KNOW HOW» (НОУ-ХАУ) ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

 

Нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық жетістіктермен алмасу коммерциялық негізде жүзеге асырылуы тиіс. Дегенмен тәжірибеде көптеген проблемалар туындайды. Соның ішінде олардың көпшілігі «know how» (ноу-хау), олардың техникалық-экономикалық және коммерциялық мәнін анықтай алмаудан, оларды құпияда сақтай алмаудан туындайды. Ноу-хауды шебер анықтау – үнемділікті жоғарылату, қосымша табыс табу дегенді білдіреді.

Ноу-хау термині ең алғаш 1916 жылы АҚШ-тағы сот процестерінің бірінде енгізілген.

«Know how» («қалай екенін білемін») бір түрі ретінде «show how» («қалай екенін көрсетемін»), «know why» («неге екенін білемін») және «trade-secret» («іскер құпия») болып саналады.синоним ретінде қабылданатын «іскер құпия» мен «ноу-хау» ұғымдарының айырмашылығы «іскер құпия» термині өз иесінің қолдануындағы жабық ақпаратқа қатысты қолданылады. Мұндай білім келісім-шарт негізінде берілген жағдайда олар «ноу-хау» мәртебесіне ие болады, яғни іскер құпия статикалық сипатта болса, онда ноу-хауды динамикадағы іскер құпия деп қарастыруға болады. Ноу-хауды беруді реттейтін арнайы нормалар Англия, Аргентина, Венгрия, Канада, АҚШ заңнамаларында бар. КСРО мен РФ азаматтық заңнамаларымен қорғалатын мұндай нысандар көптеген нормативтік актілерде осы нысандардың түрлі атауларын қолдана отырып айтылады.

1991 жылғы 31 мамырдағы КСРО мен кеңес республикаларының Азаматтық заңнама негіздерінің 151 бабында мұндай нысандар «өнеркәсіп құпиясы» деп аталады. РФ азаматтық кодексінің 139 бабында олар «қызметтік немесе коммерциялық құпия» деп аталады, ал 1027 бабында «қорғалатын коммерциялық ақпарат» делінген. РФ АК соңғы жарияланған кейбір бөлімдерінің жобасында бұл нысан «кәсіби құпиялар (ноу-хау)» деп аталынған. Бұл ұғымның бірнеше анықтамасы бар. БҰҰ, Еуропа экономикалық одағымен, АҚШ өндірістік ассоциациясымен берілген анықтамалар да бар. Олардың барлығы бір-бірінен айтарлықтай өзгешеленеді, әдетте, кеде өте күрделі және өте алып. Ноу-хаудың белгілі анықтамаларын талдай отырып бұл үғымның негізгі критерийлерін анықтау мүмкін болды.

1 Ноу-хауға жасалыммен, өндіріспен, жүзеге асырумен, қолданысқа берумен, қызмет көрсетумен, жөндеумен, техниканы, материалдар технологиясын жетілдірумен байланысты білім мен дағдылар жатады және олар бірнеше түрге бөлінеді:

- техникалық ноу-хау, соның ішінде ғылыми-зерттеу, технологиялық және өндірістік (өнеркәсіп құпиялары), есептеулер (инженерлік есептеулер саласында), жобалық (өндірістік және азаматтық нысандарды жобалау саласында);

- басқарушылық ноу-хау, соның ішінде басқарудың неғұрлым тиімді құрылымдары, әдістері, міндеттер мен оның мазмұнын дәл бөлу, құрылымдыө бөлімшелердің қызметтік әрекеттестігі, серіктес яирмалардың әрекеттесу әдістері;

- коммерциялық ноу-хау, соның ішінде өнімді сатудағы білім мен тәжірибе, нарық конъюнктурасы туралы мәліметтер, делдал-фирмалар, тауарды өткізетін фирмалар туралы мәліметтер, сатудың неғұрлым тиімді түрлері, өнім жарнамасы;

- қаржылық ноу-хау, соның ішінде ақша қаражатын, құнды қағаздарды, акцияларды, валюта курсының өзгеруіне байланысты капитал құюды, ұлттық салық жүйесінің ерекшеліктерін, кеден шектеулерін қолданудың неғұрлым тиімді әдістері туралы мәліметтер, банктік бірлестіктер туралы, несиелеу түрлері туралы мәліметтер.

2. Ноу-хау айтарлықтай құнды және тиімді, бұл теориялық болжам емес, гипотеза емес.

3. Ноу-хау үнемі жабық, белгілі тұлғалар шеңберіне ғана белгілі (өндірістік қызметте және талап етілген мөлшерде ғана қажет болатын тұлғаларға ғана белгілі, жалпы алғанда ноу-хау тек бір немесе екі маман ғана білуі тиіс).

4. Ноу-хаудың ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық қорғауы жоқ.

Соңғы уақыттағы үлкен проблема болып отырған «қарақшылық» әрекеттер. Зияткерлік жекеменшік құрамында қарақшылық – табыс көру мақсатында құқық иесінің келісімінсіз пайдалану.

Қарақшылық әлемде кең таралып келеді. 1986 жылы жарияланған зерттеудерде 1984-1985 жылдары сегіз елде заңсыз кітап басып шығару нәтижесінде Ұлыбритания баспаларына келтірілген шығын көлемі 70 млн ф-ст. АҚШ-та жарияланған осындай зерттеу осы елдегі қарақшылық салдарынан баспалардың шығынын 222 млн. долларға бағалаған. Бұл статистикадан шығатын қорытынды – жеке авторларға да, баспаларға да айтарлықтай шығын келтіріледі.

Халықаралық дыбыс жазу индустриясы федерациясымен жиналған мәліметтерге сәйкес 1990 жылы музыка саласында әлемде құны 1,2 млрд. доллар болатын 540 млн. бірлік заңсыз шығарылған өнім сатылған.

Париж конвенциясы заңсыз бәсекелестік ретінде оның келесі үш түрін анықтайды:

1. Тұтынушы аталған фирманың кәсіпорны, тауары немесе коммерциялық қызметі деп бәсекелестің кәсіпорнын, тауарын немесе коммерциялық қызметі деп қабылдауына алып келетін барлық әрекеттер.

2. Коммерциялық қызмет барысында бәсекелестің кәсіпорынының, тауарының немесе коммерциялық қызметінің беделін түсіретін жалған мәлімдеме.

3. Коммерциялық қызмет барасында тұтынушыны тауардың табиғаты, жасалу әдісі, сипаттамасы, белгілі бір мақсатқа жарамдылығы немесе санына қатысты адасушылыққа алып келетін сілтемелер немесе белгілерді қолдану.

Тауарлық белгілер, фирмалық атаулар мен актілер бойынша үлгілік заңға түсініктемеде заңсыз бәсекелестік ретінде 12 қызмет түрін анықталады

- Бәсекелестердің сатып алушыларын клиент ретінде тарту үшін және болашақта оларды мойындауы үшін параға сатып алу;

- Бәскелестердің қызметкерлеріне пара беру немесе тыңшылық арқылы өндірістік немесе коммерциялық құпяны анықтау;

- Бәсекелестің ноу-хауын заңсыз қолдану немесе ашу;

- Бәсекелестің қызметкерлерін жұмыс берушімен жасалған келісім-шартын бұзуға немесе күшін жоюға итермелеу;

- Бәскелестерге патент және/немесе тауарлық белгілерді бұзу туралы шағыммен қорқыту, егер бұл заңсыз және сауда саласында бәсекелеске қарсы әрекет ету мақсатымен жасалса;

- Бәскелестерге қарсы әрекет ету немесе жол бермеу үшін басқа фирманың саудасына бойкот жариялау;

- Демпинг, яғни өз тауарын бәсекелестерге қарсы тұру немесе оны басу мақсатымен төмен бағамен сату;

- Тұтынушыға ерекше тиімді шарттармен сауда жасау мүмкіндігі ұсынылып тұрғандай кейіп жасау, шын мәнінде олай емес;

- Бәсекелестің тауарларын, қызметтерін, жарнамасы немесе коммерциялық қызметінің басқа аспектілерін әдейі көшіру;

- Бәсекелестер жасаған келісімдегі бұзушылықтарды ынталандыру;

- бәсекелестің тауарларымен немесе қызметтерімен салыстыратын жарнама жасау;

- Бәсекелестерге тікелей қатысы жоқ құқықтық ережелерді бұзу, бұл бұзушылық бәсекелестер алдында ақталмаған басымдылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Түрлі елдерде экономикалық дамудың өз ерекшеліктері бар, сондықтан онда қабылданатын заңсыз бәсекелестік туралы заңдар жалпыконституциялық қағидалар мен азаматтық кодекстің, арнайы заңның қағидаларына негізделеді.