Хиругия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру

Хирургия бөлімінің жұмыс нәтижесі тәжірибесі мол мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың еңбегінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

Жұмыс кестесін әрбір кезекте бір тәжірибесі мол дәрігермен бір жас дәрігерді қосып жасаған дұрыс.

Себеі жас дәрігер тәжірибелі дәрігерден оқып үйренеді. Егер кезекте бір дәрігер-хирург істейтін болса, онда тәжірибелі дәрігерді аурулар көп келетін кезекке қойған абзал.

Емдеу жұмысын ұйымдастыру.Хирургиялық операциялардың мөлшері мен түрі – дәрігер-хирургтің тәжірибесіне байланысты.

Операция емханалық жағдайларда, тек қана операциядан кейін үйіне өз бетімен немесе біреудің көмегімен кететін ауруларға жасалады. Жасалатын операциялар ішінде тіс жұлу операциясы көбірек кездеседі.

Емханада жасалатын ауыр операциялар қатарына: дистопия, жартылай ретенция, ретенция болған тістерді алу, периостит, лимфаденит кезіндегі іріңді шығару, жұмсақ тіндердің жарақатын тігу, жақ сүйектері сынғанда, шығып кеткенде орнына салу жатады. Бұл операциялар жоспарланбаған топқа жатады.

Емханаларда жоспарлы жасалатындарға тісті реплантация, трансплантация, имплантация жасау, тіс түбірінің ұшын кесу, жақ-бет аймағындағы жұмсақ тіндерде, сүйектерде кездесетін кішігірім қатерсіз ісіктерді, биопсия, сары сулы ісіктерді, сілекей бездерінің түтіктерінде орналасқан тастарды алу, сонымен бірге кішігірім ақауларға пластика жасау, секвестрэктомия және пародонтит дерттерін хирургиялық әдіспен емдеу жатады.

Бөлімнің жұмыс бөлмелерді ауру қабылдауға дайындықтан бұрын басталады. Бөлменің санитарлық жағдайын тексереді күнделікті әрбір кезек басталар алдында мейіркеш екі стерилді стол дайындайды. Оның бірі құралдарға арналса, екіншісі таңу жабдықтарына арналған. Егер бөлмеде екі мейіркеш болса, бірі стерилді столдарда аподактилді тәсілмен айналысып, екіншісі дәрігерге ауруларды қабылдауға көмектеседі.

Мейіркеш жалпы жағдайлары ауыр науқастарды дәрігерге бірінші кезекпен кіргізеді, қалғандарын дәрігерге жазылу уақытына байланысты кезеккке қояды. Ауруларды дәрігерге тек сырқатнамамен ғана кіргізу керек. Қабылданғаннан кейін дәрігер ауруларды зерттеп, диагнозын қойып, емдеу кезегін белгілейді.

Жоспармен жасалатын операцияларды арнайы кітапшаға тіркеп, олардың күндерін белгілейді. Барлық қорытындылар және дәрігер нұсқаулары мекеменің арнайы іс қағазына жазылады. Ауруды зерттеу нәтижесінің мәліметтері, дәрігердің іс-қимылдары, нұсқаулары және ем нәтижесі сырқатнамаға жазылып, ауруды қайта қарау керек болса, уақыты, күні, бөлменің саны және дәрігердің аты-жөні көрсетіледі. Осы аурулардың сырқантамасы дәрігер бөлмесінде сақталады. Үйіне көмек көрсетілетін ауруға, дәрігер мейіркеш бөледі.

Операция жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру.Операция алдында дәрігер медбикені жасалтын операциялардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырма береді. Залалсыздандырған заттарды екі столға бөледі, бірі таңу жабдықтары, екіншісі құралдар үгшін. Хирургке операция жасауға көмекші қажет. Оның қызметін,тәжірибелі мейіркеш, дәрігер немесе жоғарғы курс студенттері атқарады. Операциядан кейін ауруды 30 мин-тен 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн.

Әдетте күрделі стоматология емханалары кеңес беру – методикалық орталық болып есептеледі. Оларға басқа мекеме, аудан дәрігерлері ауруларды кеңес алу үшін жібереді. Бұл емханаларда кеңес беруші болып ғылыми атағы бар дәрігерлер істейді. Осымен қатар оларға облыстық, аудандық, емханалар бекітіледі.

Әрине, хирургия бөлімдері жұмысының ішінде дерттің алдын алу қызметі жоғары орында болуы қажет.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында «Дәрігер-стоматологтың бақылауында болатын науқастардың диспансерлік үлгісінің жобасы» берілген.

Хирургиялық стоматология ауруханасы жұмысын ұйымдастыру.Қазіргі хирургиялық стоматология мен жақ-бет хирургиясы ауыз қуысына жасалатын операциялардан бастап, өте қиын қатерлі ісікті алу және күрделі пластикалық операциялармен айналысады.

Осыған байланысты хирургиялық дерттері ауыз қуысында, жақ сүйектерінде, бетте, мойында орналасқан науқастарға толық көмек көрсету үшін облыстық, қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында жақ-бет хирургиясының бөлімдері жұмыс істеуі қажет.

Операциялық блоктың санитарлық-гигиеналық талаптары.Операциялық блоктың тиісті құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Операциялық блок операция жасайтын, операция алдындағы, стерилизация жасайтын, наркоз аппараттары тұратын, құралдар сақталған, хирург және мейіркеш отыратын, материалдар тұратын, гипс салатын, душ қабылдайтын бөлмелерден тұрады.

Мүмкіндігіне қарай операция жасайтын екі бөлме болуы қажет. Бірі жақ-бет аймағында пластикалық операциялар, екіншісі ауыз қуысына және іріңді операциялар жасайтын бөлме. Олараға кіретін есіктер бөлек болуы қажет. Егер екі бөлме болмаған жағдайда, бірінші кезекте «таза» операция жасалынып, екінші кезекте іріңді операцияларды жасауға болады. Осыдан кейін бөлмені, ондағы жиһаздарды антисептикалық (хлоамин, лизол, сулема т.б.) ерітінділермен тазалап жуғаннан кейін, бактиоцидтік шаммен тазартады. Клиникадағы оперция бөлмесіне көп студенттер, курсанттар кірмеуі үшін, операцияны телевизор арқылы алыстан көрсететін бөлме дайындаған жөн немесе операциялық бөлменің төбесін жақсы көрінетін әйнекпен жабу керек.

Жақ-бет бөлімінде ауруларды таңатын екі бөлме қажет. Олардың бірінде «таза» операциядан, екіншісінде іріңді операциядан кейінгі науқастарға жәрдем көрсетіледі.

Бөлімде операциялық блоктан, таңу бөлмелерінен басқа, тіс және ауыз қуысын емдеу, дәрігер-протезист, ауыз қуысын тазалайтын бөлмелер болулары қажет. Осымен қатар шағын (1-2 орынға) тіс-техникалық лабораториясы болғаны жөн. Гере ауруханада кино-фото лабораториясы болса, оны жақ-бет хирургиялық бөлімі кеңінен пайдалануы қажет.

Әрбір бөлімде, оның мүмкіншілігіне қарай, операциядан кейін науқастар жататын екі «ер, әйел» бөлім, төсек басында оттегін, азот қышқылын жіберетін бөлмелі щиток және сорғыш резервуармен қосылатын штуцер болуы керек.

Жақ-бет аймағындағы аурулардың ауруханалармен қамтамасыз ету үшін (Ф.А. Любилов, Г.А. Попов, Т.М. Лурье зерттеулері бойынша) 10000 тұрғынға 1,7 төсек керек.

Республикалық, облыстық, қалалық, ауруханалардағы жақ-бет хирургиялық бөлімдер осы жерлердегі орталық ұйымдастыру және методикалық орын болып табылады. Олар студенттер және курсанттар оқытатын орталық клиника болып саналады. Бөлмелер штатына сол аурханаларда жұмыс істейтін стоматологтардың барлығы кіреді.

III тарау