Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы

Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы кезінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына, төменгі жақасты аймағыңдағы ауыру сезімінің жұтыну және тамақтанған кезде ұлғаюына шағымданады.

Клиникалық көрінісі. Төменгі жақасты үшбұрышының артқы бөлігінде тығыз ауыратын инфильтрат анықталады. Шығару түтігінің ашылу орны ісінген, қызарған. Бимануальды әдіспен тексергенде без тығыз, қозғалмалы және ауыратыны анықталады. Шығару түтігі өзегінде тығыз ауыратын инфильтрат көрінеді. Дерттің бастапқы кезеңінде-ақ төменгі жақасты безінің қызмет бұзылыстарына байланысты сілекейдің бөлінуі анықталмайды.

Дерттің іріңді кезеңінде, қабыну процестері айқын жүреді. Төменгі жақасты аймағында едәуір ісіну және айналасындағы жұмсақ тіндерде инфильтрат болады. Жедел сиалоаденит төменгі жақасты және иекасты аймақтарының кейбір жағдайларда ауыз қуысы түбінің флегмонасына алып келуі мүмкін.

Диагнозы. Дерттің жедел басталуы, гипосаливация, сілекей безі көлемінің үлғаюы, тамақты көргенде немесе тамақтанған кезде ауыруы, шығару түтігінен іріңді жалқықтың бөлінуі сиалоадениттерге тән көріністер.

Диагностика мақсатымен сілекей бездерінің жедел қабыну кезеңінде контрасты заттарды енгізу дүрыс емес.

Емі. Төменгі жақасты сілекей безінің аймағына, түнге қарай камфор майымен жылытатын компресс жасау, күндіз құрғақ таңғыш, күніне 3—4 рет ауыз қуысын 0,5—1,0% натрий гидро-карбонатының жылы ерітіндісімен шаю қажет. Сілекей бөлінуін жоғарылататын тағамдар (құрғақ нан, лимон, шырындар) және де поливитаминдер қабылдау қажет. Саливацияны жоғарылату мақсатымен пилокарпин гидрохлоридтің 1,0% ерітіндісін күніне 5—6 тамшыдан 3-рет қабылдаған жөн.

Қабыну процестерінің айқын көріністері кезінде антибиотиктер мен сульфаниламидтер тағайындалуы қажет.

Төменгі жақасты аймағында абсцесс немесе флегмона дамыған кезде ірің ошағын ауыз қуысының сыртынан ашу керек. Ол үшін тері, теріасты май қабаттарын, мойынның беткі фасциясын бұлшықетімен және безді қаптаған терең фасцияны тіліп, іріңді ошақты доғал жолмен ашу керек. Жараға натрий хлоридінің гипертоникалық ерітіндісімен суланған борпылдақ дәке білік қояды.

Төменгі жақасты безінің созылмалы қабынуы. Паротиттегідей жүреді. Ол созылмалы экссудативті және паренхиматозды сиало-адениттерге бөлінеді.

Созылмалы қабынудың фиброзды және іріңді түрлері болады. Олардың клиникалық белгілері бірдей, бірақ түтіктен шығатын сілекейдің түріне қарай айырылады.

Клиникасы. Сілекей безі қатты қақсап ауырып, көлемі ұлғаяды. Дене температурасы жоғарлауы мүмкін, ауыздың ашылуы шектеледі.

Қабыну процесі төменгі жақасты безінде дамыса жұтынғанда ауыру сезімі болуы мүмкін. Шығару түтігін басып көргенде фибринді немесе іріңді тығындар, қою сілекей тамшылары содан кейін таза сілекей бөлінеді. Тығындар шыққан соң ауыру сезімі басылып, бездің көлемі кішірейеді.

Сиалограммада басты түтіктерінің қапшық тәрізді кеңейгені байқалады.

Емдеу шаралары. Шығару түтіктерін тығындықтардан босату (массаж). Шығару түтігінің өзегі тар болған жағдайда антисептикалық ерітінділермен шаю көрсетілген. Сілекей бөлінуін реттеу (диетаны сақтау, сілекей бөлінуін күшейтетін дәрі-дәрмектер), физиотерапия, йод препараттарын қолдану қажет.

Гужеро-Шегрен синдромы. Сирек кездесетін дерт. 1925 жылы Гужеро мен Шегрен анықтаған. Ауруға 40 жастан асқан әйелдер жиі шалдығады.

Этиологиясы белгісіз, гормональды бұзылыстар. А, В2 витаминдерінің жетіспеуімен және неврологиялық бұзылыстарға байланыстырады.

Ауру ауыз қуысының қатты құрғақтығына, сөйлей алмайтындығына, ауызды суламай тамақ қабылдай алмайтынына шағымданады. Ксеростомияның 3 дәрежесі болады. I дәрежесінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады. Кейде ауыру сезімі болмауы мүмкін. Бірақ науқастарды глоссалгия мазалайды, ауыз қуысының шырышты қабатында күю сезімі болуы мүмкін. Осындай науқастарды көріп тексергенде, ауыз қуысының шырышты қабатының түсі қызғылт, аздап суланған, кіреберісі, тіласты және ұрттың шырышты қабатында көбіктенген сілекей анықталады. Сілекей бездерінің шығару түтігінен аз мөлшерде мөлдір сілекей бөлінеді.

II дәрежесінде науқастар ауыз қуысының тұрақты құрғақтығына, әсіресе тамақтанған кезде (құрғақ тамақтың артынан су ішуі) айқындалуына шағымданады. Осындай науқастарды көріп тексергенде, құрғаған, беті сарғыш қабыршақтармен жабылған ерінді байқауға болады. Тілі қүрғақ, науқас ұзақ әңгімелесе алмайды. Ұрт және таңдай шырышты қабатында құрғақ немесе өте аз суланған, түсі өзгеріссіз, қабыну процестері жоқ. Сілекей безін массаж жасағанда, бірнеше тамшы сілекей бөлінуі мүмкін.

III дәрежесінде түрақты құрғақтықтан басқа, ауыз қуысының шырышты қабатында қабыну процестері болуы мүмкін.

Осындай науқастарда негізінен мынадай шағымдар болады: тамақ қабылдағанда ауырып (әсіресе ащы және тұздалған тамақтар), ауыз қуысында күю сезімінің болуы. Тістер тез арада бұзылады. Еріндері жарылған, ауыздың қабатында эрозиялар пайда болып, гингивит дамуы мүмкін. Тіл құрғақ, қақталған, қызарған. Сілекей бездерін белсенді массаж жасаған кезде де сілекейдің бөлінуі байқалмайды.

Клиникасы. Ксеростомия, ксерофтальмия, кератоконьюнктивит, ринофарингит, ларинготрахеит, созылмалы полиартриттер және шаштардың түсуі, тырнақтардың сынғыштығы байқалады. Құлақмаңы сілекей бездері қайталамалы ісінуі мүмкін. Шығару түтіктерінен сілекейдің бөлінуі, белсенді массаж жасаған кезде де болмайды. Бездердің сиалограммасында түтіктердің жартылай кеңейгені, жартылай тарылғаны байқалады.

Емі. Жиі симптоматикалық, қүлақмаңы сілекей безінде қабыну процестері жиі қайталана беретін жағдайда сілекей безін алып тастауға тура келеді. Науқас офтальмологтың, терапевтің, стоматологтың қарауында болуы керек.

Микулич дерті. 1892 жылы сипатталған, этиологиясы белгісіз. А. И. Абрикосов бүл дертті алейкемиялық немесе лейкемиялық лимфаденоз деп қарастырады. Пачес А. И. коллагеноздар қатарына жатқызады.

Клиникалық көрінісі. Жас және сілекей бездерінің симметриялық ұлғаюы анықталады. Тері қабатының түсі өзгеріссіз, бездерді сипап тексергенде беті бұдыр, ауыру сезімі жоқ. Жас бездерінің ұлғаюынан жоғарғы қабақ төмен түскен. Ауырмайды, сондықтан да науқастардың шағымы да негізінен косметикалық жағынан болады, бірақ кейін ауыз қуысының құрғақтығы қосылуы мүмкін. Дерттің бастапқы уақытында сілекей бездерінің шығару түтіктерінен мөлдір сілекей бөлінеді, соңынан оның бөлінуі төмендейді. Кейде терінің қышынуы, қолтықасты, және шабының лимфа түйіндері ұлғайғаны байқалады. Ауыз қуысындағы майда лимфа түйіндері де ұлғаюы мүмкін.

Емі. Лимфаденоздың шектелген түрлеріне сәулелі терапия мышьяк препараттары жақсы нәтиже береді және бензол мен уретан препараттарын да қолдануға болады.

Сілекей-тас дерті (Сиалолитиазис)

Сілекей-тас дерті сілекей бездері дерттерінің ішіндегі жиі кездесетіні (40—60%). Сілекей тастары жиі вартонов түтігінде және төменгі жақасты безінде орналасады. Өте жиі төменгі жақасты безі зақымдалады. М. Н. Михайловтың мәліметтері бойынша (1957), төменгі жақасты сілекей безі 89,5% науқастарда, тіласты сілекей безі 7,5%, ал құлақмаңы безінің жарақаттануы—3% науқастарда кездеседі.

Көбіне тастар бір сілекей безінде пайда болады. Ер адамдарда әйелдерге қарағанда жиі кездеседі. Жас шамасының шешуші маңызы жоқ. Тастардың көлемі мен пішіні әр түрлі, бірақ сілекей безінде орналасқан тастар, негізінен үлкен, пішіні домалақтау болады. Кейде көпқырлы тастар да кездеседі.

Тастардың түсі ақшыл, сары, қоңыр, жасылдау болуы мүмкін. Түсінің түрлі болуы олардың химиялық қүрамына, яғни қышқылды фосфор, көмірқышқылды калий, натрий, хлор, темір, магний эле-менттерінің іздері және белок, муцин сияқты органикалық заттарға байланысты.

Сілекей тастары ядросының пайда болуына сілекейлі тығындықтар, бөгде заттар, бактериялар колониясы әсер етуі мүмкін.

Тастардың патогенезі толық анықталмаған. .В. В. Подвысоцкий 1899 жылы тастың пайда болуының 4 жағдайын көрсеткен: сілекей бөлінуінің іркілісі, концентрациясының өсуі, құрамында бөгде заттардың пайда болуы — бактериялар, фибриннің, сілекей құрамының өзгеруі (құрамындағы химиялық процестер ерімейтін қосылыстардың шөгуіне алып келуі мүмкін).

Сілекей-тас науқастарыда қан плазмасында кальций мөлшерінің жоғарылағаны анықталған, яғни бұл өзгерістер организмдегі минералдық алмасудың бұзылыстарын көрсетеді. Тамақтың құрамында А витаминінің аз мөлшерде болуы, сілекей тастарының пайда болуына алып келеді деген жорамал бар, И. Г. Лукомский тастардың пайда болуына керек заттар сілекей құрамынан емес, қабынған бездің тіндерінен немесе шығару түтіктерінен түсуі мүмкін деген ойды айтады,

А. В. Клементов (1959, 1960 ж.) сілекей-тас дертінің толық жіктелуін ұсынды, ол тастың орналасу орнын, аурудың ағымын және тастың өздігінен түсуін немесе алынуын ескерді.

А. В. Клементов бойынша сілекей-тас дерттерінің жіктелуі.

I. Тастардың орналасуы:

1) . Төменгі жақасты безінің шығару түтіктерінде;

2) . Құлақмаңы безінің шығару түтігінде;

3) . Тіласты безінің шығару түтігінде; а) бездің қабынуынсыз; б) бездің созылмалы дерті кезінде; в) бездің созылмалы қабынуының өршуі кезінде.

II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:

1) . Төменгі жақасты;

2) . Құлақмаңы;

3) . Тіласты. а) бездің қабынуынсыз; б) бездің созылмалы қабынуы кезінде; в) бездің созылмалы қабынуының өршуі кезінде.

III. Сілекей-тас дертінен дамыған бездің созылмалы қабынуы:

1) . Төменгі жақасты;

2) . Құлақмаңы;

3). Тіласты бездерінде: а) тастың өздігінен түсуінен кейін; б) тастың хирургиялық жолмен алынуынан кейін дамыған.

Клиникалық көріністері. Дерттің клиникасы оның ұзақтығына, тастың көлемі мен орналасқан орнына, бездің жарақаттану дәрежесіне, организмнің әсерлестігіне және қорғану қабілетіне байланысты.

Дерттің клиникасында жасырын кезең, яғни науқастардың шағымы болмайды. Тас — рентгенологиялық тексеру кезінде кездейсоқ анықталуы мүмкін. Бездің шығару түтігі тығындалған жағдайында ауыру сезімі пайда болады, көлемі ұлғайып, сілекейдің бөлінуі бұзылады, жалпы жағдайы өзгереді. Әсіресе екіншілік инфекцияның қосылуы және бездің іріңді қабынуы кезінде қатты айқындалады. Әдетте, тамақтанған кезде сілекей безі үлкейіп, кернегендей ауыру сезімі пайда болады, оны „сілекейлі шаншу" деп атайды.

Түтіктің тығындалуы кезінде бездің ұлғаюы өте тез жүреді. Осы кезде болатын ауыру сезімі құлақ, мойын аймақтарында және тілге таралады. Ауыру сезімінің қатты болуы науқасқа тамақтануды тоқтатуға мәжбүр етеді. Біраз уақыттан соң бездің көлемі кішіреюі мүмкін.

Дерттің созылмалы түрінде без қатты, беті бұдырлы болады. Ауыз қуысында қалыңдаған тіласты білігі көрінеді, түтікті сипап тексергенде қатты тарам түрінде байқалады. Безбен оның шығару түтігін тексеру үшін бимануальды пальпация жасайды.

Кейде шығару түтіктерінен сілекей тасын сипап анықтауға болады. Ірі және орташа көлемдегі тастар жиі жақ-тіл сайының дистальды бөлігінде орналасады, ал ұсақ тастар сілекейдің ағысымен түтіктің алдыңғы үштен бір бөлігіне жиналады. Қабынудың жедел түрінде ауыз қуысында тасты сипап тексеріп анықтауға мүмкіншілік болмайды. Шығару түтігінен бөлінген сілекейдің құрамына көңіл бөлу қажет. Сілекей-тас дерті безде қабынумен жүргенде, шығару түтігінен ірің бөлінеді. Шығару түтігінің шыға берісі ісініп қызарған, аузы үңірейіп ашылған.

Сілекей-тас дертінде келесі белгілер анықталады: 1). Бездегі қабыну процестері; 2). „Сілекейлі шаншу"; 3). Тамақтанумен байланысты ауыру сезімі; 4). Тамақтанумен байланысты без көлемінің озгеруі; 5). Рентгенограммада сілекей тасы көлеңкесінің анықталуы.

Сілекей тастары экстра-немесе интрагландулярлы орналасуы мүмкін. Негізінен тастар шығару түтіктерінің бүрылыстарында орналасады. Рентгенограммада ірі тастар түтіктерде контрасты зат қолданылмай-ақ анықталады.

20%-де тастар тек сиалограммада ғана анықталады. Төменгі жақасты безінде конкременттерді анықтау үшін ауыз қуысы түбінің панорамдық рентгенограмма әдісін, ал құлақмаңы безінде бас қаңқасының тік проекциядағы шолу рентгенограммасын және төменгі жақ сүйегі бұтақтарының бүйір рентгенограммасын қолдану қажет.

Рентгенограммада тастар домалақ, сопақ немесе әр түрлі пішінді тығыз көлеңке түрінде анықталады. Тас безде орналасқан жағдайда, орналасу орнын және оның көлемін анықтау үшін контрасты сиалография әдісін қолдануға болады. Сиалограммада бездегі жұмсақ тастарды да „толу ақауы" ретінде анықтауға мүмкіншілік бар (дефект наполнения). Ұзақ жүретін процестерде бездің өзіндегі ісінген, ұлғайған т. б. сияқты өзгерістерді шығару түтіктерінің I және III қатарында да кездестіруге болады және май-да түтіктердің контрасты заттармен толмауын байқауға болады,

Тастар шығару түтіктерінің өзектерінде орналасқан жағдайда контрасты сиалографияны қолдануға болмайды, себебі тастың безге немесе түтіктің дистальды бөлігіне жылжып кету қаупі бар.

Асқынулары. Ең жиі кездесетін асқынулары бездің және шығару түтігін қоршаған жүмсақ тіндердегі қабыну процестері, жиі абсцестер мен флегмоналар. Бұлар одонтогенді қабыну процестерінен ажырату диагнозын жүргізгенде шығару түгінің шыға берісінің өзгерістері (ісіну, қызару, үңіреюі). Іріңді жалқықтың бөлінуі және рентгенологиялық тексеру мәліметтерінің маңызы бар.

Емі. Негізінен хирургиялық. Емнің мақсаты — тасты түтіктен немесе безден алу. Тас төменгі жақасты безінде кездескенде хирургиялық тәсілдің үш жолы бар: 1). Безді таспен бірге алу; 2) Тасты безден ауыз қуысы ішінен алу; 3) Тасты безден ауыз қуысы сыртынан алу.

Тас шығару түтігі бойында орналасқан жағдайда оны ауыз қуысы ішінен тілік жасай отырып алады. Жергілікті жансыздандыру арқылы түтікті (тастың орналасқан жерінің арт жағынан оның операция кезінде орнынан жылжымауы үшін) тігеді. Содан кейін түтікке енгізілген зонд арқылы, тастың үстінен тілік жасап, оны хирургиялық қасықпен немесе пинцетпен алады. Жараға тігіс салынбайды. Науқасқа пилокарпин, жеңіл диета, құрғақ жылы, ауыру сезімін басатын дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Бездің созылмалы қабынуы жиі өршігенде, тас бездің ішінде орналасқанда оның қызметі бүзылғанда экстирпация көрсетілген.

Операция тәсілі: жансыздандырып, төменгі жақасты үшбұрышынан ұзындығы 8—10 см-дей тілік жасалынады. Тері, мойынның беткей бұлшықеті, бездің жапқыш шандыры тілінеді. Безді доғал жолмен іреп, бет артериясын байлайды. Бездің түтігі бөлініп кесіледі де 24 сағаттан соң алынады.

Ауртикулотемпоральды синдром (құлақмаңы гипергидрозы). Этиологиясы белгісіз. Бірақ бұл құлақ-самай нервінің және вегеативті тармақтар өткізгіштігінің өзгерістерінен болатын дерт. Бұл нервтер құлақмаңы безінің секреторлы қызметін реттейді.

Науқас тамақ ішер алдында немесе эмоциональды өзгерістер кезінде құлақмаңы және самай аймақтарында біржақты өте көп мөлшерде терлейтініне шағымданады.

Клиникасы. Жарақаттанған жағында терлер алдында тері қатты қызарады. Тер ірі тамшылап шығады және үнемі үдей түседі, бұл науқастың гигиеналық, косметикалық, эмоционалдық жағынан қолайсыздық туғызады.

Емі. Аурикулотемпоральды синдром кезінде, төменгі жақ нервісінің медиальды жағында, сопақ тесіктің астында орналасқан құлақ-самай нервін және құлақ түйінін тежеу (блокада) жақсы нәтижелер беруде. Блокаданы күнделікті 0,25—0,5% новокаин ерітіндісімен 5—7 мл мөлшерінде жасайды. Бүл синдромның түрақты түрінде хирургиялық жолмен құлақ-самай нервін байлау және қүлақ түйінін жарақаттау көрсетілген.