік актілерге бойынша шашылған. Дегенмен талқылап көрейік.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заңының 21 бабы коммерциялық құпия деп мемлекеттік құпия болып табылмайтын, өндіріспен, технологиялық ақпаратпен, басқармамен, қаржы немесе шаруашылық субъектісінің басқа қызметімен байланысты мәліметтерді санайды, оларды жариялау оның мүддесіне зиян келтіруі мүмкін. Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құрамы мен көлемі шаруашылық субъектілерімен анықталады, ол туралы мүдделі тұлғаларға жазбаша түрде хабарланады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 126 бапта қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғауға кепілдік береді, егер ақпараттың әлеуетті құндылығы болса, заңды негізде оған еркін қол жетімділік болмаса, ақпарат иесі ақпараттың жабық болып қалуы үшін шаралар қабылдаса.

Заңнамада «рұқсат шектелген ақпарат», «ашылмаған ақпарат», «жабық ақпарат, мәлімет» деген түсінік те бар, олардың бір бөлігі коммерциялық құпия болып табылады.

Осылайша, коммерциялық құпияның негізгі белгілерін анықтап алайық:

- ол мемлекеттік құпияға жатпайды;

- бұл кәсіпкердің қызметімен байланысты мәлімет;

- үшінші тұлғаларға белгісіз болғандықтан ол шынайы немесе әлеуетті құндылығы болса;

- оны жариялау кәсіпкердің мүдделеріне нұсқан келтіруі мүмкін болса;

- оған еркін рұқсат жоқ;

- ақпарт иесі оның жабықтылығын қорғау болйынша шаралар қабылдаса;

- кәсіпкер коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтердің құрамы мен көлемін өзі анықтайды (алайда заң талаптарына байланысты кейбір мәліметтер коммерциялық құпия бол алмайды).

Көрсетілген белгілер өте маңызды, себебі олардың барлығы бірге болғанда ғана коммерциялық құпияны қорғау құқығын береді.

Коммерциялық құпияға өнеркәсіп технологиясы, кәсіпорынды басқару әдістері, кәсіпорынның қаржысы туралы мәліметтер, жасалған және жоспарланған мәмілелер, бухгалтерлік және салықтық есептерде көрсетілген мәліметтер, заіды тұлғаның жарғылық келісімінде көрсетілген мәлңметтер жатады. Аталған тізім толық емес, себебі жариялауға жатпайтын мәліметтердің құрамы мен көлемін белгілеу құқығы кәсіпкердің өзіне ұсынылған.

Бірқатар мәліметтер коммерциялық құпия болып саналмайды. Бірақ бұл тізбе керісінше, заңмен белгіленеді. Бұл, мысалы, заңды тұлғаның жарғысында көрсетілген мәліметтер, заіды тұлғалар мен олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, жою туралы мәліметтер, жылдымайтын мүлікпен мәміле жасау және жылдымайтын мүлікке құқықты тіркеу туралы мәліметтер. Мемлекеттік статистикалық есепке, сонымен қатар ұйымның мемлекеттік бақылау мен қадағалау нысаны болып табылатын қызметінің кейбір жақтарына қатысты мәліметтер коммерциялық құпия болып саналмайды, алайда бұл бақылау-қадағалау органдары алынған ақпаратты өз еріктері бойынша қолдана алады дегенді білдірмейді. Кәсіпкер өз жұмысшыларына, акционерлеріне, пай алушыларына және басқа тиісті тұлғаларға өз еңбекақыларының дұрыс есептелуін тексеруге, авторлық сыйқыны, дивиденд, келісім бойынша сыйақыны тексеруге, олардың мүліктегі, табыстағы, кірістегі үлесін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қол жетімділікті ұсынуға міндетті.

Заңнамамен немесе құрылтайлық құжаттармен жариялауға немесе акционерлерге, басқа белгілі бір тұлғалар аясының мүшелеріне (қатысушыларына) міндетті түрде жеткізуге жататын мәліметтердің тізімі белгіленуі мүмкін. Бұл мәліметтерге заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміндегі мәліметтерге жататын деректер, кәсіпкерлік қызметтің жылдық баланстық қорытындылары, соның ішінде баланс сальдосы, жарғылық капитал сомасы, кредиторлық және дебиторлық қарыздардың жиынтық сомалары, кірістер мен шығыстар шотының сальдосы, мемлекеттік статистикалық есеп ережелеріне сәйкес жариялауға жататын мәліметтер жатады.